Поурочный план на казохском языке

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Поурочный план на казохском языкеПоурочный план на казохском языкеПоурочный план на казохском языкеПәні: Дүниетану Мұғалім:Сыздықова Баян

Сыныбы: 2ә

Сабақтың аты Ауа. Ауаның қасиеті

Сілтеме Жоспар

Жалпы мақсаты

Адамның өміріне қажетті жағдайларды, ауа және ауаның қасиеттерін түсіндіру.

Ауа қасиеттерінің түсіндірмесін айта білуге үйрету.

Тәжірибе жасау арқылы ауа ұғымын таныту.

Ауа қасиеттерін қарсы қойып салыстыра білуге үйрету

Ауа қасиеттерінің адам өмірімен байланысын дәлелдеуге және ауа қасиеттерінің маңыздылығын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже Адамның өміріне қажетті жағдайларды есіне түсіреді. Ауа және ауаның қасиеттерін біледі. Ауа қасиеттерінің түсіндірмесін береді Тәжірибе жасау арқылы ауа ұғымын танытады Ауа қасиеттерін қарсы қойып салыстырады Ауа қасиеттерінің адам өмірімен байланысын анықтайды. Ауа қасиеттерінің маңыздылығын түйіндейді

Негізгі идеялар Ауа- тіршілік көзі

Тапсырмалар Топтық жұмыс Тәжірибе жасау Жеке жұмыс ББҮ-кестесі

боташымТапсырмалар Жеке жұмыс «Тест» Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады) І.Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 мин). Адам,жануар,өсімдік суреті арқылы топқа бөлінеді. Психологиялық дайындық Қоршаған орта табиғат, Жануар, өсімдік, адамзат. Сүю, қорғау, парасат Білейік мұны жамағат. II.Үй тапсырмасы Қосымша берілген шартты белгілерді пайдаланып өз үйлеріңнің және аулаларыңның сызбасын салып келу тапсырылған.Әр топтан топтар арасында келісіп, бір оқушының тапсырмасы көрсетіліп топтар арасында бармақ арқылы бағаланады.
III. Жеке жұмыс « Тест » (10 мин)

1.Адам өміріне не қажет?

А.доп, ән,киім.

Ә.ауа,су,тамақ. +

Б.кітап, велосипед

2.Көкжиек дегеніміз не?

А.Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік.+

Ә.Аспан мен жердің астасқан жері.

Б.Көзің жететін жерге дейін қарау.

3. Құбылнама деген не?

А.Бейтаныс жерлерді зерттейтін құрал.

Ә.Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.+

Б.Дәрігер құралы.

4.Заттың үстінен қарағандағы көрінісінің сызбасы қалай аталады?

А.Сұлба+.

Ә.Масштаб.

Б.План

5. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар ?

А. 5

Ә. 4 +

Б. 3

Парақшаларын алмастырады.Дұрыс жауабы тақтада көрсетіледі.Бірін-бірі бағалайды.

IV. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

«Көрінбейтін сиқыршы»

Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.

Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
(ауа)

«ББҮ» әдісі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім


V. Топтық тапсырма «Тәжірибе жасау» (15 мин) Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: Берілген тапсырманы оқып шығып топпен бірлесе отырып, тәжірибе жасайды және әр топтың бақылаушысы, жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.Үш топтан үш оқушы топта тапсырманы қалай орындаған түсіндіріп шығады.

1-тәжірибе.

Бір стаканды алып су кұйып оған бір түйір қант сал.Судың бетіне көпіршіктер шыққанын көресің. Осыдан қант түйірінде......... бар екенін білдік.

2-тәжірибе.

Ыдысқа су құйып ,ыдысқа бос стаканды төңкерейік.Стаканға су кірмейді.Себебі стаканда ...........бар, ол орын алып тұр.Ал стаканды сол тұрған қалпында кішкене қисайтсаң көпіршіктер шыға бастайды. Ол...............

Стаканнан шыққан ауаның орнына су кірді.

3-тәжірибе.

Допты ал.Оны қолыңмен екі бүйірінен қыс.Бүйірі қабысып ішке қарай кіреді.

Бұл кезде доп ішіндегі.............сығылады.
Топтар арасында екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау. Еске түсіру. Адам өміріне қажетті жағдайлар 1.Ауа туралы ұғым. 2.Ауаның қасиеттері 3.Ауа - тіршілік көзі.

-Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атаймыз. Бар болғаны 2 ғасыр бұрын ғалымдар ауаның-көптеген газдың қоспасы,негізінен азоттың -78 % , ауаның-21% , және көмір қышқыл газының- 1% ,қоспасы бар екенін білді.

Ауаның құрамы

2.Ауаның қандай қасиеттері бар?

Ауа-мөлдір. Бұл туралы ол арқылы барлық қоршаған заттарды көретініміз айғақ

( салыстырып қарайық: есік,кітап, мөлдір емес. Олар арқылы басқа заттарды көруге болмайды.)

Ауа - түссіз. Шындығында да, сынып тақтасы-қоңыр, бөлме өсімдігі-жасыл, ал ауада бұл түстер де, басқа түстерде болмайды.

Ауаның иісі жоқ.

Сен түрлі орындарда түрлі иіс болатынын байқадың ба?

Асханада, шаштаразда, дәріханада иәсә бар заттардың бөлшектері ауа бөлшектерімен араласады,және біз әр түрлі иістерді сеземіз. Бірақ таза ауада иіс болмайды. Жылытқан кезде ауа кеңейеді,ал суытқанда қысылады.

Бұларға көз жеткізу үшін тәжірибелер жасап көреміз.

3. Тәжірибе :

Допты жерге ұрып, оның секіргенін байқау. Допты секіртіп тұрған не ? Ауа. Олай болса ауа серпімді. 4. Қорытынды: Ауа серпімді. 5. Ауаның бұдан басқа да маңызды қасиеті бар. Жіңішке май шамның біреуін үшке тең етіп бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қою.

А) Оның біреуін стақанмен жабу. Ә) Май шамның екіншісін банкімен жабу. Б) Үшіншісін ашық қалдыру. Поурочный план на казохском языке

6. Байқау : Қай май шам сөнер екен ?

Қорытындыны оқушыларға жасату.

7. Сұрақ : Май шамдар неліктен әртүрлі деңгейде жанғанын балаларға айтқызу.

8. Күнделікті өмірмен байланыстыру. Егер пештегі ағаштың , көмірдің жануын күшейту керек болса, оған ауаның мол кіретіндей ету керек. Мысалы ,ақырын жанып жатқан отты үрлесен , ауа мол кіріп, жану күшейеді.Егер жанып тұрған отқа ауа жібермесен , ол сөнеді.

VI. Сергіту сәті

Яғни бүгінгі тәжірибе арқылы көп нәрсе білдік осы білгенімізді кестеге толтырайық.

«ББҮ» әдісі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім


Рефлексия Бүгінгі сабақтағы көңіл- күйлерін смайликтер арқылы көрсету.

Кейінгі тапсырма 36-беттегі тәжірибені үйде жасап көру.

Кейінгі оқу Ауа.Ауа қасиеті. Оқып келу

-

© 2010-2022