Разработка внеклассного мероприятия на тему Құстар – біздің досымыз (1-2 классы)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

19.02.2014 Ашық тәрбие сағаты 1 в сынып

Тақырыбы: Құстар - біздің досымыз

Мақсаты: Оқушылыарды табиғаттың бір бөлшегі бақшамыздың сәні құстар өмірімен тіршілігімен таныстыру.Табиғатты ұқыпты пайдалануға оны қорғауға,аялауға,сүюге,жер байлығын үнемдеуге тәрбиелеу.Құстарды қорғап, оларды қамқорлыққа алуға шақыру.Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.Оқушылардың танымдық белсенділігі арттыру.

Көрнекі құралы:интерактивті жақта,слайдтар,құстар суреті,қанатты сөздер мен ырым-тыйымдар,ертегі желісі бойынша қажетті заттар.

Жүру барысы:

1 Кіріспе сөз 8 Тақпақтар айту

2 Экология туралы қызқаша түсінік 9 Мақал-мәтелдер

3 Табиғат туралы түсінік беру 10 Халық болжамы. Табиғат сырын

4 Құстар туралы мағұлматтар беру құстар да біледі

5 Ағаштың пайдасы 11 Иә-жоқ ойыны

6 Құстар әуенін тыңдау 12 Құстарға қамқорлық

7 Шаттық шеңбері 13 Қортындылау

1 сл-Экология-өмірдің соғып тұрған жүрегі

Мұғалім сөзі: Құрметті ата-аналар ұзтаздар Қош келдіңіздер Мектебімізде Экология-өмірдің соғып тұрған жүрегі атты апталық өтіп жатыр.Соған 1 в сынып оқушылары да атсалысқалы тұр

2 сл Адам мен табиғатың тілдескені-өмірдің үндескені.Экология туралы түсінік беру.

3 сл Экология ғылымы нені зерттейді?

4 сл Құстар біздің досымыз

Балалар,біз бүгін табиғаттың бір бөлігі,табиғаттың көркі көркі,сәні,бақшаның әні болған-құстар тақырыбына тоқталайын деп тұрмыз.

Жер бетінде құстардың 8600-ге жуық түрі бар екен .

Ал,Қазақстанда 480 түрі бар екен.Құстар-адамдардың достары.Құстар көркімен де әсем әуенімен де сымбатты.Олардың көпшілігі жәндіктерді,кеміргіштерді,бау-бақша,орман-тоғай,дала зиянкестерін жеп,адамзатқа пайда келтіреді.Достарымызға арналған Құстар біздің досымыз атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

6 сл.Ой қозғау.Ағаштың пайдасы. Суреттен нелерді көріп тұрмыз? Ағаштың қандай пайдасы бар?

7 сл. Құстардың пайдасы.Ендеше ағаштардың жақсы өсуі үшін құстардың көп пайдасы бар екен?

Қане,кім айтады,қандай пайдасы бар?

8 сл.Құстар әуенін тыңдау(құстар ән салады)

9 сл Шаттық шеңбері

Балалар,енді ортаға шығып,шаттық шеңберін құрайық.

10 сл Табиғатпен біргеміз

Хормен: Армысың,алтын күн?

Көгілдір көк аспан

Бармысың құстарым?

Қанатты достарым

11 сл Құстар-табиғаттың бір бөлшегі.Тақпақтар.Құстарға сөз берейік

1 оқушы 2 оқушы

Құстар-біздің досымыз, Жұмырқасын алмаймыз,

Құс ұясын бұзбайық Обалына қалмаймыз.

Ей,балалар,балалар, Тақия тұзақ салмайық

Аан болсын,аналар, Қарғысына қалмайық.

3 оқушы 4 оқушы

Әдейі көздеп атпайық, Тырнақтай құстың жауы көп

Көп күнәға батпайық. Құрулы ажал,ауы көп.

Құстарда да ана бар Балалық қып қызбайық,

Құстарда да бала бар Құс ұясын бұзбайық.

5 оқушы

Сәлем,достар, аман ба?

Мынау бейбіт заманда.

Ән саламын құс үніміен,

Сәнденемін қыр гүлімен

Ал,құрметті халайық

Құстарды қарсы алайық?

Музыка әуенімен құстар ортаға шығады.

6-торғай 7-кептер

Мен торғаймын,торғаймын, Кептер деген мына құс

Жерге бекер қонбаймын. Қйын кезде досымыз

Шегіртке мен шіркейден Әрлі берлі хат тасып

Ақ бидайды қорғаймын. Ұшқан талай асығып.

8-қарлығаш 9-тоқылдақ

Түсі қара мақпалдай, Орманда жоғары,

Төсіне ақ сыр жаққандай. Ағашқа қонады.

