Баланы тәрбиелеудегі отбасының маңызы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сапарова Зарина Аскарбековна

Өскемен қаласы әкімдігінің

«№ 26 орта мектебі» КММ

тәрбиеші

Баланы тәрбиелеудегі отбасының маңызы

«Тек қана ата-аналармен бірге,

жалпы күш-жігерді

біріктіру арқасында мұғалімдер

балаларға үлкен адамдық

бағыт беруі мүмкін.»

В.А. Сухомлинский


Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты-балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі, өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе , екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты -тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. « Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы. Қазіргі жағдайда жастарды тәрбиелеу ең күрделі әлеуметтік мәселелер қатарына жатады. Себебі бүгінде қоғам алдында ұлттық сана-сезімі қалыптасқан азамат тәрбиелеу міндетте тұр. « Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле. Рухыңды сақтаймын десең, ұлыңды тәрбиеле» деген халықтың даналық сөзінде айтылғандай, кез келген баланы ата-ана, мұғалім, жүрген ортасы тәрбиелейді. Қазіргі бала тәрбиесі тек мектеп пен мұғалімнің ісі болып бара жатқандай. Қоғам мен мектеп балаларды тәрбиелеуде ата-ананың көзқарасы мен міндетін дұрыс қалыптастыруға үлкен ықпалын жасау керек секілді. Өйткені ата-ананың көмегінсіз бала тәрбиесін ойдағыдай шешу қиын. Осыған орай төменде шешілмей жүрген бірнеше мәселелерге және сынып жетекші мен ата-ана арасында болатын қарым-қатынастың кейбір қырларына тоқталғым келеді. Шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол- бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз-ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Кейбір жағдайларды ой елегінен өткізе келе, бала тәрбиесінде ата-ананың да жауапкершілігін арттыру қажеттігін сезінесін. Ата-ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуіміз де жұмыстамыз, кешкісін уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті. Әке мен шеше ұл-қыздарымен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықты азайту үшін бірінші әңгімені ата-анамен өткізген дұрыс. Себебі ата-ана баласын дұрыс жолға сала білсе, мектеп қабырғасында құқық тәрбиесіне қатысты қылмыстың алдын-алу мақсатында өткізілген шаралардан жақсы нәтиже шығады. 1.«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру» жолдарын қарастыру қажет. Қазіргі таңда оқушылардың тәрбиесі мен ата-аналар арасындағы байланыс жұмыстарымен негізінен сынып жетекшісі айналысады. Қазіргі мына еркін ақпарат алу кезінде, атшабысқа толы шетел фильмдері мен балаларымыз көп уақытын теледидар алдында өткізеді. Соның салдарынан бала психологиясы бұзылып, өркөкіректік, қаны суық жанға айналары сөзсіз. Бұл біздің ұлттық дәстүрімізден бұрын, шетел сериалдарының дәстүрін бойларына сіңіріп жатыр десек те қателеспейміз. Тәрбие жұмысын ата-ана мен сынып жетекшісі бір-бірімен байланыста бола отырып шешсе, онда білім беруде де жеңілдік туары сөзсіз. 2. Баланың бос уақытын тиімді де мақсатты істерге бағыттау. Қазіргі кезде көп мәселелердің бірі ата-ана баланың бос уақытын тиімді де, мақсатты іске жұмсай білуінде болып отыр. Кейбір ата-ана мектеп жасындағы баласын мектепке тапсырып қойдым көптің бірі болып, үлгерімі орташа болса, сырттан төнер қауіп жоқ деп арқаларын кеңге салып, өз тірліктерімен жүріп, бала тәрбиесінен қол үзіп кетеді. Кейбір жағдайда бала әр нәрсені сылтауратып, сабаққа барғысы келмей, зорлықпен, күшпен кететін болса, мұрны қанап, көзі көгеріп келсе, кейбір ата-аналар «сол кезеңнен өту тиіс» деген оймен үнсіз қалады. Бірақ сол кішкентай мектеп жасындағы өтпелі кезеңнің ақыры қайғылы оқиғамен ұласып жататыны бар. Міне, бала тәрбиесі, соның ішінде ер баланың мінез-құлқының қалыптасуы ата-ана, мектеп, қоғам деген үштіктің байланысында күрделі күйінде қалып отыр. Сол үшін де ата-ана баласының сынып жетекшісімен тығыз байланыса отырып, баласының сабағына жиі қатысып қадағалап отыру қажет. Осындай жағдайда ғана ата-анамен мұғалім арасында дұрыс психологиялық байланыс боларына көзіміз жетеді. Айталық, сабақтан шыққан оқушының уйіне сағат қаншада баратыны ұстазға белгісіз. Мұғалім тек күнделікті мектептегі тәртібіне, сабағына жауап береді.