Научный проект на тему: О вреде фаст-фуда

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЖББ Амангелді орта мектеп-балабақшасы





Жобаның тақырыбы:



«Фаст-фуд - денсаулықтың дұшпаны»

/ Адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау секциясы/



Научный проект на тему: О вреде фаст-фуда

Авторы: Сахипова Светлана 8А сынып Жетекшісі: Дарменова Б.Т. Қосымша білім беру педагогы







Амангелді, 2014ж

М А З М Ұ Н Ы

1. Кіріспе а/ Фаст-фуд деген сөзіне толық түсінік беру 2. Негізгі бөлім а/ Фаст-фудтың денсаулыққа зияны 3. Практикалық бөлім а/ Эксперимент ә/ Оқушылар арасында өткізілген сауалнаманың қорытындысы б/ Медбикенің пікірі 3. Қорытынды 4. Пайдаланылған әдебиеттер





























Аннотация «Фаст-фуд - денсаулықтың дұшпаны» деп аталатын Светлананың жобасының мақсаты: фаст-фуд денсаулыққа қаншама зиянды екенін дәлелдеу; оны пайдаланбауға насихаттау. Бұл тақырып қазіргі кездегі актуалдық мәселелердің бірі болып табылады. Көне заманғы қағидада бойынша: «Ас - адамның арқауы» - делінген. Өкінішке қарай, біздің замандастарымыз өзін дені сау және сымбатты сезіну үшін қалай тамақтану керектігін біле бермейді. Тамақтанудың да өзіндік ережелері бар және оларды ескермеуге болмайды, өйткені тамақтану - біздің денсаулығымыздың құрамдас бөлігі екенін есте сақтауымыз қажет. Өткен ғасырдың 80-90 жж. «жүгіріп жүріп қоректену» деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған болатын. Мамандардың айтуы бойынша, көбінесе балалар мен жасөспірімдерде фаст-фуд әдеттенуді туғызады. Гамбургерлер, чипсілер, кока-кола және пицца біздің балаларымыздың сүйікті тағамдары болып саналады. Артық салмақ, гастрит және жалпы әлсіздік -зиянды дағдылардың нәтижесі. Светлана өзінің жобасы арқылы фаст фуд денсаулыққа үлкен зиянын келтіретінін дәлелдеді. Ол оқушылар арасында өткізілген саулнамада, медбикеден алған сұхбатта, өзі үйден жасалған эксперименттен фаст-фуд шынайы да адамның ағзасына қаншама зиянды екенін көруге болады.

Дарменова Б.Т.



















Мақсаты: фаст-фуд денсаулыққа қаншама зиянды екенін дәлелдеу; оны пайдаланбауға насихаттау

Міндеттері:

  • Фаст фуд дегеніміз не екенін анықтау

  • Ең зиянды фаст фуд тағамдардың тізімін құрастыру

  • Фаст фуд тағамдармен тәжірибе өткізу

  • Оқушылар арасында сауалнаманы өткізу







Халықтың денсаулығы - қоғамымыздың заманауи талаптарының басты мәселесі болып табылады. Бүгінгі таңда орын алып отырған экономикалық дағдарыс, әлеуметтік мәселелердің ушығуы халық денсаулығына кері әсерін тигізді. Сондықтан, Қазақстан халқының денсаулық жағдайын көңіл қынжыларлық жағдайда деп бағалауға болады және соған орай медициналық қызметкерлердің барлық күш-жігерін, халықтың денсаулығын сақтауға жұмылдыру қажет. Оның ішінде, кейінгі қауым, жас ұрпақ - балаларымыздың денсаулығын сақтап, нығайту - қоғам мен мемлекеттің негізгі, кейінге қалдыруға болмайтын міндеттерінің бірі болып табылады. Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз - құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді. Бұл тағамдардың барлығы фаст фуд (тез әзірленетін тамақ) қатарына жатады. Фастфуд - өте тез әрі кең қолданылатын тағамдардың бірі. «Фастфуд» термині тағам деген мағынада қолданылады және бұл тағам тез дайындалады, ал бұл тұтынушыға өте қолайлы. 1920 жылдары ең бірінші фаст фуд тағамы Америкада қолданысқа ие болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасымен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. 1940 жылдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып McDonald's компаниясы бой түзеді. Сол жылдан бастап McDonald's компаниясы алпауыт компаниялардың бірі болды.Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты. Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald's ресторанына барады. Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллирд долларға өсті. Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы.Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы Los Angeles Times газетінде сөз болды.АҚШ-тың өзінде фастфуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты. McDonald's Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады. McDonald's ресторандары ашылар тұста желі иелері сатып алушылардың ресторанда ұзақ уақыт отыруын қаламағандықтан, бөлмеге ыңғайсыз орындықтар қойып, ойын-сауық автоматтарының болмауына барынша көңіл бөлген. Фри картофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғанығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді.Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептелді. Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен. Сондықтан, осындай тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Фаст-фуд тағамдарын біреулер күнде ішіп-жеп жүрсе, кейбіреулер анда-санда ғана пайдаланады. Тамақты үйде асықпай дайындауға мүмкіндік болмағандықтан, қазіргі таңда қолайлы әрі бағасы қымбат емес. Алайда, өте қауіпті. Соған қарамастан, кей адамдар еріншектігінің салдарынан дайын асқа жүгіретіні шындық. Бұл дұрыс емес. Әсіресе, балаларды кішкентай кезінен бастап мұндай тамақтарға үйретпеген жөн. Фаст-фуд сататын дүкендер әдемі жарнамалары арқылы өнімдерін төмен бағалармен ұсынып, жылдам әзірленетінін айтып, тұтынушылардың назарын өздеріне аударады. Мамандардың айтуынша, фаст-фудпен тамақтануға мүлдем болмайды. Осындай тағамдардың құрамында майлар мен консерванттар көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ. Ал ол несімен қауіпті десек, фаст-фуд тағамдарын дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни, транс майлар көп. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық және химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды. Фаст-фудқа үйір жандардың асқазан, жүрек аурулары, қан қысымы, қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі. Әсіресе өз денсаулығына көңіл бөлмейтін жастарға обал. Олар диета сақтамай, тамақтанатын болса, саулығы күн өткен сайын әлсірей түседі. Түрлі елдердегі медициналық зерттеулердің нәтижесі фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500 колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны құрау керек. Ал сіз бір ғана гамбургер мен шектеліп қоймайсыз ғой. Бұл өнімдер адамды толық тәбетін қанағаттандыра алмайды, ол тек аз ғана уақытқа асқазанды алдау десе болады. Жарты сағаттан соң адам тағыда тамақтанғысы келеді. Диетолог-дәрігерлер семіздікке апаратын «қауіпті» тағамдарды атап өтті. Бірінші орында тәт­ті газды сусындар тұр. Шөл басу үшін емес, қайта шөлдетіп, қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы бұл сусындардың құрамында қант шектен тыс көп. Үлкен-кіші құмарланып ішетін бір стакан ко­ланың өзінде 5 шай қасық қант бар, ал бір литр колада 25 шай қасық немесе 125 грамм қант болады екен. Сол сияқты картоптан жасалған чипсыларды бала біткен жақсы көреді. Бұлар пюреден жасалғандықтан, оның құрамына жасанды май мен жасанды түрлі дәмдеуіштер қосылып, адамды жеген үстіне жей түсуге шақырады. Сонымен бірге, сосискалар, пісірілген шұжықтар, паштеттер еттен жасалғандай көрінгенімен, негізінен жартысына жуығы майдан жасалып, түрлі тәтті дәмдеуіштермен бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді. Иісі мұрын жаратын, тез дайындалған тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен-кішінің бәрі құмар. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, картоптан дасалған фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны.