Ұшса оқтай зулайды. Тұмсығын балға қып

Көктен жұлдыз аққандай. Тоқ-тоқ, соғады.

Ойды кезіп,қырды асып, Қараңдар ол міне,

Қарлығаштар зырлайды. Тоқылдақ болады

10-тырна 11-аққу

Жылы жақтан бір хабар, Көлдің көркі еркесі

Әкелді тырналар Қанаттары көрпесі

Тырау-тырау Бойын күті папбайды

Көктем мынау тырналар. Ешкім оны атпайды.

Қатар түзеп Көлдің аппақ кербезі

Көкте жүзіп тырналар. Аққу деген мен болам!

12-көкек

Жаршысымын көктемнің

Көкек дейді мені жұрт

Өз атын айтар құс менмін

Көктемді күтсең мені күт.

Би:Ақ көгершін

13 сл. Мақал мәтелдер.

Үй тапсырмасы ретінде мақал-мәтелдер жинап келуге тапсырып едім.

13-оқушы 1.Ақсұңқар құстың баласы

Алдына қоймай жем жемес.

2.Қиядағыны қыран көреді.

Ұядағыны жылан көреді.

3.Аққу құссыз көл жетім

Айтылмаған сөз жетім

14-оқушы 1.Сұңқар- құстың төресі

Лашын -құстың жендеті

Қаршыға- құстың ұрысы

14 сл Табиғат сырын құстар да біледі.халық болжамы ата-аналармен жұмыс

1.Егер торғай дыбыс шығармай отырса,бұтақта қонақтап отырса (не)болмайды?(жел)

2.Қарғалар топталып қарқылдаса,(не) болады?(аяз)

Ал, аспанда жүріп қарқылдаса(не) жауады (қар)

3.Құс жүнән үрпитсе,(не) жауады?(

4.Құстар көп болса,(нелер) аз болады?(зиянкестер)

5.(нелер)келісімен күн күркірейді?(қарлығаштар)

6.(не)келді дегенше,көктем келді десейші?(көкек)

15 сл «Иә-жоқ»ойыны

Балалар,менің оқыған сөйлемдерім дұрыс болса,иә десідер,теріс болса жоқ дейсіздер.

1.Мен табиғатты сүйемін,оны қорғап,таза ұстаймын.(иә)

2.Ағаш отырғызамын (иә)

3.Орманды өртеймін (жоқ)

4.Құстарды қорлаймын (жоқ)

5.Құстарға жем шашамын (иә)

6.Құстардың ұясын бұзамын (жоқ)

7.Суды ластаймын (жоқ)

8.Құстарға ұя жасаймын (иә)

9.Ауаның таза болуын қалаймын (иә)

10.Құстар жұмыртқасын жарамын(жоқ)

16 сл Құс ұясын,жемшашар алып шығу.

13-оқушы

Шыр-шыр еткен торғайды

Қорғамасақ болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

14-оқушы

Таспен атыр торғайды

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелер кетеді,

Бақшамызға қонбайды

15-оқушы

Болсын деп өмір панасы,

Өссін деп құстың баласы.

Мынадай ұя жасадым,

Мәз болсын құстың анасы.

16-оқушы

Торғай ,торғай ,торғайсың,

Тааяу келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал

Сонда аязға тоңбайсың

17 сл Табиғатты қорғау-бүкіл адамның парызы.

Ал, енді біздің балаларымыз құстарды қорғауға өз үлестерін қосып жатыр.Мен бүгін ата-аналарды да осы экологиялық тақырыпқа тартқым келіп тұр.Жыл сайын көктем кезінде өткізілетін «Менің атаулы ағашым» атты тал егу акциясына қатысуға шақырамын.

Мектебіміздің айналасын көгалдандырып,ағаш егіп,ағаштарымыз жайқалып өссе деймін.Сол ағашқа құстар көбірек қонып,ұя салып,бізді әсем әнімен тербетсе деймін.

Айналамыз әсем де сұлу болса,балалардың да жүрегі жылы,қайырымды,мейірімді болады ғой деймін.

Ант қабылдау. Табиғатты қорғауға ант берейік!

Табиғатты қорғауға

Өсімдікті жұлмауға

Ант етеміз.

Құстарды да атпауға

Балапанын сақтауға

Ант етеміз.

18 сл Қорытынды бөлім.

Мұғалім:Экология-табиғаттың тірегі,

Барлығы да мұны бүгін біледі.

Елім,жерім деп әрқашан соғады

Балалардың лүпілдеген жүрегі, деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Уақы тауып келгендеріңізге рахмет айтамыз!

© 2010-2022