Ашық сабақ әдебиеттік оқу Қасқыр қысты қалай өткізеді? 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ әдебиеттік оқу Қасқыр қысты қалай өткізеді? 2 сыныпАшық сабақ әдебиеттік оқу Қасқыр қысты қалай өткізеді? 2 сыныпАшық сабақ әдебиеттік оқу Қасқыр қысты қалай өткізеді? 2 сыныпАшық сабақ әдебиеттік оқу Қасқыр қысты қалай өткізеді? 2 сыныпАшық сабақ әдебиеттік оқу Қасқыр қысты қалай өткізеді? 2 сыныпАшық сабақ әдебиеттік оқу Қасқыр қысты қалай өткізеді? 2 сыныпАшық сабақ әдебиеттік оқу Қасқыр қысты қалай өткізеді? 2 сыныпРубежин орта жалпы білім беретін мектеп - балабақшасы













Ашық сабақ

Тақырыбы: Қасқыр қысты қалай өткізеді?

(М.Дулатов).

2 «а» сынып










Өткізген :Кабесова Г.К







2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Қасқыр қысты қалай өткізеді? (М.Дулатов).
Сабақтың мақсаты: (слайд 6)

  1. Жабайы аңдар, олардың өмірімен таныстыру.
  2. Қасқыр, оның жабайы, жыртқыш аң екендігін ұғындыру, пайдасы, зияны туралы айту, түсінік беру.
  3. Әр түрлі ой дамыту стратегияларын пайдаланып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
  4. Халық педагогикасы арқылы имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғауға, жан-жануарды, Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қасқыр т.б. жабайы аңдардың суреттері, кітаптар, , Ақсу-Жабағылы қорығы туралы энциклопедия, М.Дулатовтың портреті.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, постер қорғау, сұрақ қою, топпен жұмыс, 5 жолды өлең , стратегияларды пайдалану, «алты телпек» әдісі,венн диаграммасы.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математика; өмірмен, қоршаған ортамен байланыс, халық педагогикасын пайдалану, көрнекілік қолдану.
Сабақтың барысы: (слайд 2)
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Амандасу.( тренинг) Кішіге де сіз Үлкенге де сіз Баршаңызға құрметпен Бас иеміз біз Өрмек кұру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ: Оқушылардың М.Дулатовтың "Қасқыр қысты қалай өткізеді?" атты әңгімесін оқитынымызды айтамын, портретімен таныстырамын. Тақтаға, дәптерге сол күнді, тақырыпты жазамыз. Енді балалардан қасқыр туралы не білетіндігін сұраймын. Қасқыр туралы өз серіктесімен ой бөлісуін, 2 минуттан кейін оқушылардың жауаптарын тізбектеп, тақтаға жазып шығамын.
Ой қозғау: Қасқыр туралы не білеміз? (слайд 3,4)
Ашық сабақ әдебиеттік оқу Қасқыр қысты қалай өткізеді? 2 сынып

Жыртқыш аң.

Жабайы аң.

Орманда, тауда, тоғайда.

Етті жақсы көреді.

Түсі қара көкшіл, сұр, ақ болады.

Оның жауы - бүркіт.

Сүтқоректі.

Аңқау болады т.б. ойларын тізбектеп жазамын.
Ойларын қорытып жазып болған соң мәтінді таныстырамын, авторы - Міржақып Дулатов. Мәнерлеп оқып беремін. Оқушылардан қарындаштарын алып отыруын сұранамын, ескертемін. Түртіп алу жүйесі бойынша +, ?, v, - белгісімен оқушылар жұмыс істейді. Түсінбеген сөздерін сұраймын. Бір-бірінен сұратамын, білмесе өзім түсіндіріп айтып, сөздік жұмысын жүргіземін.(слайд 8)
Ашық сабақ әдебиеттік оқу Қасқыр қысты қалай өткізеді? 2 сынып
Міржақып Дұлатұлы (1885-1935) - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Туған жері - Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі - Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Қасқыр туралы мәлімет. (слайд 9) Қасқыр 200 миллион иісті сезеді. Адам 5 млн-ге жуық иісті ажырата алатындығын айта кетелік. Қасқырлар тірі жануардың иісін 1,5 шақырымнан анық сезе алады. Қасқырдың бөлтірігінің көздері жаңа туған кезде көк түсті болады. Тек 8 айдан соң ғана көздері сарғыш тартады. Қасқыр күшіктерін 65 күнде туады. Бөлтіріктер соқыр, саңырау болып туылады. Ал салмағы небары жарты килограмм болады. Қасқырдың жағы өте күшті болады. Тістеген жерінің 1 шаршы сантиметріне шамамен 300 кг күш түседі. Салыстыру үшін айтсақ, иттерде бұл көрсеткіш 150 кг.

