«Әліппе - білім бастауы» тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы «Әліппе - білім бастауы» тәрбие сағаты

Казталов ауданы Жұлдыз ауылы

А.Хұсайынов атындағы орта жалпы

білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Құрманова Ұлғаным Абдрахманқызының

іс-тәжірибесінен

Ертеңгіліктің тақырыбы.«ӘЛІППЕ - БІЛІМ БАСТАУЫ»

Мақсаты:Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау, ой-өрісін дамыту, тәрбиелік мәнін қалыптастыру. Өнерлерін ортаға салып, не үйренгендіктерін көрсету.

Көрнекілігі: фото суреттер, шарлар, нақыл сөздер, Абай, Ыбырай, Ахмет суреттері.

Өтілу барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Кіріспе сөз.Мұғалім:

  • Құрметті, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздер бірінші сыныптың

«Әліппе - білім бастауы» атты ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Осыдан 4 ай бұрын қолдарына алғаш Әліппе оқулығын алған оқушылар бүгін сол әліппемен қоштасқалы отыр. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы есігі, білімге бастайтын алғашқы жол. Олай болса, 1 сынып оқушылары сіздерге Әліппені қалай меңгергендіктерін, сонымен бірге қалай есептеп, қалай жаза алатындықтарын көрсетпек.

  • Мереке баршаңызға құтты болсын! Ендеше 1 сынып оқушыларын ортаға шақырайық.

(Залға оқушылар музыка ырғағымен кіреді.)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны шырқалады. «Әліппе - білім бастауы» тәрбие сағаты

1-оқушы: - Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! 1 сынып оқушыларының «Әліппе-білім бастауы» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Мереке құтты болсын!

2-оқушы: Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достастық,

Әліппемен қоштастық.

Өсті білім, бойымыз,

Құтты болсын тойымыз.

Мұғалім: - Балалар, ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған айларыңды білесіңдер ме?

Хормен: - Бұл бірінші қыркүйек.

Мұғалім: - Ең алғаш қолымызға алған оқулық не?

Хормен: - Әліппе.

Мұғалім: - Ендеше бәріміз аяулы досымыз әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Ә-ліп-пе, ә-ліп-пе....

Әліппе: - Армысыздар, жас достар,

Армысыздар, ата-аналар.

Болашаққа жол бастар,

Әліппе келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Мұғалім: - Қош келдің, Әліппе! Біз сізден 42 әріпті танып, оқуды, жазуды үйрендік. Бүгін біз сізбен қоштасамыз. Балалардың алған білімі мен өнерін тамашалаңыз.

3-оқушы: Әліппем, менің, Әліппем,

«А» деген бастап әріптен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба әріптен.

4-оқушы:Бар кітапқа бас болған,

Әліппе - ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Ән: «Әліппе»

«Әліппе - білім бастауы» тәрбие сағаты

Әліппе: - Балалар, сендер білесіңдер ме? Қазақ тілінде қанша әріп бар?

Хормен: Біздің қазақ тілінде,

42 әріп бар.

Әліппе: - Олай болса, әріптерді тыңдайық.

Әліпбидің басында,

«А» - командир тұрады.

Басқалары қасында,

Әріп санын құрады.

Бас әріпке інімін,

Дауыстының бірімін.

«Ә» дегенің Әліппе

Бастауы бар білімнің.

«Б» дегенің бала ғой,

Жұмсаса анаң бара ғой.

Отан-жерім, Отан - суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан - туым,

Отан - мәңгі гүлденеді.

Жыр алыбы Жамбыл ата,

Ардақтайды оны бала.

«Т» дегенім жеңімпаз,

Туымыз ғой қолдағы.

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Мектеп берген біліммен,

Марқаясың жас ұлан.

«Әліппе - білім бастауы» тәрбие сағаты

5-оқушы: Барлық әріп бағалы,

Айттың әділ бағаны.

Әріпсіз буын болмайды,

Буынсыз сөз болмайды.

Әліппе: - Бәрекелді, балалар, жарайсыңдар. Тағы не білесіңдер?

6-оқушы: - Қазақ тілінде дыбыстар дауыссыз, дауысты болып 2-ге бөлінеді.

7-оқушы:- Дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болып 2-ге бөлінеді. Дауыссыз дыбыстар қатаң, ұяң, үнді болып 3-ке бөлінеді.

