Сабақ жоспары: Я дыбысы мен әрпі 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Я я дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Я я дыбысы мен әрпін таныстыру, дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру, ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету, көркем жазуға машықтандыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өзіндік көзқарасын жетілдіру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, ой тұжырымын жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың бойындағы рухани - адамгершілік қасиеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, әліппе дәптері.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ұжымдық оқыту, ой қозғай, ой толғаныс
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игеру сабағы, саяхат сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Біз талапты баламыз,
Оқып білім аламыз.
Қонақтарды көргенде,
Қуана қарсы аламыз
Сәлеметсіздер ме!

-Балалар өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-Гг дыбысы мен әрпімен таныстық.
-Г г дыбысы қандай дыбыс?
-Ақан сері мәтінін оқу.

-Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
1.Ақан сері кім болған?

2.Ақан Серінің тұлпарының аты қалай?

3.Ақан серінің бүркітінің атын ата?

4.Ақан сері бүркітіне арнап не шығарды?
1. Жұмбақ шешу

Ұя десең соңында,

Сия десе,соңында.

Тұратұғын қайқайып,

Айтыңдаршы,қайсы әріп.

(я әрпі)

Жаңа сабақ барысы:

  • Я әрпін хормен айту.

  • Оның дауысты дыбыс екенін айту.

  • Я әрпінің қосарлы дыбыс екенін түсіндіру.

  • Я әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.

Жұмбақ жасыру. Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады (қоян) Қоян туралы не білеміз?

Суретпен жұмыс Сөйлем құрастыру
Қоян секіреді. Қоян орманда мекендейді. Қоян қорқады.
Оқулықтың 95 - бетіндегі бағандағы сөздерді оқу.

«Ұя» өлеңін оқып,мазмұндау.
Сергіту сәті.

Мынау менің жүрегім
Бәрін өзі басқарған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін өзі атқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Бәрін өзі жасаған.

Дәптермен жұмыс:

  • Я әрпін ауада жазу.

  • Жазу дәптерінің бетіндегі Я әрпін жазу.

«Жоқ әріптерді тап» ойыны
Қи... р, а... з, та... қ, а... қ.

Суретке сәйкес сызбаны тап.
Та - қи - я, пи - яз, ұя,қияр.

Семантикалық карта толтыру.

ІҮ. Қорытындылау
Сөздерді оқығанда ішінде я әрпі бар сөздерге қолды шапалақтау,жоқ болса шапалақтамау.

Сая,гүл,аю,Аян,қоян, түлкі шаян, ,ешкі.
Бағалау.ұнаса-қызыл түсті көтеру

Толық түсінбесе-көк түсті көтеру.




Сабақтың мақсаты: Оқушыларды төрт түлік және төлді қалай шақыратын туралы тақырыбын меңгертіп, мағлұмат беру. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушыларды мәнерлеп оқуға, өз бетімен жұмыс істей алуға төселдіру. Төрт түлік және төлді қалай шақыратыны туралы түсінік беру. Тәрбиелік: Оқушыларды төрт түлік малды қастерлеуге баулу, шығармашылықпен жұмыс істей алуға, сауатты жазуға тәрбиелеу. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ойлау жүйесін жетілдіру. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Сабақ барысы: Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, суреттер. І. Қызығушылығын ояту. 1. Психологиялық дайындық. О: Біз бақытты баламыз, Ойнап-күліп аламыз. Жалқаулықтан қашамыз, Оқып-білім аламыз. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Тест жұмысы Тіл не үшін қажет? а) сөйлеу үшін ә) жазу үшін 2. Қазір қандай мезгіл? а) қыс ә) күз 3. Қыста ауа-райы қандай болады? а) ыстық ә) салқын ІІ. Мағынаны ашу. Төрт түлік туралы ассосациялық және класстерлік аймақ құру (жеке, жұп, топпен) 1 - тапсырма: Төрт түлік туралы мәлімет 2 - тапсырма: Төрт түлік туралы өлеңдер (тақпақтар) Дәптермен жұмыс. Дауысты дыбыстар Дауыссыз дыбыстар А, О, Ы, Е, У Т, П, Н, Ғ, Р, Л, Ш, І, Ә, И, Ө, Ұ, Ү, Й, Қ, Д, М, Б, С, Ж, Я, Ю, Ё, Э Дыбыстар Қ, З, Г, Х, Һ, В, Ф, мен Щ, Ц, Ч; әріптер Ъ, Ь Көркем жазу. Ғғ; 17 - жаттығу 1. Өлеңді оқу. 2. Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката сөздерін жазып, дауыссыз дыбыстардың астын сызу. Үйге тапсырма: Төрт түлік туралы ЭССЕ (әңгіме) жазу. Эссе жаздыру (2 - 3 сөйлем) Бағалау: Төрт түліктің бейнелерімен бағалау.


© 2010-2022