Қасиеттері Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Солардың бірі қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.

Сипаты Қасқыр - қайсар, аса сақ хайуан. Қайсарлығы - оның кез келген айқаста жеңіске жеткенше не жеңіліп, демі үзілгенше шайқасуынан көрінеді. Қасқыр - дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол - оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол-бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан.
Диалог: Әңгіме ұнады ма, не туралы т.б. өздеріне тізбектеп оқытамын. Сонан соң тақырыпты тереңірек ұғындыру үшін жеке жұмыс жүргізіледі. Сұрақтарға байланысты сюжеттік суреттер қоса таратылады. Әрбір негізгі сұраққа қосымша сұрақтар беріледі?
Ақсу-Жабағылы қорығы - Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан (слайд 10) Постер қорғау. (Слайд 11) Кітаппен жұмыс

Сегіту сәті: Қарылғаш

Жабайы аңдар мен үй жануарларының ұқсастығы мен айырмашылығын табу, топпен жұмыс. (слайд 12, 13)

«ВЕНН» диаграммасы (слайд 14)

Арыстан

Аю

Қасқыр

Қоян

түлкі

Жылқы

Түйе

Сиыр

Қой

Ешкі





Ортақ қасиеттері: Жануарлар, емдік қасиеттері, етін жейміз, терісі пайдалы
Рефлексия "Алты телпек" әдісі (слайд 15)
1. Ақ телпек ( әңгіме не туралы) 2. Қара телпек (жағымсыз жерлерін әңгімеле) 3. Сары телпек (сәтті жерлерін айтып бер) 4 . Жасыл телпек ( қасқырдың арі қарай не болуы мүмкін?) 5. Көк телпек (негізгі ой неде талдау жасау) 6 . Қызыл телпек (өзіңе ұнаған түстарын әңгімелеп бер )
Топпен жұмыс жүргізу. Әр топтан сұрақтарға жауап алынып, талданады, қосымша мұғалім толықтырып отырады. Қасқырдың төрт түлік малдың жауы екендігіне байланысты төрт түліктің пірлері сұралады. Қасқырдың зияны мен пайдасы айтылып толықтырылады. Ол ауыл шаруашылығына зиян келтіретіндігін, жұқпалы ауру тарататындығы айтылады. Ақсу Жабағылы т.б. қорықтар туралы кітаптар көрсету. "Аңдар паркінде" атты сюжетті таблицадағы суреттерді көрсету. Олардың тек орманда ғана емес, зоопаркте де болатындығын естеріне түсіру, атын атату. Дәптермен, тақтамен жұмыс. Негізгі ойды білдіретін, үш сұраққа жауап арқылы 5 қатарлы өлең жаздыру. Әр қатарға үш түрлі тапсырма беру.
VII. Өзіндік жұмыс. (слайд 16) Бес жолды өлең Не? __________________________ Қандай? _________________________ Не істеді? ____________________________ Синоним (ұқсас сөз) (1 қатарға) сөз, сөз тіркестерін жазу. Жалпы ойды қорытатын бір сөйлем жазу _______________________.
Мысалы: Қасқыр. Жыртқыш, жабайы, көкшіл аң. Жортып жүрді, тамақ іздеді, ауылға келді. Жыртқыш аң. Аш қасқырдың жағдайы нашар.
Үйге тапсырма: 1)Жабайы жануарлардың біріне сипаттама жаз 2) Мәтінді оқу 82 бет
Бағалау : Кесте толтыру.Көңіл - күйін бағалау жұлдызшамен бағалау.
Роддоктың зерттеушісіне үні анық айқын Карл Роджерстің өзіндік «Мені» қалыптасқан Абрам Маслаудың иерархиясының ең сатысына көтерілген өзін- өзі таныта білетін шәкірттерің көп болсын демекпін.


Назарларыңызға рахмет !

© 2010-2022