26. 10. 2015-31. 10. 2015 аралығындағы 1 сыныпқа сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 26.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ұұ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ұұ дыбысына қатысты сөздерді дұрыс оқу. Сөйлем туралы түсінігін кеңейту. Ұқыптылыққа баулу. Сөздік қорын молайту,ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ұұ дыбысына қатысты сөздерді дұрыс оқу. Сөйлем туралы түсінігін кеңейту. Ұқыптылыққа баулу. Сөздік қорын молайту,ойлау қабілетін дамыту.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а) Мәтінді пысықтау.

ә) Буыннан сөз құрап оқу.

б) Әр оқушыны жеке оқып байқау.

ІҮ. Жаңа сабақ

1. Сөздерді хормен оқыту.

2.«Ұшқыш болу арманым» тақырыбына түсінік беру.

Дауысты дыбыстар туралы мәлімет беру

А,о,ы,ұ- жуан дауысты.

У- жіңішке дауысты дыбыс.

Ү. Жаңа білімді тексеру.

Жуан дауысты дыбыстарды ата.

У дыбысы туралы не білесіңдер?

Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш

ҮІ. Білімді бекіту.

Жұмбақ шешу.

Сайрайды бір талмайды,

Әнші құс бал таңдайлы. (бұлбұл)

Жайнаған бақтың әншісі,

Тамсанған оған сан кісі. (бұлбұл)

Талдың басында ,

Жемі бар қасында

Там тұр саялы,

Достарға аялы. ( құс ұясы.)

Дәптермен жұмыс Ұ ұ әрпін жазу,ұшқыш ұлан, ұшақ.

Буын диктанты.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 27.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ң дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ң дыбысы және әрпі туралы түсінік беру. Ң дыбысы бар сөздерді дұрыс оқып жаттығу. Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. Алған білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз

ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ң дыбысы және әрпі туралы түсінік беру. Ң дыбысы бар сөздерді дұрыс оқып жаттығу. Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. Алған білімін дамыту.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

- Ұ қандай дыбыс?

- Сөздің қай жерінде жазылады?

Сөздік диктант: Ұ ұ нұр, ұл ұн, ұлу, ұлан, ұста.

ІҮ. Жаңа сабақ

1. Баған түрінде берілген сөздерді хормен оқу.

2. Аң сөзіне дыбыстық талдау жасау.Ң әріп таңбасымен таныстыру.

3. Ұшақ, ұста, құшақ, жұмыс, құлақ, жұмбақ сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

4. Сөйлем құрату.Сөйлемде неше сөз бар екенін айтқызу. Сұлтан ағаштан ұшақ жасады.


Сөйлем қалай жасалады?

Сөйлем соңына не қойылады?

Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш

Ү.Жаңа білімді бекіту,пысықтау.

Бағандағы сөзді жеке-жеке оқыту.

Аңдар туралы жұмбақ шешу.

Қаймықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. (піл)

Жер қопарған тісімен.

Сескенесің түсінен (қабан)

Дәптермен жұмыс ң әрпін жазу.

ҮІ .Сабақты қорытындылау:

Біз қандай әріпті үйрендік?

Ң қандай дыбыс?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 28.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтан алған білімін тереңдету. Ы, ж, ұ, ң дыбыстары бар сөздерді дұрыс оқып жаттығу. Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. Алған білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Өткен сабақтан алған білімін тереңдету. Ы, ж, ұ, ң дыбыстары бар сөздерді дұрыс оқып жаттығу. Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. Алған білімін дамыту.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

- ң, е, ұ, ж қандай дыбыс?

- Сөздің қай жерінде жазылады?

Сөздік диктант: аң, шаң, шаңғы, таң, тоң, ыс, қыс ,ау ұн ұқ.

Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш

ІҮ. Қайталау.

1. Әр дыбысқа қатысты сөз ойлау, сөйлем құрату

2. Ынта,жарық, ұшақ, аң сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

3. Кеспе әріптерден сөз құрату ыдыс , жаңа, ұста, қаңбақ.

4. Жұмбақ шешу:

Тамның үстіне тары жайдым.(жұлдыз)

Атасы қисық ағаш,

Анасы жайма төсек.

Баласы шырын шекер,

Бір сабақта құж-құж жентек. (жүзім)

5.Жаңылтпаш жаттату.

Шапшаң,шапшаң,

Бұрқырайды ақ шаң

Дәптермен жұмыс. Көшіріп жазу.

ҮІ.Сабақты қорытындылау:

Біз қандай әріпті үйрендік?

Ң қандай дыбыс?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 29.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Е дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Е дыбысы, әрпі мен таныстыру.Е дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету. Ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а) -Ң дыбысы қандай дыбыс?

-Қай текшеге жатқызамыз ?

-Сөздің қай жерінде жазылады?

ә) Тақтаға сөздер жазғызу.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

Е дыбысы, әрпі мен таныстыру.Е дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету. Ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

І Ү. Жаңа сабақ:

а) - Емен,ер сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасау. Е дауысты дыбыс екенін аңғарту.

б) -Әріп таңбасымен таныстыру.3 рет дыбыстау

Баспа түрі-Ее

Хормен оқыту.

