Математиканы пайдаланып табиғатты зерделеу ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Математиканы пайдаланып табиғатты зерделеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға математиканы пайдалану арқылы табиғатты қалай зерделеу керек екені туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Сауаттылыққа, ойлануға, бірлесіп жұмыс істеуге үйрету. Математика «дәл ғылым» екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Ой өрісін, қабілетін тілін дамыту.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: тест, семантикалық карта, суреттер, мақал - мәтелдер, компьютер, ребус.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезені:

А) Оқушыларды түгелдеп психологиялық сабаққа дайындау, назарын сабаққа аудару

Ә) Өткен сабақты пысықтау

Б) Оқушыларды үш топқа бөлу: « Ауа», «Жер», «Су»

Өткен сабақты есімізге түсіру үшін «Алма жинау» ойыны арқылы сарапқа салып көрейік.

ІІ. Жаңа сабақ

Математиканы пайдаланып табиғатты зерделеу

Математика пәні бізге әр уақытта қажет біз күнделікті өмірімізде математика арқылы көп нәрсені анықтаймыз.

Мысалы: сағат пен күнтізбелер адамдардың уақытты анықтауына көмектеседі. Мектептегі сабаққа кешікпеу үшін сен сағатыңа қарап, үйден ертерек шығасың. Егер сенің сабақтан кейін спорттық жаттығуларың болса, сен тағы да сағатыңа қарайсың.

Күнтізбеде уақыт апта және ай бойынша бөлінген. Күнтізбе бойынша сен жыл мезгілдерін қадағалап, қазір қай ай, қай күн, нешінші апта екенін білесің.

Математиканы пайдаланып табиғатты зерделеу ашық сабақ

Ұзындық өлшемдері: километр, метр, дециметр, сантиметр, миллиметр.

Ұзындық өлшемдері арқылы әр түрлі заттардың ұзындығын, ауыл мен қалалар арасын, үйлердің, таулардың биіктіктерін тағы басқаларды өлшеуге болады.

1км = 1000м, 1м = 100см, 1дм = 10см, 1см = 10мм

Сызғыш пен өлшеуіш әртүрлі заттардың биіктігін, ұзындығын, енін дәл өлшеуге көмектеседі. Егер саған зертханалық жұмыс жасауға ұзындығы бірдей бірнеше қағаз жолақтары керек болса, сен сызғышты пайдаланасын. Математиканы пайдаланып табиғатты зерделеу ашық сабақ

Біз «жылы», салқын дегенде температураның өзгергені туралы айтамыз. Адам, өсімдік, жануарлар тіршілігі үшін ауа, су және топырақ температурасының маңызы зор. Қыста ауа, су және топырақтың температурасы төмендегенде өсімдіктердің өсуі тоқтайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді, көптеген жануарлар қысқы ұйқыға жатады. Қысқы суықтан қорғануға жануарларға ненің пайдасы тиеді.

Адамдар әр түрлі температураға қарай киінеді. Қыста олар үйлерін жылытады. Температураны өлшеу үшін арнаулы құрал - термометрді пайдаланады. Адам денесінің, ауа, су және топырақтың температурасын әр түрлі термометрмен өлшейді.


© 2010-2022