Сыныптан тыс шара 30 жылдық сценарий

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


  1. жүргізуші: Армысыздар! Құрметті де аяулы ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, қонақтар!


  1. жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар. Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы, мектептің 30 - жыл мерей тойы мерекесімен құттықтаймыз! Бұл мереке әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын күн. Сіздерге бүгінгі ерекше күні жетістіктер мен шығармашылық, мықты денсаулық, тек қана сәттілік тілейміз!


  1. жүргізуші:
Мектеп деген білім кені, жыр кені, Мектеп деген ғылымның ең үлкені Мектеп деген тәрбиеші адамға, Мектеп деген даналардың мекені. Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім, Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің, Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің. Мектеп, сенсің адалдық үйреткен, Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен Мектеп, сенсің жақсылықты ұран қып, Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы қып Құшағы құтты нұрлы ұям, Мектебім менің өз үйім.

  1. жүргізуші: Бабаларымыз айтқан екен: Өткеніңді танымай болашаққа бағдар жасай алмайсың деп. Биыл еліміз дүбірлетіп қазақ хандығынығ 555- жылдығын тойлау үстіндеміз.


  1. жүргізуші: Қадірменді халайық, осындай торқалы тойлармен тұспа-тұс келген мектебіміздің 30- жылдық мерей тойы құтты болсын!
Бірге: Құт-тық-тай-мыз! 2- жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Базарбаева Раушан Егізбайқызына беріледі.
  1. жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар, ата-аналар, сіздердің назарларыңызға бастауыш сыныптар арасында өткізілетін мерекелік концерттік бағдарламамызды ұсынамыз!


  1. жүргізуші: Алдарыңызда «Домбырашылар» ансамблі.
  1. Каллиников. «Тень - Тень» .
Ансамбльдің жетекшісі: Кусаева Жансая Асылбекқызы
  1. Б.Ғизатов «Біз өмірдің гүліміз»
1-жүргізуші: Қазақтың тойы той ма күбірлеген күйі болмаса, мың бұралған биі болмаса демекші 3 «Ә» сынып оқушысы Рысбай Анельдің орындауында қазақ биін қарсы алайық.

2-жүргізуші: Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақмен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ Отанға деген махаббат сезімі оянады.

1-жүргізуші: Әрбіріміз үшін Отан ошақ басына басталады: туған жер, туған қала,туған көше. Менің Отаным кішкентай болса да, мен ол үшін аса қымбат жер білім бастауы мектеп қабырғасынан басталады. Концертімізді жалғастыратын 4 «А» сынып оқушысы Қаратаева Камиланың орындауында «Туған жер» әні.

2- жүргізуші: Талантты адам барлық жағынан талантты деген осы шығар! 4 «Б» сынып оқушысы Әндібай Айдана 4 жасынан бері домбыра өнеріне әуес. Қазір вокалға да қатысып ән өнеріне де машықтанып жүр. Айдананың орындауында «Махаббамбеттің термесін» тамашалайық.

  1. жүргізуші: Осыдан бергі жылдарда білім ордасында көптеген білімді де, тәжірибелі мұғалімдер еңбек етті.
Олар: Абілғазиева Гүлзада апай, Нұрмұханова Узілді апайлар ... Осы кісілерден дәріс алған шәкірттері бұл күнде сан түрлі салаларда қызмет атқаруда.

  1. жүргізуші: Сіздерге келешекте Қазақстанның өсіп өркендеп дамуына қосқан үлестеріңізге алғыс айта келе абырой істеріңіздің ырысы мен берекесін көруіңізге тілектестік білдіреміз. Ортада «Ұстазға мың тағзым» әнін орындаушылар ортада «Ұстазға мың тағзым» әнін орындаушылар 3- ші сынып оқушыларының вокальдық қыздар тобы.

