Тәуелсіздік-ел тірегі 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Тәуелсіздік- ел тірегі»

Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі , өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істерне мәңгі құрмет көрсетуге баулу . Патриоттық сезім қалыптастыру.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, қанатты сөздер.

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! «Тәуелсіздік - ел тірегі » атты ертенгілігімізге қош келдініздер. Сіздерді Тәуелсіздіктің 22 жылдық мерекесімен құтықтай отырып, от басымызға қуаныш табыс тілейміз.

Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап, Тәуелсіздік жолында құрбан болған Ләззат, Сабира, Қайрат, Ербол есімді азаматтарымыздың рухына бас иейік.

Гимн айтылады.

1 бала. 16 желтоқсан

Ел мерекесі тасыған.

2 бала Енді міне біз Тәуелсіз ел болдық

Басқалармен терезесі тең болдық.

3 бала. Желтоқсанның ызғары-ай

Кірпікке қатқан мұздар-ай

Елім-ай деп егілген

Қаһарман ұлдар , қыздар - ай.

4 бала 16 Желтоқсан- Тәуелелсіздік алған күн

Ерекше боп, меңгілік ел жадында қалған күн.

5 бала Қазақ енді көкке жетті, көк туың

Сен деп атар таң да, батар күн

6 бала Жетоқсан айы естесің

Дауыл боп бұрқап ескенсің

7 бала Азаттық күні қашаннан

Көкейін елдің тескенсің

8 бала Елтаңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі

9 бала Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен -тек

Елдің ашық қабағы

10 бала Туың қандай? Ту қандай?

Тура аспаннан туғандай

Ал аспанды қазақтың

Көңілімен жуғандай

Алтын адам кіреді.

Алтын адам: Cәлеметсіздер ме, балалар!

Жүргізуші: Cәлеметсізбе Алтын адам! Мерекемізге қош келдініз! Балалар бізге қонаққа Алтын адам келді. Бұл- Алтын адам деген атқа ие болған ғажайып ескерткіш. Оның салтанатты бас киімі, бешпенті,шалбары мен етігіне дейін 200-ден астам аң- құс сипатты алтын әшекейлермен безендірілген. Алтын адам ескерткіші V ғасырда Есік қаласында табылған.

Алтын адам: Баршамызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату татті тірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Жүргізуші: Алтын адам сізге рахмет. Енді балаларымыздың өнерін тамашаланыз.

Би: « Қара жорға»

Ән: « Ұстазым»

Алтын адам: Балалар мен сендердің еліміз, жеріміз, Отанымыз жайлы білімдерінді, өнерлеріңді тексергім келеді.

Балалар хормен сергіту жаттығуы

Алтын адам: Тамаша балалар! Олай болса менің бір сұрағыма жауап беріндер.

  1. Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіндерме?

Балалар жауап береді. Туымыз, елтаңбамыз, гимн.

Алтын адам: Дұрыс балалар. Қазақстан Республиксы мемлекеттік туының түсі қандай?

Балалар жауап береді. Көк

Алтын адам: « Тәуелсіздік алдық» деген созді қалай түсінесіндер?

1 бала. - Өзіміздің жеріміз,еліміз,теңдігіміз бар.

2 бала. - Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.

3 бала. - Елімізді басқарып отырған елбасымыз бар, ол - Н.Ә.Назарбаев

Алтын адам: Жарайсыңдар балалар.

Жыр арнадым еліме тебірене

Үміт арттам елімнің ертеңіне

Тәуелсізік алғалы 22 жыл міне

Отаным жылдан жылға көркеюде

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын

Елімде бейбіт тыныш заман болысын

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші: Құрметті балалар, қонақтар! Бүгінгі 16 желтоқсан Тәуелсізідік мерекесіне орай өткізіліп отырған «Тәуелсіздік - ел тірегі» атты ертеңгілігімізге келіп тамашалағандарыңызға рахмет! Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын, тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем балаларының езуінен күлкі кетпей, әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын. Сау болыңыздар.


© 2010-2022