Буын және тасымалды қайталау

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымалды қайталау. Сабақтың мақсаты:

  1. Буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алган білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету;
  2. буынға дұрыс бөлу, тасымалдай білу дағдыларын дамыту.
  3. Сауатты жазу арқылы ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: аралас сабақ. Сабақтың көрнекілігі: сөз, буын карточкалары, заттық суреттер, слайдтар. Сабақтың әдіс-тәсілі: еске түсіру, өздік жұмыс, қорытындылау, жинақтау, ойын.

Сабақтың барысы:

І Қызығушылықты ояту.

Арайлап шықты жаңа күн

Шуағын шашып баршаға

Кәне досым, күлімде

Шаттық орнасын жүзіңде

Сыныпта жақсы көңіл-күй орнатып, балалардың назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың жазғы демалыс туралы құрастырған мәтіндерін оқытамын.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Мағынаны тану

  • Дәптермен жұмыс

Күннің реті Көркем жазу

1-жаттығу

Буын және тасымалды қайталау.Оқушыларды назарын суретке аудару. Оқу құралдарының аттарын атау. Заттардың атын буынға бөліп жазу. Дауысты дыбыстардың астын сызу,Сөзде неше буын, неше дауысты дыбыс бар екенін анықтау.

Кі-тап, дәп-тер, қа-лам-сап, сыз-ғыш, ө-шір-гіш, қа-рын-даш.

Қорытынды: сөздегі буын саны дауысты дыбысқа байланысты екенін пысықтау.


  • Буын карточкаларымен жұмыс.

қу

шы

дың

лар

О

Оқушылардың

  • Сөзді буынға бөлгізу. О-қу-шы-лар-дың (5 буын), 5-буынды сөз 4 жолмен тасымалданады, бірақ біз осы сөзді 4 жолмен тасымалдай аламыз ба?
  • Тасымалдау жолын көрсету
  1. Оқу-шылардың
  2. Оқушы - лардың
  3. Оқушылар-дың (жалғыз әріптен тұратын буын ьасымалданбайды)
    • Сергіту сәті
    • «Адасқан әріптер» ойыны. Берілген әріптерден қазақстан қалаларын құрап, буынға бөлу

А Р Д Т У

Н Қ С Ғ Ы

С Л Т Й Ғ А Е Р М О Қ

  • Оқулықпен жұмыс
2-жаттығу «Барлық оқу құралың Бүтін болсын» - ұраным. Шылдырымен сағаттың Өзім ерте тұрамын. Қ.Мырза Әли
  • Шығармашылық тапсырма

ЕБуын және тасымалды қайталау.кі қатарды салыстырып, не жазылғанын айту.

Буындардан сөз құрау. Парта, бақта, кітап, тақта, сабақ.

Ал екінші қатардағы сөздерден сөйлем құрайды. Болат кешке оқу құралдарын дайындап қояды.

Қорытынды: буыннан сөз құралады. Сөздерден сөйлем құралады.

  • Ой толғаныс.
  • Ұйқасын тап
Қайсы күні қандай сабақ, Тіл- ырысың, өрісің де, Қалай менің үлгерімім? Тіл - көктегі ғажап күнің. Еш жаңылып қалмай, санап Ғажап күнсің мен үшін де, Жүреді ылғы………… (күнделігім) Бабам тілі ……………. (қазақ тілі) Мекендеген портфелімді, Беттері аппақ, көңілді. Қызаратын қатем үшін Кірлетпеймін………….. (дәптерімді)
  • Қатар бойынша тапсырма беру
1-қатар. Күнделігім 2-қатар. Қазақ тілі 3-қатар. Дәптерімді (тасымалдау) IV.Сабақты қорыту, бағалау. Тест
  1. Төмендегі сөздердің қайсысы буынға дұрыс бөлінген?

А) өз-ен ә) ө-зен б) ө-зе-н

2. Дұрыс тасымал жасалған сөзді табыңдар:

А) сыз-ғыш ә) сы-зғыш б) сызғ-ыш

3. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?

А) оқыу ә) оқу б) оқұу

4. «Nәуекел» деген сөзде неше буын бар?

А) 4 ә) 3 б) 2

5. «Саусақ»деген сөзде неше буын, неше дауысты дыбыс бар?

А) 3 буын, 3 дауысты дыбыс ә) 2 буын, 2 дауысты дыбыс Б) 2 буын, 3 дауысты дыбыс

6. Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап.

А) та-уық ә) тау-ық б) т-ау-ық

7. Артық сөзді тап.

А) қайық ә) дауыл б) оқушы

8. Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап.

А) а-уы-рып ә) ау-ыр-ып б) а-уыр-ып

9. Дұрыс жазылған сөзді тап

А) силады ә) сыйлады б) сыйылады

10. Артық сөзді тап

А) жаңбыр ә) жетпей б) жау

V. Үй тапсырмасы

4-жаттығу. Қызықты грамматика 1,2,3-тапсырмалар.


© 2010-2022