Табиғат - асыл қазынам

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Табиғат - асыл қазынам

Мақсаты: Оқушыларға табиғат ұғымының мәнін ашып, түсіндіру. Танымдық қабілеттерін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын жеткізе білуге, ортаға сала білу дағдыларын жетілдіру. Табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар, сөзжұмбақ, жағдаяттар, жұмбақтар, ақ қағаздар, маркерлер,бейнефильм.

Сабақтың әдіс-тәсілдер: СТО, сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, топпен жұмыс.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.Слайд №1

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Көк аспан!

Амансың ба, Жер-Ана!

Амансың ба, Сен!

Амансың ба, Мен!

Топқа бөліну

1-топ Адам

2-топ Өсімдік

3-топ Жануар

Топтардың атына байланысты оқушылардың ойларын білу

ІІ. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту. - Балалар, мына сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады екен. Слайд№ 2.

Сөзжұмбақ сұрақтары.

1. Аң патшасы.

2. Қазақстанның әсем қаласы.

3. Қазақтың қарт, ақыны.

4. Қазақтың батыр қызы.

5. Қазақстандағы көмір өндіретін жер.

6. Ай аты.

7. «Медеу» спорт кешені қай таудың беткейінде орналасқан?

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Табиғат- асыл қазынам» деп аталады.Слайд №3

- Балалар, табиғат дегенде қандай ой оралады сендерге? (Топта постермен жұмыс жасайды, жауаптар тыңдалады). Слайд№ 4

3-топқа «Табиғат» тақырыбына Мазмұнды сызбаны орындау.

Мағынаны ашу

1-оқушы Адам жарық дүниеге келген күннен бастап ана мейірімін сезінеді,оның ақ сүтін еміп,рақаттанады.Жарық дүниенің ауасымен тұнғыш рет тыныс алады.Айналаға қарасаң көгілдір аспан төрінде күн нұр сәулесін шашады.Асқар таулар, хош иісті өсімдіктер бәрі жүрегіне жылу береді

2-оқушы

Табиғат тіршіліктің тұнып тұрған .

Сен - Күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен - көлсің,

Сен - ормансың ,

Сен - бұлбұлсың.

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Сен жарықсын,

Сен - Жерсің,

Сен - Адамсын,

Сен - ауасың,

Сен - Анамсың,

Бәрі - менің өмірім сен сыйлаған.

3-оқушы. Табиғат - ол Су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер-нулы жер» деген мақал бекер айтылмаған. Су - адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол, ақиқат,

Күміс су, қара жердің сәні емес пе?

3-оқушы. Табиғат - ол Топырақ. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.

Топырақтан өмір иісі шығады

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесіне беретін,

Жақсылық та топырақтан шығады.

4-оқушы. Табиғат - ол Өсімдік. Өсімдік - бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда - тамақ, шөлдегенде - сусын, ыстықта - көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда - дәрі, ренжігенде - қуантатын табиғаттың сұлу көркі - гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті - жасыл желек, орман.

5-оқушы. Табиғат - ол Жануарлар әлемі. Жүгірген, аң, ұшқан құс, дала ажары-ақбөкен, әні мен сәні - бұлбұл, су аруы - аққу табиғатымыздың сәні емес пе?

Сен білесің бе ? Слайд №6

Тулкі,бұғы,қоныр аю қандай жерде мекендейді?

Қайың,шырша,сексеул қандай жерде өседі?

Ой қозғау

- Ал енді, балалар, мына тақтаға назар аударып, берілген жағдаяттарды талдап көрейік. Слайд №7

Әр топтың жауаптары тыңдалады.(топтық жөмыс)

1-топ

1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан балаларды көрді де, тұрып қалды…

Сұрақ:

1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?

2. Арман қандай бала?

3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?

2-топ

2-жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…

Сұрақ:

1. Серіктің әрекеті қандай болды деп ойлайсыңдар?

2. Серіктің бойынан қандай қасиеттер көруге болады?

3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?

3-топ

3-жағдаят Бір күні адам көлдің жағасынан өтіп бара жатса,бір балық судан атып шығып, «Мені суға жібермеші» деп жалыныпты.

Сұрақ:

1.Қалай ойлайсыңдар? Неге балық суға қайта барғысы келмеді? Ол сусыз өмір сүре алмайды ғой.Балыққа қандай қауіп төніп тұр?

Жұмбақтар шешу. Слайд №8

Алдымда әр түрімен жібек жіптің,

Аспанға әшекейлеп кесте тіктім. (Кемпірқосақ)

Болса да көкте мекені

Кездеспейді екеуі (Ай мен күн)

Төбеден төнеді,

Тамшылап төгеді (Бұлт)

Бейнефильм «Қазақстанның әсем табиғаты» Сергіту сәті

Табиғат, қызығам сенің суретіңе,

Бас ием сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

Табиғаттың тынысы кең тілі бай

Ауасының шәрбәтінай тұнығы ай

Бұлбұл болып сайрап кетсе ол бірде

Адамдарша сөйлейді екен күнім-ай!

- Балалар, табиғат туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? (балалардың өздері білетін мақал-мәтелдер айтады).

Шығармашылық тапсырма

«Іс-қимыл әрекеті»

Әр топқа берілген сөздерді қимылмен көрсету тапсырылады. Қалған топтар тауып айтады.

І топ: «Жаңбыр» ІІ топ: «Суық» ІІІ топ: «Ағаш»

Жалпы, халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да Республикамыздағы ең күрделі мәселелердің бірі.

Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер?

1. «Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» - жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз;

2. «Судың да сұрауы бар» - суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз, ластамаймыз

3. Орман-тоғайды, бақтарды күл - қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.

4. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.

5. Табиғатты қорғаймыз

Табиғатты тарих тарих талай сынаған,

Бірақ оған қаймықпаған,шындаған.

Табиғат та әке болып еңіреп,

Табиғат та ана болып жылаған.

ІІІ. Қорытынды

Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Табиғат - асыл қазына. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тастал ған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.

Табиғатты қорғау үшін бәріміз

Күресейік бір-бір ағаш егейік

Текке отырмай жасымызбен кәріміз

Таза ауа үшін күресейік бәріміз!

© 2010-2022