Жазба түрі-Ее

Тақтамен жұмыс:

1. Емен,еден, ел, ер, жел, жер, бел, бес,немере, немере.

2. Сөйлем құрату. «Емен» мәтіні неше сөйлемнен құрылғанын аңғарту.

Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш

Ү. Білімді бекіту.

1. Е-мен, е-ден сөздеріндегі -мен,- ден буындарының тұйық буын екенін аңғарту.

2.Е-дыбысынан басталатын киім атауын ата

3.-Қарамында үш е дыбысы бар қай сөз? -Терезе,текемет,кереге. Көшіріп жазуға үйрену. Есен, Ерлан, Естай. Емен -мықты ағаш

ҮІ. Сабақты қортындылау:

Біз сендермен қандай әріп дыбыспен таныстық?

Е қандай дыбыс?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 29.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: К дыбысы, әрпі туралы білім деңгейін кеңейту. К дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету . Салауаттылыққа баулу . Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу.

Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

К дыбысы қандай дыбыс?

Сөздің қай жерінде жазылады?

Сөздік диктант жазғызу. кесе, шеге, кеме, сен, сен, ол, кеше.

ІІІ.Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

Е дыбысы, әрпі мен таныстыру.Е дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету. Ұжымдық еңбекке тәрбиелеу. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Сөздерді хормен оқыту.

ә) Мәтінді оқыту,мазмұнына түсінік беру.

Мәтін қанша сөйлемнен құралған?

б) Спортпен шұғылдану, шынығу адамға пайдалы екенін айту. Отыр, жатыр сөзіне түсінік беру.

Ү. Жаңа білімді тексеру.

-Мектеп жанында не бар еді?

-Онда нелер болды?

-Жақында не болды?

Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш

ҮІ. Білімді бекіту.

К дыбысына қатысты сөздер жазу: кел, кет,кек,кес,кесте

Бір, екі, ұш

Бойға жинап күш.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жаздайық

Дәптермен жұмыс: Е е әрпін жазып жатттығу. Кебеже, кептер, текемет, еңбек.

ҮІ.Сабақты қортындылау:

Біз бүгінгі сабақта не істедік?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 30.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: К дыбысы, әрпі мен таныстыру. К дыбысының дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. Ұқыптылыққа баулу. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

-Е дыбысы қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерінде жазылады?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

К дыбысы, әрпі мен таныстыру. К дыбысының дауыссыз дыбыс екенін аңғарту. Ұқыптылыққа баулу. Сөздік қорын, ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту.

І Ү. Жаңа сабаққа дайындық:

а) Кел ,балалар ойнайық , Ойнайық та ойлайық Қандай жұмбақ болса да , Шешпей оны қоймайық!

1. Көреді бәрін өзгенің, 2. Дегендей ешкім тимесін,

Көре алмайды өздерін. (Көз) Алыптып қадап инесін. (кірпі)

3. Қызықтап күнде сен Суретін көресің,

Оқисың одан сен, Әріптің төресін.

Ертегі, өлеңді. (Кітап)

ә) «Кітап» өлең оқып беру.

Жақсылықты жақтаймыз, Елімізде атақты Оқы, кітап

Әріптерді жаттаймыз. Ғалым ата не тапты, Оқы тыңда.

Кітаппенен дос болып, Бәрін-бәрін білесің, Шығарар ол,

Сенімдерді ақтаймыз. Оқи берсең кітапты. Биік шыңға.

Ү. Жаңа сабақ.

-Кітап оқу үшін нені жақсы білуіміз керек?

-Әріптерді .

-Қандай әріптерді оқи білеміз?

1. Суреттегі заттардың атын атаңдар.

2.Кітап, көйлек, көбелек, кие кереге сөздеріне

буындық дыбыстық талдау жасау.

3. К әрпін жеке дыбыстату.

4. К-нің дауыссыз екенін аңғарту.

Ойын: « Сөз ойла, тез ойла.»

Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш

Ү .Білімді бекіту.

Баған түрінде берілген сөздерді хормен оқыту, жеке оқыту . Сөйлем құрату. Дәптермен жұмыс:

ҮІ .Сабақты қорытындылау:

Біз сендермен қандай әріп дыбыспен таныстық?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 31.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: І дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру. Сөздерді тұтас оқуға машықтандыру. Ұқыптылыққа баулу. Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу.

Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а) -І дыбысы қандай дыбыс?

-Сөздің қай жерінде жазылады?

Сөздік диктант жазғызу. І і іші,ішік,ін, іс,ыс, тыс,тіс,іні,ірі, ыдыс.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

І дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру. Сөздерді тұтас оқуға машықтандыру. Ұқыптылыққа баулу. Ой-өрісін дамыту.

І Ү. Жаңа сабақ:

а) Кім? сұрағына жауап беруге үйрету. ( мамандығы бойынша)

ә) Мәтінді оқыту, мазмұнына түсінік беру. «Ін» Мәтін қанша сөйлемнен құралған?

б) Өлең жолдарын оқып беріп, сөз ішіндегі і әрпін тапқызу.

Іргебай інген іздеген,

Ілгері кетті ізбенен.

в) Іргебай, ілгері, інген сөздеріне дыбыстық талдау жасату.