Денсаулыққа әсері осындай тағамдармен тамақтанатын адамдар осыны тиімді, ал тамақ пісіруге уақыттың жетіспеушілігіне байланысты, кейбіреулері өздерінің қалаулары бойынша тамақтанады. Осындай тамақтың зиянды екенін, екінің - бірі ойлай бермейді, білгендердің өзі қуырылған картоптың қытырлағанын газды сусын кока - коламен шөлін басады. Фастфуд тағамдарын біреулер күнде жеп ішсе, кейбіреулері анда санда тамақтанады. Тамақты үйде дұрыстап дайындауға мүмкіндігіміз болмағанда, ол бізге қолайлы, тиімді тамақ ретінде көмекке келеді. Ол қымбат емес, біреқ өте қауіпті. Денсаулығымыздың қауіпті жауы әрқашанда жаныңнан табылады, ол есірткі сияқты, қарның аш болғанда қолың өзі тартылып тұрады. Көбі фастфудтардың зиянды екенін түсінеді. Балаларды кішкентай жастан бастап осындай тағамдарға үйретпеген жөн. Шынына келсек кейбіреулері жалқаулықтың арқасында, тағыда біреулер денсаулығына немқұрайлықпен қарағандықтан осындай тағамдармен тамақтанады. Фастфуд сататын дүкендер өздеріне әдемі жарнамаларымен, төмен бағаларымен, жылдам әзірленуімен тұтынушылардын назарын аудартады. Ал біз денсаулығымызға салғырт қарасақ, балаларымыздың ертеңгі күні не болмақ. Егер сіз осындай тағамдарды жақсы көретіндер қатарына кірсеңіз, онда газеттер мен журналдардағы ақпараттар сіздің пікіріңізді өзгерте алмайды. Дәрігерлердің айтуынша фастфудпен тамақтануға болмайды. Осындай тағамдардың калориялары өте жоғары, майлар мен консерванттар құрамы өте көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ.

Жақында Швейцария ақпарат құралдарында таң қалаларлық деректер жарияланды. Бұдан отыз жыл бұрын жерленген адам мүрдеделері сол күйінде бұзылмай сақталған. Дәл бір жеті бұрын дүниеден озған адамдар сияқты дерсің! Өлген адамның денесі 3-4 жылдың ішінде іріп-шіріп, тек қу сүйегі ғана қалуы керек еді. Бұл елдің заңңамаларына сәйкес, бұрын зират болған жерге 17 жылдан кейін ғана қайтта адам жерлеуге рұқсат етіледі. Ал, отыз жыл бойы міні құрамай тұрған мәйіттер туралы не айтуға болады? Әрине, ғалымдар бұл жағдайды зерттей келе, денелердің бұзылмай сақталуына жеген тамақтарының құрамындағы консерванттардың тікелей қатысы бар екенін анықтады. Консерванттар сол кездің өзінде газдалған ішімдіктерді, тәтті тағамдар мен сусындардың және фаст-фуд өнімдерінің құрамында көп болған. Өмір бойы ағзаға жинақталған консерванттар ол өлгеннен кейін денесінің бұзылмай сақталуына әсер етеді екен.

