Научное работа: Жылуын жүрегінің аямаған, Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

М.Әуезов атындағы № 251 орта мектеп


ТАҚЫРЫБЫ:

Научное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!


Секция: Мектебімнің мақтанышы - мұғалім(мұғалімдер әулеті)

Орындаушы: Оқушы

Сынып: 3 «Б»

Аты-жөні: Әбдікәрім Сақтапберген

Жетекші: Тойшыбаева Қызғалдақ

Бәйгеқұм



М А З М Ұ Н Ы

І Кіріспе

1. Мұғалім - мектептің жүрегі................................................................1 - бет

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Ізденіс шыңы - шеберлік.................................................................2-3 бет

2.2. Шәкіртсіз ұстаз тұл...........................................................................4 - бет

ІІІ Қорытынды

Адам ұрпағымен мың жасайды..............................................................5 - бет

Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................6 - бет



КІРІСПЕ

Мұғалім - мектептің жүрегі Мұғалім жас бала үшін теңдесі жоқ тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты К.Д.Ушинский 2005 жылдың 1 қыркүйегі. Қара шалбар мен ақ көйлек киіп, алтын ұя мектебіме барғаным әлі есімде. Сол күні өзімді ең бақытты жанға теңедім. Сыңғырлаған алғашқы қоңырау үні естілді. Сол сәтте мінбеге шығып, сөз сөйлеген, жүзінен мейірім шуағы төгілген ұстазды көрдім. Ол кісінің осы мектептің басшысы екенін білдім. Осы кезден бастап, ұстаз болуды арман етіп, Сафархан ағайға ұқсағым келді. Ағайдың өмір жолы, сәби кезі қандай болды деген ой мені жетелеп, зерттегім келді, өмірлік мол тәжірибесін ұрпақ тәрбиесіне арнап сергек өмір кешіп, елеулі еңбек етіп жүрген қадірменді жан жайлы деректер жинақтап, оны өзім қатарлы балаларға насихаттауды жөн көрдім. Сондықтан, ұстазымның өмір жолын аға-апаларымның, құрдастарым-ның, іні-қарындастарымның жадында жүрсін, сол кісіден өнеге алсын деген ниетпен зерттеп жүрмін. Менің алға қойған мақсатым - ұстаздың жүріп өткен жолына жіті қарап, 42 жыл ұстаздық қызмет атқарған, 15 жыл мектеп басшылығымен айналысқан шығармашыл ұстаздың өнегелі өмірін, еңбектерін кейінгі ұрпаққа паш ету, игі жұмыстарын жарқырата көрсету. «Мектеп - кеме , білім теңіз» деп тектен-текке айтпаған-ау, сірә? Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе? ! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі - ұлы еңбек.

1

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Ізденіс шыңы - шеберлік Оқушылар қиын көретін физика пәнінің қыр-сырын терең меңгерген Сафархан ағай білімінің арқасында оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын оятып, терең меңгеруіне зор еңбек сіңірді. Сафархан Мұратұлы 1944 жылдың 7 наурызында дүниеге келген. 1962 жылы киелі білім ордасы № 50 Абай атындағы орта мектепті бітіріп, Қызылорда педагогикалық институтында физика-математика мамандығы бойынша білім алды. Институтты бітірген соң, Бәйгеқұм ауылындағы № 251 орта мектепке жолдама алып, еңбек жолын мұғалімдіктен бастағанын айтты. Сол жылдарда мектептерді кабинеттік жүйеге көшіру күн тәртібіндегі мәселе екен. Сафархан ағай алғашқылардың бірі болып, физика кабинетін жабдықтап, кабинеттер арасындағы аудандық байқауда жүлделі І орынды иемденіпті. 1972 жылы тест әдісімен бала білімін байқау үшін СМ-71 аппаратын ойлап тауып, сабаққа пайдаланған, соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, жақсы жетістіктерге жеткен. Жаратылыстану пәндерін тереңдете оқыту мақсатында аудан бойынша ашылған үш мектептің біреуі біздің мектеп болғанын ағай ерекше толғаныспен еске алады. Он жылдан аса оқушыларға физика пәнін тереңдетілген бағдарламамен жүргізіп олардың жан-жақты білім алуына үлесін қосты. Осы еңбегінің арқасында 1971,1974,1975 жылдары облыстық білім департаментінің, 1974,1975 жылдары аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Ұстаз еңбегімен құрметті. 1976 жылы ағайдың еңбегі еленіп, Қазақ ССР Оқу Министрлігінің Құрмет грамотасымен мадақталса, 1982 жылы «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталды. Педагогикалық оқуларға үзбей қатысып ,