Ү. Жаңа білімді тексеру.

1.-Аңдар қайда мекендейді?

-Борсық пен суыр не істейді?

-Қоректерін қайда сақтайды?

2. Ы,і дыбыстары бар сөздерді топтау.

Ыдыс ішік Тыс тіс

Ыс іс Ынта тіл

Ырыс ілгіш Айырмашылығы қандай?

Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш

ҮІ. Білімді бекіту. І дыбысына қатысты сөздер жазу. Суретші, етікші, мұғалім, кесіртке,кекілік, елік.

Ойын: «Қай әріпті жоғалттым» т...л, т...с, т...к, ...р..., к...с..., ...н... .

Дәптермен жұмыс: тіл, тіс, із, ін, і, І .

ҮІІ. Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Сауат ашу

Күні: 31.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: І дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: І дыбысы, әрпімен таныстыру. І дыбысының дауысты дыбыс екенін аңғарту. Таза, көркем жазуға үйрету. Білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты суреттер. әріптің жазу үлгісі.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Түгендеу, партаға дұрыс отыру.

Сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

К дыбысы қандай дыбыс?

Сөздің қай жерінде жазылады?

Кеше, кесте, береке, мереке сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

І дыбысы, әрпімен таныстыру. І дыбысының дауысты дыбыс екенін аңғарту. Таза, көркем жазуға үйрету. Білімін дамыту.

ІҮ. Жаңа сабақ.

а) Құрамында І дыбысы бар сөздің суреттерін көрсете отырып, ішік, ілгіш сөздерінен і дыбысын айырып алу.

ә) Бірнеше рет хормен айтқызу. І дыбысының жіңішке айтылатынына назар аударту.

б) І дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Баспа түрі-Іі Жазбаша түрі-І і

в) Мақал-мәтел айтқызу,мазмұнын талдау.

1Бірлік түбі-тірлік.

2Оқу білім бұлағы

Білім өмір шырағы.

3 .Ақыл тозбайтын тон.

Білім таусылмайтын кен.

ғ) Қандай ? сұрағына жауап болатын қарама-қарсы сөздер айту.

Ойын: « Сөз ойла, тез ойла.» Ауыр-жеңіл Аласа- биік Қара- ақ т. б.

Ү. Білімді тексеру:

І дыбысы қандай дыбыс?

Қай буындарда жазылады?

Сергіту сәті.

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ

Бір екі үш бір екі үш

Аяқты алға созайық

Тік көтеріп қозғайық

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір екі үш бір екі үш

ҮІ. Білімді бекіту.

Тақтамен жұмыс. Сөйлем жазып үйрену: Асан тісін тазалады. Іңкәр ілгішке киім ілді.

Дәптермен жұмыс: Із,ін іш, тірі, тіл, кіші, піл.

ҮІІ .Сабақты қорытындылау:

Біз сендермен қандай әріп дыбыспен таныстық?


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 27.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М Сабақтың тақырыбы.қайталау Оқушының білім деңгейін анықтау Сабақтың мақсаты: а)Санның құрамын білу, ретті тиянақты болуға үйрету ә) Ойлау қабілетін дамыту. Зейінін тиянақтау б) Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау. Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап Көрнекілік: дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып қажетті құрал жабдықтарын ажырату.

Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырманы пысықтау
ІІІ. Өтілген материалды пысықтау Сюжетті сурет бойынша есеп шығару.1. кезекшілік 4 ұл+1 қыз=5 бала 2. 2 бала+1 бала=3 бала 3. 2+1 4. 3-1 5. 3 ұл+3 ұл =6 бала доп ойнады көк қызыл
ІҮ. Мақсат қою. Оқушының математиканы қаншалықты меңгергеніні білу а)Санның құрамын білу, ретті тиянақты болуға үйрету ә) Ойлау қабілетін дамыту. Зейінін тиянақтау б) Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз
Ү. Бекіту 1 сан мен 0 үшбұрышты қосу *+*=5 сурет бойынша әңгімелеу есептеу 3) сурет бойынша қосынды , айырманы құрастыру 4) 0-ден 5-ке дейін тура кері санау. Сандардың ұйқастығын айту.Санамақ жаттау
ҮІ. Үйге тапсырма.







































Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 28.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Салыстыру.

Сабақтың мақсаты: Өрнектерді, өрнек пен сандарды салыстыруға үйрету.Ұқыптылыққа, тапқырлыққа баулу. Өткен сабақтан алған білім деңгейін кеңейте түсу.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І .Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз

ІІ .Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

- 7 цифрын жазу.

- 7 саны қандай сандардың қосындысы?

-7 саны қай сандардан артық?

7 саны қасиетті, киелі сан екенін айту

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Өрнектерді, өрнек пен сандарды салыстыруға үйрету.Ұқыптылыққа, тапқырлыққа баулу. Өткен сабақтан алған білім деңгейін кеңейте түсу.

ІҮ Жаңа сабақ:

Түсіндіру: 4+2>4+1 6-2*6-1

4+1<4+2 6-1>6-2

1. Салыстыру

=

>

26.10.2015-31.10.2015 аралығындағы 1 сыныпқа сабақ жоспары

2. 5<1+5 5+1>5 5>5-1 5-1<1

3. Салыстыру.

