Дүниетану пәнінен өзара жаттықтыру әдістемесі бойынша кұрастырылған дидактикалық материал (1-4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А. М.Апсаликова



Дүниетану пәнінен (1-4 сынып)

өзара жаттықтыру әдістемесі бойынша кұрастырылған дидактикалық материал.



Ұжымдық оқыту технологиясының өзара жаттықтыру әдістемесі бойынша жұпта жұмыс істеу алгоритмі


  1. Жұмыс істеу үшін өзіңе жұптас тап

  2. Жұптасыңа өз карточкаңның 1-ші тапсырмасын жауабын айтпай оқы. Өз карточкаң бойынша жұптасыңның жауабын тексер.

  3. Егер жұптасың дұрыс жауап берсе, карточкаңның 2-ші тапсырмасын оқып, жауабының дұрыстығын тексер. Егер жұптасың дұрыс жауап бермесе, тапсырманы тағы қайтала. Жұптасың бірнеше рет қателессе, оған дұрыс жауапты айт. Т.с.с.

  4. Жұптасыңмен рөлмен ауыс. Оның карточкасындағы тапсырмаларына жауап бер.

  5. Өз карточкаңды алып, өзіңе басқа жұптас тап. Онымен 1-5 пункттер бойынша жұмыс істе.



Дүниетану. Өзара жаттықтыру. 1сынып.


  1. Айналадағы дүние.

ӨЖ-1.

  1. Табиғатты нелер құрайды ?

Аспан, ай, күн, жұлдыз, тау, тас, өзен, көл, ағаш, бұта, аң, құс.

  1. Табиғат құбалыстарына нелер жатады ?

Жел, жауын-шашын, қар, жаңбыр, бұршақ, қырау, боран, қардың еруі, судың тасуы, найзағай, күн күркіреуі.

ӨЖ-2.

  1. Табиғат заттарын ата. Тау, тас, ағаш, бұта, шөп, аң, құс.

  2. Тірі табиғат: Адам, жануар, өсімдік, құс.

  3. Өлі табиғат: Жер, су, ай, күн, жұлдыз, ауа, күннің жылуы, жарығы.


ӨЖ-3.

  1. Адам қолымен жасалатын заттарды ата: Парта, үй, ...

  2. Адам қолымен жасалатын құбылыстар:

Машина айдау, трамвай жүргізу, электр жарығы, т.б.

  1. Күндізгі құбылысты ата:

Күн шығып, әлемге жарығын шашады. Жер беті жап-жарық болады.

ӨЖ -4.

  1. Күн көзінің жарығы деген не ? Күннен тараған сәуле.

  2. Түнгі көріністі ата:

Түн - қараңғы. Түнде ай туады, жұлдыз шығады. Ай сәулесінен де жер бетіне жарық түседі.

  1. Адам көптеген заттарды неге қарап жасады ?Мысал келтір.

Адам көптеген заттарды табиғаттан үйрену арқылы жасады.Мысалы : жаңбырға қарап - егістікті жауындатып суару, құсқа қарап ұшақ, балықтарды зерттеп, сүңгуір қайық жасады.


  1. Адам дегеніміз - мен және басқалар.

ӨЖ -1.

  1. Көз не үшін керек ?

Адам көзбен қарап көреді. Көру арқылы заттың түсін, мөлшерін, пішінін, түрін ажыратады.

2. Есту мүшесін ата.

Құлақ - есту мүшесі. Кез келген дыбысты құлақ арқылы естиміз.

3.Иіс сезім мүшесін ата. Иіс сезу мүшесі - мұрын.

III. Табиғат өзгерістері.

ӨЖ-1.

1.Ауа температурасын өлшейтін құрал. Термометр.

2.Төрт тұсты ата. Солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс.

3.Жылдың төрт мезгілін ата. Қыс, көктем, жаз, күз.


IV. Өсімдіктер.

ӨЖ-1.

1.Өсімдіктер тобын ата: Ағаш, бұта, шөп.

2.Өсімдік мүшелерін ата. Дің, бұтақ, жапырақ, гүл, бүршік, жеміс, тамыр.

3.Шөптекті өсімдіктің мүшелерін ата. Жапырағы, гүлі, сабағы, тамыры.

ӨЖ -2.

1.Жеміс неден пайда болады ? Жеміс гүлден пайда болады.

  1. Өсімдіктің ұрпағын ата. Тұқым.

3.Түйнек деген не ?

Түйнек - қоректік заттың жиналуынан топырақ арасындағы сабақтың жуандаған бөлігі.

ӨЖ -3.

  1. Тамыржемістер деген не ? Тамыржемістер - қоректік заттың жиналуынан жуандаған өсімдік тамыры.

  2. Пиязшық деген не ? Тығыз оралып өскен жапырақ.

  3. Өсімдіктер не арқылы көбейеді ? Өсімдіктер тұқым, түйнек, басқа да мүшелер арқылы көбейеді.

V. Өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер.

ӨЖ-1.

  1. Адамның күзгі еңбегін ата. Астық ору, бастыру, астықты тасу, қамбаға құю, көкөністер жинау, тағамдар дайындау, жеміс ағаштарын , бұталарын отырғызу, шөп шабу.

  2. Адамның қысқы еңбегін ата. Қар тоқтату, ауыл шаруашылық машиналарды жөндеу, көктемгі егіс жұмысына дайындалу.

  3. Адамның көктемгі еңбегін ата. Көкөніс егілетін жерді дайындау, көкөніс көшеттерін топыраққа отырғызу, егісті, көкөністі суару, күту.

VI. Жануарлар.

ӨЖ-1.

  1. Төрт түлік малдарға нелер жатады ? Түйе, жылқы, сиыр, қой. ешкі.

  2. Жабайы құстарды ата . Қырғауыл, шымшық, ұзақ, дуадақ, тырна, бөктергі, т.б.

  3. Үй құстарын ата. Тауық, үйрек, қаз, күркетауық.

ӨЖ-2.

  1. "Қосмекендіге" не жатады ? Бақа жатады.

  2. Жорғалаушыларға нелер жатады ? Кесіртке, жыландар.

  3. Бунақденелілерге нелер жатады ? Қоңыздар, шыбындар, масалар, құмырсқалар, көбелектер.

VII. Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер.

ӨЖ -1.

  1. Қыста ұйықтайтын аңдарды ата: борсық, аю, кірпі.

  2. Азық жинайтын: тиін, тышқан, саршұнақ.

  3. Қандай құстарды "Жыл құстары" дейді ? Күзде жылы жаққа кетіп, көктемде қайтып оралатын құстарды "жыл құстары" дейді.

  4. "Жыл құстарын" ата. Тырна, қаз, үйрек, қарлығаш, шағала, тоқылдақ, аққу, бұлбұл, т.б.

ӨЖ -2.

  1. Қыстайтын құстарды ата. Торғай, қарға, сауысқан, көгершін, суықторғай, шымшық, алақарға, құр.

  2. Киіктің лағын қалай атайды ? Құралай.

  3. Балық пен бақаның балалары қалай аталады ? Уылдырық.

  4. Балық, шабақ, итшабақ немен қоректенеді ? Су өсімдігімен, майда жәндіктермен.


ӨЖ-3.

1.Кесіртке мен жылан жұмыртқасын қай жерге салады ? Күн көзі жақсы қыздыратын жерге.

2. Бақаның қандай пайдасы бар ? Бақа өсімдікке зиян келтіретін бунақденелілерді құртып, пайда келтіреді. Оларды қорғау керек.

ӨЖ -4.

1. Дернәсіл деген не ? Жәндіктер мен жануарлардың белгілі кезеңде жұмыртқадан жарып шыққан сатысы.

2. Түлкінің күшігі қалай аталады ? Күшік, жаутаң, жәутік, мыршай.

3. Аю баласы қалай аталады ? Қонжық.

ӨЖ -5.

1. Еліктің баласы. Лақ.

2. Арқар баласы. Қозықа.

3. Бұғы, бұлан баласы. Бұзауқа.

ӨЖ -6.

  1. Қоянның баласы. Көжек.

  2. Тиін баласы. Тиін.

  3. Қасқыр баласы. Бөлтірік.

ӨЖ -7.

1.Жазда құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады ? Құстар балапан өргізеді. Олардың азығы мол болады.Құстар балапандарына ұшуға, су құстары суда жүзуге, жауларынан сақтануға үйретеді.

2. Жазда бунақденелілер немен қоректенеді ? Жазда бунақденелілер өсімдік жапырағымен, сабағымен қоректенеді.

VIII. Қоғам.

ӨЖ -1.

1. Отбасын кімдер құрайды ? Ата, әже, әке, шеше, ұл, қыз - бәрі қосылып отбасын құрайды.

2. Мекенжай деген не ? Әр отбасының тұратын жері.

3. Көше деп нені атайды ? Көлік жүретін жолдар кең болады. Оны "көше" дейді.

4. Көше қиылыстары деген не ? Көшелер бірін-бірі кесіп өтеді.Оны "көше қиылыстары" дейді.

ӨЖ -2.

1. Мектеп деген не ? Балаларға білім беретін мекеме.

2. Ауылда қандай мекемелер бар ? Мектеп, кітапхана, балабақша, мәдениет үйі, аурухана, т.б.

3. Қазіргі кезе жолаушылардың қандай көлікпен жүргені тиімді, неге ? Алас жерлерге ұшақпен үшу тиімді - тез жетеді. Бірақ, өте қымбат. Автобуспен, поезбен жүру оған қарағанда арзан.

ӨЖ -3.

  1. Алматы қаласында қандай даңғылдар бар ? Әл-Фараби, Абай, Абылай хан атындағы даңғылдар.

  2. "Ата заң" деген не ? Адам құқығын қорғайтын заң.

  3. Қазақстан Республикасының Елбасы кім ? Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

ӨЖ-4.

1. Адам құқығын қорғайтын заңдарды кім шығарады ? Парламент.

2. Дүние жүзі елдері қолдайтын ортақ заңдар мен ережелерді ата. "Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларация" және "Балалардың құқықтары жайлы конвенция".

ӨЖ -5.

  1. Адам құқықтарының декларациясында не туралы айтылған ? Жасөспірімдерді ерекше қамқорлыққа алу қажеттігі туралы айтылған.

  2. Балалардың құқықтарын қорғайтын конвенцияда не деген ? Бастауыш мектепте ақысыз білім алу құқығы бар деген.

ӨЖ -6.

1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы деген не ? Жер жүзіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым.

2. Баланың қандай құқығы бар ? Бала өмір сүруге, өсуге, білім алуға, демалуға, бос уақытын пайдалануға, мәдени өмірге, қоғам өміріне араласып, пікірін еркін білдіруге, сөз, ар, дін бостандығына құқығы бар.

Дүниетану. 2 сынып.

I. Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы.

ӨЖ -1.

1. Айналадағы дүниеге не жатады ? Табиғат, адам, адам қолдан жасаған заттар, құбылыстар.

2. Адам өміріне не қажет ? Ауа, су, тағам, жылу, жарық.

3. Адам жылуды, жарықты, ауаны, суды , тағамды қайдан алады ? Табиғаттан.

ӨЖ -2.

  1. Жылу мен жарық неден таралады ? Күннен.

  2. Су көзі нелер ? Өзен, бұлақ, құдық.

  3. Адам өміріндегі зиянды қылықтарды ата. Еріншектік, жалқаулық, жауапкерсіздік.

ӨЖ -3.

  1. Адам өміріне қажет әрекет, ол ... Еңбек.

2. Нан дастарханға келу үшін қандай мамандықтардың еңбегі қажет ?

Инженердің, тракторшының, диқаншының, комбайыншының, жүргізушінің, диірменшінің, наубайшының, дүкеншінің.

3. Айналадағы дүниеден әрбір адам өзіне қажеттің бәрін алады. Сондықтан әр адамның борышы, ол ... Айналадағы дүниеге қызмет ету.

ӨЖ -4.

1. Қандай қауіп жағдайлардан сақтану керек ? Өрттен, оттан күю, қолын, аяғын жарақаттау, суға кетіп қалу, транспорттан мертігу т.б.

2. Адамның дені сау болып, қуанышты көңіл күйде жақсы өмір сүруіне мүмкіндік беретін ең қажетті жағдайларды ата. Жақсы, таза тамақтану, таза ауамен тыныс алу, таза су ішу, үнемі қозғалыста болып, еңбектену, ойнау, қыдыру, адамдармен достық, жолдастық, сыйластық қарым-қатынаста болу.


  1. Табиғат.

ӨЖ -1.

1. Көкжиек деген не ? Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңестік "көкжиек" .

2. Көкжиек сызығы деген не ? Аспан мен жердің астасқан жерінен ойша сызық жүргізсек , оны қөкжиек сызығы дейміз.

3.Көкжиектің қатар аралық тұстарды ата. Солтүстік-Батыс (С-Б),Оңтүстік-Батыс (О-Б), Солтүстік-Шығыс (С-Ш), Оңтүстік-Шығыс (О-Ш).

ӨЖ -2.

1. Компас деген не ? Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.

2. Компастың құрылысын сипатта. Дөңгелек сағат тәрізді құрал. Оның ішінде жылжымалы тілі бар. Тілдің бір ұшы - көк, екінші ұшы - қызыл. Тіл дөңгелек қораптың ортасына орнатылған.Дөңгелек қорапта көкжиек тұстары С,З,Ю,В әріптерімен (негізгі төрт тұстың орыс тіліндегі атауының бірінші әріптері ) белгіленген. Бұл негізгі көкжиек бағыттары.

ӨЖ -3.

1. Сұлба дегеніміз не ? "Сұлба" дегеніміз кіші заттың алатын орны.

2. Масштаб деген не ? Белгілі бір заттың көлемін кішірейткенін көрсететін санды "масштаб" дейді.

3. Жердің сұлбасы кімге керек ? Пайдалы қазбаларды зерттейтін мамандарға, құрылысшыларға, туристерге, т.б. керек.



ӨЖ -4.

1. Ауа қандай болады ? Ауа түссіз, мөлдір, орын алады, ауа сығылыды, серпіледі, жануды қолдайды, ауасыз от жанбайды.

  1. Ауаның маңызы туралы айт. Ауаның орын алуы, серпімділігі,жеңілдігі шаруашылыққа пайдалы.

  2. Ауа болмаса не болар еді ? Ауа болмаса, күннен түскен қызу жер бетін күйдіріп кетер еді. Күн сәулесін ауа жан-жақты таратады.

ӨЖ -5.

1. Судың қасиеттерін ата. Су түссіз, мөлдір, иіссіз, су сұйық, кез келген пішінге ие бола алады, жабысқақ, буға, мұзға айналады.Су -еріткіш.

2. Судың пайдасы туралы айт. Беті-қол, ыдыс, төсек-орын жуу, еден, терезе тазарту, ас пісіру, шөлдегенде ішу, ауладағы өсімдіктерді суару, малдарға су беру, ауланы таза ұстау, т.б.

ӨЖ -6.

1. Су қандай күйінде кездеседі ? Сұйық, қатты, газ күйінде.

2.Судың адам өміріндегі пайдасы туралы қосымша не білесің ? 1.Су -адамның еңбектегі көмекшісі (Мысалы: егін суғару, фабрика, заводтарда). 2. Су - қозғаушы күш (кемелер, қайық, паровоздар). 3. Су -жол қатынасы (кемелер, қайықтар жүзеді, ағаш ағызады). 4. Судың бұзушылық күші бар (тасқын, тасқынның түрлері, теңіз даулы ).

ӨЖ -7.

1. Топырақ деген не ? Жердің бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ, жұмсақ қабат.

2. Топырақта не бар ? Су, ауа, саз, құм, шірінді.

3.Тас пен топырақтың айырмасын айт. Тас қатты, ал топырақ борпылдақ. Топырақта басқа да қосындылар бар. Таста өсімдік өспейді.

  1. Топырақтың қандай түрлерін білесің ? Сазды топырақ, құмды топырақ, құнарлы топырақ.


  1. Өсімдіктердің тіршілігі.

ӨЖ -1.

1. Қандай ағаштарды білесің ? Емен, қарағай, қайың, тал, шырша.

2. Қандай бұталарды білесің ? Тобылғы, итмұрын, жыңғыл, қараған.

3. Қандай шөптекті өсімдіктерді білесің ? Селеу, жусан, бидайық, жоңышқа, шоңайна, бақбақ, бетеге.

4. Өсімдіктердің қандай шақтары бар ? Балауса шағы, жапырақ жаю, жетілген шағы.

ӨЖ-2.

1. Тамырдың өсімдік тіршілігіндегі маңызы қандай ?

Тамыр -өсімдіктің негізгі және жер астындығы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және топырақтағы ылғалға еріген минералдық тұздарды сіңіріп, өсімдікті қорекпен қамтамасыз етеді.

2. Тамырдың қандай түрлері болады ? Кіндік, шашақ, жанама тамырлар.




ӨЖ -3.

1. Сабақтың атқаратын қызметі қандай ? Сабақ өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен жалғастырып, біртұтас ретінде тіршілік етуін қамтамасыз етеді.Ол тамырдың топырақтан сіңірген қоректік заттар ерітіндісін жер үсті мүшелеріне (жапыраққа, бүршіктер мен гүлдерге, жемістерге), жапырақта түзілген қоректік заттарды тамырларға жеткізеді.

2. Сабақтың қандай түрлері бар ? Қатты, жұмсақ, иілгіштері бар. Тік және жерге төселіп өсетін сабақтар бар.

ӨЖ-4.

1. Жапырақ өсімдікке не үшін қажет ? Жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады.Өсімдік бойындағы артық су жапырақ арқылы буланады. Буланған жапырақ өсімдікті салқындатып тұрады.

