Сабақтың тақырыб: Қайтпас қайсар қалайы солдат. Ханс Хрестиан Андерсон. (ертегі)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Ана тілі 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайтпас қайсар қалайы солдат. Ханс Хрестиан Андерсон. Ертегі
Жалпы мақсаты: Оқушыларды әдеби ертегінің мазмұнымен таныстыру.Автор өмірі мен шығармашылығынан түсінік бере отырып,қалайы солдат ертегісінің мазмұны мен ерекшеліктерін түсіндіру. Қалайы солдатқа мінездеме бере отырып, табандылыққа, қаййсарлыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері: Автор Ханс Хрестиан Андерсон туралы толығырақ білетін болады. Ертегі кейіпкерлерінің адал, жаны таза, дандайсуды білмейтін ғажайып жандар екенін түсінеді.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Түйінді идеялар: Сын тұрғысынан ойлауы дамиды.
Жаттығулар: Психологиялық ахуал.1мин Айналаға алақанмен жылулықты шашайық, Сәттілік тілеп,күлімсіреп Біз сабақты бастайық. Сабақтың ережесімен таныстыру.2мин 1.Бір-бірімізді тыңдау 2.Төртіп сақтау. 3.Уақыт үнемдеу. 4Сабаққа белсене қатысу. 5.Топ болып ақылдасу. 6.Жақсы баға алу. Білу. Үй тапсырмасын сұрау.(5мин) Сұрақ-жауап.Оқиға желісі бойынша сұрақтар қою. -Автор туралы -НЕмен аяқталды? -НЕ болды? -Ертегіден не түйдіңдер?
Топқа бөлу.Оқытуды басқару және көшбасшылық.(2мин)
Қызығушылықты ояту.АКТ пайдалану.(3мин) Слаид арқылы автор туралы түсіндіру.
Түсіну.Оқыту мен оқудағы тәсілдер.(5мин) Жаңа білімді игеру.Бүгінгі сабақта Қайтпас қайсар қалайы солдат ертегісімен танысамыз. Не болады? Мағынаны тану Ертегіні интеракт.тақтадан көрсету.Не түсінгендерін сұрау.2мин -Алғаш рет неше Қалайы солдат болды? -25 -Бала солдаттарды қай жерге қойды? -терезе алдына -Қалайы солдат қандай қиыншылықтарды көрді? -балалар қағаз қайыққа салып суға жіберді.Судан балық жұтып жіберді -Қалайы солдат өз үйіне қалайша қайтып келді? -балықты ұстап алып ішін ашқанда тауып алды. -Не болды?.
Кітаппен жұмыс.(10мин)ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ сай оқыту Тізбектей оқу. Топтық жұмыс.5мин Ертегі мазмұны бойынша суреттерді ретімен қою.
Ертегі мазмұны бойынша сурет салу,қорғау.
Үзінді беру,сол бойынша көрініс көрсету.
Сергіту. Би Қара жорға (2мин)
Талдау. Топтық жұмыс.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. (2мин) Қалайы солдатқа мінездеме беру. Ертегі кейіпкерлерін топтастыру.(2мин)
Жинақтау.(3мин) Ертегі мазмұны бойынша бір -біріне сұрақтар дайындау. Қорытындылау.(2мин) Осы ертегіден қандай ой түйдіңдер? Ертегі неге Қайтпас қайсар қалайы солдат деп аталған?
Бағалау.(2мин) Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Үйге тапсырма: Ғаламтордан түгел ертегіні қарау. Ойдан ертегі құрастырып келу Жинақтау.1мин Стикерге өз ойларын жазу.

















© 2010-2022