  1. жүргізуші: Қымбатты ұстаздар шәкірттеріңіз өздеріңізге арналған, мектебіміздің Қымбатты ұстаздар шәкірттеріңіз өздеріңізге арналған, мектебіміздің 30 жылдық мерекесіне арналған құттықтау сөзге берейік. (видеоролик)
Ортаға 2 «А» сынып оқушысы Айберген Гулбағымды және әжесін қошеметпен шақырамыз.
  1. жүргізуші: Ортада 4 «Ә» сынып оқушысы Әскерқызы Іңкәрдің орындауында «Әке, ана» әнін қабыл алыңыздар.


  1. жүргізуші: Мың бұралған бишіміз 2 «Б» сынып оқушысы Миргалиева Медина "Абыл Тарақұл" атындағы "Өнер" мектебінде дәріс алып жүр. Халықтың би тобына қатысатын Мединаның биге деген ынтасы зор, Мединаның орындауында "Страус" биін тамашалайық.
  2. жүргізуші: Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел.

1-жүргізуші: Олай болса 3 «В» сынып оқушысы Бақытбек Әдемі Мұқағали Мақатаевтың "Үш бақытым" өлеңін мәнерлеп оқып береді.
2-жүргізуші: Эстетикалық гимнастика - спорттың ең нәзік түрі. Дегенмен қиын жаттығулармен ерекшеленді. Біздің 2 «Б» сынып оқушысы Қаржаубаева Дильназ осы жаттыуларды еркін жасайды.
1-жүргізуші: Ортада мектебіміздің шыңында биіктен көрініп мақтанышы болған 4«А» сынып оқушысы Исаев Тілестің орындауында "Шоқ қыздар" әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: 2 сынып оқушысы Алмағамбет Асылбек Шығыс күресіне жататын Таэквандо спорт түріне қатысып жарыстарда 1-ші орын иеленген. Асылбекке Қазақ туын көкке желбірет демекпіз. І-ші, ІІ-ші орындарды иеленіп, Жұмажан Айдос талай жеңістерді бағындырады деп есептейміз.
  1. жүргізуші: Каратэ «Кекушенкай» деп аталатын спорт сессиясына қатысып, сары белбеу иеленген 3 «Б» сынып Бақыт Алимжан жігерлі, қайсар болып өсіп келеді.
  1. жүргізуші: 2 «А» сынып оқушысы Кенжегулов Жанарыс ән салып, бағын сынап ән жарыстарына қатысып, биылғы жылықаламыз патриоттық әндер байқауында ІІ-ші орынға ие болған. Жанарыстың орындауында "Әрқашан күн сөнбесін" әнін тамашалаңыздар.

  1. жүргізуші:
Еркін елдің ұл қызы, Жарқыраған жұлдызы. Би билейміз бәріміз, Айдай толқын нұр жүзі. «Үнді биін» орындайтын 2 «Ә» сынып оқушысы Рахым Каринаны қарсы алыңыздар.
  1. жүргізуші:
Моншақтары мойнында сыңғыр қағып, Көз алдымда құлпырып гүл-гүл жанып. Айдын көлдің еркесу аққулардай, Билейді биші қыздар мың бұралып. "Айгөлек " биін орындайтындар "Бишілер" тобы.
1-жүргізші: Хор 1. «Қазақстаным менің» Әні мен сөзі Көмек Ыбырайұлы. Хор 2. «Жаса қазақ» Музыкасы Ескендір Қасанғалиев.

2- жүргізуші: Білімнің қайнар бұлағы Өнердің жарқын шырағы Тұрағы өзің мектебім, Шәкірттің асыл қырағы.
Мектебім мәңгі бапкерім Қарызбыз саған бәріміз Өзіңе деген парызды, Ақтаймыз талай әлі біз.
Ұлылықты ардық тұтып үнемі Алтын ұя, ақ босаға киелі, Қанат қаққан білім алып өзіңнен Күллі шәкірт саған басын иеді.
3 «Б» сынып оқушысы Нұрхожаева Тілектестің орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.

  1. жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар осымен, мектебіміздің 30 жылдығына арналған мерекелік концертімізде аяқтады. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Қош, сау болыңыздар!
© 2010-2022