4+1*4 4-1*5 3-2*1 4*4+2 5*4-2 1*3-2

4.Тақтамен жұмыс. Жазуларды толықтыру.

<

7

7

>

7

=

3

см

>

см

2

см

=

см

см

<

4

см

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз

Ү. Білімді тексеру.

4<3+2 5-3=2 7-1=6 6< 7… ...>5

3+2>4 2=5-3 6=7-1 3= ... 7>...

Дәптермен жұмыс:

3+1*3+2 3-1*3-2 3+2*3+1 3-1*3-1 3+0*3-0 3-0*3+0

Ойын «Ойлан тап» 5+...*5 6-...*6 7*7-...

ҮІ. Сабақты қортындылау: Біз нені үйрендік?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 29.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 8 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты: 8 саны , оның қатарындағы орны туралы түсінік беру.

8 цифрын дұрыс жазуға қалыптастыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ -жауап, түсіндіру,

Көрнекілігі: сандар қатары, дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымлдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген тапсырманы пысықтап сұрап талдату.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру

ІҮ. Білімді тексеру.5+1*5 6+1*6 7*7-1

Ү. Мақсат қою.

8 санын шығарып көрсету.

8 саны , оның қатарындағы орны туралы түсінік беру.

8 цифрын дұрыс жазуға қалыптастыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз

ҮІ. Жаңа сабақ

0 1 2 3 4 5 6 7 8 №1 7+1=8 8-1=7

№2 ____________ 8 см

________________ 8 см 7см

№ 3 8 санын жазу 8 7 , 7 8 , 8см

ҮІІ. Білімдерін тексеруДәптермен жұмыс.Өрнектердің мәнін табу, салыстыру.

8 саны қандай сандардың қосындысы?

8=7+1 8=6+2 8=+5+3 8=4+4

2.Қосу және азайтуға мысал құрастыру.

7+1=8 8-7=1 8-1=7

6+2=8 8-6=2 8-2=6

5+2=8 8-5=3 8-3=5

4+4=8 8-4=4

3. Кесіндінің ұзындығын салыстыру.

8 см >7см 7см <8см

4. Танымын дамытуға жаттығулар орындату.

0<8 8 cм > 6 см 5<8 3cм>8 cм

8=8 8см=8см 8>7 8cм>5cм

ҮІІІ. Үйге тапсырма.




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Математика

Күні: 30.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты: 9 саны және цифрымен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу. Есептеу дағдысын қалыптастыру.Алған білімін дамыту

Сабақтың көрнекілігі: Натурал сандар қатары.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз

Бестік болсын бағамыз

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз

ІІ. Өткен сабақты пысықтау:

1. 8 санының құрамын анықтау 2. Сандар қатарында 8 саны қай саннан кейін келеді?

3. 8 саны қандай сандардан артық?

8>7 8>5 8>3 8>1 8>6 8>4 8>2 8>0

4. 8 саны қандай сандардан кем?

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

9 саны және цифрымен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу. Есептеу дағдысын қалыптастыру.Алған білімін дамыту. 9 санының құрамымен таныстыру.Сандарды салыстыру. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа баулу. 9 санының құрамын жіктеп айта білу,түсіну. 1-9 көлеміндегі сандарды қосу азайту.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1 Санын шығарып алу үшін не істейміз?

8+1=9 9-8=1 9-1=8

2. Сандар қатарында қай саннан кейін келеді?

3. Атаулы сандарды салыстыру.




9см > 8cм 9cм>7cм 9см>6 cм 9см>5см 9см>4cм 9см>3см

9см>2cм 9см>1см

4. 9 санының сифрымен теныстыру.

5. Дәптермен жұмыс: 9 9 99 99 99

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз

Ү. Жаңа білімді бекіту.

9 қандай сандардан артық?

9 қандай сандардан кем?

1) Қандай сандардың қосындысы 9-ға тең?

9 9 9 9

8 1 7 2 6 3 5 4

2) Теңдіктер құру. 8+1=9 9-6=3 9-1=8

7+2=9 9-7=2 9-2=7

6+3=9 9-6=3 9-3=5

5+4=9 9-5=4 9-4=5

  1. Кесінділерді өлшеу.


9см


8см

  1. Өрнектерді салыстыру.

9-1*8-4 6+3*2+4 5+3*9-7 9-5*4+3 1+8*5+

«Ойлан тап» ойыны.

ҮІІ. Сабақты қортындылау Біз бүгінгі сабақта не істедік?



Тербеледі ағаштар, Алдымен жел еседі. Кіп-кішкентай балалар, Үп-үлкен боп өседі. Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды, Ойлы-қырлы жерлерден, Ытқып-ытқып жүгірді.
Ал, балалар тұрайық Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп Солға қарай иіліп. Бір отырып, бір тұрып Бір тұнығып алайық.
Орнымыздан тұрайық, Белімізді жазайық. Жоғары-төмен қарайық, Солға-солға түзу түр. Оңға-оңға түзу түр, Алға қарайбір адым, Артқа қарай бір адым Бойымызға күш жинап, Бір дем алайық. Ал, қанеки ойнайық, Ойнайық та, ойлайық. Байлап қойып көзіңді, Қоршап тұрмыз айнала. Атыңды атап шақырған, арамызда қай бала?




