Қазақ тілі пәнінен Етістік тақырыбы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Етістікті қайталаймыз.

Сабақтың мақсаты:

  • Етістік туралы алдыңғы сыныптарда алған білімдерін қайталау; етістіктердің қимылдық ұғымдарды білдіретін мағынасы мен сұрақтары туралы біліктерін тереңдете түсу; етістіктің негізгі, туынды, болымды, болымсыз түрлерін еске түсіру.

  • Жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін ары қарай жетілдіру.

  • Халық ауыз әдебиетін сүйіп оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, қайталау, жаттығу.

Сабақтың барысы:

Етістік туралы бұрынғы алған білімдерін еске түсіру.

Түрлі сөйлемдерді талдау арқылы оқушылар заттың қимыл, іс әрекетін білдіретін сөздер етістік деп аталатынын естеріне түсіру. Етістіктерге сұрақ қою арқылы олардың сұрақтарын қайталау және сөйлем ішінде етістіктерге сұрақ қоя алу дағдыларын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу ауызша орындалады. Өлеңді мәнерлеп оқытқызғаннан кейін, қазақ халқының тіршілігі төрт түлік малмен байланысты болғаны айтылады. Халық ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт жырларының көпшілігі мал туралы екені еске түсіріліп, оқушылардан қандай өлеңдер білетіні сұралады. Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік бере кету керек. Өлең талданғаннан кейін, оқушылар етістіктерді тауып, дара немесе күрделі етістік екенін ажыратады. Бұл жаттығу арқылы дара, күрделі етістіктердің жасалу жолы түсіндіріледі. Мұндағы дара етістіктер:жорғалаттым, тақтым. Күрделі етістік: еңіреп бақтым, сидаң қақтым, жылап бақтым.

Дара, күрделі етістіктерді естеріне түсіргеннен кейін 2-жаттығу тапсырмаларын орындап, күрделі етістікті дара етістікке айналдырады.

3-жаттығуда халық өлеңдерінен үзінді берілген . Балалар халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрімен танысады. Оқушылардың өлеңінін ырғағын сақтап, мәнерлеп дұрыс оқуын қадағалау керек. Болымсыз етістіктерді болымды етістіктерге айналдырмас бұрын, етістіктің бұл түрлері туралы, болымсыз етістіктердің қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын естеріне түсіреді. Өлеңді ауызша болымсыз етістіктерді болымды етістіктерге айналдыра отырып оқиды.

4-жаттығуда берілген сурет бойынша сөйлем құруда оқушылар өз беттерінше орындауға болады. Одан соң етістіктің зат есім, сын есім сияқты негізгі, туынды тұлғада келетіні қайталанады. Оқушылар негізгі етістіктерге мысалдар келтіреді, басқа сөз таптарынан берілген сөздерге жұрнақ жалғау арқылы туынды етістіктер жасайды.

Үйге тапсырма. 5-жаттығу

© 2010-2022