Әдебиеттік оқу 4-сынып «Құмыра» М. Ерімбетов

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Құмыра. Мылтықбай Ерімбетов.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға тарихтың есте сақталуының адамзат үшін маңызды екенін ұғынуына жағдай туғызу.

2.Өлеңді мәнерлеп оқу арқылы негізгі ойды түсінуге, тарихты құраушы, жазушы, зерттеуші өзі екенін ұғына отырып, автормен бірге толғану арқылы сыни ойлауға және көркем сөйлеуге дағдыландыру.

3.Өз елінің тарихын қадірлеуге, қастерлеп, бағалауға үйрету.

Көрнекілігі: көне құмыра суреттері, қыш құмыраның үлгісі. Құмыра кездесетін әңгіме, ертегі кітаптары.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Көк аспанда - Күн күлсін!

Бірге күлсін бүлдіршін

Көк аспанда күн күлсін

Жерге ұдайы нұр қүйсын!

Балалар ,амансың ба қарақтарым,

Оң болып,өрге жүзсін талаптарын.

Сенім артып сендерге келіп тұрған,

Маликова Көгершін Бексұлтанқызы

-Сабағымыз елдіктің,егемендіктің аіғағы болған мемлекеттік тіл қазақ тілін дәріптейтін пән әдебиеттік оқу.

2.Үй тапсырмасын пысықтау.

Үй тапсырмасын Бинго ойынымен тексерілді.

28

35

36

45

23

92

77

88

13

28-Әбілханның өмірінде қандай өзгеріс болды?

45-Әбілхан мүсін және сурет өнерін қалай үйренген?Мәтіннен тауып оқы

77-Әбілхан жас шағынан қандай еібек түрлерін атқарған еді?

35-Мәтін неліктен «Ересек оқушы» деп аталған?

23-Мәтіннен Н.Г.Хлудов портретін тауып оқы.

88-Өнерді сүйе білу дегенді қалай түсінесің?

36-Саған қандай өнер түрі ұнайды?

92-Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып жаз

13-«Өнерлі өрге жүзер» эссені оқу.

Қосымша мағұлмат.

Әбілхан Қастеев портреті

1-1904-1973 жылы Талдырқорған Жаркент ауданы Шежін ауылында дүниеге келген.

2.«Ана»,«Амангелді сарбаздары»,«Түркісибтегі жиын» т.б туындылары бар.

3.Мәскеуде Хлудовтың өнер студиясында оқыған.

4.Қазақстанның халық суретшісі атағын 1937 жылы алды.

3.Қызығушылықты ояту.

-Балалар, біз бүгін тарихқа көз жүгіртіп, ата-бабамыздан қалған көне жәдігер ретінді ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, мұра болып келе жатқан құмыраның қаншама жылдар бойы сақтап келген сырларына үңілеміз.

1-ші тапсырма: құмыра сөзін естігенде көз алдарыңа қандай түс елестейді, сол түс пен осы сөзді алдарыңдағы қағазға жазыңдар.

2.Оқушылардың жұмысы.

3.Неліктен осы түсті таңдадыңдар? Оқушылардың жауаптары.

4.Мағынаны тану.

1.Өлеңнің бірінші шумағын оқу.

-Бала тапқан олжасын неліктен мектепке апарды?

-«Арнаған сан сапарды» деген жолдарды қалай түсінесің?

Бұл қандай елдімекенде болған оқиға деп ойлайсың? Олай ойлауыңа не себеп болып тұр?

2.Өлеңнің екінші шумағын оқу.

-Ғалымдардың балаға хат жазуының себебі неде деп ойлайсың?

3.Келесі шумақты, яғни хатты оқу.

-Құмырада қандай құпия бар деп ойлайсың?

-Отырар қаласының тарихынан хабарың бар ма?

Көне қала Отырар

Қазақстанның көптеген көне тарихи қалалары жетерлік.Солардың бірі Қазақстанның тарихында қалған еі көне-Отырар қаласы.Отырарда қазақтың ғұлама ғалымы Әл-Фараби туып өскен.

Отырар-еі көне де,қаһарман қала ретінде бізге белгілі.Өйткені жаугершілік заманда моңғол ханы Шыңғыс хан Отырарда соғыс ашады.Сол уақытта Шыңғыс хан маңайындағы тайпалардың барлығын оңай жаулап алатын болған.Бірақ Отырарда 6 ай бойы соғыс ашып,жеңе алмайды.Отырар мен моңғолдар соғысып жатқанда,Отырар қаласының ішінен бір адам қастандық жасап,қақпаны ашып жібереді.Сөйтіп Отырар жеңіліс табады.Сонан соң,Шыңғыс хан Отырар қаласының ханы Қараханның тамағына қорғасын құып өлтіреді.Бұл оқиға.

Көне құмыра.

