- Преподавателю
- Начальные классы
- Поурочный план 2 класс
Поурочный план 2 класс
Раздел | Начальные классы |
Класс | 2 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Казкенов Н.С. |
Дата | 12.01.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
2-сабақ Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: өлеңді оқып, мағынасын түсіндіру. Өз тілінде көркем, шешен сөйлеуге үйрету. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың сөйлеу тілін дамыту. Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Тәрбиелік мақсаты: ана тілін қастерлеуге, бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Көрнекілігі: кітап, авторлар портреті, шығармалар жинағы, нақыл сөздер, мақал-мәтелдеер. Қолданылатын әдіс: ой-қозғау, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. ІІІ. Өткен сабақты пысықтау. ІҮ. Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту. «Ой қозғау» стратегиясы. Тақтада жазылған тіл туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.
- Өнер алды - қызыл тіл.
- Тіл тас жарады,
- Отыз тістен шыққан сөз,
- Балалар, осы мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Тіл не үшін керек?
- Ана тілімізде қалай сөйлеу керекпіз?
- Басқа қай ұлттың тілін білесіңдер?
- Орыс тілінің біздің елімізде қандай маңызы бар деп ойлайсыңдар?
- Өлеңнің авторлары туралы түсінік беру.
- «Үш бақытым» өлеңін мінерлеп оқып беру.
- Оқушыларға кезекпен оқыту, талдау.
- Ақын неліктен халықты, тілді, Отанды үш бақытқа теңеп отыр?
- «Тас жүректі тіліммен тілімдедім» деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
- «Ана тілім» өлеңін оқып беру. Оқушыларға кезекпен оқыту, талдау.
- Ақын неліктен «Ана тілі - арың бұл» деген?
Халық тілі
Бабам тілі Ана тілі Дана тілі
Мемлекеттік тіл
- Ақын «Өзге тілдің бәрін біл» дейді. Сендер басқа тілдерді білгілерің келеді ме? Басқа тілді қалай үйренуге болады деп ойлайсыңдар? Өзге тілді үйренудің керегі бар ма?
- Үш бақытқа сендер нені жатқызар едіңдер?
- «Ана тілі» өлеңін жалғастыру.