Дүниетану сабағы Ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызы 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
9-сабақ
Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі :

Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызы.
Сабақтың мақсаты:
  • а)Оқушылардың күнделікті өмірден байқағандарына сүйене отырып,оларға қоршаған дүниеге не енетінін ұғындыру.Ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызымен таныстыру.

  • ә)Қоршаған дүниені бақылап, байқағандарын қорытындылай білу арқылы дүниені танып-білуге болатындығын түсіндіру.

  • б)Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі:бейнелі суреттер Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық көңіл-күй туғызу -Ауа дегеніміз не? -Ауаның қасиетін ата. ІІ.Жаңа сабақ 1.Кіріспе әңгіме.
  • Ауа адам өміріне, жануарлар мен өсімдіктер үшін өте қажет.
  • Адам әрекеттері ауаны ластайды.
  • Әрбір адам ауаны ластамау үшін таңдау жасай алады.
2.Оқулықпен жұмыс. Бүкіл тіршілікке ауа керек екенін білеміз. Орманды алқапқа кірген де бірден ауаның тазалығын сезінеміз. Бұл неліктен деп ойлайсыңдар? Өсімдік тыныс алу арқылы ауаны тазартады. Сондықтан да көбіне демалыс оырындары орманды, ағаштары мол жерлерге орналасады. Сергіту сәті. 3.Сөздікпен жұмыс:ыс,лас,зиянды. 4.Оқулықтағы тұжырымдаманы оқып,түсіндіру. 5.Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма.-,14 бет. Ауаның ластануын азайту үшін не істеу қажет? Ол үшін үйден шыққан қоқыстарды арнайы қоқыс салатын жерлерге шашпай, төкпей салу қажет. Қоқыс контейнерлері толған кезде арнайы орындарға хабардар ету керек. Демалыс орындарын үнемі тазалықта ұстауымыз керек. Көп жасыл талдар, түрлі гүлдер отырғызуымыз керек. ІІІ.Қорытынды.Мадақтау. -Сабақ аяқталды


© 2010-2022