2. Жапырақтар неге сарғаяды ? Жапырақта "хлорофилл" деп аталатын заттар бар. Салқын түскен кезде хлорофилл жойылады. Оған себеп - күн көзі қызуының азаюы. Сондықтан жапырақтар бозарады, қурап сарғаяды.

3. Жапырақтың қандай пішіндері бар ? Жүрек тәрізді, ине тәрізді, жұмыртқа тәрізді.

ӨЖ -5.

1. Жеміс деп нені атаймыз? Өсімдіктердің бізге тартатын сыйы.

2. "Гүл түйіні" деп не аталады ? Өсімдік жетіліп өсе келе гүлдің түбі түйінделеді.

Бұл "гүл түйіні" деп аталады.

3. Тұқымның қандай түрлері болады ? Қатты, жұмсақ, ұшуға икемді, қанатты, үшкір, үлпілдек, т.б.

ӨЖ -6.

1. Құрғақ жемістерге мысал келтір. Жаңғақ, бидай, тары, бұршақ, т.б.

2. Шырынды жемістерге: Қызанақ, қияр, қауын, қарбыз, т.б.

3. Өсімдіктің өсуіне керекті жағдайлардың бірі, ол Су.

ӨЖ -7.

1. Топырақ неден пайда болады ? Топырақтың ең негізі тау жыныстарының бұзылып үгілуінен пайда болады.

2. Топырақты құнарлыға айналдыру неге байланысты ? Шіріндінің топырақ бойына түсуіне байланысты.

3. "Тыңайту" дегеніміз не ? Өсімдікке керекті қоректік заттарды топыраққа қосымша араластыру. Олар: көң, құстардың саңғырығы, қарашірік, шымтезек.

ӨЖ -8.

1. Өсімдіктің судан басқа қандай жағдайлар қажет ? Ауа, жылу, жарық.

2. Өсімдіктің тыныс алуға қандай мүшелер қатысады ? Жапырағы, тамыры, сабағы .

3. Өсімдіктердің тіршілік ету мерзімдерін ата. Бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық.

ӨЖ-9.

1. Көбею дегеніміз не ? Әр өсімдіктің өзі сияқты ұрпақ қалдыруы. Сол өсімдіктің санын көбейту.

2. Өсімдік не арқылы көбейеді ? Тамырсабақ, түйнек, пиязшық арқылы, мұртша, қалемше (сабақтың бір тұтамы) , көзше арқылы, жапырақтан және түбін екіге ажырату арқылы да көбейту болады.

3. Өсімдік тұқымдары қандай жолдармен таралады ? Желмен, сумен, адаммен, жануарлармен, т.б. жолдармен.


  1. Жануарлардың тіршілігі.

ӨЖ -1.

1. Жануарлар- тірі ағза. Сондықтан олардың тіршілігіне не керек ? Ауа, қорек, жылу, су, жарық.

2. Жыртқыш аңдарды ата. Жолбарыс, қасқыр, сілеусін, мысық.

Жыртқыш құстар. Бүркіт, жапалақ.

3. "Жемтік" деген сөз неге қатысты айтылады ? Жыртқыштың аузына түсіп құрбан болатын тірі жануарға қатысты айтылады.

ӨЖ -2.

1. Жануарлар қорек түрлеріне қарай неше топқа бөлінеді ? Оларды ата. Өсімдіқоректі, бунаққоректі, етқоректі.

2. Жауынан қорғанудың түрлерін ата (рең). Бүркеніш, қорғаныш, сақтандырғыш рең.

3.Бүркеніш рең, қорғаныш рең, сақтандырғыш рең деген не ? Мысал келтір.

Көбелектер мен шегірткелердің бейімделігі - бүркеніш рең, ызылдақ қарашыбындікі -қорғаныш рең, қанқыздың бейімділігі сақтандырғыш рең деп аталады.

ӨЖ-3.

1. Құмырсқа илеуінде қандай "бөлмелер" бар ? "Балалар бөлмесі", "Азық-түлік сақтайтын бөлме", "Ана құмырсқа бөлмесі", "Бейіт бөлмесі", "Емдеу бөлмесі".

2."Қызыл кітаптың" мақсаты қандай ? Тірі табиғаттың кейбір бөліктерінің құрып бара жатқаны туралы адамға ескерту, оларды Заңмен қорғанудың қажеттігі туралы екенін түсіндіру.


  1. Отан.

ӨЖ -1.

1. Қазақстан Республикасының Әнұраны дегеніміз не ? Бұл - Отанның ең басты әні.

2. Отанның ең басты кітабы бар. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы.

ӨЖ-2.

1. Тудың түсі неге көгілдір ? Көк түс - бірлікті, бұлтсыз, ашық аспанды, бейбітшілікті, аман-есендікті бейнелейді.

2. Алтын күн шұғыласы ненің символы ? Тыныштық, байлық, шұғыла - Қазақстанды мекендеген бүкіл ұлттардың достығы.

3. Қалықтап ұшқан дала бүркіті нені бейнелеген ? Жомарттық, қырағылық, ойдың биіктігі, ұшқырлығы.

ӨЖ -3.

1. Конституцияның 5 бабында не туралы айтылған ? Басқаны қинауға, оған қатал қарауға,кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ.

2. Конституцияның 12 бабында не туралы айтылған ? Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, жазысқан хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ деп айтылған.

ӨЖ -4.

1. Конституцияның 19 бабын айт. Әрбір адам өз пікірі болуына және ойындағысын еркін айтуға құқықты.

2. Конституцияның 26 бабында не туралы айтылған? Сенің мектепке баруға, ақысыз оқуға және мамандық алуға құқығың бар. Мектеп бала қабілетін жан-жақты дамытып көмектесуге, адамдарды, олардың құқығы мен бостандығын сыйлауға, өзара түсіністікке, бейбітшілікке және халықтар арасындағы достыққа баулуға тиісті.

ӨЖ -5.

1 . Астана бұрын қалай аталған ? Ақмола, кейіннен Целиноград, 1992 жылдан бастап қайтадан Ақмола, 1998 жылдың 6 мамырынан Астана деп аталады.

2. Қаланың іргесі қашан қаланды ? 19 ғасырдың бас кезінде әскери бекініс ретінде қаланды.

ӨЖ -6.

1. Көмірлі өлкені ата. Қарағанды қаласы.

2. Шахтер деп кімді атайды ? Шахтада жұмыс істейтін адамдарды "шахтер" деп атайды.

3. Тас көмір бассейні деген не ? Тас көмір жатқан алқапты тас көмір бассейіні деп атайды.

ӨЖ -7.

1. "Қара алтын" деп нені атайды ? Мұнайды.

2. Мұнай мен газ еліміздің қай жерінде көп шығады ? Маңғыстауда.

3.Каспий теңізінде қандай балықтар бар ?

Бекіре, қызылбалық, қортпа, сазан, табан, ақбалық, майшабақтар.

ӨЖ -8.

1.Адам не үшін өсімдік шаруашылығымен айналысады ?

Тамақ өндіреді, малды азықпен қамтамасыз етеді, өнеркәсіпке қажетті өнімдер алады.

2. Бидайдың қандай түрлері бар? Көктемде жаздық бидай, күзде топырақ арасында қыстап шығатын күздік бидай.

3. Қызылшадан не жасайды ? Қант.

ӨЖ -9.

1. Мақтадан не жасайды ? Талшықтан жіп иіріп, жіптен мата тоқиды , матадан киім тігеді.

2. "Ақ алтынды" аймақты ата. Оңтүстік Қазақстан облысы (мақта өсіреді).

3. Екі мәрте батыр атағын алған ұшқышты ата. Талғат Бигельдинов.

ӨЖ -10.

1. Қазақстанның тұнғыш ғарышкерлері кімдер ? Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев.

2. Етікті неден жасайды ? Былғарыдан. Ал былғары мал терісінен алынады.


Өзара жаттықтыру әдісі. 3 сынып.

I.Адам - табиғат перзенті.

ӨЖ - 1.

1. Адам денесі қандай бөліктерден тұрады ? Бас, мойын, кеуде, қол, аяқтан.

2. Адам денесіндегі негізгі мүшелерді ата. Қанқа сүйек, бұлшық ет, ас қорыту, тыныс алу, қан айналымы, сезім мүшелері, жүйке жүйесі.

ӨЖ-2.

1. Тері қандай қызметін атқарады ? Қорғаныш қызметін.

2. Ол дене мүшелерін неден сақтайды ? Түрлі жарақаттан, соққыдан, күюден, үсуден.

ӨЖ-3.

1.Теріде нелер бар ? Саңылаулар.

2. Олар не үшін қажет ? Саңылаулар арқылы терінің бетіне аздап май шығады. Ол теріні жұмсартып, құрғап кетуден сақтайды. Саңылаулар арқылы дене тыныс алып, тер бөлінеді. Термен бірге ағзадан зиянды заттар сыртқа шығады. Ыстық кезде тер көп бөлінеді де, адам денесі салқындайды.


ӨЖ -4.

1. Адам денесінің тірегі не ? Қаңқа.

2. Адам қаңқасы қандай сүйектерінен тұрады ? Бас, кеуде, қол, аяқ сүйектерінен.

3. Бас сүйек пен жақ сүйек бір-бірімен қалай байланысады ? Шықшыт буыны арқылы.

ӨЖ - 5.

1. Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады ? 33-34 омыртқадан.

2. Омыртқа жотасының өзегінде не орналасады ? Жұлын.

3. Адамда қанша жұп қабырға бар ? 12 жұп қабырға.

4 .Адам қабырғалары денеде қалай орналасқан, олар нені құрайды ?

Қабырғалардың артқы жағы омыртқаларға, алдыңғы жағы төс сүйекке бекіп, кеуде қуысын құрайды.

ӨЖ - 6.

1. Кеуде қуысында қандай мүшелер орналасқан ? Өкпе, жүрек.

2. Құрсақ қуысында қандай мүшелер орналасқан ? Ішек, асқазан, бауыр, бүйрек.

3. Адамның қолы қандай сүйектерінен тұрады ? Қары, білек, алақан сүйектерінен. Қол қарының бас жағы жауырынмен жалғасады, оның тоқпан жілігі, білекте -кәрі жілік пен шынтақ сүйек, алақанда - саусақ сүйектері болады.


ӨЖ - 7.

1. Аяқ қандай сүйектерінен құралады ? Сан, балтыр, табан сүйектерінен. Санда - ортан жілік, балтырда - асықты жілік пен шыбық сүйек болады. Табан майда сүйектерден тұрады.

2. Қолдың және аяқтың сүйектері бір-бірімен не арқылы жалғасады ? Буын арқылы.

ӨЖ - 8.

1. Адам денесіндегі бұлшық еттердің негізгі қызметі . Сүйектерді қимылдатады.

2.Адам денесінің қай жерлерінде бұлшық ет бар ?

Баста, мойында, кеудеде, қолда, аяқта, жүректе, басқа да ішкі ағзаларда.

3. Бұлшық ет сүйекке не арқылы бекиді ? Сіңірлер арқылы.

ӨЖ-9

1. Қимылдағанда бұлшық ет қалай өзгереді ? Жиырылады, созылады.

2. Бұлшық еттерді қалай жетілдіріп, дамытуға болады ?

Дене еңбегімен, дене шынықтыру, спортпен үнемі шұғылдану.

II. Қан айналысы мүшелері.

ӨЖ - 1.

1. Жүрек қай жерде орналасқан ? Кеуде қуысының сол жағында.

2. Жүректің қызметі қандай ? Оның қызметі сорап сияқты: жүрек жиырылғанда қан күшпен қан тамырларға айдап шығарылып, солардың тарамдалған арнасымен адамның барлық мүшелеріне тарайды; созылғанда жүрек мүшелерді аралап қайтқан қанға толады. Келесі жиырылғанда ол қан тамырларға қайтадан айдап шығарылады.

ӨЖ- 2.

1. Тамырдың соғуы деген не ? Қанның жүректен қан тамырларына күшпен айдап шығарылу серпіні бірден қан тамырларына беріледі. Оны тамырдың соғуы дейді.

2. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады ? 1 минутта 60-80 рет соғады.

ӨЖ- 3.

1. Қан тамырларының қандай түрлері бар ? Ірі қан тамырлары, ұсақ қан жүлгелері.

2. Қан ағзада қандай қызмет атқарады ? Қан ағзаға қажетті қоректік заттар мен оттегін тасымалдау және оны зиянды заттардан тазарту қызметін атқарады .

ӨЖ - 4.

  1. Қан кеткенде көрсетілген алғашқы жәрдем қандай болады ?

Қан кеткенде: жарақат төңірегіндегі теріні дәрімен зарарсыздандырып, тазартады және таза дәкемен байлап тастайды.

Мұрыннан қан кеткенде: танауды саусақпен қысып, басты сәл шалқайтып ұстау керек.Танауға вазелинмен майланған мақта тығып, саусақпен қысып ұстаса да болады. Қан көп кетсе, дереу дәрігер шақыру керек.

III. Тыныс алу мүшелері.

ӨЖ - 1.

1. Өкпе дененің қандай бөлігінде орналасқан ? Кеуде қуысында.

2. Өкпе неше бөліктен тұрады ? Екі бөліктен: оң жақ өкпе, сол жақ өкпе.

3. Өкпе қандай қызмет атқарады ? Ағзаны оттегі мол таза ауамен қамтамасыз етіп, зиянды көмір қышқыл газынан тазартып отырады.

ӨЖ- 2.

1. Тыныс алу мүшелерін ата. Кеңірдек, қолқа, өкпе.

2. Тыныс алу қалай болады ? Қабырғалар жоғары көтеріліп, кеуде қуысы, оған ілесіп өкпе кеңиді. Таза ауа өкпеге ауа жолдары : мұрын қуысы, кеңірдек және осы кеңірдектен тарамдалып екі өкпеге жалғасатын шеміршекті түтікшелер, қолқа арқылы енеді.

3. Тыныс шығару қалай жүреді ? Тыныс шығарғанда қабырғалар төмен түседі, кеуде қуысы тарылады, өкпе сығылып кішірейеді. Өкпедегі көмір қышқыл газы шеміршекті түтікшелер, кеңірдек, мұрын қуысы арқылы сыртқа шығарылады.

IV . Ас қорыту мүшелері және олардың қызметі.

ӨЖ- 1.

  1. Ас қорыту мүшелерін ата.Ауыз,жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек, бауыр, ұйқы және сілекей бездері.

2. Асқазаннан және ішектен ас қорытатын нелер бөлінеді ? Сөлдер бөлінеді.

3.Қорытылып еріген тамақ денеге қалай тарайды екенін айтып бер.

Қорытылып еріген қоректік заты ащы ішек қабырғаларынан қанға араласып, қан тамырларымен бүкіл денеге тарайды.

ӨЖ -2.

1. Тістің күтімі туралы айт. - Жаңғақтың, өріктің сүйегін тіспен шағу, сүйек кеміру немесе қатты кәмпиттерді көп жемеу . Тісті таңертең және ұйықтар алдында пасталы тіс щеткасымен тазарту. Ас ішкен соң ауызды жылы сумен шайып отыру.

2. Тамақтану гигиенасы туралы айт. Белгілі бір мезгілде тамақтану. Ас ішерде қолды сабындап жуу. Көкөніс, жеміс-жидектерді міндетті түрде жуып жеу. Әркімнің ас ішетін өз ыдысы болу керек. Астан соң қолды жуып, ауызды шаю.

V. Жүйке жүйесі.

ӨЖ - 1.

  1. Жүйке жүйесі қандай бөлімдерден тұрады ? Мидан, жұлыннан, жүйке тамырларынан.

  2. Жүйке жүйесінің қызметі қандай ? Жүйке жүйесі адам денесіндегі әр түрлі мүшелердің үйлесімді қызмет атқаруын, ағзаның біртұтас іс-әрекетін қамтамасыз етеді.

ӨЖ - 2.

  1. Жүйке жұмысының шаршауы адамның қандай жағдайға әкелуі мүмкін ?

Жұмыс істеу қабілетінің төмендеуіне, дене мүшелері қызметінің бұзылуына әкеп соғады.

2. Жүйке жүйесінің шамадан тыс шаршауын болдырмау үшін қандай гигиеналық талаптарды сақтау қажет ? Белгілі бір уақытта тамақтану. Белгілі бір уақытта ұйықтау. Түскі астан соң дем алу. Таза ауада серуендеу.Өз шамасы жететін, қолынан келетін дене еңбегімен айналысу.


  1. Сезім мүшелері.Сезім мүшелерінің гигиенасы.


ӨЖ- 1.

1. Көру мүшесі қалай аталады ? Көз.

2.Көздің қорғанышы нелер? Кірпік, қабақ, қас.

3.Адам көз арқылы нені ажыратады ? Заттың пішінін, түсін, мөлшерін.


ӨЖ-2.

1. Көру мүшесін қалай сақтау керек ? Жазғанда жарықтың сол жақтан түскені дұрыс. Оқығанда кітап, дәптер көзден 30-35 см қашықтықта болуы керек. Жасыл түс көзге пайдалы.

2.Жатып оқуға, алагеуім жарықта оқу, жазу көзге зиян, оны бұзады. Күн сәулесіне, электр шамының жарығына тік қарауға болмайды. Көзді кір қолмен, кір орамалмен сүртуге болмайды. Үшкір заттардан сақтау.

ӨЖ - 3.

1. Есту мүшесін ата. Құлақ.

