Тема: интеллектуалдық ойын Зерде

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Зерде» Интелектуалдық ойын Мақсаты:

  1. Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және оз білімін көрсете алуға үйрету.
  2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүние танымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.
  3. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: топ аттары жазылған қағаздар. Типі: білімді бекіту. Әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, болжау. Түрі: сайыс сабақ. Пән аралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Әрбір сабақ - үйрету, ұғу, ұлағат, Әрбір ісің - тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің - шындық, бірлік, адалдық.
І топ: «Білімділер» ІІ топ: «Ойшылдар» Әр топ мүшелері ұрандарын атап өздерін таныстырады.
«Білімділер» тобы. Бір сыныпта оқимыз бәріміз де, Достық сөзі әрқашан дәрі бізге. Жарысуға сендермен келіп тұрмыз, Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге. Біздің тобымыздың ұраны: «Білімдіге дүние - жарық , білімсіздің күні - кәріп»
«Ойшылдар» тобы. Біз дайынбыз жарысуға, достарым, Көрсетеміз бізде қандай күш барын. Біздің тобымыздың ұраны: «Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы»
Ойын ережесімен таныстыру. Әділ қазылар алқасын сайлау. Ойын 5 айналымнан тұрады.
1 - айналым. 1 - слайд. «Тездет бірақ қателеспе» Әр топқа 6 сұрақтан қойылыды. Бір сөзқбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Екі топтың да жауабы тыңдалады. Содан кейін тақтадан дұрыс жауабы шығады.
«Білімділер» тобы
  1. Дауыссыз дыбыстар 3-ке бөлінеді. (иә, қатаң, ұяң, үнді)
  2. Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер киім, көлік, теледидар (жоқ, тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
  3. Судың 4 күйі бар (жоқ, 3 күйі бар, қатты, сұйық, газ)
  4. Көкжиектің негізгі 4 тұсы бар (иә, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)
  5. 1 дм де 1 см бар (жоқ, 10 см бар)
  6. Жұмбақ - үлгі өнеге ретінде айтылатын әрі қысқа, әрі нұсқа нақыл сөз (жоқ, бір затты, жайды ойлап табу үшін астарлап айтатын қысқаша өлең)

Ойшылдар» тобы
  1. Ауыз екі тіл адамдардың хабарды жазып беруі (жоқ, әңгімелесуі)
  2. Ауаны көруге, ұстауға, дәмін татуға болады (жоқ, болмайды)
  3. Топырақтың құрамында әр түрлі заттар болады (иә, құм, саз, майда тастар, өсімдіктер мен жануарлардың шіріген қалдықтары болады)
  4. Үш биді ата
  5. Бата - өз ойыңды жүйелі дұрыс жеткізу (жоқ, бата - жақсы сөз ақыл тілек)
  6. Шаршы дегеніміз барлық қабырғасы тең төртбұрыш (иә)

2 - айналым. 3 слайд. «Ұшқыр ой» Берілген сөзбен сөйлем құрастыр. «Ойшылдар» тобы. Атамекен «Білімділер» тобы. Болашақ. Дұрыс орындаған топқа 10 ұпай беріледі. 2 топ бір - біріне 3 жұмбақтан жасырады.
3 - айналым. 4 слайд. «Ойлы болсаң, озып көр» Дүниетану
  • Қазақстанның астанасы кай қала?
  • ҚР мемлекеттік рәміздерін ата.
  • Гимн авторларын ата.
  • Елтаңбаның авторларын ата.
  • Тудың авторын ата.

7 - слайд. Математика Есік алдында 3 гүл өсіп тұр. Оың 1 сары, 1 қызыл және 1 көк. Сары гүл ортасында емес және қызыл гүлдің қасында емес. Сонда гүлдер қалай орналасқан? (қызыл, көк, сары) 20 ұпай.
8 - слайд. Қолымызда 10 саусақ бар. Оң қолда неше саусақ бар? Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Әр қайсысы неше сағаттан ойнаған?
Қазақ тілі. Қазақ тілінде неше әріп бар? Еңбек туралы мақал - мәтел айт. 30 ұпай.
9 - слайд. Ана тілі.
  • «Білім керек бәріне» өлеңінің авторы кім? (Ф. Оңғарсынова)
  • «Оқуға құмарлық» мәтіні кім туралы? (Ш. Уалиханов)
  • Табиғатты қысқа не дайындайды?
  1. Күз
  2. Адам
  3. Көктем

Мәнерлеп оқу сайысы.
4 - айналым. «Тапқыр болсың талас жоқ» «Білімділер» тобы «Ойшылдар» тобы пан - ба - ла те - ма - ка - ти - ма тап - ха - на - кі ыр - шақ - қу ған - бал - дыр ле - ди - те - дар 5 - айналым. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» 18 - слайд. Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті. 19 - слайд.

Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау!



© 2010-2022