Жел соғады гу-гу Жаңбыр жауады тырыс-тырыс. Жаңбыр басталады. Күн ашылады. Биік болып өсеміз, Елкадай жайқалып, Табиғатты сүйеміз. Шетімізден шеберміз, Денемізді бос ұстап, Билеп-билеп аламыз. Ормандағы аюдың, Құлпынайы көп екен, Теріп-теріп алайық. Қалтамызға салайық.
Ұсталардай тарсылдатып Шегені де қағамыз Әшекейлеп, әдемілеп Жазуды да жазамыз
Қатты нөсер басылды Күн жарқырап ашылады Неше түрлі әдемі Кемпірқосақ жасалды
Жаздық, жаздық бәрәміз Талып қалды қолымыз Аздап қане дем алайық Содан барып жазайық
Орнымыздан тұрайық 1,2 деп бастайық, топ-топ басайық Сәл дем алып болған соң Орнымызға барайық.
Ормандағы аюдың Құлпынайы көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық.
Жан-жағына қарады Қабағын бір түйді де Шашын жөндеп тарады. Сағаттың тіліндей оңға бір
Сағаттың тіліндей солға бір оң аяқ, сол аяқ жаттығу оңай-ақ. Оңға түзу тұр Солға түзу тұр Алға қарай бір адым Артқа қарай бір адым Жоғары төмен қарайық Орнымызды табайық. Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып Біз бір дем алайық. Түсірейік төменге Міне былай, қарайық Құстай қанат қағайық.


Түлкі болып қашамыз Қырғауылдай тапқыр боп Орнымызға қонамыз.
Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Бесті беске қосайық Қатт-қатты соғайық.
Қане қанат қағайық Қарлығаш болып ұшайық Ұшып-ұшып алайық.
1,2,3 жинап алып күш Қолға қалам алайық Әсем етіп жазайық.
Аппақ болып таң атты Түтін тікке ұшады Қарлығаштар қанатын Биік самғап ұшады.
1,2,3 ал қанекей ұш 4,5,6,7 мынау ауыл шеті 8,9,10 ал қане қон.
Жел соғады бетімізге Жайқалады ағаштар Тыныш-тыныш жайқалады Биік-биік ағаштар.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Дүниетану

Күні: 30.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көз туралы түсінік беру. Танымдылық қабілетін дамыту. Көз күтіге, оны басқа қауіпті заттардан сақтауға үйрету.Салауаттылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І .Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Тербеледі ағаштар

Алдымыздан жел соқты

Кіп-кішкентай ағашқа

Су құйғанда өседі

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

«Адам дегеніміз мен және басқалар.» туралы пысықтау.-Адам туралы не білеміз?-Ғарышкер жайында не білесің?-Дихан, шопан еңбегі жайында әңгімеле

Жүргізуші не істейді?

26.10.2015-31.10.2015 аралығындағы 1 сыныпқа сабақ жоспары

26.10.2015-31.10.2015 аралығындағы 1 сыныпқа сабақ жоспары

26.10.2015-31.10.2015 аралығындағы 1 сыныпқа сабақ жоспары

26.10.2015-31.10.2015 аралығындағы 1 сыныпқа сабақ жоспары26.10.2015-31.10.2015 аралығындағы 1 сыныпқа сабақ жоспары

26.10.2015-31.10.2015 аралығындағы 1 сыныпқа сабақ жоспары

ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Оқушыларға көз туралы түсінік беру. Танымдылық қабілетін дамыту. Көз күтіге, оны басқа қауіпті заттардан сақтауға үйрету.Салауаттылыққа баулу.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.

1) Іштей оқыту.

2) Тізбектей оқыту.

3) Әңгімелету.

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып

Бір тұнығып алайық.

Ү. Жаңа білімді бекіту.

-Сезім мүшелерін ата.-Көру арқылы нені ажыратамыз?

Есіңде болсын!

Көзіңді қолыңмен уқалама.

Үшкір заттан сақтан.

ҮІІ Сабақты қорытындылау «Көз» түсініп оқуға.

ҮІІІ Үйге тапсырма:

Адамның сезім мүшелері жайында не білдік?

Көздің қызыметі туралы не білеміз?




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Бейнелеу өнері

Күні: 29.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі тақырыптарға компазициялар салу. Натюрморт. Пейзаж.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Пән бойынша білім-білік, дағдыларын, сонымен

қатар қабілетін қалыптастыру.

ә) Дамытушылық: Сурет салу іскерлігін арттыру.

б) Тәрбиелілік: Оқушылардың талғампаздығын,

қарым-қатынасын, сүйіспеншілігін арттыру.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: 5-сынып оқулығы, түрлі түсті қарындаштар, акварель бояуы, қылқалам, қара қалам, ақ қағаз, өшіргіш және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Тапсырмаларды орындау.

5. Сабақты бекіту.

6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Суретте қозғалмайтын әр түрлі заттар бейнеленуі мүмкін. Суретшілер ыдыстарды, гүлдер мен жемістерді, көкөністерді, маталарды бейнелегенді ұнатады. Бейнелеу өнерінің бұл жанры НАТЮРМОРТ деп аталады.

