Күзгі еңбек

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Күзгі еңбек.

Сабақтың мақсаты:

1. Жеміс-жидектерді қайталау, ауызекі сөйлеуін дамыту, зат есім, сын есім сұрақтарына толық жауап беруге дағдыландыру.

2. Сөз қорларын байыту, сауатты жазуын қадағалау.

3. еңбексүйгіштікке, тазалыққа шап-шандыққа тәрбиелеу

Сабақтың тақырыбы: қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сұқбаттасу

Көрнекілік: суреттер, кеспе сөздер, мақал жазулы

Пән аралық: дүниетану, орыс тілі

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау (оқу құралдарының түгелдігін тексеру)

2. Психологиялық дайындық: сергіту сәті «Күз».

3.Фонетикалық жұмыс: ережелер бойынша қайталау.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

1.Ойын арқылы үй жұмысын тексеріп шығам

  • «сурет құрастыр» оқушылар жеміс-жидектерді құрастырып, суретін қорғау керек.

  • зат есім, сын есім ережесін қайталау

ІІІ. Қайталау сабақ.

1.Сұрақтармен жұмыс.

а)Жыл мезгілі қандай?

ә) Күзде не піседі?

б) Күзде құстар не істейді?

2. Ребус шешу: «Еңбек» деген сөз шығады.

-Балалар «Еңбек» сөзі қалай аударылады?

-«Еңбек» не үшін керек?

-Күзде адамдар не істейді?

3.Мақал-мәтел (плакатта жазулы тұрады балалардың өздерінен сұрап кету.

  • «Еңбек» туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?

Еңбекшінің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

  • мен өзім оқып беремін

  • бірге хормен оқимыз

  • мағынасын түсіндіріп беру, аудармасын беру

У пахаря хлеб вкусная,

У лентяя душа сладкий

  • Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

4.Мәтінмен жұмыс «Күзгі еңбек» 1ж. 34б. (ауызша)

  • мәтінді түгел оқыту

  • жеке-жеке оқытып, аудару

  • мәтінге байланысты сұрақтар қою

-Күзде не басталады?

-Диқандар не егеді?

-Күзде бақтан не жинаймыз?

-Оқушылар қайда келеді?

-Күзде барлығымыз не істейміз?

5. 2ж. 34б. (ауызша)

  • бірге қайталау

IV. Сергіту сәті.

6. 3ж. 34б. (жазбаша)

диалог құрастыру

V. Ойын: «Сөз ойыны»

Ал, балалар келесі біздің жұмысымыз сөзді толықтыру.

5ж. 35б. (жазбаша) сөздің астын сызу.

VI. Бағалау.

VII. Қорытынды: -Күзде адамдар не істейді?

-Еңбек туралы қандай мақалмен таныстық?

VIII. Үй тапсырмасы: 34, 35б. оқу 4ж. жаттау.

© 2010-2022