«Фаст-фудтан бас тартудың себептері» 1. Фаст-фудтан бас тартудың ең басты себебі жедел дайын болатын тағаммен тамақтанып, семіздікке душар болу 2. Фаст-фуд көптеген ауруларға алып келеді. 3. Фаст-фуд бұл қымбат. 4. Фаст-фуд балалар үшін өте қауіпті. Баланың ағзасы қалыптасып жатқанда, оны пайдалану семіздікке, қант диабетіне, жүрек-қантамырларының ауруларына, эндокринді және иммунды жүйенің бұзылуына алып келеді, ал ол өз кезегінде бала ақыл-ойының дамуына кедергі келтіреді. Бүкіл әлемдік дәрігерлер мен қоғамдық қызметкерлер фаст-фудтың адамзатқа тікелей қауіпі бар деген дабыл қағуда. Фаст-фуд құрамындағы барлық химиялық заттар көптеген аурулардың дамуна алып келер жол. Бұл ретте тек зана семіздік туралы ғана емес, гипертониялық, жүрек-қантамырлары, онкологиялық, қант диабеті, буын және омыртқа ауруларын атап өткен жөн. Олар бұл шараның балаларды қауіпті өнімдерден сақтау үшін қажет екендігін айтады.
«Фастфуд» дегеніміз ағылшын тілінен аударғанда «тез дайын болатын тамақ» дегенді білдіреді екен. Жол-жөнекей жүріп келе жатып, бәліш, тағы басқа жеңіл тамақтарды жеп, асқазанымызды толтыра салу адамзаттың о бастан келе жатқан әдеті екенінде сөз жоқ. Қолына түскен жеуге жарайтын өнімді ауызға бұралақтата тыға салу алғашқы қауымдық құрылыста бар болған. Ал енді сол нашар әдетті бізге нықтап тұрып тағып, тамақтанудың қалыпты жағдайына айналдырған индустрияның пайда болғанына 100 жыл болыпты. Оның бастауы 1921 жылы АҚШ-тың Канзас штатынан басталыпты. Сол жылы Канзаста гамбургер өндіретін шағын компания пайда болған. Таңғаларлық әрі өте тойымды өнім жұрттың көңілін бірден жаулап алды. Содан бері 100 жыл өтсе де әлемдегі миллиондаған адам осы гамбургерлерді, оның «туыстары» - хот-дог, чипсы, қытырлақ кепкен нан, донерлерді сүйсіне жеп, газдалған сусынды қылқылдата жұтумен келеді.
Фастфудтың осыншама тәбет тартқыштық қасиеті неде және ол несімен қауіпті? Біріншіден, олардың бәрінің де калориялылығы өте жоғары болғандықтан өте тойымды, жеген адам тез тойып, ләззат алады. Фастфудтардың құрамында тарнсмайлардың көп болатынына байланысты, оны адам ағзасы түгелдей қорыта алмайды.
Екіншіден, неше түрлі консервантты қоспалар мен дәмді күшейткіш хош иісті дәмдеуіштер, атап айтқанда көптеген елдерде тыйым салынған натрий глутаматы қосылатын болғандықтан, осылардың бәрі өнімнің дәмін керемет етіп көрсетеді.
Үшіншіден, фастфудта тұз бен әртүрлі дәмдеуіштер көп. Ересек адам мұндай өнімдерді тұрақты түрде пайдаланатын болса, семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықпай қоймайды екен.
Ал балаларға болса, мұндай асты жеуге мүлдем тыйым салынуы керек дейді дәрігерлер.

Зиянды 10 өнім


Күнделікті тұтынып жүрген кейбір өнімдердің пайдасынан гөрі зияны көп екенін білген бе едіңіз? Ағзаңызға зиян әкелетін он өніммен таныс болыңыз. 1. Майға қуырылған картоп (чипсы). Майға қуырылған картоп өз бетінше пайдалы тағам емес. Ал чипстерде табиғи ештеңе қалмайды: тек канцерогендер, май, ароматизаторлар мен дәмдеуіштер. Чипстерді күнделікті тұтыну онкологиялық аурулардың пайда болуына, сонымен қатар салмақ қосуға әкеледі. Бұған картоп-фриді де жатқызуға болады.

2. Газды сусын. Көпіршікті боялған сусын қант қосылып, суға араластырған гуашьтан да зиянды. Фаст-фудты газдалған сусынмен ішкен жөн дейді, бірақ бұл дұрыс емес: газды сусын қарынды қайта аштыртып, тағы бір гамбургер жеуге итермелейді. 3. Фаст-фуд. Зиянды тағамдардың қатарына кіріп тұрғаны таң қаларлық емес шығар. Тез дайындалатындығы және арзандығынан басқа тағы қандай артықшылығын білесіз? Ешқандай артықшылығы жоқ. Тезірек бірдеңе дайындап жіберу керек болса, ірімшік, көкөніс, салат жапырақтары мен креветкадан тура сондай бутерброд жасап алуға болады. Және ешқандай соуссіз және майонезсіз.

4. Майонез. Әңгіме дүкен майонезі жайлы. Тағам рационынан мүлде алып тастаса, бір-екі аптада беліңіз бірнеше сантиметрге арықтағанын байқайсыз. Майонездің қатарына кетчуп пен басқа да соустарды қосуға болады. Олар ароматизаторлар, май және дәмдеуіштерден тұрады, ал табиғи өнімдерден ештеңе жоқ. Оның орнына майлылығы төмен қаймақ пайдалансаңыз дәмдірек және пайдалырақ болады.