Суретші шығармаларын оқушыларға көрсете отырып, оған талдау жасаймын. Мысалы, заттар мен бұйымдарды бейнелеуге шебер суретші А. Ғалымбаеваның «Натюрморт» шығармасын алайық.

Суретшінің бұл еңбегінде қазақтың әсем ою-өрнектері, дастарқан бетіндегі алма, алмұрттардың ашық, жылы түс реңктері, орынды композиция арқылы жарасымды орындалғаны көрермен көңілінен шығады.

Шығарманы талдай келіп, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың сезу, көру, бақылау, қабылдау сияқты түсінігін бекітемін.

- Балалар, сендер суретші шығармасынан қандай нәрселерді көріп тұрсыңдар?

- Суретші шығармасындағы бояу түстері бір-біріне жақын ба?

Суретші ою-өрнектерді не үшін бейнелеген?

«Натюрморт» терминіне түсінік беремін. «Натюрморт» француз сөзінен алынған. Қазақша «өлі табиғат» немесе «тыныш, қозғалмайтын зат» деген мағына береді. Натюрморт «өлі табиғат» немесе «өлі зат» аталғанымен, сонда бейнеленген заттар арқылы табиғи өмірді, заман келбетін, тіпті бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, тарихын танып білуге көмектеседі. «Натюрморт» халықаралық термин болғандықтан, біз де «натюрморт» деп пайдаланамыз.

Енді натюрморт құрауға болады. Мысалы, гүл мен құмыра, оқушының оқу құралдары т. б. Натюрмортты бір немесе бірнеше заттар арқылы құрауға болады.

Натюрмортты кезең бойынша саламыз. Тақтаға сызып, оқушыларға натюрморт салудың кезеңдерін көрсетемін.

Бұл жұмыстар алғашқыда қарындашпен орындалып, біткеннен соң бояу түстерімен реңктерді беріп, бояуды бастаймын.

Содан соң графика жайлы түсіндіремін.

26.10.2015-31.10.2015 аралығындағы 1 сыныпқа сабақ жоспары 26.10.2015-31.10.2015 аралығындағы 1 сыныпқа сабақ жоспары

Үйге тапсырма беру: Натюрморт тақырыбына сурет салу. Мысалы, екі-үш алма тобына қарап сурет салу.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 30.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы : Құрастыру реті мен жұмыс жоспары. Кішкентай құсты мүсіндеу.

Сабақтың мақсаты: Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс -тәсілінмен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу. Шеберлік өнерін дамыту.

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әд. т: Түсін. көрнекілік, демонстрациялық

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.

Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс -тәсілінмен таныстыру. Ұқыптылыққа баулу. Шеберлік өнерін дамыту.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Бұғының бұзауы мен қошақанды мүсіндеу.Мұндай ойыншықтарды ермексаздан немесе саздан мүсіндеуге болады.

1-суреттегі ойыншықты дымковтық ойыншық деп атайды.

1) Бұғы бұзауы мен қошақанды мүсіндеу.

2) Дайын болған ойыншықты бор ертіндісімен тегістеп сылаңдар.

3) Оған сүт араластырыңдар.

4) Ақ бояу мен ПВА желімін қосып ойыншықты бояуға болады.

5) Ойыншыққа лак жағыңдар.

ІҮ. Жаңа білімді бекіту:

-Бұғы бұзауының мүйізі қандай?

-Қашақанның ше?

-Бұғы бұзауының әшекейіне назар аудар?

Ү.Сабақты қорытындылау:

Біз бүгінгі сабақта не жасап үйрендік?

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Еңбекке баулу

Күні: 31.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақ тақырыптары: Құрастыру реті мен жұмыс жоспары. Бауырсақ мүсіндеу.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға «Бауырсақ » ертегісін оқып беру. Ермексаздан «Бауырсақ» ертегісінде кейіпкерді мүсіндеу арқылы оқушылардың қиялын дамыту. Ермексазбен жұмыс істеу барысында үнемділікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас

Сабақ әд. т: Түсін. көрнекілік, демонстрациялық

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасы: Зымыранды құрастыруды аяқтау.

1. Ғарышқа ұшқан әлемдегі тұңғыш ғарышкер туралы айту.

2. Қазақстан ғарышкерлері туралы не біліп келдіңдер?

ІІІ. Жаңа материалдармен таныстыру:- Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерін мүсіндеу деп аталады.

Оқушыларға «Бауырсақ » ертегісін оқып беру. Ермексаздан «Бауырсақ» ертегісінде кейіпкерді мүсіндеу арқылы оқушылардың қиялын дамыту. Ермексазбен жұмыс істеу барысында үнемділікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

IV. Жаңа сабақ:

Мұғалім бауырсақ ертегісін оқушыларға оқып береді.

- Оқушылар түсінгендерін, мазмұнын айтады.

V. Практикалық бөлім:

Ермексаздан Бауырсақты мүсіндеу

1. мүсіндеу жолдарын көрсету.

2. 50 беттегі сызба бойынша жұмыс.

3. Бауырсақты өз бетіңмен безендір.

VI. Қорытынды бөлім:

Ертегіні рөлдерге бөліп ойнау.