2. Құлақтың адам үшін қандай маңызы бар ? Әр түрлі шуды, сыбдырды, музыканы, құстардың әсем әнін, сөзді, т.б. алуан дыбыстарды құлақпен естиміз.

ӨЖ - 4.

  1. Құлақты қалай сақтау керек ? Неден сақ болу ?

Құлақты үшкір нәрсемен шұқымау. Құлаққа қиқым түссе немесе шыбын-шіркей кіріп кетсе дәрігерге барып алдыру. Суық тиюден сақтау. Қатты шудан аулақ болу.

  1. Гигиеналық талаптарды орындамаған адам қандай кемістікке ұшырауы мүмкін ?

Дабыл жарғағы тесілсе, зақымданса саңырау болып қалуы мүмкін.

ӨЖ - 5.

  1. Мұрынның адам үшін қандай маңызы бар ? Адам мұрнымен әр түрлі иісті ажыратады. Ол иістің неден шығып жатқанын біледі.

2. Иіс сезу мүшесін қалай сақтау керек ? Иісті жақсы сезу үшін мұрынды таза ұстап, оны суық тиюден сақтау керек. Суық тиген адам тұмауға шалдығады, иіс сезу қабілеті нашарлайды.Сондықтан тұмауды дірігердің кеңесін орындай отырып емдеу керек. Шылыммен әуестенбеген жөн.

ӨЖ - 6.

1. Тілдің адам үшін қандай маңызы бар ? Заттардың дәмін тіл ажыратады.

2. Дәм сезу мүшесін қалай сақтау керек ? Таныс емес өнімдерді ауызға салуға болмайды. Ондай өнім улы болуы да мүмкін.Асты өте ыстық немесе тым суық күйде ішуге болмайды.Суық тиюден сақтану, шылым шекпеу.Суық тигенде дәрігерге көрініп, емделу керек.

ӨЖ - 7.

1. Терінің қандай маңызы бар ? Адам денесін қаптап тұратын тері қорғаныш қызметін атқарады. Заттың пішіні мен мөлшерін, қандай материалдардан жасалғандығын анықтаймыз. Тері - сипап сезу біздің денемізді көптеген қауіп-қатерден, зақымданудан сақтауға көмектеседі.

2. Зағип адамдар туралы не айта аласың ? Зағип адамдарда қол саусақтарының ұшындағы теріде сипау сезімі жақсы жетілген, осындай сезімнің арқасында олар айналадағы әр түрлі заттарды танып, біледі.

VII . Табиғатты адам қалай зерделейді ?


ӨЖ - 1.

1. Бақылау әдісі деген не ? Табиғат заттары мен құбылыстарын тікелей көріп, ұстап, дыбысы болса тыңдап, естіп зерделеу жолдарын бақылау әдісі дейміз.

  1. Тәжірибе -эксперимент әдісін дұрыс жүргізу үшін нені білу керек ?

Тәжірибе әдісінде де тәжірибені немен, не үшін, қалай, қашан қойып, жүргізу қажет екені алдын ала, шамамен анықталып, ойластырады.

ӨЖ-2.

1. Ауаның температурасын өлшейтін аспап. Термометр.

2. Уақытты өлшейтін аспап. Сағат.

3. Сағаттың қандай түрлері бар ? Құм сағат, күн сағат, су сағат.

4. Уақыт өлшемдерін ата. Сағат, минут, секунд.

ӨЖ -3.

  1. 1 сағатта неше минут бар ? 60 минут.

  2. 1 минутте неше секунд бар ? 60 секунд.

  3. 1 тәулікте неше сағат ? 24 сағат.

ӨЖ - 4.

1. 1 аптада неше тәулік ? 7 тәулік.

2. 1 айда неше апта ? 4 апта.

3. 1 жылда неше ай бар ? 12 ай.

4. Табиғат денелері мен құбылыстарын зерделеуге қандай математикалық өлшемдерді пайдаланады ? Градус, сағат, минут, секунд, сантиметр, метр, шақырым, тонна, центнер, килограмм, грамм, миллиграмм.

VIII. Денелер. Заттар. Құбылыстар.


ӨЖ-1.

1. Дене деген не ? Адамды жан-жағынан қоршаған нәрселердің бәрі дене деп аталады.

2. Дененің қандай түрлерін білесің ? Екі түрі: табиғи және жасанды.

3. Табиғи денелерді ата. Күн, ай, жұлдыз, бұлт, тас, аң, құс.

4. Жасанды денелерді ата. Үй, машина, үстел, орындық, доп, т.б.

ӨЖ - 2

  1. Тірі табиғаттың өлі табиғаттан қандай айырмашылығы бар ?

Тірі денелер қоректенеді, өніп-өседі, ескіріп, қартаяды, өледі. Ал өлі денелер қоректенбейді, өніп-өспейді, көбеймейді.

  1. Тірі табиғатқа және өлі табиғатқа мысалдар келтір.

Тірі: адам, жануар, өсімдік, құс. Өлі: ауа, бұлт, құм, тас.

ӨЖ - 3.

1. Кез келген дене неден тұрады ? Заттан.

2.Заттарды бір-бірінен қандай қасиеттерге қарай ажыратуға болады ?

Қатты, жұмсақ, тәтті, ащы, серпімді, т.б.

ӨЖ - 4.

1. Табиғат құбылыстары деген не ? Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады.

2. Қандай табиғат құбылыстарын білесің ? Ағаштың өсуі, қартаюы, құлауы, шіруі, жан-жануарлардың өсуі, көбеюі, өлуі,күннің шығуы, батуы, аспанды бұлт торлауы, жауын-шашын, күн күркіреуі, үгілу, қар еруі, су тасуы.

ӨЖ - 5.

1. Географиялық карта деген не ? Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесін географиялық карта дейді.

2. Картада не көрсетіледі ? Картада жер бетінің үлкен бөлігі - тұтас облыс, мемлекет немесе бүкіл жер шары көрсетіледі.

  1. Сұлбадан картаның қандай айырмашылығы бар ?

Сұлбада жер беті егжей-тегжейлі бейнелейді, картада жеке көшелер, шаршылар, үйлердің орнына елді қоныстың бір-ақ шартты белгісі қойылады. Бұлақ, жылға, құдық сияқты ұсақ заттар түсірілмейді.Бұған себеп - сұлба шағын жерді қамтиды.

Өж - 6.

1. Физикалық карта деген не ? Өзен, көл және жер бедері бейнеленген картаны физикалық карта дейді.

2. Саяси-әкімшілік карта деген не ? Мемлекеттер мен олардың бөліктері көрсетілген картаны саяси-әкімшілік карта дейді.

3. Табиғат аймақтарының картасында не көрсетіледі ? Ол картада орман, дала, шөл және басқа да табиғат аймақтарының таралуы көрсетіледі.

IX . Ауа.

ӨЖ -1.

1. Жер бетінде ауа қалай таралған ? Ауа барлық жерде бар: кез келген заттың қуысында, топырақта, суда, денемізде.Бірақ біз ауаны көрмейміз, өйткені ол түссіз, мөлдір.

2.Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның қандай маңызы бар ?

Ауасыз жан-жануар тіршілік ете алмайды, өсімдік шықпайды. Адам тамақ ішпей бес аптаға жуық, сусыз бес тәулік өмір сүре алады. Ал ауасыз бірнеше минутта-ақ өліп кетеді.

ӨЖ - 2.

1. Жел деп нені атайды ? Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды.

2. Желдің күші мен бағытын бақылайтын құрал. Желбағар (флюгер).

3.Желдің бағытын қарапайым әдіспен де анықтауға болады. Ол үшін не істеу керек ?

Ол үшін кішкене сырыққа байланған шүберекті көтеріп ұстау керек. Шүберектің желбіреуіне қарап желдің қай бағыттан соғып тұрғанын ажырату қиынға түспейді.

ӨЖ -3.

1. Тұман қалай түседі ? Көктемде немесе оңтүстіктен соққан жел жылы ауаны айдап алып келеді.Жылы ауа қар немесе тоңазыған топырақ бетімен жанасқанда салқындайды да, су булары су тамшыларына айналады. Ұсақ су тамшыларының шоғырлануынан жер бетіне тұман түседі.

2. Бұлт қалай пайда болады, оның қандай түрлері бар ? Жер бетінен жоғары көтерілгенде де ауа салқындайды. Оның құрамындағы бу ұсақ су тамшыларын бөліп шығарады. Олар шоғырланып бұлт құрайды. Оның түрлері: будақ бұлт, шарбы бұлт, қабат бұлт.

ӨЖ - 4.

1. Шық пен қырау қандай жағдайда түседі ? Жаз күндері күндіз булану күшті жүреді де, ауаға су булары көп жинақталады. Бұлтсыз, ашық түнде жер беті күндіз жинаған жылуынан тез айырылып, салқындап кетеді. Бұл кезде әлі де жылы қалпын сақтаған ауа салқын жер бетімен жанасқанда бойындағы су тамшыларын бөліп шығарады, яғни шық түседі.Күзде және қыста осындай жолмен қырау пайда болады.

2. Жер бетіне түсетін жауын-шашын қандай есебімен өлшенеді ? мм.

ӨЖ -5.

1. Ауа райы деген не ? Температура, қысым, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық, жел - ауа райының құбылыстары. Бәрінің жиынтығы ауа райын түзеді.

2. Метеорологиялық станцияларда қандай бақылаулар жүргізіледі ? Күн сайын белгіленген мерзімде ауаның температурасы, желдің күші мен бағыты, жауын-шашын, ауа қысымы, т.б. өлшенеді. Бұлардан басқа үлкен алқаптардағы бұлттылық жайын Жер серіктері фотосуретке түсіріп, бейнесін Жерге беріп отырады.Осылай жиналған мәліметтер арнаулы ауа райы карталарына түсіріледі.

ӨЖ -6.

1. Ауа қандай жолдармен ластанады ? 1. Фабрика, завод, жылу орталықтарынан шыққан көк түтіннен. 2. Автомашиналардан - бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.

2. Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда ненің маңызы зор ? Көгалдандырудың: ағаш отырғызу, гүлзарлар жасау, демалыс бақтарының көлемін кеңейту.

X. Су.

ӨЖ-1.

1. Жер шарының қанша бөлігін су алып жатыр ? Жер шарының төрттен үш бөлігін.

2. Табиғатта су неше күйде кездеседі ? Үш күйде: сұйық, қатты және газ күйінде.

ӨЖ-2.

1. Артезиан құдығы деген не ? Жүз метр және одан тереңдігі жер асты суын қалай алып пайдалану керек ? Ол үшін жер қыртысын бұрғылауға тура келеді. Егер су оны өткізбейтін екі қабаттың ортасында жатса, онда бұрғылағанда үлкен қысыммен атқылайды. Мұндай құдықты артезиан құдығы дейді.

2. Өзеннің бастауы деген не ? Өзеннің ағып шығатын жері бастауы деп аталады.

ӨЖ -3.

1. Арна деген не ? Уақытша пайда болатын ағыстардан ерекшелігі - өзен жер бетіндегі белгілі бір ойысты бойлап ағады. Ол арна деп аталады.

2. Өзеннің саласы деп нені атайды ? Жолда негізгі өзенге бүйірден басқа ұсағырақ өзендер келіп қосылады. Мұндай жолдан қосылатын өзендер негізгі өзеннің саласы деп аталады.

ӨЖ -4.

1. Жасанды көл деп нені атайды ? Суға тапшы құрғақшылық жерлерде қолдан көл жасалынады. Оны жасанды көл деп атайды.

2.Жасанды көл қалай жасалады ? Қолдан көл жасау үшін құрғақ сайдың алдына топырақ

үйіп, бөгейді. Көктемде еріген қар суы бөгетке жиналады.

XI . Тау жыныстары.

ӨЖ -1.

1. Тау жыныстары деп нені атайды ? Жер қыртысын толтырып жатқан денелер тау жыныстары деп аталады.

2. Тау жыныстары қандай түрлерге бөлінеді ? Қатты, сұйық, газ түрінде.

3. Тығыз тау жыныстарына нелер жатады ? Гранит, құмтас, тас көмір және т.б.

ӨЖ -2.

1. Құмтас қалай пайда болған ? Құмтас құм түйіршіктерінің бірігіп қатуынан пайда болған.

2. Граниттің қазақша мағынасы қандай ? Гранит қазақша "түйіршікті" деген сөз.

3. Гранит пен құмтас неге қолданылады ? Гранитті үйдің іргетасын, көпір тірегіш, ескерткіштер жасауға, әшекейлік мақсатқа пайдаланады. Құмтас құрылыс материалы ретінде, диірмен тасы, қайрақ ретінде де қолданылады.

ӨЖ - 3.

1. Майда тау жыныстарына нелер жатады ? Құм және саз.

2. Құм мен сазды қайда қолданылады ? құм елді мекендерді жабдықтайтын су қоймаларында ауыз суды сүзіп, тазартуға қолданылады. Мұнан басқа құмды цементпен қосып үй құрылысына пайдаланады, сазбен араластырып кірпіш құяды. Таза құмнан әйнек дайындайды.Саздан құм араластырып кірпіш құяды, отқа төзімді заттар, бағалыыдыс-аяқ, құмыралар жасайды.

ӨЖ -4.

1. Пайдалы қазбалар деген не ? Жерден қазып алынып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстары пайдалы қазбалар деп аталады.

2. Пайдалы қазба шоғырланған жер қалай аталады ? Кен орны.

ӨЖ - 5.

1. Кен деген не ? Металл және олардың қоспалары араласқан тау жынысы кен деп аталады.

2.Жердің терең қойнауындағыларына жету үшін не қазады ? Шахта.

3. Жер бетіне жақын жатқандары қалай алынады ? Ашық карьерден алынады.

ӨЖ -6.

1. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді ? Үш топқа: жанғыш, кен пайдалы, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.

2. Жанғыш пайдалы қазбаларға нелер жатады ? Тас көмір, мұнай, газ.

3. Мұнай мен газдың аса бай кен орындарын ата. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау.

ӨЖ -7.

1. Кен пайдалы қазбалардан не өндіріледі ? Темір, мыс, қорғасын, алюминий және басқа металдар.

2. Кен пайдалы қазбалар қай жерде көп шоғырланған ? Орталақ Қазақстанда : Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары.

3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардан қандай өнімдер алынады ? Тұз, фосфорит, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз.


ӨЖ -8.

1. Пайдалы қазбаларды қорғау үшін не істеу керек ? - кен орындағы пайдалы қазбаны қалдырмай, сарқа қазып алу керек; -пайдалы қазбаларды тасымалдау кезінде төгіп-шашуға болмайды; -пайдалы қазбаларды бүлінуден сақтау керек; пайдалы қазбаларды өңдеуге ысырапқа жол бермеу керек.

2. Пайдалы қазбаларды қорғауға өзің қандай үлесіңді қоса аласың ? Электр шамын

уақытымен өшіру, газды босқа жандырмау.

XII. Топырақ.

ӨЖ -1.

1. Топырақ деген не ? Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты "топырақ" деп аталады.

2. Қарашірік деген не ? Топыраққа қоңыр түс беретін өсімдіктер мен жәндіктердің қалдығы.

3. Топырақтың тау жыныстарынан басты айырмасы неде ? Құнарлылық - топырақтың тау жыныстарынан басты айырмашылығы.

ӨЖ -2.

  1. Құрамындағы қарашіріктің мөлшеріне байланысты топырақтың қандай түрлері бар ?

Қара топырақ, тұзды топырақ, сор топырақ.

  1. Қара топырақ біздің республикамыздың қай жағында көбірек таралған ?

Республикамыздың солтүстік өңірінде.

3. Сор топырақ қай жерде көп таралған ? Қазақстанның оңтүстігінде.

ӨЖ -3.

  1. Топырақты шайылудан қалай сақтайды ?

А) Таулы аудандарында орман топырақты шайылудан сақтайды ;

ә) тау етегі мен төбелерде жерді беткейге кесе көлденең жырту арқылы;

б) Ылғалды мол жинау арқылы. Ол үшін қыста қар тоқтату.

XIII. Өсімдіктердің көп түрлілігі.

ӨЖ - 1.

  1. Өсімдіктер өсетін ортаны ата. Ыстық, сусыз құрғақ жерде, суық, мұз, қар басқан тау басында, суда, ылғалы мол жылы жерде.

  2. Ағаш қандай ағза ? Тірі ағза.

  3. Ағаштың тіршілік үшін ең қажетті жағдайларды ата. Ауа, қорек, ылғал, жарық, жылу.


ӨЖ -2.

1. Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата. Жалбыз, күреңот, жоңышқа.

2.Ылғал сүйгіш өсімдіктердің қандай өзіндік ерекшеліктері бар ?

Тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген: жапырақтарында қақпақты саңылаулары болады.

ӨЖ -3.

1. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата. Жантақ, сүттіген.

2. Жантақтың ерекшеліктерін ата. Тамырдың ұзындығы 15-20 см. Жапырақтары ұсақ, әрі сирек, бұтақшалары тікенді.

3.Сүттігеннің ерекшеліктерін ата. Тамыры қысқа, тарамдалған, сирек орналасқан. Жапырақтары қалың, етті.Суды аз буландырады.

ӨЖ -4.

  1. Жылу сүйгіш өсімдіктерді ата.

Мақта, асқабақ, күріш, жүгері, қияр, үрмебұршақ.

2. Жылу сүйгіш өсімдіктерінің тұқымдарын топыраққа қай айда себеді ? Сәуір айында.

3. Олардың тұқымдары қандай температурада өнеді ? +150 , +200 температурада өнеді.

ӨЖ -5.

1. Суыққа төзімді өсімдіктерді ата. Бидай, сұлы, арпа.

