Кіріктіленген сабақ Сегіз қырлы, бір сырлы (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Ашық сабақ : Ойын сабағы.
2 « А» сынып
Мұғалім : Серикбаева Гульмира Амангельдиновна

Ойын сабағы .
Тақырыбы : «Сегіз қырлы , бір сырлы» .
Мақсаты : Танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері : Көп білуге , ізденуге ұмтылдыру . Оқушылардың білімдерін жан жақты дамыту ; ұшқыр ойлауға баулу .

Түрі : ойын сабақ .
Құралдары : тапсырма жазылған карточкалар ,интерактивная тақта
Барысы :
Ұйымдастыру кезеңі : кіріспе әңгіме , сабақтың өту барысын , мақсатын хабарлау .


  • Балалар , бүгінгі сабағымыз « Сегіз қырлы , бір сырлы » деп аталады . Бұл ұғым біздің халқымызда адамның қасиетіне байланысты айтылады Сонымен «Сегіз қырлы , бір сырлы » адам деген қандай адам ? Оқушылардың жауаптары тыңдалады .


  • Алдымен бүгінгі сайыстың шартымен таныстырайын. Сынып оқушылары өздернің қабілеттері мен білімділіктеріне қарай екі топқа бөлінеді . Әр топтың өздерінің ерекшеліктеріне қарай ұрандары бар .
    1.« Алғырлар » тобы :

    Асыл тастан , өнер жастан ,

    Шығады деп дарынды

    Қабылдаңыз шын жүрекпен ,

    Сәлем сізге жалынады .

    2. « Тапқырлар » тобы :

    Толағайдың тасындай

    Ұланнан тұрамыз

    Сөзге жүйрік баламыз

    Тапқырлар тобы осындай




Әр ойында өз шарты болады . Осы ойын сабағында ойының шарты бар :

1.Жауаптарын дайын болғанда қолдарынды көтеру
2.Оқушы жауап бергенше бөлмейміз

3.Дұрыс және толық жауап бергендерге ұпай қосылады .



Ендеше , өз арамыздан білімі жағынан осы атауға лайықы оқушы анықтауға кірісейік . Біздің сабағымыз бірнеше бөлімнен тұрады . Қазір сабаққа тез кірігіп кету үшін ой қозғап алайық .

Бәйге:

Мектептегі минут қалай аталады ? ( сабақ )


  • Шарты мен сұрағы бар шағын әңгіме не ? ( есеп )


  • Қарға жаңбыр жауып тұрған кезде қандай ағашта отырады ? ( су )


  • Айнұр 12 жаста , 7 інісі жаста . Екеуі неше жыл бірге тұрады ? ( 7 )


  • Ауаның қозғалысы ( жел )


  • Ұшақтың дөңгелікері ( шасси )


  • Бокс болатын алаңқай ( ринг )


  • Кепкен жүзім ( мейіз )


  • Өрмекшінің неше аяғы бар ? ( 6 )


  • 10 күннен кейін аптаның қай күні болады ? ( жұма )
    Негізгі бөлім : І I кезең « Ойна да ойла »

    1 ) . « Төртінші артық » ойыны


  1. Қаңтар,сәуір,тамыз,сәрсенбі.

  2. Тлендиев , Кастеев , Хамиди , Қалдаяқов

  3. аққу , тауық , үйрек , қаз

  4. қар , жаңбыр , найзағай , бұршақ

  5. емен , қайың , шырша , терек

  6. қатаң , ұяң , жуан , үнді

  7. шаршы , шеңбер , төртбұрыш , үшбұрыш


2) « Есіңе сақта , ретімен жаз »
Сөздер оқылады . Оқушылар сөздерді мұқият тыңдап еске сақтауға тырысу керек .

Үстел , пальто , шаңсорғыш , сызғыш , банан , торғай , Марс , Семей , қызғалдақ , арыстан .

Енді естіген сөздерін мынадай ретпен жазу ұсынылады :

1. Киім 2. Аң 3. Үй жиһазы 4 .Гүл 5. Планета 6.Тұрмыстық техника 7. Құс 8. Оқу құралы 9. Қала 10. Жеміс

Бойыңа мақтанба , ойыңа мақтан .