5. Тұз және қант. Өздеріңіз білетіндей, тұз бәне қантты - ақ өлім деп те атайды. Тұз ағзада судың жүріп-өтуіне кедергі келтіреді және керек емес жерлерге жиналып қалады. Қантпен бәрі белгілі - арықтағысы келетіндерге бұл нөмірі бірінші жау. Бұл өнімдерден мүлде бас тарту мүмкін емес, алайда тағамды қатты тұздамаса біраз уақыттан кейін тағамдардың табиғи дәміне үйреніп кетуге болады. Ал қантты балмен алмастыру ләзім.

6. Алкоголь. Бұның ағзаға зияны жайында бәріне мәлім. Аптасына бір рет алкологь ішу - бұл алкоголизмнің белгісі, мейрамды арақсыз өткізе алмау да қауіп тудырарлық. Бастапқыға, арзан алкогольден, мысалы, сырадан бас тартып үйрену керек. Тағы бір нұсқа - алкоголь ішпейтін ортамен танысу.

7. Шұжықтар. Алдыңызға келген сосискілер неден, қашан жасалғанын кім біледі? Етті тұздау мен сүрлеу оның ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді. Яғни, уақыт өте келе пайдалы элементтерінен айрылады, ал өліктің элементтері қалады. Бірақ біз оны байқамаймыз, өйткені оған түрлі ароматизаторлар мен дәмдеуіштер қосылған. 8. Қуырылған тағамдар. Күнбағыс майы мен маргаринде қуырылған тағамдар пайдалы қасиеттерінен айрылады, сонымен қатар канцерогендерді таратады. Оған қоса, қуыру кезінде өнімдегі табиғи су майға айналады, бұл тағамның калориясын арттырады. Өнімдерді сәл қуырып, кейін духовкада пісіріп алса керемет болатын еді.

9. Тәттілер. Зиянды тәттілердің қатарына мармелад, шайнап жейтін конфеттер мен леденцыларды жатқызуға болады. Бұлар бір тілім торттан да зиян. Олар көбіне жасанды бояғыш заттар мен ароматизаторлардан тұрады. Тәтті жегіңіз келсе, бал, кептірілген жемістер немесе қара шоколадты таңдаңыз.

10. Ақ нан. Бұған барлық ұн тағамдарын қосуға болады. Жаңа піскен нан мен бәліштер өте дәмді, бірақ олардың құрамында пайдалы ештеңе қалмайды. Өйткені, нан жасайтын ұн барлық құнарлы өзектерінен айрылған. Сондықтан дәнді-дақылды нан көбірек пайдалырақ.

Қазақстандықтардың 80 пайызы дұрыс тамақтанбайды. Соның кесірінен ел арасында ас қорыту жүйесінің бұзылу, яғни ішек қабаттары қабыну, ойық жара, асқазан ісігі сынды дертке шалдығушылар саны көбейген.. Асқазан дерті, әсіресе, фаст-фудқа жаны құмар жастар арасында белең алып барады. Өкініштісі де сол, соңғы уақытта асқынған асқазан дертіне шылдығушылар қатырында жастар жағы жетерлік. Асқазан ісігіне жетпесе де, ішек қабаттарының қабынуы, ойық жараның шығуы сынды дерттер дендеген көбінде. Cондай-ақ, артық асқа ерік берудің де ауруды тудырып жататыны бар. Тіпті ағзадағы май безін қоздырып, шамадан тыс салмақ жинауға әкелуі мүмкін. Әсіресе, шала пісірілген тамаққа, яғни фаст-фудқа әуестердің денсаулығына төндірер қауіп күшті. Калориясы жағынан шамамен 1500-1800-ді құрайтын мынадай бір сендвичті жесеңіз, толық бір түстенгеніңізбен тең. Ал екіншісін қоссаңыз, кешкі тамақты да қатар іштіңіз деген сөз. Оған енді газдалған сусын мен қуырылған фри картобын тағы қосыңыз. Яғни, дәл осылай бір ай тамақтанар болсаңыз, денсаулығыңызға зиян келтірдіңіз. Бірақ бұны біле тұра жейтіндер жетерлік. Оған көшедегі саңырауқұлақтай қаптаған бургер, сендвич, донер, кәуәп сынды жылдам асты әзірлейтін дүнгіршіктегі ұзын кезектің өзі дәлел. Сондықтан Тамақтану акедемиясы бастаған отандық гастроэнтерологтар шала піскен тамақпен күресті күшейтуге мәжбүр. Тіпті дұрыс тамақтанудың пирамидасын да ұсынып отыр. Осы күні фаст-фуд тағамдары өмірімізді әбден жаулап, аттап басқан әр қадамымызда алдымыздан шығатын болды. Осы орайда оқырмандарға қызық болар деген ниетпен осы туралы кейбір фактілерді ұсынамын:
  • Америкада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет Макдональдс ресторанына барады.
  • Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллиард долларға өсті.
  • Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты.
  • Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Песпи-Кола сатылымда жоқтың қасы.
  • Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы Los Angeles Times газетінде сөз болды.
  • АҚШ-тың өзінде фаст-фуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді.

  • Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты.
  • Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Песпи-Кола сатылымда жоқтың қасы.
  • Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы Los Angeles Times газетінде сөз болды.
  • АҚШ-тың өзінде фаст-фуд сататын 300 мың ресторан жұмыс істейді.
  • Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы ресторанын 1949 жылы Калифорния штатындағы Сан Бернардинода ашты.
  • Макдональдс Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады.
  • Макдональдс ресторандары ашылар тұста желі иелері сатып алушылардың ресторанда ұзақ уақыт отыруын қаламағандықтан, бөлмеге ыңғайсыз орындықтар қойып, ойын-сауық автоматтарының болмауына барынша көңіл бөлген.
  • Ғалымдардың айтуынша, гамбургер жасау үшін пайдаланылатын еттің түрлері ауру тууына себепші болады.
  • Автокөлік жүргізушілеріне қызмет көрсететін фаст-фуд дүкені алғаш рет 1919 жылы Калифорнияда A&W Root Beer деген атпен ашылды.
  • 1990 жылы Макдональдстағы фри картофельдерін пісіруге сиыр майы қолданылатыны белгілі болғаннан кейін Мумбайдағы вегетериян үндістер желінің барлық дүкендеріне шабуыл жасап, қиратқан екен.
  • Фри карофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғандығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді.
  • Рональд Макдональд америкалық балалар арасында Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептеді.
  • Фаст-фуд тағамдарының кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың америкалық өледі екен
Көп нәрсенің зиянын біле тұра, күнделікті тұрмыста қолданамыз. Бұл адам табиғатына мәңгілік енгізілген өзгермейтін компьютерлік бағдарлама іспетті. Бүгінде адам ағзасына, денсаулығына пайдалы заттарды кездестіру мүмкін емес. Күнделікті қолданатын тағамдардан бастап, астымызға мінген көлік те адамзат үшін зиянды дейді мамандар. Тіпті әр түрлі экологиялық құбылыстар нәтижесінде ластанудың өте биік деңгейіне жеткен қарапайым ауаның өзімен демалу қауіпті. Соңғы жылдары мамандар тарапынан көп талқыға түсіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көрініп жүрген басты экологиялық мәселелердің бірі - адамдардың дұрыс тамақтанбауы. Жүріп бара жатып жүрек жалғайтын жылдам дайындалатын тамақ түрлері бүгінде жетіп артылады. Алайда, сырт көзге аты да заты да жағымды Фаст Фуд деп айдарлатып айтып жүрген - гамбургер, хот-дог, бұқтырылған шұжық, тез әзірленетін лапша, сэндвич, пицца және газдалған сусындармен қоректену адам ағзасы үшін нағыз қауіп. Бірақ мұны бәріміз білеміз. Біле тұра істейміз. Бұл үшін кінәні Макдональдс, Бегемот сияқты жеңіл тамақтану орталықтарынан іздейміз бе, әлде химиялық технологияның дамуынан көреміз бе?! Адамдардың мұндай тағамдарды қолдануы олардың тамақ әзірлеуге уақыттарының жетіспеуімен қатар, оны тез-тез жеу қажеттілігінен туған. Оның үстіне арзан, тез дайындалатын, әрі түрлі дәмдеуіштер қосылған дәмді асты тұтынудан кім бас тартсын? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгінде адамзатты өлімге әкеліп соқтыратын факторлардың 60 пайызы - сапасы нашар, қауіпті азық-түліктен дайындалған тағамдар деп тұжырымдап отыр. Мұндай тамақтарда ағзаға тікелей әсер ететін улы заттар болмаса да, олардың құрамындағы кейбір зиянды нәрселер, ағзаны іштен жегідей жеп, дене мүшелерін істен шығара бастайды. Қазір АҚШ-тың кейбір телеарналарында дәрігерлер ұйымының сұранысымен антимакдональдік жарнамалық роликтер көрсетіліп жүр. Себебі ел тұрғындарының 61 пайызы артық салмақтан емес семіздіктен жапа шегеді. Канадалық ғалымдар фаст фудтың адам психикасына да үлкен әсері бар екенін анықтаған. Psychological Science журналының мәліметіне қарағанда тез әзірленетін тағамдармен тамақтанатын адамдар уақыт өте шыдамсыз болып келеді. Тез тамақтану - басты мақсат. Осындай шыдамсыз әрекеттер адам өмірінің барлық тұсынан көрініс табады. Мұндай астан бас тартудың миллион себептері бар. Төменде солардың бірнешеуін ұсынамын: Артық салмақ қосқыңыз келсе? Бір орташа гамбургер, фри картоптары және жарты литр кола - 1500ккал. Ал бәріміз білетіндей аз есеппен бұл бір адамның бір күнгі кабылдайтын мөлшері. Ал бір күнде сіз осыларды ғана жеумен шектелмейсіз ғой? Американдық журналист Морган Стерн өз тәжірибесінде 30 күн бойы Нью-Йорк қаласының фаст-фуд орталықтарында тамақтану арқылы 14 келі салмақ қосқан. Артық салмақ әр түрлі ауруларға себепші болуымен қатар, адамның көңіл күйіне тікелей әсер етеді. Егер сіз өзіңізді артық салмақтан құтқарғаңыз келсе, фаст фудқа жоқ деңіз! Денсаулығыңызды қатерге тіккіңіз келсе? Әдетте фаст фуд жегеннен ең алдымен ас қорыту нашарлайды. Созылмалы тұмау, сіркесі су