Түбір мен қосымшаның жазылуы ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың түбір мен қосымша тақырыбы бойынша білімдерін пысықтау, жинақтау.

Тәрбиелігі: Оқушыларды сауатты жаза білуге, ынталы болуға, ой-өрісін жетілдіруге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Жаттығу жұмысы барысында дұрыс таңдаулер жасай білуге қызығушылықтарын, ойлау қабілеттерін арттыруға, қиялын дамытып, көркем жазуға дағдыландыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі : Сұрақ-жауап, ой жинақтау, ереже айту, мақал- мәтел, талдау, түсіндіру.

Сабақтың байланысы : Әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Біз қандаймыз,қандаймыз,

Жаңа жауған қардаймыз.

Ақпыз, пәкпіз,тазамыз,

Біз білімді баламыз

Тақтада қыс көрінісі.

Қазір жылдың қай мезгілі?

-қыс

Қыста не жауады?

-қар

-Қазір бізде қандай ай?

-қаңтар

Көркем жазу

Қар, қыс, қаңтар

Өткен сабаққа шолу.

-Түбір сөз дегеніміз не?

- Қосымша дегеніміз не? неше түрі бар?

-Туынды сөз дегеніміз не?

-Түбір сөзге қосымшаның жалғануы

-Түбірлес сөздер дегеніміз не?

«Сөз құрамы» тақырыбы бойынша ережелерді ауызша қайталап өтейік .

Жаңа сабақ. Осы білетін білімімізді

63-жаттығуды орындау арқылы пысықтап жіберелік.

Күннің жадын, тақырып және көркем жазу жазамыз.

1-топ: Бірінші жолға қосымша жалғайды. Ережемен қорыту. Өнерпаз - өнерпаздар, ұста - ұсталардың

Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады: өнер+паз+дар

2-топ: Екінші жолға қосымша жалғайды. Ережемен қорыту. Зергер - зергердің, киіз - киіздің

Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады: зергер+дің

3-топ: Қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құрады.

- Өнерпаз болу үшін біз не істеуіміз керек?

- Білімді, еңбекқор болуымыз керек.

- Білімді қайдан аламыз?

- Кітаптан.

- Ендеше оқулығымыздағы 64-жаттығуымызды орындайық.

Бірнеше оқушыға мәнерлеп оқыту. Қарамен жазылған сөздерді тақтаға жазып, түбірін табу.

Кітап - кітабыңның

Мұзафар Әлімбаев (29 қазан, 1923 жыл, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды атырабында дүниеге келген. 2007 жыл) - Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі.

65-жаттығу. 1-топ жұмбақты жатқа жазу. Оқушылардың өздеріне тексерту.

2-топ қарамен жазылған сөздердің түбірін және жалғанып тұрған қосымшаны табу. Өзгеріп тұрған әріптің астын сызу.

Сирағы - сирақ, құлағы - құлақ.

3-топ ережемен қорыту (айту, оқыту, есте сақтау, түсіну).

2)Топпен жұмыс.

Топтық тапсырма Әр топқа жеке - жеке тапсырма беріледі.

І топ. Түбір сөзге тиісті қосымшаны қосып жаз.

Қонақ ----- (-ы,-і) ----------------------

әділдік ----- (-ы,-і) -----------------------

денсаулық -----(-ы,-і) -----------------------

жиек -----(-ы,-і) -----------------------

ІІ топ. Берілген түбір сөзден бірнеше туынды сөздер жасап жаз.

Оқу, кітап, өнер

ІІІ топ. Сызба бойынша сөздер тауып жаз.

Түбір + жұрнақ

Түбір +жұрнақ + жалғау

Сергіту сәті.

  • Біздің денемізде Қ дыбысынан аяқталатын қандай

дене мүшелеріміз бар?

  • Құлақ, қабақ, аяқ, шынтақ, саусақ, жақ, бармақ.

Денелерімізден көрсету

Келесі жұмысымызда гүл күлтешелеріндегі сөздерге -ы, -і жалғауларын қосып, дәптерімізге жазамыз.

Түбір мен қосымшаның жазылуы ашық сабақ

66-жаттығу. 3-топқа 4 сөзден беріп, қосымша жалғату. Өзгерген әріптің астын сыздыру.

  • Түбір сөздің соңғы дыбысы неліктен өзгерді деп

ойлайсыңдар? Жақсы, балалар, өнерпаз болу үшін көп оқумен бірге тағы не істеуіміз керек? (Еңбек етеміз)

Шығармашылық жұмыс. 68-жаттығу.

1-топ Мақалдарды оқып, мағынасын ашу.

2-топ Еңбек туралы мақалдар айту.

3-топ Еңбек туралы шағын әңгіме жазу.

Семантикалық картамен жұмыс.

Сөздер

Түбір сөз

Қосымшалы сөз

оқушы

кітап

балықшы

терезе

шаңғышы

ойын

қалам

Бекіту.

-сұрақ-жауап арқылы қорытындылау

Тест жұмысы

1.Жалғау жалғанған сөзді белгілі

А) достық Ә) жырла Б) кітаптар

2.Жүрнақ жалғанған сөзді тап

А)құлағы Ә) білгіш Б)балалар

3.Түбір сөзді тап:

А) жаңалық Ә) қобыз Б) кітаптар

4.Түбірге жалғанған бөлік не деп аталады?

А) қосымша Ә) түбір

5.Қосымшалы сөзді тап.

А)жұмысшы Ә) кітап Б) доп

Үйге тапсырма:

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық

67-жаттығу. 135 бет

Бағалау.

5 болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп бақыт,

Өсе берсін санамыз.

Бүгін сабақта үйрендім. (Ережені қайталау)

Бүгін сабақта қызықты болды.

Бүгін сабақта қиын болды.

Келесі сабақта білгім келеді.

Тілек

Әр күндерің ашық болсын!

Жүздерің жарқын болсын!

Талаптарың таудай болып,

Сарқылмайтын білім болсын!

Сараптама

Қазақ тілі пәніне «Түбір мен қосымшаның жазылуы» тақырыбында 3 «Б» сыныбында ашық сабақ өткізілді.

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың түбір мен қосымша тақырыбы бойынша білімдерін пысықтау, жинақтау.

Тәрбиелігі: Оқушыларды сауатты жаза білуге, ынталы болуға, ой-өрісін жетілдіруге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Жаттығу жұмысы барысында дұрыс таңдаулер жасай білуге қызығушылықтарын, ойлау қабілеттерін арттыруға, қиялын дамытып, көркем жазуға дағдыландыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі : Сұрақ-жауап, ой жинақтау, ереже айту, мақал- мәтел, талдау, түсіндіру, карточкалармен жұмыс.


© 2010-2022