Ашық сабақ қазақ тілі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі: 02.02.2016 жыл

Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың жұрнақ пен жалғау жайында алған білімдерін кеңейту,түбір сөзге жұрнақ жалғатып,жаңа сөз жасату,сол сөздермен сөйлемдер құрату.

Дамытушылық: қисынды ойлау,алған білім, білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды білімдікке, ұйымшылдыққа,еңбекқорлыққа,бірін- бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі

Қолданылатын әдістері: түсіндіру, миға шабуыл, сұрақ-жауап, рефлекция,семантикалық карта, слайд.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін. Зейіндерін аударамын. Оқу құралдарының түгелдігіне назар аударамын.

Сабақтың ұраны: .

Қазақ тілі сабағын

Жақсылап ұғып аламыз

Тапсырмалар орындап

Жақсы баға аламыз

1,2,3,

Отырамыз тып - тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз

Балалар ұранымызда айтылғандай бүгінгі сабақта әрқайсымыз жалқаулықты тастап, сабаққа бар ынтамызбен қатысуға тырысайық. өткен тақырыптар бойынша өзіміздің алған білімдерімізді көрсетейік.

Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу.

  • Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Өздерің куә болып отырғандай бүгін біздің сабаққа ұстаздар келып қатысып отыр. Сондықтан да барлығымыз ұстаздарға басымызды иіп амандасып алайық.

ІІ.Ой ашар.

-балалар бүгін біз ертегілер әлеміне саяхатқа барамыз.

-саяхатқа дайынсыңдар ма?

-алдымен сабақта ұсталынатын ережелерді есімізге түсірейік.

1. сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз.

2. біреудің айтқанын қайталамаймыз.

3. сабақта тақырып бойынша сөйлейміз.

4. сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз.

ІІІ. Үй тарпсырмасы тексеріледі.

«Ерте-ерте ертеде, ағайынды төрт жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтау екен. Бір күні оларға хат келеді. Хатты олар «Сен ал, сен ал» деп біріне-бірі сілтейді. Сендердің жалқауларға келген хаттарын алып оқығыларың келе ме? - Иә, алғымыз келеді. - Ендеше бірінші хатта былай дейді. Балалар үге қандай тапсырма берілді? Үй тапсырмасына дайынсыңдарма? Деп жазған екен .Ағайынды төртеуі дайын емес секілді, ал сендер сол ағайындыларға көмектескілерің келеме? (Үй тапсырмасын сұрау) 1 - жаттығу 111 бет.

Миға шабуыл.

2 - хатта өткен тақырыптарды қайталауға байланысты тест сұрақтары берілген екен. Сол сұрақтарға жылдам - жылдам жауап берейік.

. Дәптермен жұмыс (дәптерге бүгінгі күн жазылады)

Көркем жазу «К» «к» әрпі

Оқулықпен жұмыс.

2 - жаттығу. 112 бет

6 - жаттығу. 113 бет

Сергіту сәті.

Ребусты шешуАшық сабақ қазақ тілі

Ашық сабақ қазақ тілі

--Бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы «Жұрнақ пен жалғау» -тақтаға назар аударамыз.

(ережені балаларға оқып мысал келтіріп дәлелдеу). Веен диаграммасы.

Ашық сабақ қазақ тілі

Сөз құрамы бойынша кластер құрастырындар

Ашық сабақ қазақ тілі

V.Жаңа оқу материалын пысықтау.

  1. - Сонымен естеріңе түсті ме, қосымша дегеніміз не?

  2. - Түбір сөз дегеніміз не?

  3. - Жұрнақ деген не? -

  4. Жалғау деген не?

VI. Үйге тапсырма беру. 113 бет 5-жаттығу.

VII. Бағалау.



© 2010-2022