Алтын алқа 2 сынып Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алтын алқа 2 сынып Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақАлтын алқа 2 сынып Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақАлтын алқа 2 сынып Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақАлтын алқа 2 сынып Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақАлтын алқа 2 сынып Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақАлтын алқа 2 сынып Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы : Алтын алқа. Мұқтар Ғұн.

Мақсаты : Білімділік :

Мәтін мазмұнын өмірмен байлантыра отырып , мәтіннің мазмұнын ашу.

Дамытушылық : Сөздік қорларын дамыту .

Тәрбиелік : Оқушыларды мейірімділік пен жанашырлыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер :

Пәндік нәтиже : оқуға машықтандыру, мәтін идеясындағы халқымыздың

бауырмалдық, адамгершілік қасиеттерін кейіпкерлерді талдау арқылы ашу.

Жүйелі іс - әрекет нәтижесі: оқушыларға бағыт -бағдар бере отырып ,өз

бетінше жұмыс істеуге , шығармашылық қиялын ұштауға , қорытынды

жасауға машықтандыру.

Тұлғалық нәтиже: салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : ұлттық нақыштағы бұйымдар суреттері, асықтар.

Сабақтың барысы : Психологиялық ахуал

I.Қызығушылықты ояту.

- Сатып алуға болатын бағалы заттарды ата : алтын , күміс , т.б.

«Алтын» сөзіне байланысты тіркестерді айтып , топтастырайық.

Топтастыру

адам алқа сақина білезік тіс

А Л Т Ы Нсақа алма

қасық

Орда

таға тіс

белдік күз сағат бесік

Осы сөз тіркестерінің ішінен қайсысы ертегі түріне жатады ?

Қызыл дөңгелекшемен белгілейік.

« Алтын сақа » ертегісін еске түсірейік.

  • Шын мәнінде өмірде алтын сақа бар ма екен ?

  • Ол не үшін керек ?

Ойлан , жұптас ,ортаға сал.

Асық ойындары - қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.

Асық ойыны - баланың жастайынан жүйкесін шыңдап ,оларды

дәлдікке ,ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді.

Баланың жүйкесін оларды дәлдікке

АСЫҚ ОЙЫНЫшыңдайды

ұстамдылыққа байсалдылыққа

тәрбиелейді

Мұндай қасиеті болмаса ,адамда төзімділікте , шыдамдылық болмайды.

Ондай қасиеттері болмаса , адам ойында да ,өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді.Бұл ойынның еңбектеген баладан,еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады.

«Алшы» ойыны.

Ойынның мақсаты - сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты.

Бұл ұту үшін өте қажет.Ойын басталар алдында,ойын жүргізуші барлығының

сақаларын жинап алып ,ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін яғни, кімнен

кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін,сақалардыиіреді.Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе - сол бірінші ,тәйке түссе -екінші,бүк түссе -үшінші шік түссе - одан кейін асық ататын болады. Осы ретпен көндегі асықты атып туысқанға дейін ойнайды да,асықтарын қайта тігіп,ойынды жалғастыра береді.

«Омпа» ойыны.

Ойынның мақсаты -асық ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да , біріншісіне төртбұрыш жасайды , дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өз асықтарын тігеді.Тігілген асықтардың ортасына бір асықты мұртынан «Омпа» тұрғызады.Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің артына бірі тұрып , әркім өз кезегі бойынша , қолдарындағы сақаларымен омпаны ата бастайды. Егер кімде -кім омпаға тигізсе және оны төртбұрыштың шетіне шығарса ,онда көндегі асықты түгел алады. Ал омпаға тимей ,жанындағы асықтарға тисе,оны да төртбұрыштың шетіне шығара алса ,онда сол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын,көнге асық қайтадан тізіліп отырады.

II.Мағынаны тану . Мәтінді дауыстап оқу.

Іштей оқи отырып , «Түртіп алу» әдісі бойынша мәтіндегі әпкесі мен інісі арасындағы мейірімділік пен жанашырлық сезімдерін жазушының көрсетуі бойынша белгілеп отырады.

-Осы сәтті көз алдыңа елестетіп, қалай бейнелеп берер едің ?

Топтарға тапсырма :

-Әпкесі мен інісіне сипаттама бер.Әпкесінің әшекей бұйымынан несі бар?

Суретпен жұмыс

- Мәтіндегі алтын сақа мен ертегідегі сақаның айырмашылығы неде?

- Қай сақаның құны қымбатырақ болып тұр ? Неліктен ?

Сергіту сәті: Асық ойнаған азар,

Доп ойнаған тозар.

Бәрінен де қой бағып ,

Қозы өсірген озар.

-Төмендегі мақал жолдарының басты кейіпкерге қатысы бар ма?

Ұқыпты -ұтар ,

Іздеген - табар.

Оқыған - озар,

Еріншек - тозар.

- Сергіту сәтіндегі өлеңді мақалмен байланыстырып көр.

Мақал қай заманға сай айтылған деп ойлайсың ?

III.Ой толғау

Мәтіннің соңындағы сұрақ ,тапсырмаларды орындау кезінде «Венн диаграммасы» салып ,өте ертедегі балалар ойыны мен қазіргі балалар ойындарын салыстыру.

Өткен заман ойыны Қазіргі заман ойыны

Шығу парағын толтыру (келесі сабақта мұғалім парақшаларға талдау жасап, үй жұмысының алдында сұрақтар мен пікірлерді тыңдаудан басталады).

Не үйрендің ?

Сұрағың

Пікірің


Сабақты қорытындылап , оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру.



© 2010-2022