Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар Сайыс сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: "Жүден жүйрік, мыңнан тұлпар"

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушулардың білімдерін шыңдай түсу.

2. Логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту,

қабілетті және дарынды оқушыларды көрсете білу.

3. Оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа, жеңімпаз, озат

болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Үлестірмелілер, карточкалар, сұрақтар, жинағы, интерактивтік тақта.

Түрі: интелектуалдық сайыс сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: "Ақыл азбайды, білім тозбайды" демекші қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған. Бұрын жаяу жарыс, өгіз жарыс, құнан, тай жарыспен жеңіп алса, біз бүгін ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың дамыған заманында білімімізбен жарыспақшымыз. Бүгін біздің "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атты интелектуалдық сайыс сабағымызға 2-сыныптар қатыспақ

Пән бойынша сыныптан тыс бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың бойынан логикалық ойлау шеберлігін, тапқырлықты, шешендік қасиеттерді, шығамашылық қасиеттерді көре білу және оны байқау.

Сайысқа қатысушылармен таныстыпу.

Мұгалім: Бүгінгі сайыс барысында оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ептілігін сарапқа салатын боламыз.

Біреу озса сайыста біреу артта қалады,

Ренжімей тараса озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден--жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол-- еңбектену жалықпау.

Сайыста бағалайтын әділқазы алқасымен таныстыру.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер---- деп, сайысымыздың алғашқы шарты

"Бәйге" кезеңін бастаймыз.

І- кезең "Бәйге" сайысы

Бұл кезеңде 13 сұрақ беріледі

Әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі. Егер ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда екінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Ол ойыншының да жауабы дұрыс болмаса жүргізушу өзі айтады.

1.Көұжиектің неше тұсы бар? (төрт)

2. Біздің мемлекетіміздің аты неше әріптен тұрады? (тоғыз)

3. Ұзындық өлшем бірлігін ата. (метр)

4. Екі санның қосындысы 8-ге, ал айырмасы 2- ге тең

Бұл сандарды ата. (5 пен 3)

5. Бір ғасырда неше жыл бар? ( 100 жыл)

6. Атасы, әжесі, немересі, иті, мысығы және тышқаны шалқанды тартып, тартып әзер тартып алып шықты. Сонда шалқанға неше көщ қарады? (12)

7. Бір жұмыртқа 5 минутта піседі, ал төрт жұмыртқа неше минутта піседі?

(5 мин)

8. Екі пар ат 20 км шапса , олардың әрқайсысы қанша км. шабады? (20км)

9. Бір аптада неше тәулік бар? (7 )

10. Түйе құс екі аяғымен тұрғанда 12 кг. тартса, бір аяғымен тұрғанда неше кг. тартады? (12 кг.)

11. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 тоғайды атып алды неше торғай қалды? (1)

12. Бір айда неше күн бар? (30не 31)

13. Атасы 77 жаста немересі одан 70 жас кіші. Немересі неше жаста? (7)

ІІ-кезең "Тіл өнер" сайысы

Бұл сайысымызда ұяшықтар таңдалады.

Ойынды ұпай саны аз ойыншыдан бастаймыз.

Мақал-мәтелдер: 20, 30, 40, 50.

Жұмбақтар: 20, 30, 40, 50.

Көнңілді санау: 20, 30, 40, 50.

Мақал-мәтел 20

Алтау ала болса ауыздағы кетеді,......

(Төртеу түгел болса, төбедегі келеді)

Жұмбақтар 20

Бірге барып сыныпқа ,

Бірге үйіңе келеді.

Оның бетін кім ашса,

Әр бағаңды айтады.

(Күнделік)

Көңілді санау 20

Түйе бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Болады сонда қанша мал?

(7 мал басы)

Мақал-мәтел 30

Досыңды үш күн сынама,.....

(Үш жыл сына)

Жұмбақтар 30

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(Сызғыш)

Көңілді санау 30

Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі,

Қанша болды, қолда бары?

( 6 )

Мақал-мәтел 40

Бір кісі қазған құдыұтан,....

(Мың кісі су ішеді)

Жұмбақтар 40

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар

( Қой )

Көңілді санау 40

Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қой мен бір түлкі,

Бәрі нешеу кім білді? ( 8)

Мақал-мәтел 50

100 теңгең болғанша,....

( 100 босың болсын )

Жүмбақтар 50

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса атттама.

( Кітап )

Көңілді санау 50

Айқасқан екі таяқ,

Тұрады жоқты сұрап.

( икс х )

ІІІ-кезең "Кім жылдам" (сұрақ-жауап бұрышы)

Ойынды қорытындылау сөзін әділқазы алқасына беру

Соңынан оқушыларды марапаттау



© 2010-2022