2 1984 жылы Семей қаласындағы Республикалық ғылыми практикалық конференцияда баяндама жасап, жоғары бағаға ие болып, жинаққа енген. Мұғалімдер арасында өткізілетін дәстүрлі аттестация қорытындысы бойынша аудандық, облыстық, республикалық дәрежедегі марапаттарға ие болды. 1990 жылғы аттестацияның қорытындысы бойынша «Аға мұғалім» атанды. «Ұстаз, басқарушы... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деп Әл-Фараби атамыз айтып кеткендей, 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап ұжымның ұсынуымен, ұстаздық жолындағы ерекше еңбектері бағаланып, М.Әуезов атындағы орта мектептің директоры қызметіне тағайындалды. 1999 жылы Бәйгеқұм ауылындағы үш қабатты мектеп ғимаратын қалпына келтіріп, пайдалануға берудегі сіңірген еңбегі үшін, жаңа мектептің ашылу салтанатында облыс әкімінің алғыс хатымен мадақталған. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.














3

2.2. Шәкіртсіз ұстаз тұл


«Дарақ бір жерден көгереді» деп халық даналығы айтқандай Сафархан ағай өз ауылында бір мектепте жұмыс атқарғанына 42 жыл болыпты. Өзінің оқытқан шәкірттері мен мектептің оқушылары аудандық, облыстық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. 2003-2004 оқу жылында аудандық пән олимпиадасында физика пәнінен 8 «В» сынып оқушысы Момынов Мақсат жүлделі ІІІ орын алса, 2004-2005 оқу жылында 9 «В» сынып оқушысы Зейтенов Ғалымжан физика пәнінен ІІ орынды иеленген. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 98 балл жинаған Жанаева Әйгерім мектепті үздік аттестатпен бітіріп, Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің «География және туризм» факультетіне оқуға түскен, президент степендианты. Зерттеу жүргізуімнің арқасында сан мыңдаған шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде абыройлы қызметтерін атқарып жүргенін білдім. Мысалы: Әбжапбарова Бибіхадиша - Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институтының деканы, доцент. Исахаев Досмат - Шиелі ішкі істер бөлімінің бастығы, подполковник. Мырзаев Қанат - Қызылорда облысының қазынашылық департаменті-нің бастығының орынбасары. Кемелов Шанақбай - Қазақстан Республикасы кедендік бақылау комитеті, кеден қызметінің полковнигі. Абжапбаров Сұлтан - Бәйгеқұм ауылының әкімі. Батырбеков Нұрлан - М.Әуезов атындағы № 251 қазақ орта мектеп директоры. 2006-2007 оқу жылында бітірген түлектердің 9-ы білім грантының иегері атанып, жоғарғы оқу орындарында білімдерін жалғастыруда.

4

Қорытынды

Адам ұрпағымен мың жасайды Ұлағатты ұстаз, шебер ұйымдастырушы өзінің 42 жылдық еңбек жолында бір мектепте, ұстаздық етуден жалықпай көпшіліктің ықыласына бөленіп, зейнеткерлікке шықты. «Адам ұрпағымен мың жасайды» - демекші үлгілі жанұя басшысы Сафархан ағай отбасында жеті-ұл қыз тәрбиелеп отырған әке, немере сүйген ата екенін білдім. Ұстаздың жұбайы Қарашаш апай өмірлік мол тәжірибесін ұрпақ тәрбиесіне арнап, елеулі еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаз, аяулы ана, сүйікті жар. Қыздары Назерке мен Қаламқас Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік институтының ағылшын және қазақ тілі мамандығы бойынша қызыл дипломмен аяқтап, осы мектепте ағылшын пәнінің мұғалімдері болып жұмыс атқаруда. Өз мамандығын сүйетін Мұратова Қаламқас іздену мен үйретуден әсте жалыққан емес. Ағылшын пәнінің тереңіне бойлау, ол саладағы озық технологияны меңгерту, өз білгенін шәкірттерге мейлінше түсінікті етіп жеткізу жолындағы ізденіске толы еңбегі жеміссізде емес.Аудандық жас мамандар мектебінің мүшесі. Ұлы Ардақ тарих пәнінің мұғалімі бола тұра Қызылорда гуманитарлық университетінің заңгер мамандығын тәмамдаған. Күйеу баласы Дүйсенов Ержан осы мектепте директордың бағдарлы істер жөніндегі орынбасары қызметін атқарып жүрсе, келіні Парманқұлова Гүлсім биология пәнінен дәріс беруде. Өз сөзімді көрнекті жазушы С.Мұқановтың мына бір жыр шумақтарымен аяқтағым келеді. Мұғалім - бұл адамның ардақты аты, Білімдік бар биікке шығар саты. Ең алғаш басталады осы адамнан, Сүйеді сондықтан да жақын, жаты... Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді, Сыйлайды, мәңгі бақи беріп төрін.