  1. Суыққа төзімді өсімдіктердің тұқымдарын топыраққа қай уақытта себеді ? Ерте көктемде.


ӨЖ -6.

1. Жарық сүйгіш өсімдіктерді ата. Мақта, жүгері, жолжелкен, өгейшөп, қоңыраубас.

2. Мақтаны қалай егеді ? Мақтаны бір-біріне көлеңке түсірмейтіндей етіп егеді.

ӨЖ -7.

1. Көлеңкеге төзімді өсімдіктерді ата. Қырлышөп, қарғакөз.

2.Қандай өсімдіктер бірлесіп өседі ?

Емен - саумалдық, қынжыгүл, қырлышөп. Қайың - қойбүлдірген, қазтабан, қоңыраубас.Бетеге, көде -

итқонақ, жоңышқа.

ӨЖ -8.

1. Қандай біржылдық өсімдіктерді білесің. Бидай, күнбағыс, қызанақ, қияр, т.б.

2. Екіжылдық өсімдікті ата. Орамжапырақ.

3. Көпжылдық өсімдіктерді ата. Емен - 1000, 1500 ж. Қайың - 150 ж. Сарықараған - 50 ж.


ӨЖ - 9.

  1. Өсімдіктер әлемін сақтау үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр ?

Кесілген ағаштардың орнына жаңасын отырғызу, көшелерді, үй маңын көгалдандыру, ластанған ауаны, суды тазарту, одан әрі ластануды болдырмау.

XIV. Жануарлардың көп түрлілігі.

ӨЖ -1.

1. Жануарларды неше топқа бөлеміз ? Оларды ата. Жануарлар 9 топқа бөлінеді: бунақденелілер,

балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер, құрттар, жұмсақ денелілер, өрмекшілер.

2. Жануарлардың жер бетінде неше түрі бар ? 2 миллиондай түрі.

3. Жануарлар тіршілік ететін ортаны ата. Мысалдар келтір. Су, құрлық, топырақ арасында.

ӨЖ -2.

1. "Бұғықоңыз" жануарлардың қай түріне жатады ? Бунақденелілерге.

2. Бұғықоңыздың сыртқы бітімі туралы айт. Бұл қоңыздардың ішіндегі ең ірісі.

Басында бұғы мүйізіне ұқсас екі ірі өсінді бар. Түсі қоңыр.

3. Бұғықоңыздың мекен-ортасы, тіршілігі туралы айт. Қоңыз еменді ормандарда тіршілік етеді.Емен ағашының діңін зақымдайды. Содан ағып шыққан шырынмен қоректенеді.


ӨЖ -3.

1. Орамжапырақ ақ көбелегі туралы не білесің ? Көбелек гүл шырынымен қоректенеді. Гүл түйнегі түбіндегі шырынды ұзын тұмсығымен сорады. Гүлді көреді және оның иісін мұртшалары арқылы сезеді. Үш жұп аяғы бар.

2. Көбелектердің дернәсілі қалай аталады ? Жұлдызқұрт.

3. Жұлдызқұрт немен қоректенеді ? Ол орамжапырақ, шалқан сияқты көкөністердің жапырақтарымен қоректенеді. Оларға зор зиян келтіріп, өнімін азайтады.

ӨЖ -4.

1. Бал аралары қалай тіршілік етеді ? Олар топтасып, "отбасы" болып тіршілік етеді.

2. "Отбасы" туралы айт. Сипаттама бер. "Отбасында" бір ана-ара, ондаған мың жұмысшы аралар болады.Ана-ара жұмыртқа салады.Жұмысшы аралар қысқа арнап бал қорын дайындайды. Салқын түсе ұядағы барлық саңылауларды балауызбен сылап бітейді.

3. Адам қандай қауіпсіздік жағдайларды сақтау керек ? Бал арасының ұясына жақын барып, тиісуге болмайды. Олар тиіскен адамды жабылып, шағады. Шаққанда тері астына улы зат тарап, адам ауырады.

ӨЖ -5.

1. Ұлылар қайда тіршілік етеді ? Шөп, бұта, ағаш жапырақтарында, суда.

2. Жүзім ұлуы немесе бақ ұлуы немен қоректенеді ? Ағаш жапырақтарымен.

3. Дене құрылысын сипатта. Ерекшеліктері туралы айт. Денесі жұмсақ. Қауіпті сезсе

көз ілестірмей денесін жиырып, қауашаққа тығылады. Басының астыңғы жағында араға ұқсас

тістері бар тілі болады.Жапырақтың жұмсақ, етті бөлігін сол тілімен қырқып жейді.

ӨЖ -6.

1. Өрмеші "өрмекті" не үшін құрады ? Өрмекші өрмекті шыбын, ұсақ көбелек сияқтыларды аулау үшін құрады. Олармен қоректенеді.

  1. Өрмекші тәрізді улы жәндіктер де бар. Оларда ата. Бүйі, қарақұрт, кенелер.

  2. Олардан неліктен сақ болу керек ? Қарақұрттың уы адамды өлтіріп жібереді. Бүйі мен кененің шаққаны ауыр науқасқа ұшыратады.

ӨЖ -7.

1. Шұбалшын жәндіктердің қандай тобына жатады ? Құрттар тобына.

2. Олар қай жерді мекендейді ? Шұбалшын қарашіріндісі мол, ылғалы бар, қопсыған топырақты мекендейді.

3. Жауынқұрттың қандай пайдасы бар ? Жауынқұрттардың топырақтың құнарлылығын арттыруда зор маңызы бар. Оларды қорғау керек.


ӨЖ -8.

  1. Қазақстанда неше мемлекеттік қорық бар ? Оларды ата.

9 қорық бар: Алматы, Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын, Наурызым, Марқакөл, Алакөл,

2. Қорықтардың құрылу мақсатын ата. Еліміздің көрікті, бай табиғи аймақтарын өз қалпында сақтау, саны азайған өсімдіктер мен жануарларды қамқорлыққа алу, санын молайту, су құстары мамырлайтын және қыстайтын орындар мен балық уылдырық шашатын өзен-көлдерді қорғау мақсатында құрылған.

3. Қазақстанда "Қызыл кітап" нешінші жылы шықты ? 1977 жылы.


  1. Қоғам.

ӨЖ -1.

1. Неке деген не ? Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы.

2. Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған ? Конституцияның 27-бабында "Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады" деп көрсетілген.

3.Қазақ отбасының қалыптасқан қандай әдет-ғұрыптарды білесің ?

Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, кішінің тіл алғыштығы. Үлкендер - кішіге ақылшы, қамқоршы. Кіші - көмекші. Үй ішіндегі әр адам өз шама-шарқына қарай еңбек етеді.

ӨЖ -2.

1. Отбасының қорына нелер жатады ? Дүние-мүлік, үй, мал - осының бәрі отбасының қорына кіреді.

2.ҚР Конституциясында балалардың отбасына қамқорлық туралы не деп көрсетілген ?

"Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті" деп көрсетілген.

3. "Асар" деген не ? Үйленген баласын бөлек шығарарда бүкіл ағайындар жиналып келіп, жас отбасына үй салуға көмектеседі. Мұны "асар жасау" деп атайды.

ӨЖ -3.

1. "Қонақ" деген кім ? Бұл - арнаулы шақырылатын жора-жолдас, туыс-туған.

2. Қонақтың қандай түрлері бар ? Арнайы шақырылған қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ,


ӨЖ -4.

1. "Соғым басы" деген не ? Бұл қыстық соғымнан дәм татқызу. Біздің халық "Өле жегенше - бөле же" дейді. Бұл да үлкен кеңдіктің, жомарттықтың белгісі.

2. Балаға байланысты қандай салт-дәстүрлер бар? Шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу,

атқа мінер, тілашар.

ӨЖ -5.

1. Үйлену тойына байланысты қандай салт-дәстүрлер бар ? Құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру.

2.Мал сойса мүшелер: бас, жамбас, төс, асықты жілікті кімдерге тартылады ?

Қонақтың жасына, сол отбасының қатысына қарай бас пен жамбас көбіне құдаға, үлкен кісілерге, сыйлы адамдарға тартылады. Ал төс пен асықты жілік күйеуге, құйымшақ қыз-келіндерге беріледі.

ӨЖ -6.

1. "Денесі шыныққан" деп қандай адамды айтады ? Дені сау, күшті, төзімді, сырттан әсер еткен кез келген жағдайда шыдай алатын адамды айтады.Ондай адамның жұмыс істеу қабілеті де жоғары.

2. Спорттың қандай түрлері бар ? Жеңіл атлетика, шаңғы, футбол, волейбол, бокс, күрес, суға жүзу, стол теннисі, шахмат, дойбы, "У-шу", т.б.

3. Қандай ұлттық ойындарды білесің ? "Үлек пен тайлақ", "Ақ сандық, көк сандық", "Қашпа доп", "Көген тартыс", "Айгөлек", т.б.

ӨЖ -7.

1. Республикамызда қанша Оқушылар сарайы қызмет етеді ? 300-ден астам.

2. Қандай қалаларда балалар темір жолы бар ? Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда.

3.Онда оқушылар қандай қызметтерді атқарады ?

Бірі - машинист, бірі - жолсерік, пойызды тиісті жерлерде қарсы алушы, жолды қадағалаушы, билет сатушы, оны тексеруші, т.б.

ӨЖ -8.

1. Ауылдағы еңбек түрлерін ата. Егін егу, мал бағу, жеміс-жидек өсіру, балаларды оқыту, денсаулықтарын қадағалау, т.б.

2. Әдет-ғұрып деген не ? Адамдардың қоғамдық, тұрмыстық әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан қарым-қатынасы.

3. "Қымызмұрындық" дәстүрі туралы не білесің ? Бие байлап, алғашқы қымыз ашытылған соң екі-үш күн бойы жинаған қымызға ақсақалдарды, туыс-туғандарды, көрші-қолаңды шақырады. "Көпке бұйырсын !" деген тілекпен салтанатты түрде қымыз ұсынылады.


ӨЖ -9.

1. "Көлік" деп нені атаймыз ? Жүретін, ұшатын, жүзетін, жүйткитін, жалпы айтқанда, адамның мінуіне, жүк тасуына қызмет ететін машиналар мен жануарларды "көлік" дейміз.

2. Бір мезгілде ешбір көлік жүрмей қалса, не болар еді ? Қалаға жеткізілетін ауылшаруашылық

өнімдері: көкөніс, жеміс-жидек, астық, сүт, май, ет, қаймақ, ірімшік, сол сияқты тағамдар тұтынушылар қолына тимес аді, ...

ӨЖ - 10.

1. Қандай кәсіптік мерекелер бар ? Мұғалім, дәрігер, шахтёр күндері, шопан, қырман тойлары.

2.Ауыл шаруашылығының салаларына байланысты қандай тойлар өткізіледі ?

"Шопан тойы", "Қырман тойы" немесе "Сабан той" дейді.

3. Неліктен "Сабан той" дейді ? Өйткені оны егін әбден жиналып, қырмандағы астық қамбаларға құйылып біткенде барып тойлайды. Бұл кезде егін орнында тек бидайдың сабаны ғана қалады. Сондықтан да "Сабан той" дейді.

XVI . Біздің Отанымыз - Қазақстан.

ӨЖ -1.

1. Қазақстанды бұдан бірнеше жыл бұрын кімдер мекендеген ? Бұл өлкені қазіргі қазақ халқының негізін құраған тайпалар мекендеген.

2. Кең-байтақ өлкеміздің жер көлемі қанша ? 2,7 млн шаршы километр.



ӨЖ -2.

1. Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар ? Металл кендері, көмір, мұнай, газ, жер құнары - фосфорит, түрлі тұздар және басқа да сан алуан байлық мол.

2. Қазақстан неше елмен шектеседі ? 5 елмен шектеседі: Ресей, Қытай, Қырғызстан,

Өзбекстан,Түрікменстан.

ӨЖ-3.

1. Мемлекеттік Ту қандай жерлерге тұрақты орнатылады ? Мемлекеттік Ту Республика Президентінің сарайына, Парламенттің, үкіметтің, министрліктердің және басқа мемлекеттік мекемелердің, Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің ғимараттарына тұрақты орнатылады.

2. Мемлекеттің Елтаңбаның бейнесін қайдан көруге болады ? Мемлекеттік Елтаңба Туға, мөрге, металл ақшаға, мемлекеттік ғимараттарға салынады. Республика Президентінің жұмыс бөлмесінде, Парламент мәжілістері өтетін залда, орталық және жергілікті мемлекеттік мекемелерде, Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің үйіне Елтаңбаның бейнесі тұрақты орнатылады.

ӨЖ -4.

1. Мемлекеттік Әнұран қандай жағдайларда орындалады ? Әнұранның әсерлі үні салтанатты жиналыстар мен мәжілістерде шалқиды. Еліміздің өмірінде аса маңызды орын алған оқиғаларға арналған ескерткіш орнатылғанда Әнұран орындалады.Шет елдердің мемлекет басшыларын қарсы алғанда немесе шығарып салғанда оларға мемлекеттік Әнұран әуенімен құрмет көрсетіледі.

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын көпшілік алдында қалай орындалады ?

Міндетті түрде түрегеп тұрып тыңдайды. Әнұран мәтінін жаттап алып, салтанатты жағдайларда қосылып айту - әрбір азаматтың парызы.

ӨЖ -5.

1. Мемлекеттік тіл деген не ? Мемлекеттік тіл деп белгілі бір елдегі оның негізін құрайтын көпшілік халықтың тілі есептеледі.

2. Конституцияның 7-бабында тіл туралы не деп көрсетілген ? "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі" деп көрсетілген.

  1. Қазақстан Республикасының Парламенті "Тіл туралы" Заңын қашан қабылдады ?

1997 жылдың 11 шілдесінде.

ӨЖ -6.

  1. Еліміздің Конституциясының 36-бабында не туралы айтылған ?

"Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы" деп атап көрсетілген.

2. Республика Президенті неліктен Жоғарғы Бас Қолбасшы деп аталады ? Отанды қорғау үшін Қарулы Күштер ұйымдастырылады. Республика Қарулы күштерінің Жоғарғы қолбасшысы - Президент.


ӨЖ -7.

  1. Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанның ұл-қыздары ордендер және медальдармен марапатталды. Солардың саны қанша ?

100 мыңнан астамы .

2.Батыр атағын қанша жауынгер алды ? Оларды ата. 500-ге тарта жауынгер Батыр атағын алды.

Олар: Сұлтан Баймағамбетов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигельдинов және т.б.

3.Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Халық қаһарманы атанған кімдер ?

Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Бақтыораз Бейсекбаев.


ӨЖ - 8.

1. Неліктен Президент ел басшысы деп аталады ? Біздің мемлекетіміздің басшысы Президент деп аталады. Ол - ел басқару саласындағы ең жоғары лауазымды тұлға.Президент мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілеп отырады.

2.Нұрсұлтан Назарбаев ҚР тұңғыш Президенті болып қашан сайланды ? 1991 жылы 1 желтоқс.

ӨЖ - 9.

1. Заң шығарушы орган не деп аталады? Парламент.

2. Парламенттің құрамдас бөлігі туралы айт. Парламент екі палатадан, яғни құрамдас

бөліктен тұрады. Жоғарғы палата - Сенат, төменгі палата - Мәжіліс деп аталады. ҚР 1998 жылғы

7 қазандағы Заңы бойынша Сенат депутаттарының өкілеттігі мерзімі - алты жылға, Мәжіліс депутаттарының өкілеттігі мерзімі - бес жылға ұзартылды.

ӨЖ -10.

1. Үкімет қандай жұмыстар атқарады ? Оны кім басқарады ? Президенттің жарлығы мен өкімдерін, Парламент қабылдаған түрлі заңдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырып отырады. Үкіметті Премьер-Министр басқарады.

2.Үкімет құрамына қандай министрліктер кіреді ? Үкімет құрамына Денсаулық сақтау, білім және спорт, Қаржы, Қорғаныс, Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы, т.б. Салалық министрліктер кіреді. Олар -Үкімет мүшелері.

ӨЖ -11.

1. Қазақстан жерінде қанша қазақтар тұрады ? 8 миллион.

2. Қазақтар республика жерінен тыс қандай елдерде қоныстаған ? Ресейде, Қытайдың және өзбекстанның іргелес аудандарында, алыс шет елдерден Монғолияда, Түркияда, аздаған мөлшерде Иранда, Ауғанстанда қоныстаған. Жалпы саны 4 миллионнан астам.

ӨЖ - 12.

1. "Алтын адам" нешінші жылы және қайдан табылды ? 1969 жылы Алматы облысындағы Есік қаласының маңындағы қорғанда 7 м тереңдікте жерленген жас қазақ көсемінің сүйегі табылды.

2.Үш жүзді ата. Оларды кім басқарған ? Ұлы жүзді -Төле би, Орта жүзді -Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзді - Әйтеке би басқарған.

3.Үш жүздің басын біріктіріп, қуатты мемлекетке айналдыруға үлкен күш жұмсаған кім ?

Тәуке хан (1680-1718).

4. Тұңғыш заң жүйесі қалай аталды ? "Жеті жарғы" деп аталды.

ӨЖ -13.

1. Еліміздің тарихында Абылай ханның алатын орны қандай ? Абылай хан (1711-1780 ) - қазақ жерін жоңғарлардан түпкілікті тазарту жолындағы күресті басқарған.

2.Парламент "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Заң қашан қабылдады ? 1991 жылы 16 желтоқсанда

3.Бұл күн тарихқа қандай атпен енді ? Еліміздің "Тәуелсіздік күні" деген атпен енді.

ӨЖ -14.