Мұражайда көнеден қалған құмыралар көп болады.Көгеріс ауылындағы Шилісай деген жердің сай маңынан 6- сынып оқушысы Сағидоқас Мейрамбек көне заманнан қалған құмыра тауып алады.Құмыра ішінен ат-әбзелдері және т.б заттардың сынықтары шықты.Орал қаласындағы мұражай қызметкерлері келіп, көне заттарды,сол заттарды тауып алған Мейрамбекті суретке түсіріп облыстық мұражайға іліп қойды.

(Меңжанов Мержан)

-Қазба жұмыстарын көріп пе едің? Қазба жұмыстарымен кімдер айналысады?

-Енді бұл құмыраны қайда сақтайды деп ойлайсың? Қандай музейлерді білесің?

5.Ойтолғау.

Біз бәріміз тарихшы-археологпыз. Қазір әр топтың алдында тұрған анықтайтын мәселе:

-құмыраның шығу тарихын яғни шыққан жерін;

-кім жасады?

-неден жасалды?

-қай қалада немесе қай елде жасалған?

-кімдерге немесе не үшін арналған?

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы зерттеу жұмысын жасап, сипаттау мәтінін жазу.

Оқушылардың жұмысын тыңдау.

-Қалай ойлайсыңдар, осы көне құмыраның қандай тариха құндылығы бар?

-Сендер бұл өлеңге автор болсаң, қандай ат қояр едіңдер?

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен асқар тау,гүлін сүйем,

Мен оның қасиеттіүнін сүйем,

Мен оның құдіретті тілін сүйем

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған отан деп сыбырлаған,

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан,Отан бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

-Иә,Отан.

Отан-әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан-сендердің туған елдердің,туған жерін,дос жолдастарың,туған-туысқаның.Отан бұл сенің тұратын,өмір сүретін,қызмет ететін жерің.Әр адам үшін туған ел,туған жер,әрқашанда қымбат.Өйткені,сен туған өлке,саған алтын бесік-атамекен болып саналады.Отан адам үшін біреу ғана.Отанды анаға теңейді.Біз Отанымызды,елімізді сүйеміз.Туған ел,туған жерсіз адамның күні жоқ.

-Біздің еліміз қалай аталады?

-Біздің Республикамызды кім басқарады?

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Елбасы жайы не білесіңдер?

-Мемлекет басшының Қазақстан халқына Жолдауы қалай аталады?

«Нұрлы жол- болашаққа бастар жол»

Ол жайында не білесіңдер?

2014-2015 жылдарға 500 миллиард теңгеден екі транш бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын.Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын мына мақсаттарға бағыттауды тапсырамын.

1-ші Шағын және орта бизнесті,оған 100 миллард теңге бөлінді.

2-шіБанк секторын сауықтыру үшін 2015 жылы 250 миллард теңге көлемінде капиталдандыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.

3-ші Жаңа инвестицияларды тарту үшін 2015 жылғы «құрғақ порттың» 1-ші құрылысын аяқтауға,«Қорғас Шығыс қақпасы» және Атырау мен Тараздағы«Ұлттық индустриялық мұнай химия технопаркі» 81 миллиард теңге бөлінді.

4-ші «ЭКСПО-2017» қарсаңында Астана аэропортына 29 миллион теңге бөлуді тапсырды. 2017 жылға 7,1 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2015жылы -ұлттық тарихымызды қ\ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы.Қазақ хандығынығ 550 жылдығынКонституциямыздың 20 жылдығын,Ұлы жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

-Қ.Р.астанасы қалай аталады?

-Астана қаласына барғандарын бар ма?

Ендеше Астана қаласына саяхатқа шығайық.

Поэзия минуты

Алматы-бас қалам,Жас қала-Астанам.Жарасқан Әбдірашев

Коллаж «Менің Отаным Қазақстан»

«Егер де мен перзидент болсам---» эссе

6.Сабақты бекіту.

-Бала ескі жұрттан не тауып алды?

-Құмыра қайда, кімдерге жіберілді?

-Құмыраның бағалы зат екенін қалай түсіндіресің?

-Оның қандай құпиясы болуы мүмкін?

-Құмыра табылған орын туралы не айтар едің?

-Көне заттар қайда сақталады?

7.Үйге тапсырма беру.

«Құпияға толы көне құмыра» немесе «Көненің көзі» атты қиял-ғажайып әңгіме жаз. Көне құмыраның суретін сал.

Бағалау.

«Ел болашағы-білімді ұрпақ» деген болатын елбасы Н.Назарбаев.Ел бірлігі -біздің барша табыстарымыздың кілті.Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойын және халықаралық «ЭКСПО-2017» көресін табысты өткізіп,еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз.Еңселі елдің елеулі азаматы болып,сабақты жақсы оқып,бір-бірімізге қамқор болып,жақсы азамат болып жетулеріңе тілектеспін,-деп сабақты аяқтау.



© 2010-2022