Қазақ тілі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

Ш.Қ.О

Тарбағатай ауданы

Тана мырза орта мектебі

Данабаева Арай Жұмағазықызы

Етістік

Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 2- сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістікті қайталау

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың етістік бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау, білім дағдыларын жетілдіру.

2.Ой-өрісін, тілін байыту, өз ойын жүйелі түрде жеткізуге дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Ұқыптылыққа, зеректілікке баулый отырып, әдемі жазуды талап ете отырып көркемдікке тәрбиелеу.Экалогиялық тәрбие беру.Ұлттық тәрбие беру.

Түрі: қайталау, аралас.

Әдісі: Сұрақ -жауап, ой қозғау, ойын, шығармашылық жұмыс.

Көрнекілігі: сюжетті суреттер, тірек сызба, бейне сөз, ақпараттық технология

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларыдың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Ұстанымымыз «оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

ІІ. Үй тапсырмасы

Өткен сабақтарды еске түсіру

« Кім жылдам » ойыны

ІІІ. Жаңа сабақ

Бейнесөз шешу /етістік/

Қазақ тіліҚазақ тіліҚазақ тіліҚазақ тіліҚазақ тілі

Кампьютермен жұмыс /слайд/

/Етістікке байланысты сөздермен етістікті қайталау, дара және күрделі етістікті еске түсіру/

Бүгінгі қайталау сабағымызды бастамас бұрын балалар кампьютерге назар аударайықшы.

  • йә балалар көктемде күннің көзі жылиды, қар еріп жылғалардан су ағып, жерге көк шығып, гүлдер шыға бастайды. Айналаның бәрі қайтадан жаңарғандай болады. «Наурыз» мерекесі де жаңа күн деп аталатыны сондықтан. Көктемде ең алғаш шығатын гүлдерді атайықшы.

  • Бәйшешек, жауқазын /суреттерін ілу/

  • Дұрыс айтасыңдар балалар бұл туралы өлеңдерде бар./балалар тақпақтарын айтады/

  • Ендеше бүгінгі сабақта осы әдемі гүлдің шығуына көмектесейік. /жауқазын салу/

  • Гүлді салмас бұрын жаттығу жұмыстарын орындап отыруымыз керек.

Дәптермен жұмыс

448-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз.Етістіктерді тап.

Кампьютерге гүлдің сабағын салу

449- жаттығу

«Адасқан зат атаулары» ойыны

Гүлдің бір жапырағын салу

450- жаттығу

Орны ауыстырылып берілген сөздермен сөйлем құрап жазу.

Гүлдің екінші жапырағын салу

Сергіту сәті: «Қара жорға» биі

451- жаттығу

Мағынасы қарама-қарсы етістіктерді жұптап жазу.

Гүл шоғын салу

  • Балалар Гүліміз өсіп шықты ма?

  • Ендеше өсірген гүлімізді аналарымызға ұсынайық.

Қорытынды:

Венн диаграммасы

Қазақ тіліҚазақ тіліҚазақ тілі


Кампьютерге назар аударайық

Сұрағыма жауап берші? /сұраққа жауап беру/

Үйге тапсырма: 452- жаттығу

Бағалау:



Қазақ тілі

Қазақ тілі


© 2010-2022