1. Қызылорда облысының ең басты байлығы не ? Ақ күріш.

2. Күріш өсіруден дүние жүзілік рекорд жасаған кім ? Ыбырай Жақаев.

3. Күріштен қандай тағамдар жасалады ? Палау, күріш көже, күріш ұны, крахмал.

4. Сырдариядан ауланатын балық түрлерін ата. Сазан, жайын, аққайран, алабұға, көксерке.

ӨЖ -15.

1. Шығыс Қазақстан облысының негізгі байлығы неде ? Алтай тауын алып жатқан облыс жері өсімдікке, терісі бағалы аңға, пайдалы қазбаларға бай. Мұнда түсті металл кені өндіріледі. Ол кеннің құрамынан мыс, алтын, күміс бөлінеді. Сонымен қатар қалайы, қорғасын, қоңыр және тас көмір, әктас, отқа төзімді саз кен орындары бар.

2. Облыс орталығын айт. Өскемен.

3. Жерінде үлкенді-кішілі қанша өзен мен көл бар ? 400-ден астам өзен мен 82 көл де бұл аймақтың байлығы.

ӨЖ -16.

1. Күн көзіне шағылысып, жалтырап жатқан беті жылтыр, іші бор сияқты тас, ол гипс

2. Қабат-қабат боп жентектеле сынған тас, ол тақтатас

3. Күн көзіне ұстап көргенде сан құбылған тас, ол сутас - кварц

4. Бір жері көк-жасыл, енді бір жері сап-сары боп сан құбылатын қоңыр тас, ол мыс.

ӨЖ -17.

1. Мұнайды көп өндіретін мекен. Маңғыстау.

2. Маңғыстау облысының орталығы. Ақтау қаласы.

ӨЖ -18.

1. Қай жылдан бастап тың көтерілді ? 1954 жылдан бастап.

2. Ақтөбе облысында ақ тарының атасы болған кім ? Шығанақ Берсиев.

3. Қай облыстарда тың көтерілді ? Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары.

ӨЖ -19.

1. Қой өсіру шаруашылығы жақсы дамыған облыстарды ата. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда.

2.Жылқы шаруашылығы жақсы дамыған облыстарды ата. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары.

ӨЖ - 20.

1. Қазақстандағы Ғылым академиясы қашан құрылды ? 1946 жылы.

2. Оның тұңғыш президенті кім болды ? Қазақтың ұлы ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

3. Қазіргі таңда республикамызда қанша ғылыми мекемелер бар ? 300-ден астам ғылыми мекемелер. Онда 40 мыңнан астам ғылыми қызметкерлер жұмыс істейді.

4. Ғалымдардың зерттеуі не үшін керек ? Жер қойнауын зерттеп, түрлі пайдалы қазбалардың көзін ашады, ескі заман ескерткіштерін, құрып кеткен қалаларды тауып, зерттеп тарихымызға да үлес қосады.

XVII. Мәдениет пен өнер.

ӨЖ -1.

1. Қандай атақты күйшілерді білесің ? Құрманғазы, Тәттімбет, Дина, ...

2. Атақты әншілерді ата. Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Әміре Қашаубаев, ...

3.Қазақстанда қандай мұражайлар бар? Оларды ата. Семейде Абай Құнанбаевтың , Алматыда Мұхтар Әуезовтың, Сәбит Мұқановтың, Қарсақбайда Қаныш Сәтбаевтың, Алматы маңында Жамбылдың мұражайлары бар.

  1. Павлодар қаласында қандай мұражайлар бар ? Бұхар жырау, Өлкетану мұражайы, Музей "Под открытым небом", Әнші Майраның мұражайы,

ӨЖ -2.

1. "Абай жолы" роман-эпопеясын жазған кім ? Мұхтар Әуезов.

2. Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады ? Аңыз-ертегілер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, ...

3. Қазақ халқының жазба әдебиеті кімнен басталады ? Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсариннен.

ӨЖ -3.

1. Жалпы халықтық мерекелерді ата. 1 қаңтар - жыл басы, 22 наурыз - Наурыз мейрамы, 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні, 1 мамыр - Еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күні, 25 қазан - Республика күні, 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.

2. "Бата" деген не ? Шын көңілден үй иесіне, барлық отбасына арнап айтылған тілек.

3. Батаның қандай түрлерін білесің ? Ақ бата, асқа бата, жол жүрерде айтылатын бата, ..., ...

4. Батаны көбіне кімдер береді ? Ақсақалдар, аналар, әжелер


ӨЖ -4.

1. Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығын айт. Астана.

2. Астана республикамыздың қай жерінде орналасқан ? Қала Есіл өзенінің оң жағалауында, Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

Өзара жаттықтыру әдісі. 4 сынып.

I.Адам - қоғам перзенті.

ӨЖ -1.

  1. Адам қайдан, қалай пайда болуы туралы аңыздар бар ?

  1. Ертедегі египеттерде Құдай тағала алғашқы адамды балшықтан мүсіндеп, пеште қыздырып, одан кейін оған жан салып жаратқан деген аңыз тараған.

  2. Алла тағала өз құдіретімен әуелі жер-дүние, жан-жануарларды, одан кейін барып, топырақтан ең алғашқы адамды, яғни Адам Атаны жаратқаны айтылады.

  3. 19 ғасырда ағылшын табиғат зерттеушісі Чарльз Дарвин жер бетіндегі тірі ағзаларды жан-жақты зерттеп, адам мен адам тәрізді маймылдардың шыққан тегі бір, олар туыстас деген болжам жасады, бұған көптеген дәлелдер келтірді (дене құрылысындағы, қимыл-қозғалысындағы, мінез-қылығындағы ұқсастықтар).

ӨЖ -2.

1. Алғашқы адамның пайдаланған құралдары. Тас, таяқ, сүйек, аңның мүйізі.

2. Алғашқы адамдардың баспанасын ата. Үңгірлер, жер қыртысында қалған қазба қалдықтары.

3. "Адамды адам еткен" не? Еңбек.

ӨЖ -3.

1. "Мұз дәуірі" деп аталған кезеңді сипатта. Бұл дәуірде жердің солтүстік және оңтүстік өңірлерінде ауа райы күрт суытып кеткен, соның салдарынан ормандар жойылып, оның орнына далалы жерлер пайда болды.

2. Адам құс пен инеліктің ұшуын бақылап, не жасады ? Ұшақ, тікұшақ.

Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтарының орналасуын, құрылымын, т.б. зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды,құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды.

3. Тіршілігіміздің барлық саласындағы әр жаңалықтың басты себепшісі ол - адамдардың ақыл-ойы.

ӨЖ -4.

  1. "Әлемнің жеті кереметін" ата. Хеос пирамидасы, Семирамиданың аспалы бағы, Александрия манары, Зевс мүсіні, Галикарнас кесенесі, Родос алыбы, Артемиданың ғибадатханасы.

  2. Хеопс пирамидасы қай жерде орналасқан ? Мысырдың (Египет) астанасы - Каирдың оңтүстігінде .

3. Хеопс пирамиданың биіктігі неше метр ? 147 метр.

4. Пирамиданың қасында жартастан қашап жасалған денесі арыстан, басы адам бейнесіндегі тас мүсін қалай аталады ? Үлкен сфинкс.

ӨЖ -5.

1. Семирамиданың аспалы бағы қай жерде және кім салдырған ? Ежелгі Шығыстың ең ірі, дәулетті қаласы - Вавилонда, Семирамида атты ханым-патша салдырған.

2.Баққа сипаттама бер. Аспалы бақ 6 қабат үйдің биіктігіндей төбеге салынған. Көптеген қауғасы бар зор шығырды жұздеген құл күні-түні айналдырған. Аспалы баққа Ефрат өзенінен су шығарып, құйып тұрыпты.

ӨЖ -6.

1. Александрия манарының орналасқан жерін ата. Ніл өзенінің сағасында Фарос деген кішкене аралда.

2. Манар қашан салынған ? Біздің заманымызға дейінгі 327 жылы .

3. Манараның салу себебі ? Ол кемелерге жол көрсетіп тұруға арналды.

4. Манараны сипатта. Мұнараның ұшар басында 100 шақырым қашықтықтан көрінетін шырағы болған. Оны Сострат деген грек сәулетшісі салған.

ӨЖ -7.

1. Зевс мүсіні қай жерде орналасқан ? Олимпия қаласындағы Зевс ғибадатханасында орналасқан.

2. Бұл мүсінді кім жасаған ? Атақты мүсінші Фидий жасаған.

3. Зевс мүсініне сипаттама бер. Мүсіннің биіктігі 14 метр. Зевс оюлап және асыл тастармен әшекейлеп жасалған тақта отыр. Оның бет әлпеті мен кеудесі және қолы піл сүйегінен, көзі асыл тастардан жасалған. Зевстің шашы мен сақалы, басындағы зәйтүн жапырағын бейнелейтін гүлдесте таза алтыннан мүсіндеген. Зевстің оң қолында жеңіс құдайы әйелдің мүсіні және самұрық басты асатаяқ. Оның аяқ киімі де әшекейленіп алтыннан жасалған.

ӨЖ -8.

1. Галикарнас кесенесі қай жерде орналасқан ? Кіші Азияның Галикарнас қаласындағы (қазіргі Түркияның Бодрум қаласы).

2. Кесенені кім салдырған ? Кесенені Карий патшасы Мавсолға 4-ғасырдың ортасында патшайым Артемисия салдырған.

3. Кесенеге сипаттама бер. Биіктігі 60м-ге жететін бұл үш қабатты құрылыс кірпіштен тұрғызылып, ақ мәрмәрмен қапталған. Патша табыты 1-қабатта орналасқан, 2-қабат айналдыра мәрмәр бағаналар тізбегімен көмкерілген, 3-қабат баспалдақты пирамидаға ұқсас жасалған. Оның ұшар басында 4 ат жеккен күймеде отырған Мавсол патша мен Артемисия патшайым мүсіндері бейнеленген.

ӨЖ -9.

1. Родос алыбы мүсін-ескерткіші кімдердің құрметіне орнатылған ? Родос аралды аса күшті жаудан жанқиярлықпен қорғаған қаһарман ерлердің құрметіне орнатылған.

2. Мүсін неден жасалған ? Қоладан.

3. Биіктігі неше метр ? 36 метр.

ӨЖ -10.

  1. Грек құдай-анасы Артемиданың ғибадатханасының орналасу жерін айт. Кіші Азияның Эфес қаласы.

  2. Қашан тұрғызылған ? Біздің заманымыздан бұрын 6-ғасырда.

  3. Ғибадатханаға сипаттама бер. Ғибадатхана ағаш пен тастан шаршы үлгімен тұрғызылып, айналдыра екі қатар 127 бағаннан (колоннадан) тұратын тізбектермен қоршалған.

ӨЖ -11.

  1. Біздің елімізде тарихи құрылыс ескерткіштері мен өнер мұралары нешінші жылдан бастап

есепке алынап келеді ? 1953 жылдан бастап.

2. Қандай тарихи ескерткіштер жөндеуден өтіп, қалпына келтірілді ? Ахмет Йассауи кесенесі, Айша бибі, Жошы хан күмбездері, Бескүмбез мазары, Арыстан баб кесенесі.

3. Мәдени-тарихи өнер мұралары қалай қорғалады ? Мемлекеттік заңмен, халықаралық ережелермен қорғалады.



II.Табиғат.

ӨЖ -1.

1. Табиғатты зерттеу жұмыстарында қандай әдісті қолданады ? Бақылау әдісін.

2. Тікелей бақылауға келмейтін белгісіз құбылыстардың сырын ашу үшін арнайы нелер жасалады ? Тәжірибелер жасалады.

3.Табиғатты бақылаудың түрлерін айт. Аспан денелерін, ауа райын. өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігін, т.б. бақылау.


ӨЖ -2.

1. Бағдарлау деген не ? Көкжиек тұстарына байланысты бағытты анықтау

2. Көкжиек тұстарын тұсбағарсыз қалай табуға болады ? Күнге, Темірқазық жұлдызына, ағашқа, құмырсқаның илеуіне, т.б. табиғи белгілерге қарап шамамен табуға болады.

ӨЖ-3.

1. Біздің еліміз қалай аталады ? Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы деп аталады.

2. Қазақстанның жер көлемі қанша ? 2 миллион 724 мың шаршы километр .

3. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орын алады ? 9-орын.

4. Қазақстан қандай елдерінің арасында орналасқан ? Батыс пен Шығыс елдерінің арасында.

III . Құрлық беті.

ӨЖ-1.

1. Жазық деп нені айтады ? Оның қандай түрлері бар ? Жазық деп құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесте алқаптарын айтады. Жазықтар тегіс және төбелі деп бөлінеді.

2. Қандай жазықты төбелі жазық деп атаймыз ? Бетінде төбе көп кездесетін жазықты төбелі жазық деп атайды.

3. Төбелі жазық картада қалай көрсетіледі ? Төбелі жазық картада жасыл бояудың үстіне сарғыш дақтар түсіру арқылы көрсетіледі.

ӨЖ -2.

1. Төбелер бір-бірімен жалғаса тұтасып нені құрайды ? Қыратты.

2. Кейде үсті тегіс, бірыңғай қыратты жерлер кездеседі. Олар … Үстіртті жазықтар.

3. Жыра деген не ? Уақытша ағын судың әсерінен пайда болатын ұзынша ағыс.

4. Жыра неден пайда болады ? Жыра судың жер бетін жырып, тілемдеуінен пайда болады.

5. Жыраның сайдан қандай айырмасы бар ? Сайдың табаны тегіс, екі жақ беткейі түйетайлы келеді. Табаны мен беткейлерінде бұта, шөп өседі. Ал жыраның екі жақ беткейі тік жар, табанында өсімдік өспейді.

ӨЖ -3.

1. Тау деп нені атайды ? Жер бетінің ерекше биік тұстарын тау дейді.

2. Таулар физикалық картада қандай түспен көрсетіледі ? Таулар қошқыл қоңыр бояудың үстіне түскен ақшыл және көгілдір түсті реңмен көрсетіледі.

3. Таулар нелерден тұрады ? Тығыз әрі қатты тау жыныстарынан тұрады.

4. Қырат деген не ? Жер бетінің маңайындағы жазықтан оқшау көтеріліп жататын алқабы.

5. Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығы неде ? Таулар төбелер мен қыраттарға қарағанда анағұрлым биік болады. Олардың биіктігі бірнеше жүздеген, мыңдаған метрге жетеді.

ӨЖ -4.

1.Үгілу деген не ? Қатты тау жыныстарының бөлшектеніп, ұсақталуын үгілу деп атайды.

2. Қатты тау жыныстары қандай күштердің әсерінен бұзылады ? Температураның тәулік және жыл ішіндегі өзгерістерінің әсерінен, өсімдіктердің әсерінен.

3. Үгілген тау жыныстарын бір жерден екінші жерге нелер тасымалдайды ? Үгілген тау жыныстарын бір жерден екінші жерге мұздық, ағын су, жел тасымалдайды.

4. Мұздық деген не ? Құрлықта ұзақ уақыт жинақталып пайда болған, жылжымалы мұз шоғыры.

5. Мұздық тәулігіне неше метр жылжиды ? 1-5 метр.

ӨЖ - 5.

1. Жер беті адамның қандай әрекеттерінен өзгеріске ұшырайды ? Адам өзендерді бөгеп, су қоймаларын жасайды, жер қойнауын кеулеп, түрлі пайдалы қазбалар өндіреді. Жер суару үшін каналдар қазады. Осының бәрі жер бетінің табиғи қалпын бұзады.

2. Террикондар деген не ? Шахтадан көмір, темір, т.б. кен қабатына жеткенге дейінгі шыққан бос жыныстардың үйінділері. Латынша терра - жер, кон - конус.

3. Террикондардың қандай зияны бар ? Бос жыныстарға көмір ұнтағы араласып жататындықтан террикондар түтіндеп маңайды ауаны ластайды.

ӨЖ -6.

1. Қазақстан жерінде жазықтың қандай түрлері бар ? Тегіс жазық, биік, төбелі жазық

2. Шоқы деген не ? Басы сүйір келетін төбені шоқы деп атайды.

3. Тау жотасы деген не ? Ұзыннан созылып жатқан, бір-біріне қарама-қарсы беткейлермен шектелген қырлы жер бедері.

4. "Алатау" деген сөз қандай мағынаны білдіреді ? Тянь-Шаньның жазда да басынан қар кетпейтін жоталары ала болып жататындықтан "Алатау" деп аталады.


III.Пайдалы қазбалар.

ӨЖ -1.

  1. Кен деп нені айтады ? Мысал келтір. Металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстары. Мысалы: темір, мыс, қорғасын, алтын, алюминий, никель .

  2. Металл алу үшін ең алдымен кенді бос тау жаныстарынан бөліп алады. Ол қалай аталады ?

Ол кенді байыту деп аталады.

  1. Металдар қара және түсті болып бөлінеді. Оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады ?

Металдардан жасалған бұйымдарға магнитты жақындатып, байқау. Кейбіреулері магнитке тартылады, кейбіреулері тартылмайды. Магнитке тартылғандары - қара металдар, тартылмағандары - түсті металдар.


ӨЖ - 2.

1. Қара металл кендерінен қандай металдар қорытылып алынады ? Темір - шойын мен болат, магнитті теміртас, қоңыр және қызыл теміртас.

2. Темір кені картада қалай белгіленеді ? Ол картада қара үшбұрыш түрінде белгіленеді.