8-оқушы: - Біз Абай, Ыбырай, Ахмет аталарымызды, батырлардан Бауыржан атаны, Мәншүк, Әлия апаларымызды білеміз.

Әліппе: - Жарайсыңдар, балалар. Сендерге ризамын. Мен жалғыз келген жоқпын. Жаныма достарымды ертіп келдім. Ол Математика, Дүниетану.

Математика: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Тойларың тойға ұлассын. Менен не үйрендіңдер сол білімдеріңді көрсетіңдер.

Бәрі: - Санауды, сан құрамын анықтауды, санамақ айтуды, фигураларды салуды үйрендік.

Санамақ: 1 дегенім - бесік, Шықтым содан өсіп.

2 дегенім - елім, Далам, тауым, көлім.

3 дегенім - үміт, Үміт артар жігіт.

4 дегенім - төзім, Төзе білем өзім.

5 дегенім - бақыт, Бағалайтын уақыт.

6 дегенім - ақыл, Тыңдағаның мақұл.

7 дегенім - жалау, Жүректегі алау.

8 дегенім - сезім, Серт беретін кезім.

9 дегенім - тоқтау, Елдің жоғын жоқтау.

10 дегенім - Отан, Қорға соны ботам.

Математика: - Мен сендерге жұмбақ есеп дайындап келдім. Шешеміз бе?

Көлден ұшты 7 қаз,

Қайтып қонды 2 қаз.

Қонбады оның нешеуі,

Қане, кім тез шешеді? (5)

Дүниетану: - Енді менен не оқып, не білгендеріңді көрсетіңдер.

  • Табиғат нешеге бөлінеді? (тірі, өлі)

  • Табиғат құбылысы деген не? (боран, жаңбыр, қар)

  • Ауа температурасын немен өлшейді? (термометр)

  • 1 жылда неше мезгіл бар? ( төрт: жаз, күз, қыс, көктем)

  • Айналадағы дүниеде неше тұс бар? (төрт: шығыс,батыс, оңтүстік, солтүстік)

Әліппе: - Рахмет, балалар, сендер мені жақсы меңгерген екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Енді сендер Ана тілі кітабын оқисыңдар. Ата-аналарыңды, ұстаздарыңды ренжітпей білімді, үлгілі шәкірт болыңдар. Сау болыңдар, балалар!

Бәрі: Бізге білім алып берген,

Қош бол, құтты Әліппем!

Ана тілі: Сәлем ойшыл, достарым,

Білімге жолды бастаған.

Әліппе саған мың алғыс,

Оқы деп ұран тастаған.

Хормен: Алу үшін сана, білім,

Ардақтысыз ана тілім.

Ана тілі: Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылам.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі - мен болам.

9-оқушы: Ана тілі - ұраным,

Ана тілі - құралым.

Ана тілі болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

Ана тілі: - Балалар, менің де сендерге қояр сұрағым бар?

  • Жері кең, елі бай бұл қай ел? (Қазақстан)

  • Осы елдің астанасы қай қала? (Астана)

  • Тәуелсіз елдің Елбасы кім? (Н.Ә.Назарбаев)

  • Біз қандай елміз?

Хормен: - Біз тәуелсіз елміз. «Әліппе - білім бастауы» тәрбие сағаты

1-оқушы: Т- Тәуелсіз елде тұрағым,

Тәуелсіздік жыр, әнім.

2-оқушы: Ә-Әспеттеп салт пен дәстүрді,

Боламыз бала әдепті.

3-оқушы: У - Уәдеге берік боламыз,

Досқа серік боламыз.

4-оқушы: Е - Елім деп мен жар салам,

Елімменен мақтанам.

5-оқушы: Л - Лайым болсын ел аман,

Несібесі мол заман.

6-оқушы: С - Сенімін елдің ақтаймыз,

Жақсы істер жасаймыз.

7-оқушы: І - Ізгілік нұрын шашатын,

Жасасын Қазақстаным.

8-оқушы: З - Зейінге бәрін тоқимыз,

Сабақты 5-ке оқимыз.

9-оқушы: Д - Даламыздай кең пейіл,

Мақтан тұтам елімді.

10-оқушы: І - Ізетті бала боламыз,

Үлкеннің тілін аламыз.

11-оқушы: К - Келешекке нық басқан,

Біз бақытты баламыз.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз»



© 2010-2022