VII. Үйге тапсырма беру:

«Бауырсақ » ертегісінің басқа да кейіпкерлерін мүсіндеп келу.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Өзін-өзі тану

Күні: 31.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру Дамытушылық мақсаты: сыйластық қарым қатынас дағдыларын дамыту Тәрбиелік мақсаты: ізетілікке, сыпайлылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері Адамдарға кешіріммен қарайтын, Жан жылуы жылылық боп тарайтын, Кішіпейіл бала болғым келеді, Айналасын нұрлы күнге балайтын. · Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер? · Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде қандай күйде боласыңдар? · Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма? Әдептілік Тұрсын мектептен көңiлсiз қайтты. Үн-түнсiз отырып, тамағын iштi. Бiр кезде: - Апа, әлгi бiздiң көшенi сыпыратын атай ауруханаға түсiп қалыпты, - дедi. - Ә, бұл бейнет дегенiң де тiлсiз жау екен ғой. Құрал-жабдықтарын қоятын сарайының төбесiн жөндеймiн деп жүрiп, мертiгiптi. Өткен сенбiде екi-үш оқушы сарай төбесiнiң қара қағазын жыртып, iшiне түсiптi. Сарайдан сыпырғылар алса керек. Тентектер, өйтiп бүлдiргенше, сұрап алсашы. Сөйтiп жүрiп апасы жұмысына жиналды. - Апа, ұрыспайсыз ба? - дедi Тұрсын қипақтап. - Не үшiн? Екiлiк алғаннан саумысың? - Жоқ екiлiк емес. Одан да жаман ... мен де солардың ішінде болып едім... Айтайын дегенiм, аула сыпыратын атайға барсам деймiн. Халiн бiлiп, кешiрiм сұрайын. - Қап, әттеген-ай, балам. Ағаттық жасаған екенсіңдер. Сендердiң кешiрiм сұрағандарың дұрыс, атайдың жан жарасына себi тиер. Апасы жұмысына кеттi. Тұрсын аула сыпыратын қартқа барды. - Бiр қателiк кеткен шығар. Ештеңе етпес, бәрiнен де қателiктерiңдi түсiне бiлгендерiң жақсы. «Көл бақасыз болмас, адам қатесiз болмас» деген, - дедi қарт. · Балалар өз қателіктерін қалай түсінді? · Атай балалардың қылығын кешірді ме? · Өздерің атайдың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
ҮІ. Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Қызықты грамматика

Күні: 27.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М Сабақтың тақырыбы: Буын Сабақтың мақсаты:Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы түсінік беру. Біздің класс тақырыбына мәтін құрастыру. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий. Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі Буын дегеніміз не? Буынның қандай түрлері болады? Буындағы әрбір ой қандай жолдан бастап жазылады?
IV. Мақсат қою кезеңі Біз білімді қайдан аламыз? Суретпен жұмыс Біздің класс тақырыбына әңгіме Олай болса бүгінгі сабағымызда өзіміздің класс туралыәңгімелейміз
V. Жаңа тақырып Мен екінші класта оқимын. Біздің класс өте әдемі, жарық, таза. Класс оқушылары білімді де өнерлі. Класта жиырма бес оқушы бар. Олардың он төрті қыз бала, он бірі ер бала. Біздер тоғызқұмалақ, би үйірмелеріне қатысамыз. Мектептегі, сыныптағы қоғамдық шараларға белсене қатысамыз.
Өз бетімен жұмыс Мәтіндегі сөйледегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы табу
VI. Жаңа материалды пысықтау
VII. Бекіту кезеңі

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 26.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы тізбек

Сабақтың мақсаты: Зейінді жаттықтыруға тапсырмалар орындау, көргенін есте сақтау арқылы орындауға үйрету. Логикалық ойлау,танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: санау материалдары

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа даярлау

ІІ. Білімді жан-жақты тексеру

« Сәйкестікті тап» ойынын ойнату арқылы білімдерін тексеру

Зейінді жаттықтыруға тапсырмалар орындау, көргенін есте сақтау арқылы орындауға үйрету. Логикалық ойлау,танымдық қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау

Ми гимнастикасы.

Ширату

Қойдың иесі-........................Шопан ата

Ешкінің иесі-::::::::::::::::: Сексек ата

Жылқының иесі-....................Қамбар ата

Сиырдың иесі-........................Зеңгі баба

Түйенің иесі-............................Ойсыл қара

Ү. Жаңа білімді меңгерту

№ 1 Сөздерді мұқият тыңдау, ұ дыбысы бар сөздерді жазу.

Қаз, ұшақ түс, ұя, мысық, тау, алмұрт, балық, құлын, тымақ.

№2 Үстелдің үстінде қалам, қарындаш, сызғыш, кітап, дәптер, бор, газет, журнал жатыр. Сапар осы заттардың ішінен бір затты басқа затпен алмастырды. Сонда үстелдің үстінде журнал, сызғыш, кітап, күнделік, газет, дәптер, қалам,қарындаш жатты. Сапар қандай затты немен алмастырды?

Жауабы: Борды күнделікпен алмастырды.

Көңілді үзіліс.

