Тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ынтымағы жарасқан отбасы.

Мақсаты: Балаларға отбасы мүшелері туралы түсінік беру, адам өмірі отбасынан басталатының түсіндіру.

Балаларға суреттер көрсете отырып және сұрақтар қою арқылы сөздік қорларын дамыту.

Балаларды ата-аналарымен бас қостыра отырып, отбасына деген сүйіспеншілік пен сыйластыққа тәрбиелеу.Жыл бойы алған білімдерін көрсету.

Көрнекілік: шар, отбасы мүшелері суреттері, слайдтар

Өткізілетін орын:Мультимедия кабинеті

Пән-аралық байланыс: Өзін- өзі тану , сурет, музыка, тіл дамыту

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ

Ұйымдастыру кезеңі.

I.Амандасу ( шаттық шеңбері)

II.Кіріспе сөз.

Тәрбиеші: Жанұя. (өлеңі жатқа оқу)

Сенде де бар жанұя

Менде де бар жанұя

Үлкенде де, кішіде,

Жанұя бар әрбір кісіде

Жанұя бар шуақ қой

Қуаныш пен қуат қой - деп ақын ағамыз жырлағандай бүгінгі тақырып« Ынтымағы жарасқан отбасы» тәрбие сағатына ҚОШ КЕЛДІНІЗДЕР!

Отбасы- Махаббатың, сыйластықтың, жақын қарым- қатынастың бастауы. Отбасы- өмірлік мақсаттары бір, өзара мейірімділік пен жылулық, қуаныш пен түсіністік те тірлік етер жаны жақын адамдар арасындағы қарым-қатынас. Адам өмірі отбасынан басталады.

III . 1-слайд. Отбасы суреті. ( Балалар шағын әңгіме құрайды)

Ата суреті. Пернегүлдің сөзі...

Ата-беделі әкеден жоғары, өмірлік тәжірибесі мол, әулеттің тірегі. Қазақ отбасында ата мен әженің ролі зор. Отбасындағы шешуші сөз атанікі.

Ақтілек өлең оқиды.

Атам үшін күнде мен

Отынға ағаш жарамын

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де бармын.

Жоқтатпаймын атамды

Қоям шайын қайнатып.

Атам бірақ мен үшін

Оқымайды сабақты.

Әже- Гүлзаданың сөзі шаңырақтың алтын қазығы. Ұрпағын мейірім шуағына бөлеп, үлкен өмірге бейімдеуші. Халықтық салт-дәстүрді, әдет -ғұрыпты, тіл мен дінге деген құрметті өскелең ұрпақ бойына сіңіруші.

Батыржан- өлең оқыды.

Менің әжем, ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем, жыр әжем

Шуағы мол, нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман -есен жүр, әжем.

Әке- Дәмірдің сөзі әке шаңырақ иесі. Отбасын асырап- сақтау негізінде ер-азаматқа жүктеледі. « Отағасы» деп аталуының себебі де осында.Үйге табыс кіргізу, бала- шағаны өсіріп жеткізу ер- азаматтың міндеті.

Әмір өлең оқиды.

Мақтайды әкем:

  • Батырым,

Енді өзіме серік!- деп.

Өсіп келе жатырмын,

Өз әкеме еліктеп.

Әкем мені жасымнан

Тастамайды қасынан.

Ана- Айгүлдің сөзі ана-отбасының ұйытқысы. Өмірге ұрпақ әкелу, оларды бағып- қағу, тәлім-тәрбие беру- ананың тікелей міндеті.Үй-ішінің, отбасы мүшелерінің тазалығы, тамақ дайындау, үй шаруасын ұқсату бәрі ананың міндеті.

Айбек өлең оқиды.

Аппақ болған анашым

Әлпештеген баласын

Бәрін білген қашанда

Үйрететін данасың.

Ерлік еткен біз үшін

Еңбек еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді

Анамызға мың алғыс.

Махаббат- Мамаларды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Думан- Мәпелеп мені өсірген

Рахмет саған анашым

Кір жуытпай үстіме

Мәпелеген баласын.

IV. Ән: Анашым орындайтын хормен балалар.

Ер бала- Бақыттың сөзі ер бала шаңырақ қуаты.Ананың қамқоршысы, әкенің тірегі. Ер бала отбасындағы шаруаларға жауапты. Отын-су әкелу, малға қарау, жем шөп әзірлеу, ауланы тазалау ер балаға жүктеледі.

Қыз бала- Көпейдің сөзі қыз бала шаңырақтың шуағы. Әкенің көз қуанышы, ананың қолғанаты. Тумысынан қыздар үй шаруасына бейім келеді. Ол анасына дастархан мәзірін жасау, ас әзірлеу, кір жуу, үй тазалығы сияқты жұмыстарға көмекші. Өзінен кейінгі бауырларына да қамқоршы осы қыз бала.

V.Балалар өздері шығарған өлеңдерін оқиды.

Ән. Балалық шақ.

VI .2- слайд. Мақал- мәтелдер

  1. Тәрбие отбасынан басталады.

  2. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады.

  3. Әке көрген оқ жонар

Шеше көрген тон пішер.

VII. Сергіту сәті: Бас бармағым- атам үйдің данасы

Балаң үйрек- әжем, ошақ анасы

Ортан терек- әкем, отау панасы

Шылдыр шүмек- шешем, шаңырақ ажары

Кішкентай бөбек мен, бәрінің базары.

VIII. 3-слайд. Менің отбасым. Балалардың отбасымен түскен суреттері.

IX. Ойын кезеңі; Кім жылдам?

X .Қорытындылау: Құрметті ата-аналар бүгінгі біздің тәрбие сағатымызды қорытындылай келе сіздерден мына ақ қағазға күннің шуағын салуларыныз керек. ( бояумен жұмыс қолдарын тәрелкедегі бояуға малып қағаз бетіне бес саусақтың таңбасын салу)

Рахмет. Осы күннің шуағымен балаларынызға жылу беріп, отбасыларыныздың ұйытқысы болыңыздар.

Балалар ата-аналарына жылы сөз айтып жүрек сыйлау.

Тәрбиеші: Сен бақытты ұлансың!

Анаң- күнің, жүрегің,

Әкең- өмір тірегің,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансың.

Әжең-асыл ардағың,

Атаң-дана қорғаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

Ағаң-қамқор асқарың,

Інің-мөлдір аспаның.

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.

«Болашақ ұрпақ - болашақтың сенімі. Тәрбие отбасынан басталады! - деп

Н.Ә.Назарбаев сөзімен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Сау болыныздар!



«Келісілді» « Бекітілді»

Айыртау ауданының Мектеп директоры:

Білім бөлімінің басшысы

С.К. Жакупов Е.К. Кадыров


Сырымбет орта мектебінің

2014-2015 оқу жылына арналған

мектепалды дайындық тобының оқу жұмысының жоспары

© 2010-2022