- Преподавателю
- Начальные классы
- Конспект по самопазнанию на тему «Мейірімділік-асыл қасиет» (3 класс)
Конспект по самопазнанию на тему «Мейірімділік-асыл қасиет» (3 класс)
Раздел | Начальные классы |
Класс | 3 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Шарипова Г.К. |
Дата | 08.05.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: КММ №74 ЖББОМ
Мерзiм: 12.02
Тақырып: «Мейірімділік-асыл қасиет»
Құндылық: ақиқат, дұрыс әрекет
Қасиеттер: тек жақсы және қажет заттарды айту, мейірімділік, мейірімді сөздер айту.
Мұғалiм: Шарипова Гульмира Какешовна
Сынып: 3 сынып
Оқушылар саны: 18
Сабақ мақсаты: Оқушыларға мейірімділік туралы түсінік бере отырып, олардың ақиқатты ажырата білуге, дұрыс іс-әрекет дағдыларын игерту.
Міндеттері:
-
Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
-
Оқушыларды тек мейірімділік қасиеттерін айту дағдыларын дамыту;
-
Оқушыларды мейірімділікке және жақсы сөздер айтуға тәрбиелеу.
- Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Сұрақ қою:
-
Тыныштық сәті қалай әсер етті?
-
Тыныштық сәті туралы өз ойларыңыз?
Түйіндеме: Ал, балалар, осы тыныштық сәті арқылы өзімізді жақсы көңіл-күймен сабаққа дайындайық.
- Үй тапсырмасын тексеру
Әңгіме «Сары тауық пен балапандары»
М.Төрежанов
Сұрақтар қою:
-
Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттергебаулыды?
-
«Күн ашалып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінеміз?
-
Сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?
Ой түйіндеу: -Анамыз айтқан ақылға сүйене отырып, өмірімізде дұрыс іс-әрекет жасау керек! Яғни мейірімді бола білуіміз керек. Сабақ барысын талдау:
- Дәйексөз.
Халық даналығы. Сұрақ қою: 1.Балалар, мейірімділік дегенді қалай түсінеміз? 2.Неге мейірімді болу керек? 3.Сендердің ойларыңша, мейірімділікке қалай қол жеткізуге болады?
Ой түйін:
-Сонымен балалар, адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
4. Әңгiмелеу (мұғалім сыйы) СЕРГІТУ СӘТІ.
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сыныпты 3 топқа бөлеміз:/түстер арқылы/
Әр топ гүл жасайды.
І топ:Сол гүлге аналарынан естіген мейірім сөздерін жазады.
ІІ топ: Мейірімді істерді жазады.
ІІІ топ: Мейірімді адамның қасиеттерін жазады.
Дәптермен жұмыс жасау.
Сұрақ қою:
-Берілген тапсырмалар ұнады ма? Кім ойымен бөліскісі келеді?
-Қай топ үлгермей қалды?
Ой түйін:
Сүйіспеншілік - адамдарды дұрыс іс-әрекетке жасауға алып әкеледі. Ақиқатты тану арқылы біз мейірімділік жасай алуымыз керек. Мейірімділік жасау адамдарды қуанышқа бөлеп, мақсат-мұраттарына жеткізеді.
- Топпен ән айту.
Ақ мамам.
1.Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың
Аман сау жүр ақ мамам.
Қ-сы:
Күлімдеген көзіңнен,
Күн мейірі сезілген.
Бұл жалғанда балаға,
Жақын жан жоқ өзіңнен.
2.Өзің маған мият күн
Мен деп таңым жиі атты.
Ақ мамамның айғайы,
«Айналайын» сияқты. Сұрақ қою: 1.Оқушылар, бұл өлеңде не туралы айтылған? 2.Бұл әнді тыңдау арқылы қандай дұрыс әрекет жасау керек? Әнді қорытындылау. Қорытындылай келе, бұл ән бізді анамыздың мейірімділігін білуге шақырады. Біз дұрыс әрекет жасау арқылы мейірімділікке үйренеміз.
- Үй тапсырмасы.
- Соңғы тыныштық сәтi.
Ендеше, балалар бүгінгі өткен «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбынан тек жақсы және мейірімді адамның қарапайымдылық, шындықты айту қасиеттерін бойларыңа сіңіре біліңдер!