Өйткені 7 сағат бала мектепте болса, 17 сағат ата-ананың қармағында болады. Өз кезегінде ұстаздар бала тәрбиесінен қашқан емес, қашпайды да. Кейбір балалар отбасындағы бақылаудың әлсіздігін басқаша пайдалануға тырысады. Сөйтіп, ол сауда, ойын-сауық орталықтарын аралап кетеді, шын мәнінде түрлі жат әрекеттерге үйір болады. Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Қазіргі кезде мектепте бала өрескел қылық жасаса, тәртіпсіздік көрсетсе кінәні ата-ана мұғалімдер не тәрбиешінің тәртібі деп санайды. Тәрбиенің түп негізі-бала дүниеге шыр етіп келгеннен басталады. Баланы материалдық жағынан қамтамасыз етеміз деп ата-аналар күні бойы мандай терін төгіп, жұмыс істеп, балаларың ешкімнен кем болмағанын қалайды. Алайда, қараусыз қалған балалардың елігуі тез және жаман қылықтарға да бейім келеді. Ал баласының бос уақытында не істеп жүргенін, қайда барып, немен шұғылданып жүргенін білмейтін ата-аналардың көптігі қаншама. Сонымен бірге, өсіп келе жатқан жас ұрпақ сыпайылық, мейірімділік танытпай, қатігездігі байқалып жатса «Мынау менің балам ба, бұл қылықты мен үйреткен емеспін» деп таң қаламыз. «Не ексең, соны орасың» деп ата-бабамыз тегін айтпаған, балаға материалдық қажеттіліктен гөрі рухани қажеттілік аса қажет деп ойлаймыз. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала - әр отбасының бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Ата-ана бала тәрбиесін еңбекпен ұштастыру керетігін, еңбектенген ақылды ұл-қыздарымыз қоғам болашағы екенін айтып жүргені абзал. «Жас кезіңде білім берсең қалайда,өсе келе қолың жетер талайға» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата - ана қалай да баласына білім мен тәрбие беруде ортаның талабына қарай бейімдеп, тәрбиелеу керек. Қоғамдағы жаман ағымнан аулақ ұстаудың тағы бір жолы баланы әртүрлі тиімді, өмірге керек пайдалы нәрселер үйрететін, балаға ұнайтын қызықты үйірмелерге беру. Ең бастысы оның бос уақытының аз болғанын қадағалаған дұрыс. Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата- анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім негізгі - стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата - ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет. 3. Қорытынды. В.А. Сухомлинскийдің жоғарыда айтылған даналық сөзіне сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық баға беруі үшін тек ата - анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескеркен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөліне шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңыздабалаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр. «Бұтағымен ағаш қымбат, ұрпағымен адам қымбат» дегендей өмірлеріңіздің жалғасы, көздеріңіздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашақтарыңыз, еңбектеріңіздің нәрлі жемісі, көздеріңіздің карашығын қорғаштай қорып, аялап, баптап, тілегін тілеп отырған бауыр еттеріңіздің болашағы сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан бала болашағы үшін «жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей» бірігіп бала тәрбиесімен айналыссақ, еліміздің жанашыр адал да парасатты азаматтар тәрбиелеп шығатынымызға сеніміміз мол.

© 2010-2022