көтермейтін ашушаңдық, аллергиялық аурулар, еркектік қабілеттің нашарлауы, бедеулік, инфаркт, инсульт, қатерлі ісік тағы басқа түрлі сырқаттардың бәріне тамақ құрамындағы зиянды нәрселер себепші. Бір сөзбен айтқанда жеңіл әрі тез дайырланатын тамақтардан адам азғасына келер ешқандай пайда жоқ. Көп ақша жұмсағыңыз келсе? Сіз мұнымен келіспеуіңіз мүмкін, себебі сүйікті Макдональдста 500теңгеге тамақтануға болады? Ал енді бір айда жеңіл асқа қанша ақша жарататыныңызды есептеңіз? Осыған фаст фуд әсерінен пайда болған шаш пен теріңіздің зақымдарын жасыру мақсатында сән салондарына жұмсаған қаражатыңызды қосыңыз. Ал егер мұндай асты әлі де қолдана беремін десеңіз, онда болашақта денсаулығыңызға байланысты медициналық орталықтарға кететін ақша мөлшерін тағы қосыңыз. Жаңа сатып алатын киімдеріңіз жайлы тіпті айтпаймын, себебі бұрынғы киіміңіздің тура келуі екіталай. Балаларыңыздың денсаулығы нашарласын десеңіз? Бүгінде тез даярланатын өнімдер үлкен адамдармен қатар мектеп жасындағы балалар арасында да танымал. Әсіресе чипстер, кептірілген нан (сухарики) олардың сүйікті тағамдарына айналған. Шведтік ғалымдардың айтуынша бұл тағамдар акрималид сияқты қауіпті концорогендерге бай. Акриламид - адамның жүйке жүйесін бұзатын, генетикалық мутацияға ұшырататын ақ немесе тұссіз суда еритін зат. Ол көмірсуға бай тағамдарды қуырғанда пайда болады. 1келі чипстың құрамында 2000 микрограмм акриламид түзіледі, бұл 1 келі қуырылған еттен 40 есе көп. Ал газдалған сусындарды күнделікті пайдалану адам ағзасында кальцийдің азаюына алып келеді. Кальцийдің жетіспеуінен 150 түрлі ауруға шалдығуға болады. Олардың бірі - остеопороз. Бұрынырақ бұл аурумен 60 жастағы карт адамдар ауырса, қазір бұл ауру түрі 6-12 жастағы балаларда ұшырасады. Балаларыңыздың шамадан тыс шыдамсыздығы мен жүйкелерінің тез жұқаруын, оған қоса ұмытшақтығын күнделікті қолданып жүрген астан іздеңіз! Ертеден бастап ата-бабаларымыз жылқы, қой, сиыр етін жеген, ақтан жасалған сүт, айран, құрт, май сияқты өнімдерді қолданып, төл сусынымыз шұбат,қымыз ішкен. Бұл тағамдардың пайдасы жайлы айтпасаң да белгілі. Мысалы, Қойдың еті - жылу мен әл-ауқатты , асқа тәбетті арттырады, жылқының еті - іріңді тоқтатып, бүйрек пен белді желден тазартса, сиырдың еті - майлы, ауыр, қызулы, ісік кезінде жақсы көмектесіп, асқазан, бүйрек, бел мен бастан ұстаған суықты шығарады екен. Бұл қасиеттер гамбургер арасына салынған еттің қызметтерінен мүлдем бөлек. Ал сары май, жұлын мен іш май ішкі ағзаны жұмсартса, сүр май ақылынан адасқан, есінен айрылған, танған адамдарға көмектеседі. Шыжғырылған май ойды өткірлейді, жадты кеңейтеді, жылу мен күш-қуат береді, өмірді ұзартады. Табиғи таза тағамдардың арқасында біздің тектілігіміз артып отырды. Міне, содан кейін біз қуатты ел болдық. Егер ұлттық тағамдарымызды өгейсітіп, шеттен келген зиянды асқа әуестенуімізді қоймасақ, күні ертең бақа-шаян, құрт-құмырсқаға айналарымыз хақ. Бұл - теңіздің тамшысындай ғана себептері. Өзгесін айтпасаң да белгілі. Заманауи жедел астың зиянын айтқанмен, өз тәжірибеңде көрмей оған сене қою қиын. Ал фаст фудты әлемде миллиондаған халық қолданады: әр түрлі ұлт өкілдері, әр жастағы адамдар, әлеуметтік сатысына қарай да түрлі адамдар. Барлығы да жеңіл әрі тез әзірленетін тағамдардың пайдасы мен үнемділігін ғана алға тартады. Ал оның орасан зияны жайлы айтатын ешкім жоқ. Тіпті тұмаумен ауырып, артритке шалдығып, үлкен күйзеліске ұшырап жатса да оны өзі тұтынған аспен байланыстыруды ойламайды да. Бекер, себебі «ауру - астан» немесе «өз ауруыңды табағыңның түбінен ізде» деп бекер айтылмаса керек. Бұл мәселе қазіргі таңда әлем қасіретіне айналған ЖИТС-тен немесе қоғамда орын алған халықаралық өзекті мәселелерден кем түспейді. Мұның себебі адамды ішінен улайтын фаст фуд өнімдерінің ерекше қамқорлыққа алынып, тыс мөлшерде жарнамалануында. Әрине, бұл өте тиімді бизнес жол. Өнімдерін тегін таратып, халықты өзіне тәуелді ету арқылы өз саудасын жүргізіп ақшаға кенелген саудагерлер үшін тиімді табыс көзі. Өзгені ойламақ түгілі өз қарабасының қамы мен қалтасының қалыңдығын ойлаған бизнесмендер әлемнің айықпас дертке шалдыққанын байқайтын қауқары да жоқ. Бұл, әсіресе, демографиялық өсім жағынан кенжелеп келе жатқан Қазақстан үшін тағы бір кедергі десе артық болмас. Егемендігін алып нық баса бастаған еліміздің аяғынан шалған тағдырдың тағы бір сыны. Әйтпесе бұрын соңды суға дейін талғап ішетін текті халқымыздың дүдәмәл азықпен қоректенбегені бесенеден белгілі. Ендеше аранымызды әр нәрсеге алаңсыз аша беруден бұрын сәл пәл ойланғанымыз жөн болар, текті де талғампаз атаның ұрпақтары!