5

Менің ұсынысым


  • Ұстаздың ұлағатты істерін келер ұрпаққа үлгі етіп ұсыну үшін кітаптар шығарылса.
  • Ұстаз туралы облыс көлеміндегі газеттерге мақала болып жарияланса.






















Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Көбекбай Тышқанбайұлы «Тәрбиелік даналық сөздер» 1998 ж.

  2. М.П.Щетинин «Ұстаздық еткен жалықпас» 1989 жыл.

  3. «Қазақстан мектебі» журналы № 2, 2004 жыл.

  4. «Мектеп директоры» журналы №2, 2004 жыл.

  5. «Ақылдың кені» Алматы, 1992 жыл
















6 М.Әуезов атындағы № 251 қазақ орта мектебінің 3 «Б» сынып оқушысы Әбдікәрім Сақтапберген «Жылуын жүрегінің аямаған, Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!» атты жазған ғылыми жобасына

П І К І Р


«Мектебімнің мақтанышы - мұғалім» секциясына ұсынылып отырған «Жылуын жүрегінің аямаған, Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!» атты ғылыми жобасында ол алдына қойған мақсаттарын толығымен орындаған. Оқушы аталған тақырыпқа тоқтамас бұрын көптеген материалдарға сүйене отырып, мәліметтер, деректер жинақтап, саралап өз ойымен пікірін қосқан. Материалды тек зерттеліп қана қоймай өзіндік көзқарасында танытып отырған жұмысының құндылығы осында. Теориалық жағынан өзекті мәліметтерге сүйене отырып сауатты жазылған. Келешекте елімізде халықтай жан-жақты ізденіп, білікті азамат болатынына сенім білдіремін.

М. Әуезов атындағы

№ 251 қазақ орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі: Қ.Тойшыбаева





А н н о т а ц и я :


М.Әуезов атындағы № 251 қазақ орта мектебінің 3 «Б» сынып оқушысы Әбдікәрім Сақтапберген «Жылуын жүрегінің аямаған, Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!» атты жазған ғылыми жобасын Мақсаты: Ұстаздың жүріп өткен жолына жіті қарап, өткенді зерделеу, кеңінен таныстыру. Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Зеттеу жұмысының өзектілігі. Шығармашыл ұстаздың өнегелі өмірін, еңбектерін кейінгі ұрпаққа паш ету, игі жұмыстарын жарқырата көрсету. Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі: Ғылыми жобаны тек ізденіп қана қоймай, өз көзқарасын танытып жұмысының құндылығын көрсету.








Ұстаз өткен жолдардан...

Научное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!

1Научное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!944 Дүниеге келді

1Научное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!962 Орта мектепті бітірді

1Научное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!966 Жоғарғы оқу орнын бітірді

1Научное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!971 Облыстық халықтық білім бөлімінің мақтау қағазы

1Научное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!976 Қазақ ССР Оқу Министрлігінің Құрмет грамотасы

1Научное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!982 Қазақ ССР Халық Ағарту ісінің үздігі берілді


  1. СНаучное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!емей қаласында Республикалық ғылыми

конференциясында баяндама оқыды

1Научное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!990 «Аға мұғалім» атанды

1Научное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!993 Директорлық қызметке тағайындалды.

1Научное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!999 Облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды

2Научное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!007 Зейнеткерлікке шықты

Научное работа: Жылуын жүрегінің аямаған,Ұстаздай бар ма екен аяулы жан?!


© 2010-2022