Разработка урока по Обучению грамоте: мягкий знак

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Айтиев селосы

Айтиев бастауыш мектебі

Мұғалім:Танатарова Шолпан Каратаевна

Сынып:1

Пән:Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Ь белгісі

Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі: Жіңішкелік белгісімен таныстыру, жіңішкелік белгісі бар сөздерді дұрыс оқуға жаттықтыру.Сауатты,жылдам,дұрыс оқуға жаттықтыру.

ә)Тазалыққа, ұқыптылыққа,әдемі жазуға тәрбиелеу.

б\Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.

Пән аралық байланыс:музыка

Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік.

Түрі:аралас

Көрнекілігі:мазмұнды суреттер, жұмбақтар

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.Шаттық шеңбер.

Сабаққа назарларын аудару.

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

1.Ч дыбысы мен әріпін еске түсіру.Ч дыбысына берілген сөздерді шапшаң, тез оқыту.

2 -ч қандай дыбыс?

-ч дыбысы бар сөздер айтқызу, сөздерді буынға бөлгізу,буындық, дыбыстық талдау жасату.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Кіріспе әңгіме.

1. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме жүргізу.

Коньки туралы әңгімелеу.

Коньки Спорты- конькимен мұз үстінде шапшаң жүгіру және мұз айдынында мәнерлеп сырғанау. 1892 ж. конькимен жүгірушілердің Халықаралық одағы ұйымдастырылды. Қазір оған 40-қа жуық ел мүше. Қазақстанда Коньки Спортының дамуына Медеу мұз айдынының салынуы үлкен ықпал етті.

Дыбыстық талдау жасау


Оқушылардың назарын ь белгісіне аудару.Таңбаны көрсету.

Ь -бұл жінешкелік белгісі. Ь белгісінде дыбыс болмайды,ол таңба.ь белгісінң өзіндік ерекшелігі бар: сөздердегі дауыссыз дыбыс жіңішке айтылады.Мысалы: лагерь,коньки,Альмир, фельдшер.Ь белгісі сөздің қай жерінде кездеседі екен байқандар.Дұрыс,сөздің ортасында және сөздің соңында.

Лагерь сөзіне дыбыстық, буындық талдау жасау. Ла-герь /ь белгісінде дыбысы болмағандықтан ол буын құра алмайды/


2. «Кім дұрыс айтады?»-ойыны. Көптік жалғау қосып сөздерді оқыту.

Мысалы:Лагерьлер, фельдшерлер,конькилер

Қандай өзгеріс енгенін тапқызу.

3.Жаз уақытындақайда,қалай демаламыз? /оқушыларды әңгімелету/

4.Сергіту сәті

«Қошақан» өлеңін әндетіп айту.

5.Дәптермен жұмыс.

33б.ь белгісінің жазылу үлгісін орындату.

6.Оқулықпен жұмыс.

Суретпен жұмыс.Шағын әңгіме құрастыру.

-Лагерьде кім демалды? Таңертен ұйқыдан тұрғанда ең бірінші не істеу керек? /3-4 жаттығуды балалар көрсетеді/

«Лагерь » мәтінін оқыту/ Сауатты,жылдам,дұрыс оқуын қадағалау/

Мәтінмен жұмыс

6.Дәптер:мәтіннен алғашқа 3 сөйлемді көшіру.

IV.Сабақты бекіту.

-Бүгінгі сабақта біз не істедік? - Қайдай белгімен таныстық? V.Мадақтау.

© 2010-2022