Зат есім

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зат есімніңмағынасытуралыжалпытүсінік беру. Олқандай да бірзаттың, ұғымныңатауыекенінтүсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілік: Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Типі: Аралас
Түрі: ойын сабақ
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, ой қозғау, ойын.
Көрнекілігі: суреттер, топшамалар, қимақағаздар.

Барысы: І. Ұйымдастырукезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
378 - жаттығуды оқыту арқылы тексеру.

ІІІ. Өткен сабақтыпысықтау.
Балалар « Бұлкім?», « Бұл не?» ойынынойнайық. Мына суреттерге қарап сұрақ қоя отырып қай сөз табына жататынын айтыңдар.

- Не? - Қоян
- Нелер? - Сәбіздер
- Кім? - Қыз
- Кімдер? - Балалар
- Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздер қай сөз табына жатады?
- Зат есім дегеніміз не? ( ережесінсұрау)
- Қазақ тілінде басқа да қандай сөз таптарымен таныстық. Сөз таптары дегеніміз не? ( ережесін айту)

Олай болса, Сөз таптары туралы білімдеріңді тексеру үшін «Семантикалық картамен» жұмыс жасайық.
р/с ----------- Сөз ----- Сөз таптары ---- Зат есім ---- Етістік ---- Сын есім ---- Сан есім
1 бес
2 дәптер
3 қызыл
4 Айнұр
5 жазды

ІV. Жаңа сабақ.
Балалар, енді « Менен сұрақ, сенен жауап» ойынын ойнаймыз. Мына суреттерден менің сұрағыма жауап беретін сөздерді табасыңдар.

- Кім? - Мұғалім
- Кімдер? - оқушылар
- Кім? - Абай Құнанбаев
- Кім? - ата, әже
- Нелер? - бәйшешектер
- Нелер? - саңырауқұлақтар
- Не? - үкі
- Нелер? - қояндар
Осы суреттерге жауап берулеріңе қарай ереже айтып көрелік.
Адамның аты - жөніне, мамандығына, туыстық атауларға, яғни адамға қатысты сөздерге кім?, кімдер?, жануарлар мен заттарға не?, нелер? Деген сұрақтар қойылады. Мысалы, Кім? - бала, дәрігер, көке, Ұлпан. Кімдер? - аталар, ұшқыштар, оқушылар. Не? - дәптер, құс, гүл. Нелер?- кітаптар, аңдар, күректер.
Келесі ойынымыз « Кім тапқыр» ойыны. Жұмбақ шешіп тапқырлықтарыңды көрсетіңдер.
Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққалажасапойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)
- Жарайсыңдар, балалар енді жұмбақ шешуіне сұрақ қояйық. ( не? - қыс )
- Бұл ненің атауы?
- Мезгіл аты.
Сонда мезгіл атына да не? Деген сұрақ қойылады екен.
380 - жаттығу. Қыс айларының аттарын пайдаланып сөзжұмбақ шешейік. Кесте бойынша шешу.

- Ал, енді балалар « Қыста» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрайық. Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын ата?
- қар, бұршақ, қырау, мұз.
- Сұрақ қояйық, қай сөз табына жатады?
- Дұрыс айтасыңдар, не? Сұрағына жауап бергендіктен зат есімге жатады.

Оқулықпен жұмыс: «Бұл не?» ойыны.
Суреттегі аңның терісі аса бағалы, су өткізбейді. Терісінен бағалы бөрік, жылы тон, киімге жаға жасайды. Көбіне суда тіршілік етеді.
381 - жаттығу. Мәтінді оқып, не?, нелер? Сұрағына жауап беретін зат есімдерді тап. Алғашқы және соңғы сөйлемді көшіріп жазу. Мәтінге ат қою.

Құндыз.
Құндыз - ғажап қызықаң. Ол жуан ағаштарды жығады. Өздеріне керемет үйшіктер жасайды. Құндыздың терісі аса бағалы.

Сергіту сәті:
«Өз иесін тап» ойыны. Қимақағаздағы сөздерді сұрақтарға сәйкес қалташыққа салады.
Әуен ойнап тұрады. Әр оқушының шапшаңдығын, білімділігін анықтау.
Кім? -------- Кімдер? ----- Не? ------ Нелер?
Дәрігер ---- ұлдар ------ айна ------ гүлдер

383 - жаттығу. «Шеберлер» ойыны. Суреттегі заттарды кімдер пайдаланады? Сендер өздеріңді сол затты пайдаланушы ретінде, заттың атауын қатыстырып сөйлем құраңдар. Заттың аты құлаққа қалай естіліп тұр? Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.
Бұрғұ - Бұрғы, Сүргү - Сүргі, Шарғы
Үндестік заңы ілгерінді ықпал.

384 - жаттығу. «Білімділер» ойыны.
Оқы, әр жұптағы сөздерге сұрақ қой. Сұрақтың әртүрлі қойылу себебін дәлелде.
Ағаш - ағаштар ------------- қыз - қыздар
Перде - перделер --------- мұғалім - мұғалімдер
Бүркіт - бүркіттер ---------- сатушы - сатушылар

Ү.Қорытынды
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Ереже сұрау.
ҮІ.Үйге тапсырма: 382 - жаттығу, ереже жаттау.
ҮІІ.Бағалау

© 2010-2022