3. Темір кендерінің магниттік қасиетін немен анықтауға болады ? Тұсбағармен. Магнитті теміртасты тұсбағарға жақындатсаң, магнит тілі ойнақшып кетеді де, бір басы кенге қарай бұрылады. Қоңыр және қызыл теміртас магнит тіліне әсер етпейді.

  1. Қазақстандағы темір кені қорының 85 % -дан астамы қай жерде шоғырланған ? Қостанай облысында.

  2. Одан басқа қандай кең орындары бар ? Соколов-Сарыбай, Сарыарқаның әр жерінде, Солтүстік Арал маңында.

ӨЖ-3.

1. Түсті металдарды ата. Мыс, қорғасын, мырыш, алюминий, т.б.

2. Мыстың қандай қасиеті бар ? Одан нелер жасайды ? Электр тоғын жақсы өткізеді.Сондықтан мыстан электр сымы, электр машиналары мен бөлшектері жасалады. Телефон, телеграф байланысына пайдаланады.

3. Мыстың мырышпен қосындысы не болады ? Жез.

4. Қалайы, алюминий, никель және басқа металдармен қоспалары қалай аталады ? Қола.

5. Жезден не жасайды ? Одан сым, гильза, көркемөнер бұйымдарын, радиатор түтіктерін, сағат қорабын, кеудеге тағатын түрлі белгілер жасайды.

ӨЖ -4.

1. Қоладан не жасайды ? Ертеде қару-жарақ, еңбек құралдарын жасаған. Қазіргі кезде ол машина, ұшақ және зымырандардың бөлшектерін жасайды. Қоладан ескерткіштер құйылады.

2. Алюминийдің қандай қасиеттері бар ? Ол - күміс сияқты жарқыраған, ақ түсті, өте жеңіл , оңай иіледі, тоттанбайды, электр тоғын жақсы өткізеді.

3. Алюминийден нелер жасайды ? Қасық, шанышқы, түрлі ыдыс-аяқтар, электр сымдары, қоспаларынан ұшақ, ғарыш кемелерін жасайды.

4. Алюминий неден алынады ? Бокситтен алынады.

5. Боксит қай жерде және қалай өндіріледі ? Боксит Қостанай облысындағы Арқалық кен орнында ашық әдіспен өндіріледі.


ӨЖ -5.

1. Қорғасын қандай металл ? Сұрғылт түсті, өте ауыр және тапталғыш металл.

2. Қорғасынның қандай қасиеті бар ? Ол адамға өте зиянды радиация және рентген сәулелерін өткізбейді.

3. Қорғасынды не үшін пайдаланады ? Аккумулятор өндіруге, электр кабельдерінің

сыртын қаптауға, радиоактивтік заттарды сақтайтын қораптар, рентген кабинетінің құрал-жабдықтарын дайындауға пайдаланады.Ертеде шығыс елдерінде мүсіндер, үй жиһаздары, бертін келе бытыра, оқ жасаған.

ӨЖ-6.

1. Қорғасын мен мырыш қосылып, нені құрайды ? Полиметалл кенін.

2. Грек тілінде поли деген сөз қандай мағынаны білдіреді ? Көп деген сөз.

3. Мыс, алтын, күміс металдардың қосындысы полиметалға жата ма ? Жатады.

4. Тас көмір қандай зат ? Қатты, қара түсті зат.

5. Тас көмірдің түрлерін ата. Антрацит, кәдімгі тас көмір, қоңыр көмір.

ӨЖ -7.

1. Қарағанды кен орны ашқан кім және нешінші жылы ? Апақ Байжанов, 1833 жылы.

2. Қарағанда көмірі нешінші жылдан бастап өндіріле бастады ? 1856 жылдан бастап.

3. Қазақстанда тас көмір мен қоңыр көмір орындарының саны қанша ? 400-ден астам.

4. Мұнайдың иісі ненің иісіне ұқсас ? Жермайдың иісіне.

5.Мұнайды пештерде қыздыру нәтижесінде не бөлініп алынады ? Бензин, жанармай, жанатын газ.

ӨЖ -8.

1. Бензин, жермай ненің қажетіне жұмсалады ? Бензинді- ұшаққа, автомашиналардың моторына, жермайды - реактивтік ұшақтарға, тракторға, үй тұрмысы қажетіне.

2.Картада мұнайды, газды қалай белгілейді ? Қара түсті мұнара - мұнайды, ақ түстісі - газды көрсетеді.

3. Пайдалы қазбалардың құрамынан металл қорытып алынбайтындықтан оларды не деп атайды ? Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар деп атайды.

ӨЖ -9.

1. Ас тұзын қайдан өндіреді ? Көлден.

2. Әрбір адамның тамағына күніне қанша ас тұзы жұмсалады ? 20 грамм.

3. Тұздан қандай заттар алынады ? Сода, хлор.

4. Топырақты тыңайтуға тұздың қандай түрі жұмсалады ? Калий тұзы.

5. Тыңайтқыш алынатын қоңыр түсті тас, ол ... Фосфорит.

ӨЖ -10.

1. Халық арасында асбесті қалай атайды ? Тас зығыр.

2. Асбестің қандай қасиеттері бар ? Ол талшықты тау жынысы, отқа жанбайды, электр тоғын өткізбейді.

3. Асбобетон деген не ? Темірдің орнына асбест салынған құрылыс материалдары.

4. Қандай құрылыс материалдарын білесің ? Гранит, құмтас, әктас, ұлутас, саз, құм.

ӨЖ -11.

1. Әктастың неше түрі бар ? Бор, кәдімгі әктас, мәрмәр.

2. Олар бір-бірінен қалай ажыратылады ? Қаттылығына қарай.

3. Мәрмәрды не үшін пайдаланады ? Үйлерді әшекейлеуге, театр, мәдениет сарайы және басқа да ғимараттардың ішкі қабырғасын, әсем бағаналарын, баспалдағын, ескерткішін жасау үшін.Медицинада пайдаланады.

4. Ұлутас неден түзілген және не үшін пайдаланады ? Көне теңіз жәндіктерінің бақалшақтарынан түзілген. Оны ғимараттар қабырғасын қаптауға пайдаланады.

IV.Су.

ӨЖ -1.

1. Су неше күйінде кездеседі ? Үш күйінде : мұз, су және бу.

2. Салмағы 70 кг адамның денесінде неше килограмм су бар ? 50 кг.

3. Адам сусыз қанша уақыт шыдайды ? 1 апта ғана.

4. Су қабаты жер бетінің неше бөлігін алып жатыр ? Үштен екі бөлігін су, үштен бір бөлігі - құрлық.

ӨЖ -2.

1. Жер асты суларының негізгі көзі нелер ? Жауын-шашын, қар суы.

2. Бір терек жазда қанша суды буға айналдарыды ? 2000 литрге жуық суды.

3.Қазақстанның көптеген қалалары мен ауылдары жер астының қандай суын пайдаланады ? Тұщы суын.

4. Ол үшін не қазылады ? Құдықтар .

ӨЖ -3.

1. Минералды сулар деп нені атайды ? Жерге сінген су тау жыныстарындағы ән түрлі минерал заттарын ерітеді. Бұдан судың физикалық қасиеті өзгереді.Дәм және иіс пайда болады, жылынады.Жаңа қасиеттерге ие болған осындай жер астынан шығатын суларды минералды сулар деп атайды.

2. Арасан деген не ? Минералды жылы бұлақ.

3. Сарыағаштың шипалы суы нешінші жылы ашылды ? 1946 жылы.

4. Жер астынан шығатын минералды судың температурасы қанша ? 49-52 0 С.

ӨЖ -4.

1. Тұщы судың бір көзі ол ... Өзен.

2.Қазақстандағы өзендерінің адам өміріндегі маңызын айт. Үлкен өзендер - қатынас жолы, егістік суарылады, өзендерді ірі станциялар салынып, су күшінен электр қуаты өндіріледі.

3. Қазақстандағы үлкен-кішілі өзендерді ата. Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Сырдария, Іле, Нұра, Сарысу, Торғай, т.б.

ӨЖ -5.

1. Теңіз деп аталатын көлдердің ең үлкені. Каспий.

2. Дүние жүзіндегі ең терең көл . Байкал.

3. Аралдан кейінгі ірі көл . Балқаш.

4. Балқаштың суы қандай ? Судың бір жартысы тұщы, бір жартысы тұзды.

ӨЖ -6.

1. Адам тәулігіне қанша таза суды тұтынады ? 700 литрге дейін.

2. Суға қандай зиянды қалдықтар түседі ? Өнеркәсіптің, шахтаның, кен орындарының, мұнай өнеркәсібінің, су, темір жол және автомобиль көліктерінің, т.б. шайындылары. Шайындылар арқылы суға тірі ағзалар, қатты, сұйық, еріген газ күйіндегі қалдықтар барады.

3. Арал теңізіне қандай өзендер құяды ? Әмудария мен Сырдария.


V.Ауа және ауа райы.

ӨЖ -1.

1. Ауа деген не ? Түрлі газдардың қосындысы. Жер шарын жан-жағынан қоршаған тұтас қабат түзеді. Құрамы биіктік бойынша және бір жерден екінші жерге барғанда өзгеріске ұшырайды.

2. Ағзалар қалай тыныс алады ? Ағзалар тыныс алғанда ауадан оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады.

ӨЖ -2.

1. Оттегі ауаның қанша бөлігін құрайды ? Ауаның үштен бір бөлігін, 21 %.

2. Ауа қоспасындағы ең көп газ не ? Азот.

3. Азот ауаның қанша бөлігін алып тұр ? Үштен екі бөлігін, 78 %.


ӨЖ -3.

1. Ауа қабығы неше қабаттан тұрады ? Бірнеше қабаттан: су буы, газдар, ауасыз кеңістік.

2. Ауа қабаты болмайтын Айда күндізгі, түнгі температураларды ата. Күндізгі +120 0 С, түнгі -160 0С

3. Метеорит деген не ? (Грекше метеор - аспан құбылысы) планета аралық кеңістіктен Жерге келіп түсетін темір немесе тас дене.

ӨЖ -4.

1. Ауа райын нелер құрайды ? Ауаның төменгі қабатының температурасы, ылғалдылығы, қозғалдылығы, қозғалысы, жауын-шашынның мөлшері.

2. Ауаның ылғалдылығы деген не ? Ауадағы су буының мөлшері.

3.Аспан мен оның өзгерісін зерттеуші ғылым. Метеорология (грекше метеора - атмосфера, аспан құбылыстары және логос - ғылым ).

4.Атмосфераның жағдайына жүйелі түрде бақылау жүргізілетін мекеме. Метеорологиялық станция.

ӨЖ -5.

1. Ауа райын бақылау не үшін қажет ? Жұмысқа, мектепке ауа райына лайық киініп бару үшін, ауал шаруашылығы мамандарына, алыс сапарға көлік жүргізушілер үшін өте маңызды. Өсімдіктердің өсуі, мал басының аман сақталуы да ауа райына тәуелді.

2. Климат деген не ? (грекше клима - көлбеу) - белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық орташа жай-күйі.

3. Жауын-шагын ең аз түсетін жерлері. Арал теңізі мен Балқаш көлінің маңы.


ӨЖ -6.

1. Ауа қалай ластанады ? Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі газдар ұшып шығады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдығы шірігінде түзелетін газ заттары ауаға тарайды.Жылу электр

станциясынан, мұнай өңдеуден, металл өндіруден, көліктерден шығатын қалдықтардан ластанады.

2. Тұман қалай түзеледі ? Газ бен тозаңның араласуынан түзеледі.

3. Ауаны тазарту қалай жүзеге асырылады ? Ең тиімді жолы - көгалдандыру. Зауыттарға тазартқыш қондырғылар орнатылады. Автокөліктерден шығатын түтіннің жолына сүзгі қойылады. Сұйық отын газбен алмастырылады.

VI . Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары.

ӨЖ -1.

1. Көгал, шалғын деген не ? Шөптекті өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді -көгал, аумағы жағынан үлкендерін шалғын дейді.

2. Шалғын өсімдіктерін ата. Жусан, шалғындық жоңышқа, қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот, тышқанбұршақ.

3. Шабындық деген не ? Пішен дайындалатын шалғынды шабындық дейді.

4. Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер өседі ? Уқорғасын, сарғалдақ.


ӨЖ -2.

1. Шалғында қандай бунақденелілер бар ? Көбелектер, бал арасы, қоңыздар, көкшегірткелер, түкті аралар.

2. Шалғында қандай құстар кездеседі ? Бозторғай, бөдене, бүркіт, бөктергі.

3.Шалғында тіршілік ететін жануарларды ата. Шалғында ірі аңдар болмайды. Саршұнақ, көртышқан сияқтылар аз емес.


ӨЖ -3.

1. Даланың қандай түрлері бар ? Шалғынды дала, қуаң дала, егістік.

2. Дала өсімдіктерін ата. Сары гүлді қазжуа, жауқазын, қаражусан, көкпек, теріскен, боз, бетеге, жусан, қазжуа, ботагөз, мыңжапырақ.

3. Дала жануарларын ата. Суыр, борсық, дала тасбақасы, саршұнақ, тышқан, түлкі, қасқыр,

қарсақ, ор қоян, ақбөкен.

ӨЖ -4.

1. Шөлді жерлердің түрлерін ата. Құмды , сортаңды, сазды, тастақты шөлдер.

2. Шөл өсімдіктерін ата. Қызғалдақтар, ақ таспалар, жауқазындар, шырыштар, селеубояу, құмқарағанның шекілдеуігі, ақсексеуіл, жүзгін.

3. Шөл жануарларын ата. Қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық, сексеуіл жорға торғайы, құлақты кірпі, қосаяқ, тасбақа, сұр келес.


ӨЖ-5.

1. Күннің көзін және суды көп керек ететін өсімдіктерді ата. Күріш, мақта, жүгері, жүзім, қауын, қарбыз.

2. Күріш қай жерде өсіріледі ? Қызылорда облысында, Талдықорған өңірінде, Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Іле атырабында суармалы жерлерде.

3. Күріштің пайдасын айт. Азықтық дақыл, дәнінен крахмал алынады, сабағынан әр түрлі ыдыс, бас киімдер тоқылады.

ӨЖ -6.

1. Мақта қай жерде егіледі ? Оңтүстік Қазақстанда.

2. Тұқымнан ажыратылмаған мақтаны қалай атайды ? Шитті мақта.

3. Мақтадан не жасайды, қайда пайдаланады ? Жіп иіріледі, мата тоқылады, матадан әр түрлі киім, тұрмысқа қажетті бұйымдар тігіледі, май өндіріледі, күнжарасы - малға азық. Сабақтары - отынға пайдаланады.


ӨЖ -7.

1. Жүгері қай жерде өсіріледі ? Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлерде.

2. Оның шыққан жерін ата. Оңтүстік, Орталық Америка.

3. Жүгерінің қандай қасиеттері бар ? Бұл бағалы дақыл. Жүгерінің көк балауса сабақтарын машинамен жинап, сүрлем жасайды. Оны мал сүйсініп жейді. Сүрлем жеген сиырдың сүті молаяды.

4. Жүзім қай жерде өсіріледі ? Қазақстанның оңтүстігінде.

ӨЖ -8.

1. Бақша өсімдіктерін ата. Қауын, қарбыз, асқабақ.

2.Бақша шаруашылығы қай жерде жақсы дамыған ? Қызылорда облысының Сырдария өзенінің бойында.

3.Елімізде қандай мал шаруашылықтары бар ? Қой, ірі қара (сиыр), жылқы, ешкі, түйе, бұғы, құс.

4. Адам малды қандай өнімдері үшін өсіреді ? Сүт, жүн, тері, ет, май, мүйіз, сүйек -негізгі өнімдер.


ӨЖ -9.

1. Орман өсімдіктерін ата. Қайың, көктерек, шырша, қарағай, қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, балшатыр, айдаршөп, қоғажай.

2.Орман жануарларын ата. Сілеусін, борша тышқан, тиін.

3.Орман құстарын ата. Тоқылдақ, көкқарға, шымшық, жапалақ.

ӨЖ -10.

1. Тоғай өсімдіктерін ата. Терек, тораңғы, шеңгел, ұшқат, түрлі жидектер.

2.Тоғай жануарларын ата. Бартоғай бұғысы, доңыз (жабайы шошқа), елік, қасқыр, түлкі.

3.Тоғай құстарын ата. Мысықторғай, жамансары, т.б.



ӨЖ -11.

1. Қорық деген не ? Табиғи жағдайын өзгеріссіз сақтау үшін ұйымдастырылған ерекше қорғауға алынған аумақ.

2. Қазақстанда неше қорық бар ? 9.

3. Қандай өсімдіктер "Қызыл кітабына" енгізілген ? Оларды ата. Жабайы долана, жабайы алмұрт, арша, майқарағай, т.б.

4.Қандай жануарлар қорғауға алынған ? Қара кірпі, көксуыр, құндыз, қызыл қасқыр, сусар, сілеусін, барыс, арқар, қоқиқаз, ұлар, ақтырна, дуадақ, безгелдек, тарғақ, бұлдырық, бүркіт, лашын және т.б.

ӨЖ -12.

1. Су қоймасы өсімдіктерін ата. Қалың құрақ, шоқ-шоқ қоға, қамыс, сары тұңғиық, су аққугүлі,

балықот, балдырлар.

2. Суда қалқып жүретін өсімдіктерде тамыр бола ма ? Жоқ.

3. Су өсімдіктерінің жапырақтарында саңылаулар бар ма ? Жоқ.

4. Қоректік заттарды олар қалай сіңіреді ? Суда еріген қоректік заттарды бүкіл денесімен

сіңіреді.

ӨЖ -13.