Практикалық бөлім


Эксперимент № 1 Мен чипсыларды жағып көрдім. Олар тез жанып кетті. Себебі олардың құрамында өте көп майы болғандықтан. Сонымен қатар чипсы құрамында акриламид деген химиялық элементі бар. Сондықтан жанған уақытында пластмасс иісі шығады.
Эксперимент № 2 Салфеткіге мен бір уыз чипсыларды 30 минутқа қойып кеттім. Содан кейін оларды жинап қойдым. Салфетка үстінде майлы дақтар қалып қойды. Бұл чипсы құрамында өте көп май бар екенін дәлелдеді.
Эксперимент № 3 Бұл эксперименті мен үйдегі мысықпен өткіздім. Екі апта бойы мен мысықты тек қана фаст фуд тағамдармен тамақтандырдым. Алдын ала мысықтың салмағын өлшедім. Мысықтың салмағы 1кг 800гр болды. Екі аптан кейін мысықтың салмағы өсті 950 гр. Бұл екі апта бойы мысықтың тек қана фаст фуд тағаммен тамақтанатының нәтижесі.

«Фаст фудты ұнатасың ба?» сауалнаманың сұрақтары

  1. Жоба сауалнамасына бірінші рет қатысқалы тұрсың ба?

Иә, бірінші рет Жоқ, бұрын қатысқанмын

  1. Менің жобамның тақырыбы күн талабына сай ма?

Иә, деп ойлаймын

Жоқ, деп ойлаймын

Ойланған жоқпын

  1. «Фаст фуд» тағамын тамақ ретінде пайдаланасың ба?

Иә, бірақ сирек

Иә, фаст фуд тағамын жақсы көремін

Жоқ, үзілді-кесілді қарсымын

4 Өзің білетін фаст фуд тағамдарының түрлерін ата 3 жауап

5. Фаст фудке байланысты мәселелері қандай сезімтудырады (сезімдік, жүрек аурулары т.б.)

Бейтарап қараймын

Орташа сезімдер

Дұрыс тамақтанбайтын адамдарды сыйлаймын

Фаст фуд өзім пайдаланамын

  1. Сенің ойынша Фаст фуд неше жастан пайдалануға болады?

14 жастан

18...

30...

Дүниеге келгеннен бері

21 жастан, ағзаң түгел қалыптасқан соң



  1. Өз жобаңызды шығарғыңыз келе ме?

Иә,сөзсіз

Білмеймін

Жоқ

  1. 5 балдық шкаламен жұмысты бағала

5

1

2

3

4

  1. Улы фаст фуд тағамын болашаққа қолдана бермексің бе?

Жоқ, зиян екендігін түсіндім Жауап беруге қиналамын Иә, істің арты мені қорқытпайды Бұл сауалнама 8-11 сынып оқушылар арасында өткіздім. Бұрында оқушылар мұндай жоба сауалнамасына қатысып көрген жоқ. Оқушылардың 87% бұл саулнама сұрақтары қазіргі таңда актуалды деп жауап берді. 69% фаст фуд тағамын жақсы көремін деп айтты. Фаст фуд тағамдарының түрлерінен көбіне чипсы, хот дог, гамбургерді көрсетті. 82% фаст фудты өзім пайдаланамын деп жауап берді. Сауалнамаға қатысушылардың 50% фаст фудты 21 жастан , қалғаны 50% 14 жастан пайдалануға болады деп санайды. Болашақта 48% фаст фудты қолданбаймын деп жауап берді. Ал 35% істің арты мені қорқытпайды деді. Қалғаны 17% жауап беруге қиналды. Мектеп медбикесінің пікірі Бұл пікірмен мектеп медбикесі Турегалиева Күляш Зиненовна да келіседі:
- Баланың ағзасы үнемі өсіп, жетілуі тиіс, ал оның ағзасы біздің тамаққа бейімделмеген. Сол себепті фастфудпен тамақтандыруды құптамаймын.- Бірінші кезекте, майлы қышқылдар адамды семіртеді. Балаларға келетін болсақ, олардың май клеткаларында генетикалық қабілеті жоғары болады да, семіруге бейімдік өмір бойына сақталады. Сонымен бірге, иммунитеті төмендеп, канцерогендер мен дәрілерде болатын улы заттарды қауіпсіздендіретін С цитохром секілді ферменттердің жұмысы бұзылады. Мұның бәрі айналып келгенде, баланың ақыл-ес қабілетін біртіндеп бұзады. Асқазан ауруы, өт қабының қабынуы және асқазан жарасы пайда болады, - дейді мектеп медбикесі

