Ж дыбысы аралас сабақ (1сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ж дыбысы аралас сабақ (1сынып)

ШҚО

Семей қаласы

«№25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Калембекова Толқын Сейілқызы

Бастауыш сынып мұғалімі




Ж дыбысы және әрпі.

Мақсаты:

Білімділік: Ж дыбысын сөз ішінен бөліп,дұрыс айтқыза білу.Ж әрпін таныту. Ж әрпі бар сөздерді оқи және жаза білу.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту .

Тәрбиелілік:Оқушыларды таза, әдемі көркем жазуға тәрбиелеу.

Құрал -жабдық: Суреттер, жусан, жолбарыс, қима әріптер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап

Түрі:Аралас сабақ

Типі:Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс:Дүниетану ,қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Ерте тұрып күнде мен,

Терезені ашамын.

Сәлем!- деймін Күнге мен,

Шаттық әнге басамын

Күн -мол шаттық түсінем.

Күнен өстіп көріісем

Содан соң үй -ішімен

Шаттығымды бөлісем

-Қайырлы таң ,Аташым!

Деймін келіп атама

Қайырлы таң, Апашым

Деймін келіп апама

Жалықпаймын сабақтан,

Оқимын да жазамын.

Білім нәрін таратқан

Ұстазда ылғи -назарым

ІІ Үй тапсырмасы

- Осындай жақсы көңілмен өткен сабағымызға оралайық.Өткен сабақта Б, С, Ы, дыбыстарын өткен болатынбыз.Сонымен сендерге сұрақ.

1.Б дыбысы қандай дыбыс,сөздің қай жерінде кездеседі?

2.Ы дыбысы қандай дыбыс,сөздің қай жерінде кездеседі?

3. Ы дыбысы қандай дыбыс, сөздің қай жерінде кездеседі ?

Сөздер оқыту

Жаға

ожау

жалау

жусан

Өткен сабақты қайталау мақсатында

Ойын «Кім шапшаң?»

Шарты: Сызба бойынша суретке сөйлем құрай

ІІІ Жаңа сабақ

Жұмбақ

Түн шымылдық ашқаннан

Жымыңдайды аспаннан

Көп шырақтың аты не?

Қай әріптен басталған? (Жұлдыз,Ж әрпінен басталған )

Жаздатұрып жоғары,

Күзде жерге қонады (Жапырақ)

Өзі сондай қатты

Дәні сондай дәмді (жаңғақ)

Жол, жолбарыс, жылан

Басталады «Ж»-дан

-Осы барлық айтылған сөздердің басында қандай дыбыс естіліп тұр?

- «Ж» дыбысы

«Ж» дауыссыз дыбыс.Созылып,әндетіліп айтылмайды,ауыз қуысында кедергіге ұшырайды.

-Балалар,сыныбымызда «Ж» дыбысыкездесетін бала немесеқыздарма?

Жаннұр Жігер

Буынға бөлдірту.

Ж дыбысысөздіңбасында жәнеортасындакездеседіекен.

Ж дыбысыдауыссызболғандықтан, оны қолымызбенапарыпкөкқалташағасаламыз.

Ойын «Қай үйде тұрады?»

Шарты: қима әріптерді үйлерге орналастыру

Сергіту сәті

Ойын « Сөз ойла, тез ойла»

Шарты: Ж дыбысына әр қатарға сөз ойлау

1 -қатар кісі аттары, 2-қатар тамақ жеміс жидек , 3- қатар заттың аттары

Оқулықпен жұмыс

-Бағанмен берілген сөздерді оқимыз.

Жауын жарас жылқы жарғанат

Жауап жарық жорға жапалақ

-Барлығына оқытамын.

-Келесі бізге мәтін берілген

Жарыс . Қандай жарыс? , Кімдер қатысты?, Кім сыйлыққы ие болды?

Ал, енді мәтінді оқиық.

Сергіту сәті.

Жан-жағыма жантайдым

Жапырақтай жалпайдым

«Ж» дыбысын жаздым да

Жарға қарай шалқайдым.

Кеспе әріптермен жұмыс

Жара,жаға, Жанар,жас,жан, сөздеріне дыбыстық, буындық талдау жасау.

Дәптермен жұмыс

Оң қолымызды жоғары көтеріп,қаламымызды ұстап,Ж әрпін ауаға жазайық.

Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық

Салақтықтан қашайық

Әдемі етіп жазайық

Тақтаға Ж ж әрпін қалай салынатынын түсіндіріп көрсету.

Ж ж әрпін үлгі бойынша дәптерге жазамыз.

Ойын «Жапырақ жинау»

Жаман, жаса, жаға, жалау, Олжас, Айжан, сөздерін оқыту

Қорытынды:

Сыныптың жинақ қобдишасына сұрақ-жауап арқылы теңгелер жинау, қорытындылау

Балаларды мадақтау

Үйге тапсырма




© 2010-2022