1. Су қоймасының жануарларын ата. Инеліктер, суаршындар, сүңгуір қоңыз, тоспа ұлуы, сазқұндыз, кәмшат, құндыз.

2. Су қоймасында қандай құстар бар ? Қаз, үйрек.

3. Инеліктің дернәсілі қайда тіршілік етеді ? Суда.

4. Ол немен қоректенеді ? Жәндіктермен. Мысалы: итшабақ. Сондықтан ол жыртқышқа жатады.

ӨЖ -14.

1. Су қоймасының қандай жануарлары қорғауға алынған ? Жұпартышқан, құндыз, қара күзен.

2.Құндыздарды қорғауға алынған кешенді қорық қашан және қай жерде құрылды ?

1974 жылы, Жайық өзені аңғарында.

3. Қара күзен қай жерде кездеседі ? Жайық өзенінің сол жағалауында, Ақтөбе облысының кейбір өзендерінде.

4. Қорықтарда не істеуге тыйым салынған ? Суды ластауға, өсімдіктерді кесуге, шабуға, таптауға, аңдарды, құстарды, балықтарды аулауға рұқсат етілмейді.

ӨЖ -15.

1. Су қоймасының қандай құстары "Қызыл кітабына" енгізілген ? Бұйра бірқазан, сары құтан,

аққұтан, жалбағай, аққу, қарашақаз, шүрегей, т.б.

2. Қандай балық "Қызыл кітабына " енгізілген ? Арал албырты.

3.Арал албыртының негізгі тіршілік мекенін айт. Арал теңізі.

  1. Жоңғар Алатауы аймағындағы кейбір өзендерде тіршілік ететін, сирек кездесетін жануар, ол ... Жетісу бақатісі.

ӨЖ -16.

1. Таулы жер өсімдіктерін ата. Көктерек, қайың, тал, терек, шырша, қарағай, көктерек, ұшқат, ырғай.

2. Іле Алатауында қандай жеміс-жидектер өседі ? Жабайы алма, өрік, долана, мойыл, шырғанақ, қарақат, таңқурай.

3.Балды көп беретін өсімдіктердің бірі. Күреңот.

4. Омарта шаруашылығы жақсы дамыған жер, ол ... Алтай өлкесі.

ӨЖ -17.

  1. Тау алқаптарында тіршілік ететін жануарларды ата. Арқар, барыс, сілеусін, т.б.

  2. Қандай құстар бар ? Ұлар, қозықұмай, бүркіт, үкі, жапалақ, құр, шіл, тоқылдақ.

  3. Қандай таулы жер өсімдіктері мен жануарлары қорғауға алынған ? Бұғы-маралдар, арқарлар, таутекелер, қозықұмайлар, барыстар, т.б.

  4. 9 қорықтың қайсысы таулы өңірлерде орналасқан ? Алматы, Ақсу-Жабағылы, Катон-Қарағай, Марқакөл.


VII . Жер - Ғарыш денесі.

ӨЖ -1.

1. Жерге ең жақын жұлдыз. Күн.

2. Жұлдыздардың саны қанша ? Бірнеше миллион.

3. Планета деген не ? Планета -грекше адасушы жұлдыз деген сөз.

4. Планеталар қандай денелер ? Өзінен жарық шығармайтын салқын денелер.

5. Жердің серігі. Ай.

ӨЖ -2.

  1. Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері нені құрайды ?

Күн жүйесін.

2. Галактика деген не ? Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене мүйісі.

3. Ғарыштың құрамдас бөліктерін ата. Жұлдыздық жүйелер -галактикалар, олардың аралықтарындағы әлемдік бос кеңістіктер, әлемдік шаң-тозаң мен газ шоғырлары, әлемнің түкпір-түкпірінен тасқандап таралатын түрлі сәулелер.

ӨЖ -3.

1. Жерді қоршаған бүкіл дүние не деп аталады ? Әлем немесе Ғарыш деп аталады.

2. Ғарышқа жол қай жылы ашылды ? 1957 жылы 4 қазанда.

3. Ғарышқа алғаш рет ұшқан кім ? Юрий Гагарин 1961 жылы .

4. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім ? Тоқтар Әубәкіров. 1991 жылы.

5. "Ғарышкерлер күні " қашан ? 12 сәуір.

ӨЖ -4.

1. Күн деген не ? 9 ірі планетадан тұратын тұтас бір жүйенің, Күн жүйесінің орталығы, жұлдыздардың бірі, лаулап жанып тұрған газды шар.

2.Күн бетіндегі және қойнауындағы температурасы қандай ?

Беткі қабаты - 6000 0 , терең түкпірінде - 15 миллион градус.

3. Күн мен Жердің ара қашықтығы қанша ? 150 миллион км .

ӨЖ -5.

1. Таралу жылдамдығы секундына 300 000 км.

2. Күнің көлденеңі қанша км ? 1 400 000 км. Бұл жердің көлдененің 109 есеге жуық артық.

3. Күн қуаты қалай пайдаланылады ? Күн қуаты электр энергиясын өндіруге, үй жылытуға, астық және түрлі ауруларды емдеуге, күн батареялары ғарыш кемелері мен Жердің жасанды серіктерінде қуат өндірудің көзі ретінде қолдынылуда.

ӨЖ -6.

1. Ертедегі адамдар Жердің пішіні қандай деп ойлаған ? Ертедегі адамдар Жер тегіс, оның үстіне аспан күмбезі төңкеріліп қойылған деп білген. Күмбезге Күн, Ай, және сансыз көп жұлдыздар бекітілген деп түсінген.Олар бір бағытта жүре берген адам Жердің шетіне жететіне күмән келтірілмеген.

2. Жар шар тәріздес тұжырымға алғаш рет кім келген ? Ежелгі грек ғалымдары.

3. Олар қандай дәлел келтіреді ? Ай тұтылғанда оны қалқалаған Жер көлеңкесінің дөңгелек болатындығын келтіреді.

ӨЖ -7.

1. Глобус деп нені атайды ? Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі. Глобус - латын тілінде шар деген сөз.

2. Глобуста Жер шары неше есе кішірейтіліп алынады ? Ондаған миллион есе кішірейтіліп.

3. Мұхит деген не ? Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістіктерін мұхит деп атайды.

4. Теңіз туралы айт. Мұхиттың құрлыққа кіріп жатқан шағын бөліктерін теңіз құрайды.

5.Жер шарында неше мұхит бар ? Оларды ата. 4 мұхит: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары.


ӨЖ -8.

1. Мұхиттардың ішіндегі ең үлкені . Тынық мұхит.

2. Материк деп нені атайды ? Құрлықтың жан-жағынан мұхиттармен қоршалған ірі бөліктері.

3. Материк нешеу ? Оларды ата. Материк алтау: Еуразия, Африка, Аустралия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Антарктида.

4. Қазақстан қай материкте орналасқан ? Еуразия материгінде.

5. Еуразия неше бөліктен тұрады ? Екі бөлектен: Еуропа мен Азия.

ӨЖ -9.

1. Географиялық полюстер деген не ? Жер шарының жорамал білігі жер бетіне шығатын нүктелер.(грекше, латынша полюс - білік).

2. Жер шарында неше полюс бар ? 2 полюс: солтүстік және оңтүстік.

3. Полюстер қалай белгіленеді ? Нүкте түрінде.

4. Экватор сызығы туралы айт. Глобуста полюстерден бірдей қашықтықта экватор сызығы жүргізіледі (латынша экватор - теңейткіш деген сөз).

5. Жер экваторының ұзындығы қанша ? 40 000 км.


ӨЖ -10.

1. Параллельдер деген не ? Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілетін

сызықтар параллельдер деп аталады. Грекше параллель -қатар жүруші деген сөз.

  1. Солтүстік және оңтүстік полюстердің арасын қосатын шеңбер түріндегі сызықтар, олар

Меридиандар. Латын тілінен аударғанда меридиан - түскілік деген мағына береді.

  1. Градус торы деп нені атайды ?

Белгілі бір градус сайын жүргізілген параллельдер мен меридиандар глобустың бетін тор көздерге бөледі. Оны глобустың градус торы деп атайды.


ӨЖ -11.

1. Жердің білігі деген не ? Жер шарының центрі арқылы солтүстік және оңтүстік полюстерді қосып жататын жорамал түзу сызық.

2.Жер өз білігінен батыстан шығысқа қарай неше сағатта айналып шығады ? 24 сағатта.

3. Жердің өз білігінен айналып шығуына кеткен уақыт не деп аталады ? Тәулік.

4. Тәулік неден тұрады ? Тәулік бір күн мен бір түннен тұрады.

ӨЖ -12.

1. Жердің орбитасы деген не ? Латынша орбита - жол табаны. Жердің күнді айналу жолы.

2. Жыл деп нені атаймыз ? Жердің Күнді толық 1 рет айналып шығуына кеткен уақыт жыл деп аталады. 1 жылда 365 күн бар.

3. Не себепті жазда ыстық, ал қыста суық ? Жазда күн ұзақ болады. Тал түсте күн горизонттан биік көтеріледі де, жер бетіне тік бұрыш жасап түседі. Ал қыста күн қысқа. Өйткені күн горизонттан жаздағыдай биік көтерілмейді. Оның жер бетіне түскен жарығы солтүстік жарты шардың бірталай бөлігіне мүлде көлбей түседі.

VIII. Қоғам.

ӨЖ -1.

1. Үш жұртты ата. Өз жұрты, нағашы жұрты және қайын жұрты.

2. "Өз жұрты " дегенді қалай түсінесің , оған кімдер кіреді ? Өз жұрты дегеніміз өзінің ата-әжесі, аға-жеңгесі, әпкесі, іні-қарындастары, аталас ағайын-туыстары.

3."Нағашы жұрты" дегенді қалай түсінесің ? Өз шешеңнің төркін жұрты. Яғни анаңның әке-шеше, аға-іні, әпке-сіңлі, жеңге-келіндері мен басқа да аталас туыстары.

4. Ол елдің қызынан туған сен оларға кім боласың ? Жиен.

5. Жиеншар деген кім ? Жиеннен туған бала жиеннің нағашыларына жиеншар болады. Олардың да өз нағашылары бар.



ӨЖ -2.

1. "Бажа" деп кімді атайды ? Апала-сіңлі немесе туыстас қыздарға үйленген жігіттер бір-біріне "бажа" болады.

2. "Бөле" деп кімді атайды ? Апала-сіңлілі немесе туыстас қыздардан туған балалар бір-біріне "бөле" болады.

3. "Қайын жұрты" дегенді қалай түсінесің ? Оған кімдер кіреді ? Әйелдің төркіні оның жұбайына қайын жұрт, ал жұбайы оларға күйеу болады.

4. Қайын жұрт адамдары жас және басқа ерекшеліктеріне қарай қалай аталады ? Қайын ата, қайын ене, қайнаға, қайынбике, балдыз, жезде.

5.Жігіттің қайын жұрты мен өз жұртының бір-бірімен жақындығын білдіретін

арнайы туыстық атауларды ата. Құда, құдағи, құдаша, құдабала.

ӨЖ -3.

1. Кітап деген қандай құрал ? Адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал.

2. "Кітап" деген сөз қандай мағынаны білдіреді ? Арабтың "кітап" деген сөзі қазақша "жазу", "жазба" деген мағынаны білдіреді.

3. Алғашқы кітаптарды ата. Кыш кітаптар, тас кітаптар, "Папирус" кітабы, "Пергамент" кітабы.

ӨЖ -4.

1. Қыш кітаптарының шыққан жері. Мысыр мен Шығыс елдерінде, Греция мен Римде.

2.Түркі халықтарының көне жазба мұрасын ата. "Орхон-Енисей жазба ескерткіштері" (7-9 ғ.).

3."Папирус" кітабы алғашқыда қай жерде пайда болды ? Ежелгі Мысырда.

4."Пергамент" кітабының дүниеге келген жері. 2 ғасырда Кіші Азиядағы Пергам патшалығында.

ӨЖ -5.

1.Тұңғыш рет қай жерде және қашан қағаз жасалды ? Қытай елінде біздің заманымыздың 2 ғасырында.

2. Неліктен сол кездегі кітаптардың саны өте аз және қымбат болды ? Кітап іші әдемі суреттермен көркемделіп, мұқабалары алтын, күміс және басқа бағалы металдармен әшекейленді. Мұндай қолжазба кітаптардың саны өте аз, бағасы аса қымбат болды.

3. Алғашқы баспа кітабы қашан басылып шыққан ? 704-751 жылдар аралығында Кореяда тақтайдан басылып шыққан.

4.Әріпті металдан құйып алып, кітап бетін сол әріптерден теріп құрастырған кімдер және қашан ? Қытай өнерпазы Би Шэн 11 ғасырда, Неміс шебері Иоганн Гутенберг 15 ғасырда .

IX . Біздің ауыл.

ӨЖ -1.

1. "Шаруа қожалығы" дегеніміз не ? Ауылдық жерлердегі еңбек бірлестігі.

2. Шаруа қожалығының құрамында кімдер болады ? Ата-аналары, ұл-қыздары. Қожалыққа 18 жасқа толған, іске қабілетті кез келген Қазақстан Республикасының азаматы басшы бола алады.

3. Қожалық өз шаруашылығын қалай ұйымдастырады ? Қожалық мүшелері өз шаруаларының бағытын, не өндіргісі келеді, қандай көлемде өндіретінін өздері дербес шешеді. Өз шаруаларын жүргізу үшін керекті құралдарды, құрылыстар мен қора-қопсыларды қожалық мүшелері өз қаражатына сатып алады.

ӨЖ -2.

1. Қожалық мүшелерінің қандай құқығы бар ? Алған өнім қожалық мүшелеріне ортақ. Өнімді, табысты бәрі ортақ пайдаланады. Мұндай қожалықтар атадан балаға мұра қалады.

2.Мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіліп отыр ? Өтініш жасаған шаруа қожалығына керекті жерді үкімет бөліп береді, қарыз қаражат бөледі.


ӨЖ -3.

  1. Жекеменшік шаруашылықтың қандай тиімділігі бар ? Жекеменшік өз жұмыстарының жайын өзі шешеді. Табыстарын аудан орталығына, қалаға апарып сатады. Тапқан ақшаларына керекті заттарын алады. Біраз бөлімін осы жердегі өндірістер бір-бірімен айырбастайды.

  2. Ұжымдық шаруашылықтың тиімділігін айт. Бұл шаруашылық егін, мал, көкөніс өсіреді. Түрлі тамақ жасайтын (шұжық, ірімшік, құрт) цехтар бар. Сабын қайнататын цех жұмыс істейді. Киім тігетін комбинат та бар. Осылардың бәрі халықтың керегіне жарап, тұрмысын жақсартуда.

  3. Несиеге қаржы алып, іске қосылып жатқан шаруашылық түрлеріне мысал келтір.

Алматы облысындағы Байсерке сүт зауыты. Зауытта 700-ден астам қызмет етеді. Ірімшіктің неше түрі, сүзбе, қаймақ, айран, қатық, т.б. тағамдар дайындалып, халыққа жеткізіледі.

X. Туған ел. Отан.

ӨЖ -1.

1.Алматыдан Үрімшіге қатынайтын поезд неге "Жібек жолы" деп аталған ?

Өйткені ежелгі замандарда саудагерлер Қытайдың орталық аудандарынан сонау Батыс Еуропаны жалғастыратын керуен жолымен сауда жасаған. Сондағы ең көп сатылатын, өтімді тауар жібек болған.Осы жолмен қатынағандықтан, поезды "Жібек жолы" деп атап кеткен.

2. Қытайлар жібекті қайдан алған ? Тұт ағашының жапырағымен қоректенетін жібек құртынан алған.

3.Тарихи Жібек жолының негізгі маршруттарын ата.

1-ші тармақ: Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан.

2-ші : Орта Азия, Сырдың төменгі ағысын бойлай батыс Қазақстанға жеткен.

3-ші. Қара теңіздің солтүстік-шығысын айналып, Еуропа жеріне қарай өткен.

ӨЖ -2.

1. Жоңғар халқы, Жоңғария мемлекеті туралы не білесің ? Жоңғария деген мемлекет болған. Ол қазіргі Батыс Қытайда осы тұсқа дейінгі жерлерді алып жатқан халқы мал бағып, қазақтармен аралас-құралас өмір кешкен.

2. Қытай елі Қазақстанның қай жағында ? Қазақстанның оңтүстік-шығысында.

3."Тянь-Шань" деген сөз қытай тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді ? "Тәңірі тауы" деген ұғымды. Оны біздің халқымыз "Ереңқабырға" деп атаған.

ӨЖ -3.

  1. Жоңғарлармен соғыс кезінде қазақ қолын бастаған қандай батырларды білесің ?

Шапырашты Қарасай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Батыр Баян, Албан Хангелді, Малайсары, Арғын Ағынтай, Олжабай, Шапырашты Наурызбай.

2.Қазақ-жоңғар соғысы кезінде қандай қарулар қолданылды ?

Қылыш, семсер, найза, қалқан, айбалта, шоқпар. Қалмақ жағы ішінара зеңбірек қолданды. Қазақ қолында ішінара шиті мылтықпен қаруланған топтар да болды.


ӨЖ-4.

1. Қазақтың хас батыры Қарасай кіммен жекпе-жек шықты ? Дөкірмен, Олых батырмен.

2. Бұл ұрыс нешінші жылы және қай жерде болды ? 1615 жылы Тобыл бойында .

3. Қарасай батырға бата берген кім ? Есім хан.


ӨЖ -5.

  1. "Алпауыт" деген сөздің мағынасын айт. Қаракүштің иесі, зор денелі.

