Классный час на тему: Келешек ұрпаққа бейбітшілікті сақтайық!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 сынып Тәрбие сағаты.

Тақырыбы: «Келешек ұрпаққа бейбішілікті сақтайық!»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, бойларына патриоттық сезім ұялату, саяси мәдениетін қалыптастыру. Елін, жерін құрметтейтін тұлға қалыптастыру.

Көрнекілігі: Слайдтар, нақыл сөздер жазылған плакаттар, Ұлы бабалардың портреттері.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың тақырыбы хабарланады. «Бейбітшілік» туралы ән тыңдалады.

Жүргізуші: Бейбітшілік ǃ Бұл сөз бүгінде әлем аспанында қалықтай ұшқан ақ қанатты әсем арман, арайлы үміт, ақ ниетті жандардың асыл мұраты, келешек жарқын өмірге бастар шам шырағы. «Соғыс» деген апат туралы, оған қатысқан ағалар туралы, олар армандап біз өмір кешіп отырған бейбіт заман туралы айтып өту. 1941 - 1945 жылдардағы алапат от кешу туралы зерде - қасиетті ел - жұртымыздың жалпы тарихының бір бөлігі. Өйткені, аға ұрпақтың сол сұрапыл сындарлы төзімділігі мен табандылығы, қайраты мен қаһармандығы болмаса, бүгінгі жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан да болмас еді. Біз бүгін осының бәрін ой елегінен өткізе отырып, Ұлы Жеңісті жақындатқан ардагерлер алдында басымызды иеміз.

І оқушы: Менің атам - майдангер

Отан үшін от кешкен,

Өліммен де беттескен,

Омырауын оқ тескен

Менің атам - майдангер.

ІІ оқушы: Жеңіс күні

Ойлап, ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп.

Қуанышты мереке -

Жеңіс күні қай күн?- деп.

Атамнан да сұрадым,

Папамнан да сұрадым,

Ағамнан да сұрадым,

Апамнан да сұрадым,

Тосты бәрін құлағын.

Дұрыс, десті,- сұрағың ǃ

Бейбіт күннің бәрі де

Жеңіс күні, шырағым ǃ

V оқушы: Салют (Ә. Табылдиев)

Көптеген қазақстандықтар өздерінің майдандас достарымен бірге жеңіс үшін күресті. Олардың көбі жаумен шайқаста болған қанды ұрыста қаза болды.

Адамзатты фашизмнен құтқару жолында мерт болған, біздің бақытымыз үшін құрбан болған ағаларды үнсіз еске түсірейік.(1 минут үнсіздік)

Бейбітшілік туралы әңгімелеу.

Коллаж жасау.«Біз бейбіт күнді қолдаймыз» Жер жүзінде бейбітшілік болсын

Бейбітшілік болса

Алаулап гүл тұрады,

Туған жер құлпырады

Бейбітшілік болса

Түрленіп бақша бағы,

Тірлік те жақсарады

Бейбітшілік болса

Үйлер де құламайды,

Ешкім де жыламайды

Бейбітшілік болса

Балалар болады аман,

Аналар болады аман,

біздің ақ шашты аталарымыз бен әкелеріміздің ерлік пен қаһармандыққа толы биік рухын күллі әлемге танытқан сындарлы символы болса, 9 мамыр - Жеңіс күні аға ұрпақтың сол жанқиярлық ісін мәңгі сақтауға арналған қастерлі мереке

өлен ак көгершін

Отан, батырлық, ерлік туралы мақал - мәтелдер айтқызу.

*Туған жерге туың тік.

*Отан оттан да ыстық.

*Өз елім, өлең төсегім.

*Туған жердің күні де ыстық, Түні де ыстық.

*Ер елінде, Гүл жерінде.

*Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.

*Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Қорытындылау: Біз қаза болған ерлерімізді ұмытпай есте сақтауымыз керек. Солардың ерен ерліктерінің арқасында біз осындай бейбітшілікте өмір сүріп отырмыз.



© 2010-2022