Математика пәні бойынша логикалық тапсырмалар беріледі . Қай топ тез және дұрыс жауап берсе , сол топқа ұпай беріледі .

IІІ кезең Дода

Математика
1.Үстелде 3 кесе сүт бар. Азамат 1 кесе сүтті ішіп қойды.Үстелде неше кесе бар?

2.Ұлжанның 1 бүтін , 2 жарты, 4 ширек алмасы бар. Оның барлығы неше алмасы бар?

3.Ерланның бір інісі және бір ағасы бар. Ол неше ағайынды ? (3)

4.1 жұмыртқа 5 минутта піседі , ал 2 жұмыртқа неше минутта піседі?

5.Азайғышы 23-ке тең , ал айырмасы 17-ге тең болса , азайтқыш қанша болмақ? (6)

2 Тапсырма «Кім тез шығарады? » ойын

1топқа 2 топқа

36-20= 16 18-7 =11

15+25=40 36+2 =38

72-69=3 20+10=30

38-38 28-24=4

20+12=32 30+15=45

14+2=16 26+21=37

Дүниетану

  1. Ең үлкен жануарды ата.

А) Көк кит ә) Піл б) Қабылан

2.Жабайы құстың ұясындағы жұмыртқаны қолмен ұстауға болмайды. Неге?

А)Жұмыртқа жарылады

ә) Құс ұясын тастап кетеді

б) Құс қорқады

3.Ұя салмайтын құс.

4.Қайсы құс емес?

А)Сұңқар ә) Пингвин б) Жарқанат

5.Неліктен арам шөптерді гүлдемей тұрғанда жұлу керек.

А) Топырақ тозады

ә) Гүлдері әдемі емес

б)Тұқымы пайда болмау үшін

1. Қар мен тон несімен ұқсайды?

1. Түсімен 2. Ауа бар 3. Жылытады

3. Ересек атану үшін үш рет туатын не ?

1. Құс 2. Көбелек 3. Бақа


Сөзжұмбақ

1 топқа 2 топқа

Т 10 100 ім

1 лік с 2 р

К 3 к 3 ік

5 ік 6 н

7 м қ 10


9. « Ұшты ұшты » ойыны :

Ұшты , ұшты кептер ұшты ; ұшты ,ұшты дәптер ұшты

Қарға ... , арба ... шағала ... балға ... үйрек ... бүйрек ... сұңқар ... тұлпар

Қателескен бала тақпақ немесе ән айтады

ІҮ кезең Қазақ тілі

1.Қазақ тілінде неше әріп бар?

А) 45 ә) 43 б) 42 в)15

2.Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсет.

А) т , с , к ә) ң , н, м б)з , ж , д

3.Дұрыс жазылған сөзді тап:

А)айалдама ә)аялдама б)аиалдама в)айялдама

4.Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап .

А) жап-ы-рақ ә)жа-пыр-ақ б)жа-пы-рақ в)жа-п-ырақ

5.Адамның көңіл күйін білдіретін сөйлем түрі.

А) хабарлы ә) сұраулы б) лепті

6.Не? Сұрағына жауап беретін сөзді тап:

А) етікші ә) ақын б) ата в)ақыл

ПолИглот

Кіріктіленген сабақ Сегіз қырлы, бір сырлы (2 сынып )

Кіріктіленген сабақ Сегіз қырлы, бір сырлы (2 сынып )

Кіріктіленген сабақ Сегіз қырлы, бір сырлы (2 сынып )



Кіріктіленген сабақ Сегіз қырлы, бір сырлы (2 сынып )

  • Бәрекелді , балалар !

    Бәріңе жақсы баға бар ,

    Азамат боп өсіндер ,

    Ел қадірін бағалар .


    Қорытынды : ұпай санау , бағалау .



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы

« №2 жалпы орта білім беретін мектеп » Коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«Сегіз қырлы,бір сырлы»

( Ойын сабақ)

Бастауыш сынып мұғалім: Серікбаева Г.А.








© 2010-2022