  2. Қаракерей Қабанбайға Абылай хан қандай ат қойды ? Дарабоз.

  3. Райымбек батыр кіммен қылыш айқастырды ? Секерханмен.

  4. Райымбек неге сайысты дәстүрдегідей найзаласудан бастамай, бірден қылыш қолданды ?

Барған бетте Секерханмен қылыш айқастырды, өйткені найзамен ілу қиын боларын сезді.

ӨЖ -6.

1. Қаракерей Қабанбай деген кім ? Жоңғар басқыншыларымен соғысқан қазақ елінің бас батыры.

  1. Қабанбай батыр соғыста нендей міндеттер атқарды ? Қабанбай жеңісті ұйымдастыруда, қолбасшылық істерінде де асқан шеберлік танытты, Абылай ханның оң қолы, ақылшысы болды.

ӨЖ -7.

1.Тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңде Қазақстан қай елдің қарамағында болды ? Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) деп аталған ірі империясының құрамында болды .

2. Біздің еліміз қашаннан бері Қазақстан Республикасы деп атала бастады ? 1991 жылдың

10 желтоқсанынан бастап.

ӨЖ -8.

1. Демократия деп нені атаймыз ? Грек тілінен аударғанда "халық билігі" деген мағынаны береді.

2.Қазақстан қай жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды ?

1992 жылы Қазақстан дүние жүзіндегі ең ықпалды және беделді ұйым - Біріккен Ұлттар

Ұйымынан (БҰҰ) мүше болды.Қазір Нью-Иорктегі БҰҰ-ның зәулім ғимараттарының алдындағы салтанатты алаңда әлем мемлекеттерінің туларымен бірге Қазақстанның да аспан түстес көк Туы желбіреп тұр.

3. Тәуелсіздік күні қашан ? 16 желтоқсанда.


ӨЖ -9.

1. ТМД деген нені білдіреді ? Ол қашан құрылды ? ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

Ол 1991 жылдың 21 жетоқсанында құрылды.

2.ТМД-ге қандай елдер мүше болды ? Оған бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған

11 мемлекет енді.

3. "Таяу шетел" деп қандай елдерді айтамыз ? Бұрынғы КСРО құрамында болған елдерді.

4. "Алыс шетел" деп қандай елдерді айтамыз ? Бұрынғы КСРО-ның құрамында болмаған елдердің бәрі "алыс шетелдер" қатарына жатады. Бізбен шекаралас ҚХР да, бізге таяу жатқан Үндістан да осы топқа енеді.

ӨЖ-10.

1. Біздің елімізде өзге ұлттардың қандай өкілдері тұрады ? Орыстар, украиндар, немістер, өзбектер, татарлар, ұйғырлар, белорустар, латыштар, түріктер, қырғыздар, әзербайжандар, шешендер.

2. Осы мемлекеттегі жергілікті тұрғындар деп кімдерді айтамыз ? Қазақстанда туып-өскен барлық адамдар -Қазақстан Республикасының азаматтары, демек біздің отандастарымыз.

3. Мемлекеттің негізгі заңы қалай аталады ? Қазақстан Республикасының Конституциясы.

ӨЖ -11.

1. ҚР-ның Конституциясы қашан қабылданды ? 1995 жылы 30 тамызда.

2. Құқықтық қоғам дегенді қалай түсінесің ? Қоғамның әр мүшесінің заң алдындағы теңдігі әр азаматтың қабылданған заңдарды толық бұлжытпай орындауы және жеке адамның заңның үстемдігін мойындауы қамтамасыз етілетін қоғамды құқықтық қоғам дейді.

ӨЖ -12.

1. Атом сынақ полигоны қай жылы салынған ? 1949 жылы.

2. Полигон Қазақстанның қай жерінде орналасқан еді ? Семей қаласы, Шыңғыстау өңірінде.

3. Семей атом полигонында неше жарылыс болды ? 456 жарылыс.


ӨЖ- 13.

1. Радиациялық сәулелер деген не ? Атом бомбасы жарылған кезде одан көзге көрінбейтін радиациялық сәулелер таралды. Ол сәулелер өсімдіктердің, жануарлардың өміріне үлкен зиян келтірді.Адам қанын бұзды, түрлі ауруларға шалдықтырды.

2. Сынақ жарылыстарының қандай зияны болды ? Адам денсаулығына зиян келтіріп, табиғатты бүлдірді. Халық арасына бұрын-соңды болып көрмеген аса қатерлі аурулар таралды.


ӨЖ -14.

1. "Невада-Семей" азаматтық қозғалысы қай қалада, қашан құрылды ? Алматы қаласы 1989 жылдың ақпаны.

2. Қозғалысты кім басқарды ? Олжас Омарұлы Сүлейменов.

3. Полигон нешінші жылы жабылды ? 1991 жылы.

ӨЖ -15.

1. Қазақстан аумағындағы ғарышжай қалай аталады ? Байқоңыр.

2. Тұңғыш ғарышкер кім ? Ол нешінші жылы ғарышқа ұшты ? Юрий Гагарин, 1961 жылы.

3.Бірінші қазақ ғарышкерін ата. Ол нешінші жылы ғарышқа ұшты ? Тоқтар Әубәкіров, 1991ж

4.Ғарышкерлер күні қашан ? 12 сәуір.

Тест сұрақтары. 4 сынып.

I вариант.


  1. Адам басқа тіршілік иелерінен немен ерекшеленеді ?

  2. Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады ?

  3. Тыныс алу мүшелерін ата.

  4. Бақылау әдісі деген не ?

  5. Денелер деп нені атаймыз ? Олардың қандай түрлері бар ?

  6. Табиғат құбылыстарына нелер жатады ?

  7. Масштаб деген не ?

  8. Картаның қандай түрлері бар ?

  9. Табиғатта су қандай күйінде болады ?

  10. Тығыз тау жыныстарына нелер жатады ?

  11. Пайдалы қазбалар деп нені атайды ?

  12. Пайдалы қазбаларды қолдануына қарай неше топқа бөлуге болады ? Оларды жаз.

  13. Топырақтың тау жыныстарынан басты айырмашылығы неде ?

  14. Топырақтың қандай түрлері болады ? Соларды жаз.

  15. Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата.

  16. Адамның пайда болуы туралы қандай аңыздарды білесің ?

  17. Адам неліктен табиғат перзенті аталады ?

  18. Әлемнің жеті кереметін ата.

  19. Бағдарлау деген не ?

  20. Қазақстанда неше қорық бар ? Оларды ата.

II вариант.


  1. Тау басына жиналған мұз қалай аталады ?

  2. Террикондар деген не ?

  3. Тянь-Шаньды неліктен "Алатау" деп атайды ?

  4. Қара металл кендеріне нелер жатады ? Оны картада қалай белгілейді ?

  5. Мұнай қандай зат ? Оның қандай түстері кездеседі ?

  6. Минералды сулар деген не ?

  7. Сарыағаш шипалы суы нешінші жылы ашылды ?

  8. Жер астынан шығатын минералды судың температурасын ата.

  9. Қазақстандағы үлкен-кішілілер өзендердің бастыларын жаз.

  10. Ауаның қандай қасиеттері бар ? Соларды жаз.

  11. Ауа райы деген не ? Ауа райын бақылау не үшін қажет ?

  12. Шалғында мал жемейтін қандай өсімдіктер өседі ?

  13. Дәрілік өсімдіктер жөнінде не білесің ?

  14. Жануарлар топтарын ата. Әр топқа мысал келтір.

  15. Бунақденелердің өзің білетін түрлерін ата.

  16. Улы жәндіктерді ата.

  17. Қазақстанда "Қызыл кітап" нешінші жылы шықты ?

  18. Қонституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған ? Бұл қандай бап ?

  19. Әдептілік туралы қандай мақал-мәтелдерді білесің ? Соларды жаз.

  20. Табиғаттағы су айналымның нобайын ( схемасын) сыз.


III вариант.


  1. Адамның ішкі мүшелерін ата.

  2. Адамда неше жұп қабырға болады ?

  3. Дене сымбатты болу үшін не істеу керек ?

  4. Адамды адам еткен не ?

  5. Хеопс пирамиданың биіктігі неше метр ?

  6. Жазық деп нені атаймыз ?

  7. Қазақстанның жер көлемі қанша ?

  8. Жыра неден пайда болады ?

  9. Үгілу деген не ?

  10. Кен деп нені айтады ? Қандай түрлерін білесің ?

  11. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата.

  12. Қарағанды кен орнын ашқан кім ? Нешінші жылы ?

  13. Адамға және басқа да тірі ағзаларға не қажет ?

  14. Ауа неліктен қоспаларға жатады ? Ауаның құрамын ата.

  15. "Аққан жұлдыздар" деп жүргеніміз не ?

  16. Жер асты сулары қалай пайда болады ?

  17. Мәрмәрды не үшін пайдаланады ?

  18. Қазақстанның ең үлкен өзенін ата ?

  19. Дені сау адамның тамыры 1 минутта қанша рет соғу керек ?

  20. Адам қандай зиянды әдеттерден сақ болу керек ?



IV вариант.


  1. Адамның ас қорыту мүшелеріне нелер жатады ?

  2. Жүйке жүйесінің қызметі қандай ?

  3. Балаларға байланысты қандай әдет-ғұрыптарды білесің ?

  4. "Көліктің" қандай түрлерін білесің ?

  5. Республика күні қашан тойланады ?

  6. Тәуелсіздік күні қашан ?

  7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл ?

  8. Қазақстанның алғашқы академигі кім ?

  9. Сүттен жасалатын қандай тағамдарды білесің ?

  10. Көздің қорғанышы нелер ?

  11. Сезім мүшелеріне нелер жатады ?

  12. Тәжірибе әдісі не үшін қажет ?

  13. Тірі табиғатқа нелер, өлі табиғатқа нелер жатады ?

  14. Географиялық карта деген не ?

  15. Ағаш қандай бөліктерден тұрады ?

  16. Егер қолдарыңда тұсбағар болмаса, бағдарды қандай табиғи белгілерге қарап анықтайды ?

  17. Біздің елімізде қандай тарихи ескерткіштер жөндеуден өтіп, қалпына келтірілді ?

  18. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орын алады ?

  19. Қазақстанның қандай тауларын білесің ?

  20. Біздің тұрған жердің мекен-жайын жаз.

V вариант.


  1. Адамға тіршілік үшін қандай 5 жағдай қажет ?

  2. Жүйке жұмысының қызметі қандай ?

  3. Ауаның температурасын не арқылы өлшейді ?

  4. Уақытты өлшейтін аспапты ата.

  5. Өлі табиғатқа нелер жатады ?

  6. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды ата.

  7. Асбесті халық арасында әдетте қалай атайды ?

  8. Конституция күні қашан ?

  9. Жапырағы тамаққа қолданылатын өсімдікті ата.

  10. Жер шарында неше мұхит бар ?

  11. Қазақстан Республикасы орналасқан материгі.

  12. Тәулік уақыты неше сағат ?

  13. Көшіп жүретін қандай жәндікті білесің ?

  14. Ерте гүлдейтін өсімдіктерді ата.

  15. Қыстың ең басты белгісі неде ?

  16. "Қызыл кітаптың" басты мақсаты не ?

  17. Шөптекті өсімдіктердің бөлшектерін ата.

  18. Біздің ауылда қандай дәрігерлік шөптер өседі ? Білетіндеріңді жаз.

  19. Төрт түлік малға нелер жатады ?

  20. Малдың қандай пайдасы бар ?

VI вариант.


  1. Табиғатты нелер құрайды ?

  2. Адам жылуды, жарықты, ауаны, суды, тағамды қайдан алады ?

  3. Адам қолымен жасалатын заттарды ата.

  4. Нан дастарханға келу үшін қандай мамандықтардың еңбегі қажет ?

  5. Көкжиек деген не ?

  6. Көкжиектің қатар аралық тұстарын ата.

  7. Ауа қандай болады ?

  8. Топырақ деген не ?

  9. Ауа температурасын өлшейтін құралды жаз.

  10. Көз не үшін керек ?

  11. Шөптекті өсімдіктің мүшелерін ата.

  12. Өсімдіктің қандай шақтары бар ?

  13. "Ақ алтынды" аймақты ата.

  14. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім ?

  15. Көмірлі өлкені ата.

  16. Астана бұрын қалай аталған ?

  17. Жерге ең жақын жұлдыз , ол ...

  18. Барлығы неше планета бар ?

  19. Орманда қандай жануарлар бар ?

  20. Ғарышкерлер күні қашан ?

VII вариант.


  1. Тірі табиғатқа, өлі табиғатқа нелер жатады ?

  2. Күн көзінің жарығы деген не ?

  3. Төрт тұсты ата.

  4. Жеміс неден пайда болады ?

  5. Өсімдік не арқылы көбейеді ?

  6. "Тыңайту" дегеніміз не ?

  7. Түнгі көріністі ата.

  8. Жапырақтар неге сарғаяды ?

  9. Көкжиек деген не ?

  10. Полигон нешінші жылы ашылды, қай жерде ?

  11. Атом полигонында неше жарылыс болды ?

  12. Екі мәрте батыр атағын алған ұшқышты ата.

  13. Етікті неден жасайды ?

  14. Киіктің лағын қалай атайды ?

  15. Балық пен бақа жұмыртқасын қалай атайды ?

  16. "Жыл құстарын" ата.

  17. Қыста ұйықтайтын жануарларды ата.

  18. Адамның қысқы еңбегін ата.

  19. "Невада - Семей" қоғамдық бірлестіктің жетекшісі кім болды ?

  20. Отбасына байланысты 3 мақал-мәтел жаз.

VIII вариант.


  1. Пиязшық деген не ?

  2. Түйнек деген не ?

  3. Қыстайтын құстарды ата.

  4. Құстардың пайдасы туралы жаз.

  5. Мектеп деген не ?

  6. Қазақ батырларын жаз.

  7. Шырынды, құрғақ жемістерге мысал келтір.

  8. Күндізгі құбылыстарды ата.

  9. Адамның "Өз жұртына" кімдер жатады ?

  10. Дала жануарларын ата.

  11. Топырақ деген не ?

  12. Топырақта не бар ?

  13. Судың қасиеттерін ата.

  14. Тас көмір бассейні деген не ?

  15. Астана қаласының іргесі қашан қаланды ?

  16. Конституцияның 5 бабында не туралы айтылған ?

  17. Жұлдыздарды зерттейтін сала қалай аталады ?

  18. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата.

  19. Түсті металл кендеріне нелер жатады ?

  20. Әке, бала, ана туралы 3 мақал-мәтел жаз.


IX - вариант.

1.Еліміздің рәміздеріне жататын қатарды белгілеңіз.

а) әнұран, халық, қалалар б) Астана, Ту, Президент

ә) Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран в) Елтаңба, мектептер

2.Қазақстанның астанасы қай қала ?

а) Алматы ә) Қызылорда б) Астана в) Атырау

3.Жыра неден пайда болады ?

а) жер сілкісінен б) желден

ә) судың жер бетін жырып, тілімденуінен в) ауа-райының бұзылуынан

4.Хеопс пирамидасының биіктігін көрсет.

а) 155 м ә) 147 м б) 145 м в) 140 м

5.Мыс қандай металл ?

а) сарғыш түсті, қатты б) сұрғылт түсті, ауыр

ә) ақ түсті, өте жеңіл в) қызыл түсті, жұмсақ металл

6.Темір кенінің 85 % қоры қай облыста шоғырланған ?

а) Оңтүстік Қазақстан облысында б) Ақмола олблысында

ә) Алматы облысында в) Қостанай облысында

7.Өте зиянды радиация сәулелерін өткізбейтін түсті металл.

А) мыс ә) қорғасын б) мырыш в) алюминий

8.Қазақстанда көмірдің неше түрі кездеседі ?

а) 2 ә) 3 б) 4 в) 1

9.Тұздан алынған заттар ?

а) сода, хлор ә) химиялық шикізат б) фосфорит в) асбест

10.Маңғыстау түбегінде кездесетін құрылыс материалдары ?

а) мрамор ә) ұлутас б) әктас в) асбобетон

11.Қазақстан жерінің көлемі қанша ?

а) 2 миллион 724 мың шаршы км ә) 200 мың 724 шаршы км

б) 2 мың 724 шаршы км в) 20 мың 724 шаршы км

12.Жер бетінің қанша бөлігін су қабаты алып жатыр ?

а) үштен бір бөлігін ә) екіден бір бөлігін

б) үштен бір бөлігін в) төрттен бір бөлігін

13.Байкал көлінің тереңдігін белгіле.

а) 1650 м ә) 1620 м б) 1625 м в) 1600 м

14.Қазақстанда неше мыңнан астам көл бар ?

а) 40 мыңнан астам ә) 45 мыңнан астам

б) 43 мыңнан астам в) 42 мыңнан астам

15.Жөке ағашы неше жыл жасайды ?

а) 300 жыл ә) 350 жыл б) 400 жыл в) 450 жыл

16.Су неше түрлі күйге түседі ?

а) 3 ә) 5 б) 2 в) 1

17.Қазақстанда минералды сулар шығатын жер.

а) Сарыағаш ә) Қызылорда б) Ақтау в) Ақтөбе

18.Ауа қабаты неше бөліктен тұрады ?

а) екі бөліктен ә) үш бөліктен б) төрт бөліктен в) бес бөліктен

19.Ғарышқа жол қай жылы ашылды ?

а) 1957 жылы ә) 1959 жылы б) 1956 жылы в) 1955 жылы

20. Физикалық картада жазықтар қандай бояумен боялады ?

а) қоңыр ә) жасыл б) көк в) сарғыш




© 2010-2022