Открытый урок по самопознанию на тему Мейірімділік - асыл қасиет

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып______Мейірімділік - асыл қасиет___ Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:барлығына сүйіспеншілікпен қарау, өзімшіл болмау,қоршаған ортаға,достарына көмек қолын соза білу Мұғалiм: Қуанышбекова.М.А Cынып__3__ Оқушылар саны____11_
Сабақ мақсаты:

1.Білімділік: «Мейірімділік» ұғымын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мағынасын ашу білуге құштарлықтарын арттыру

2.Дамытушылық: барлығына сүйіспеншілікпен қарауға үйрету. 3. Тәрбиелік: қарапайымдылыққа тәрбиелеу Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Интерактивті тақта,нақыл сөз Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. «Бес талап»
1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық Тыныштық сәтi.«Нұрға бөлену»

  1. Үй тапсырмасын тексеру.
-Ұқыпты бала әдепті бала Сынып оқушыларын топқа бөліп үй тапсырмасын сұрау

1 топ: «Дәме» тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап бер 1.Ақылбектің ұқыпсыздығы неден көрінеді? 2.Ақылбек ұқыптылыққа өзін қалай тәрбиелейді 3.Ақылбекке қандай ақыл айтар едің? 2 топ: Әдептілік ережелері: қима қағаздардан әдептілік ережелерін таңдап алып,жапсыру *Сыныптастарыңмен санас,оларды құрметте *Басқалардың өзіңмен қалай қарым қатынас жасағанын, қаласаң,өзіңді нақ солай ұста: *Сыпайы,достық пейілмен сәлемдес *Сыпайылық және әдептілік ережелерін сақтау табиғи болуға тиіс 3 топ:Өлең шумақтарын дұрыс құрастыр Бір аптаның күндері Дүйсенбіде гүлдер ектім Сейсенбіде жуа тердім Сәрсенбіде су әкелдім, Бейсенбіде бақша баптап, Жұма күні тақпақ жаттап, Сенбіде мен кино бардым, Жексенбіде бір демалдым Сабақ барысын талқылау: «өзін-өзі тану Суреттер. тақта,музыка Дәйек сөз. Мейірімділікті анадан үйрен 1. сұрақ -Мейірімділік деген не? 2.сұрақ - Мейірімді адам қандай болады деп ойлайсың?

3.Әңгiмелеу (сұхбат). САРЫ ТАУЫҚ ПЕН БАЛАПАНДАРЫ Күздің біп күні сары тауық балапандарын ертіп,ауылдан ұзап кеткен.Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті.Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да,мекеніне жеткізе алайын емес. Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы.Шөжелерін қос қанатының астына алып,бауырына басты.Бір балапаны сыймай сыртта қалды.Ана айла жасап,балапандарын кезектестіріп бір- бірден тыста ұстап,тоңа бастағанда бауырына алып отырды.Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.

-Оны неге шығарамайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.

-Ол тым жас.

-Жас болса қайтеді?Кезегі келгенде ол да шықсын.

-Сырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе? Кәне,мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.

-Мен -деді тұңғышы.

- Мен барайын! - деді оған тетелесі.

- Кезекті маған беріңіз! - деді кішісі.

- Мен қалам ба сонда?- деді алғашқы қарсылық білдірген ақ балапан.

- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сарытауық балапанда тысқа қарай ысырып.

Сары тауық су өтіп қатты жаурады.Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ.Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып,сақтап қалды.

Күн ашылып,ана жүрегіндей жадырады.

Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

2. «Күн ашылып,ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Ал сендер мейірімділікті,қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер? 4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. І топ:Ертегіні сахналау Оқушылардың санына сәйкес алдын- ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін жазады. «Жақсылық тамшысы» ІІ топ:Мейірімділік кестесі:Бірінші баған -«Мейірімді істерің» ІІІ топ:Екінші баған- «Мейірімді адамның қасиеті»

-Балалар, әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады. Яғни әр адамның жүрегі жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.





Әдістемелік құрал

Флипчарт Ертегі

Қима парақшалар

Тауық және балапандар маскалары

























Су тамшылар бейнелері Жүрекшелер суреті


5.Мұғалім сыйы: Видеоролик «МЕЙІРІМДІЛК»

Алған әсерлерін ортаға салу

Мүғалімнің қорытынды сөзі

Жүрегінде жылуы бар адамдар көмекке мұқтаж жандарға, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасайды. Жақсылық жасау-адам жүрегіндегі ең асыл қасиеттерінің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады
6.Ойын: «СЫПАЙЫЛЫҚ ӘДЕМІЛІК»

1-топ: Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.
2-топ: Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым - қатынасы.
3-топ: Әжесі мен немересінің бір-біріне айтқан жылы сөздері

7.Үй тапсырмасы. Мейірімділік тақырыбына сурет салып келу. 105-107 бет оқу

8.Ендеше бәріміз бірге жүректен жүрекке (хормен оқыту)

Ардақты ана

Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым, Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың. Өміріме нәрін берді ақ сүтің, Кең құшағың- аясында гүл бақтың

Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін Махаббатың жүрегімде жүр менің. Күн нұрындай жадырай бір күлгенің, Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

9.Топпен ән айту.

Бақытты балалық шақ!» әнін шырқайық.

Сөзі: Ж Тұрбековтікі Әні: Ә Еспаевтікі

Жарастықпен жайнатқан өмір көркін,

( қолдарын жоғары көтереді)

Гүл бақшада сайраңдап,өскен еркін (жүреді)

Шат көңілді ,бақытты ел ұланымыз, (бір-біріне қарап күлімсірейді)

Келешекте ұлы істі меңгеретін.

Отанымыз әлпештеп анадайын, ( қолдарын жоғары көтереді)

Құшақтайды аялап сағат сайын.(бір-бірінің қолын алысады)

Зәулім мектеп,кең сарай ,түрлі алаң,

Не керектің біз үшін бәрі дайын,( қолдарын жоғары көтереді)

Білім шыңын өрлейміз,басып алға,(жүреді)

Қиындық жоқ,бөгеліс жолымызда.

Салтанатпен сап түзеп,ән шырқаймыз, Көк туымыз желбіреп қолымызда.(қолдарында жалаулары бар болғандай желбіретеді Бағалау:түрлі жүрекшелер арқылы өздерін бағалайды
10.Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қойылады

Мұғалімнің сөзі: -Бүгінгі танысқан дәйек сөзді,

тамашалаған фильмді, талқыланған әңгімемізді еске алайық, соның ішіндегі ең жақсы сәттерді жүрегімізде сақтайық сабақтан алған жақсы әсерлеріңді

көздеріңді жұма отырып елестетіп көріңдер/2мин/







Өзін-өзі тану

Ашық сабақ

МЕЙІРІМДІЛІК-АСЫЛ ҚАСИЕТ

3сынып

Открытый урок по самопознанию на тему Мейірімділік - асыл қасиет

Бастауыш сынып мұғалімі:Куанышбекова.М.А



Жаңақоныс негізгі мектебі

2015-2016 оқу жылы



© 2010-2022