Әжем жиі сауады,

Боз биені баяғы.

Сүті неткен көп еді,

Суалмай-ақ келеді.

№3 Кестеде 1 ден 20 ға дейінгі сандар жазылуы тиіс. Сан жиырма ал торкөз 16. Кестеде жазылмай қалған санды тап.

Жауабы: 5,7,18,20. 6,14,17,19 6,11,15,16

№4 суреттен 1,2,3,4 пішінднрді тауып, орналасуын түсіндіру.

А у қ т н ы р л д

Жауабы дуал- 9218

Анар - 1 5 1 6

Дана- 91 5 1

Көзге арналған жаттығулар.

Графикалық диктант

Бастапқы нүктеден1 тор қиялап солға жоғары, 2тор жоғары, 1 тор солға, 1 тор төмен, 1 тор қиялап солға жоғары, 3 тор қиялап солға төмен, 6тор оңға, 4тор төмен, 6 тор солға, 4тор жоғары. Үй

ҮІІ. Білімді бекіту



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: Логика әлемі

Күні: 31.10.2015

Сыныбы: 1 «ә» сынып

Мұғалім: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Қатесін тап

Сабақтың мақсаты: Есту арқылы жадында сақтай білуге үйрету.сайқымазақ бейнелеп тұрған сөздерді табу.ой-өрісін, есте сақтау қабілетін арттыру. Шыдамдылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: санау материалдары

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын, көрнекілік

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа даярлау

ІІ. Білімді жан-жақты тексеру

Есту арқылы жадында сақтай білуге үйрету.сайқымазақ бейнелеп тұрған сөздерді табу.ой-өрісін, есте сақтау қабілетін арттыру. Шыдамдылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

ІҮ. Білімді қабылдауға дайындау

Ми гимнастикасы.

Ширату

  1. Үстел үстіндегі балықтардың үйі. (Аквариум)

  2. Онсыз тамақтың дәмі жоқ. (Тұз)

  3. Аяқ киімнен жолда қалған таңба.(Із)

  4. Қыс мезгілінің үшінші айы. (Ақпан)

  5. Пияз аршысың көзіңнен не ағады? (Жас ағады)

  6. Құстың үйі. (Ұя)

Ү. Жаңа білімді меңгерту

№ 1 тапсырма арқылы түсіндірме жүргізу.

Сөздерді мұқият оқыңдар. Олардың заңдылығын анықтап, сәйкес сөздерді жазыңдар.

Үлгі: көпір-өзен уақыт-(сағат)

Аю- (апан) теңіз-(кеме)

Тақтай-(орындық) терезе-(әйнек)

Дәптер-(қалам) қар-(қыс)

№2 Сөздерді оқыңдар. Осы сөздерді оңнан солға қарай (кері) оқы. Қандай сөз пайда болды? Жаз

Қал-лақ қос-соқ

Қас-сақ қабақ-қабақ

Рат-тер салат-талас

Бой сергіту

Ал, балалар,тұрайық

Алақанды ұрайық.

Оңға-оңға түзу тұр,

Солға-солға түзу тұр.

Жо,ары -төмен қарайық

Бойымызға күш жинап,

Бір тынығып алайық.

№3 Сайқымазақ бейнелеп тұрған әріптерді айт. Әр әріпке екі сөзден мысал келтіріп жаз.

Жауабы: Г-гүл,ертегі. Ф-фабрика,телефон. К-көрші,мемлекет.Х-хан, емхана. Я-қоян, ұялшақ. Р-рақымды,мейірімді. А- арғымақ,малақай. Т-тұлпар, шегіртке.

№4 Мұғалімді мұқият тыңдай отырып, тапсырманы орындаңдар.

Мұғалім әр тапсырманы бір рет оқиды. Оқушылар мұғалімнің айтқаны бойынша тапсырманы орындау тиіс. Балалар тарсырманы орындаған кезде көк, қызыл, сары, жасыл қарындаштар пайдаланады.

1. Шаршы мен үшбұрыштың ішіне көк қарындашпен нүкте қойыңдар.

2. Шаршының ішіне және үшбұрыштың сыртына жасыл қарындашпен нүкте қойыңдар.

3. Шаршының сыртына және үшбұрыштың ішіне сары қарындашпен нүкте қойыңдар.

4. Шаршы мен үшбұрыштың сыртына қызыл қарындашпен нүкте қойыңдар.

Көзге арналған жаттығулар.

ҮІ. Білімді меңгергендерін тексеру

Графикалық диктант

Бастапқы нүктеден1 тор қиялап солға төмен, 1 тор қиялап солға жоғары, 1 тор жоғары, 1 тор қиялап оңға төмен, 1 тор қиялап оңға жоғары, 4 тор төмен, 1 тор қиялап оңға жоғары, 2 тор жоғары, 1 тор оңға, 2 тор төмен,1 тор қиялап оңға төмен,5 тор жоғары, 1 тор қиялап оңға жоғары,2 тор төмен, 1 тор қиялап солға төмен, 1 тор қиялап солға жоғары, 1 тор солға, 1 тор қиялап төмен.

ҮІІ. Білімді бекіту

Логикалық тапсырмаларды орындату Оқушыларды мадақтау

© 2010-2022