Қорытынды

Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, чипсы, куырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп, бірақ олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Жоғарыда аталған барлық тағамдар фаст-фуд қатарына кіреді. Осындай тағамдармен тамақтанатын адамдар осыны тиімді, ал тамақ пісіруге уақыттың жетіспеушілігіне байланысты, кейбіреулері өздерінің қалаулары бойынша тамақтанады. Осындай тамақтың зиянды екенін, екінің - бірі ойлай бермейді, білгендердің өзі қуырылған картоптың қытырлағанын газды сусын кока - коламен шөлін басады. Фаст - фуд тағамдарын біреулер күнде жеп ішсе, кейбіреулері анда санда тамақтанады. Тамақты үйде дұрыстап дайындауға мүмкіндігіміз болмағанда, ол бізге қолайлы, тиімді тамақ ретінде көмекке келеді. Ол қымбат емес, біреқ өте қауіпті. Денсаулығымыздың қауіпті жауы әрқашанда жаныңнан табылады, ол есірткі сияқты, қарның аш болғанда қолың өзі тартылып тұрады. Көбі фаст-фудтардың зиянды екенін түсінеді. Балаларды кішкентай жастан бастап осындай тағамдарға үйретпеген жөн. Бірақ кейде фаст - фуд тағамдарын сататын дүкеншелерге кіргенде, осындай тағамдарды тек өздері ғана емес, басқа да адамдар сатып алып жатқандарын көріп жеңіл дем алып, қуанады. Басқалары осылай істесе, онда бізге де ештеңе болмайды деген пікір қате деуге болады. Орта жастағы адамдар денсаулыққа пайдалы тағамдар жеп ішсе, қазіргі жастар фаст-фудты жеп өсулері мүмкін. Шынына келсек кейбіреулері жалқаулықтың арқасында, тағыда біреулер денсаулығына немқұрайлықпен қарағандықтан осындай тағамдармен тамақтанады. Фаст - фуд сататын дүкендер өздеріне әдемі жарнамаларымен, төмен бағаларымен, жылдам әзірленуімен тұтынушылардын назарын аудартады. Ал біз денсаулығымызға салғырт қарасақ, балаларымыздың ертеңгі күні не болмақ. Егер сіз осындай тағамдарды жақсы көретіндер қатарына кірсеңіз, онда газеттер мен журналдардағы ақпараттар сіздің пікіріңізді өзгерте алмайды. Дәрігерлердің айтуынша фаст-фудпен тамақтануға болмайды. Осындай тағамдардың калориялары өте жоғары, майлар мен консерванттар құрамы өте көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ. Несімен қауіпті деген сұрақ туындайды? Фаст-фуд тағамдарында дайындау кезінде 1-ші орында маргарин көп мөлшерде қолданылуымен қауіпті. Мамандардың айтуынша: сары майдың маргариннен айырмашылығы, маргарин - бұл жасанды өнім, оның құрамында жасанды транс -майлар бар. Кейбір адамдар фаст-фуд денсаулыққа зиянды әсерін біле тұра бас тарта алмайды. Оларда психологиялық тәуілділік бар екенін мойындайды, осындай күй нашақорларда болады. Ғалымдардың пікірлерінше фаст-фуд тағамын көп мөлшерде қабылдауы шынымен химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Қандай да болмасын фаст-фудқа дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады. Осы қоспалар арқылы тамақты дәмді етіп, көп мөлшерде тамақтануға әсерін тигізеді. Егерде сіз фаст-фудтың ағзаға кері әсерін түсініп, тәуелділік ауруын сезінсеңіз осы кеңестер сізге қажет болар: 1 -ден фаст-фудтан біртіндеп бас тартыңыз. Әпсәтте бас тарту қиынға соғады. Осындай тағамдарды күніне 1 рет жеңіз, кейін жұмасына 1 рет, кейін мүлдем бас тарта аласыз. 2 - ден егерде сіз бір дәмханада тез тамақтануға үйреніп қалсаңыз және де сіздің уақытыңызды үнемдеуге ыңғайлы болса, колорийі жоғары емес, майлы емес тағамдармен тамақтаныныз. 3 - ден фаст -фудты түнгіге жеу - бұл сіздің асқазаныңзға қылмыс екенін есте сақтаңыз. Егерде сіз күні бойы тамақ ішпей жұмыс күнінің аяғында аш қарныңызды тойғанша толтырсаңыз бұл сіздің асқазаныңызға өте ауыр жүк. Мен өз тақырыбымды қорытындылай келе есте сақтау керектігін : баланың ағзасы жаңа қалыптысып келеді, оның денсаулығының қандай болатыны алдына қойылған астың сапасына байланысты. «Ас - адамның арқауы», «Ауры - астан» атты мақал - мәтелдері тегін айтылмаған.





























Ұсыныс:

  • фаст-фуд денсаулыққа зиянын екенін түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
  • бұл тақырыпқа сай конференцияны өткізу;
  • бюллетень шығарып, буклет тарату;
  • фаст-фудты сатуға заңды түрінде тыйым салу






































Пайдаланған әдебиеттер тізімі



  1. М.И.Ефремов. Байқаңыз! Зиянды тағамдар. СПб.: «Невский проспект». 2004

  2. В.Д.Сонькин. Законы правильного питания. - М.: Вентана - Граф, 2004

  3. ru.wikipedia.org/wiki/Фастфуд

  4. celluliti-net.narod.ru/r106.htnl,Fast Food

  5. massaget.kz/bilim/bilesiz-be/2463






© 2010-2022