Конспект по дүниетану з сынып на тему: Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану 3- сынып

Тақырыбы: Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.

Мақсаттары: Оқушыларға Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркелетіндігін түсіндіру, ұғындыру.

Оқушылардың есте сақтау, себеп-салдар байланысын орната білу, талдау, қорытындылау, ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты құрметтеуге және аялай білуге үйрету.

Жоспарланатын нәтижелер:

пәндік нәтижелер: жануарларды қорғаудағы адамның әрекеті; Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау жолдарын меңгеруі қажет:

тұлғалық нәтижелер: қоршаған ортаны сақтауға және оны қорғауға, оған қамңорлық жасауға ұмтылысынан;

жүйелі-әрекеттік нәтижелер: қосымша ақпаратты жинақтау және олардың қажеттісін іріктеп алу білігін қолдана білуінен; танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы тиіс.

Сабақ түрі: аралас.

Жұмыс түрі: «Суреттер сөйлейді» стратегиясы

Қажетті құралдар: «Қорықтар»кестесі, оқулық, жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

Өзекті сұрақ: Табиғатты қорғауға қатысу үшін оқушылар не істей алады?

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

II.Білімді белсендіру.

III.Сабақтың мақсаты мен міндетін қою.

-Жануарлардың табиғаттағы алатын орны туралы пікірді талқыла.

-Табиғатты қалай қорғау керек?

Өзекті сұрақ: Табиғатты қорғауға қатысу үіпін оқушылар не істей алады?

IV. Жаңа материалды оқу.

1. Топтық жұмыс. «Cypeттep сөйлейді» стратегиясы. Оқушыларға 4-5 сурет таратылып беріледі. Сурет астына өз ойларын жазу үшін қосымша парақ таратылады.

Конспект по дүниетану з сынып на тему : Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.Конспект по дүниетану з сынып на тему : Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.Конспект по дүниетану з сынып на тему : Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.Конспект по дүниетану з сынып на тему : Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.

Конспект по дүниетану з сынып на тему : Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.Конспект по дүниетану з сынып на тему : Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.Конспект по дүниетану з сынып на тему : Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.Конспект по дүниетану з сынып на тему : Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.

Әр топ мүшесі өз ойын жазады да, қағазды бір бүктеп, келесі топқа береді. Келесі топ мүшелері өз ойларын жазып, қағазды тағы бүктейді. Осылайша бүкіл сынып оқушылары өз қөзқарастарын білдіреді. Соңғы оқушы өз ойын жазғаннан кейін бүктелген қағазды ашады да, тақтаға іледі. Содан кейін ғана оқушылар басқа топ мүшелерінің не жазғанын оқиды, пікір алысады. Содан соң әр сурет бойынша қорытынды ойларын айтады.

2.Оқулықпен жұмыс.

-Жануарлар неліктен құрып кетеді?

-Жойылып бара жатқан жануарларды сақтау үшін адамдар не істеп жатыр?

-Қызыл кітап деген не?

Біздің елімізде көптеген қорықтар бар. Адам жанды табиғатты қалпына келтіруі қажет. Сондықтан табиғат заңдарын міндетті түрде білу керек, әсіресе тірі организмдердің ерекшеліктерін. Ең бастысы, жерімізді сақтап, табиғатты қорғау қажет.

V. Білімді бекіту.

1. Топтық жұмыс. Сахналау және жағдаятты талдау. Әр топ тапсырма алады. Мынадай жұмыстарды дайындайды: көрініс, басқа топпен талдау, өз қорытындысы.

1-жағдаят.

- Алақай! Біз ормандамыз. Енді қатты айғайлап, музыка тыңдауымызға болады. (Қорытынды: қатты музыка мен айғай-шу ормандағы жануарларды шошытады).

2-жағдаят.

Бала серуеннен кейін пакетті бұтаның астына лақтыра салды да, былай деді: «Бәрібір оны топырақтағы ұсақ организмдер шірітіп жібереді».

(Қорытынды: полиэтилен пакетті топырақтағы ұсақ организмдер оңайлықпен шіріте алмайды. Олар толығымен 220 жылда шірісе, ал темір банкілер 100 жылда шіриді).

3-жағдаят.

Бұтаның үстіндегі ұяны қыз бала көрді. Балалардың әрқайсысы үлкен жұмыртқаларды ұстап көргілері келді, бірақ қолдарына алмады.

(Қорытынды: жұмыртқаға тиісуге болмайды, өйткені құс оны қайтадан баспай қоюы мүмкін).

VI. Сабақты қорыту.

«РТТТ» стратегиясы. Рөл -- Тыңдаушылар -- Түрі -Тақырып.

Тақырып - «Жануарды қорғау». Рөлдеріңді анықтау үшін Тыңдаушыларға кімнің атынан сөйлейтіндеріңді ойланыңдар.

Рөл - табиғат, жануар, орман, дала, топырақ, су.

Тыңдаушылар -- фермерлер, зауыт директорлары, ғалымдар, балықшылар, балалар.

Түрі - хат - өтініш, өтінішхат, ескерту хаты.

Тақырып - Жануарды қорғау.

Топтық жұмыс. Рөлді таңдауды мұғалім өзі ұсынуына болады немесе әр топқа жұмыс түрін таңдап, бөліп бере алады

Алдымен оқушылар жеке жұмыс орындайды, содан кейін топта бірігіп жұмыс істейді. Ton өкілдері хаттарды оқиды.

VII. Рефлексия.

Мен не үйрендім? ...

Мені не таңғалдырды? ...

Менің сұрағым бар: ...

VIII. Үйге тапсырма беру. Қызыл кітапқа енген бір жануардың атынан адамдарға өтініш-хат жаз.

© 2010-2022