Математика, күнделікті жоспар, 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика , күнделікті жоспар, 2-сыныпМатематика 2-сынып 1-тоқсан

Сабақтың тақырыбы: 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар(сандарды салыстыру, қосу, азайту). 10 көлеміндегі сандар құрамы.

Мақсаты:

1. Білімділік: 10 көлеміндегі кестелік қосу және азайтуды, 10 көлеміндегі нумерацияны, 10 көлеміндгі сандар құрамын қайталау.

2. Дамытушылық: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктер: суреттер, ойыншықтар және әртүрлі заттар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: 10 көлеміндегі кестелік қосу және азайтуды, 10 көлеміндегі нумерацияны, 10 көлеміндгі сандар құрамын қайталау.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Тақтаға түрлі заттардың суреттерін іліп, Қанша?» Неше? Нешеу? сұақтарын қою арқылы заттарды санау, заттардың қасиеттері туралы әңгімелеу. 10-ға және 20-ға дейін тура және кері бағытта санату.

3. Тақырыпты түсіндіру.

1). -5-тен кейінгі санды ата, келесі санның 5-тен нешеуі артық?

-9-дың алдындағы санды ата, алдыңғы санның 9-дан нешеуі кем?

-3,9,1 сандарының көршілерін ата.

-6-мен 8,7мен 9 сандарының арасында қандай сан тұрады?

2). Сандар құрамын қайталау. Кез келген санды атап, оқушылар осы санды құрастыруға болатын цифрлары бар екі карточканы көрсетеді.

3). Қосу және азайтуда сан атауларын қайталау.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосқанда

Болып шықты он саусақ.

4. Сабақты бекіту.

«Мақсатыңа жет» ойыны.

Мысалдар тізбегін атау. Оқушылар жауап цифрлы карточкаан ретінде

Оқулықпен жұмыс:

Оқулықтың 4-бетіндегі суреттер бойынша санау арқылы қанша? Неше? Нешеу? сұрақтарына жауап алу. Мысалы: суретте не бейнеленген?

Дәптермен жұмыс.

5. Сабақты қорыту.

Не үйрендік? Қанша? Неше? Нешеу? сұрақтарына жауап бере отырып, заттарды санауды үйрендік.

6. Үйге тапсырма.

7. Оқушыларды бағалау.

Математика 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: 11-ден 20-ға дейінгі сандардың ондық құрамы.

Мақсаты:

1. Білімділік: екі таңбалы сандар, олардың ондық құрамы туралы түсінік қалыптастыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктер: суреттер, ойыншықтар және әртүрлі заттар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты екі таңбалы сандар, олардың ондық құрамы туралы түсінік қалыптастыру.Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Тақтаға түрлі заттардың суреттерін іліп, Қанша?» Неше? Нешеу? сұақтарын қою арқылы заттарды санау, заттардың қасиеттері туралы әңгімелеу. 10-ға және 20-ға дейін тура және кері бағытта санату.

«Есептеу мшинасы» ойыны.

2+10+7-8+10-2-4+1

6+2-4+4-3+5-2-4-2

4-3+9-8+7-3+2-6+3

3. Тақырыпты түсіндіру.

Сандардың алдымен өсу, содан кейін кему ретімен атау.

12 15 10

13 20 14

19 17 16

15 13 10 18

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосқанда

Болып шықты он саусақ.

4. Сабақты бекіту.

«Есептеу мшинасы» ойыны.

2+10+7-8+10-2-4+1

6+2-4+4-3+5-2-4-2

4-3+9-8+7-3+2-6+3

Оқулықпен жұмыс:

Оқулықтың 11-бет. №3 (Бос орындарды толықтыр)

№4. Салыстыр.

№5. Сұрақты толықтырып, есептерді шығар.

Дәптермен жұмыс.

5. Сабақты қорыту.

Не үйрендік?

6. Үйге тапсырма.

7. Оқушыларды бағалау.



Математика 2-сынып

Сабақтың тақырыбы: Фигураларды әріппен белгілеу. Кесінділер салу.

1. Білімділік: Оқушыларды латын әліпбиінің әріптерімен таныстыру, латын әріптерін геометриялық фигураларды белгілеуде қолдана білу.

2. Дамытушылық: Қосу мен азайту жағдайларына қатысты өткенді пысықтау.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктер: геометриялық фигуралар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты латын әліпбиінің әріптерімен таныстыру, латын әріптерін геометриялық фигураларды белгілеуде қолдана білу.

.Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2. Тақырыпқа көшу кезеңі.

«Мысалдар құрастыр» ойыны.

4

12

8

5

8

13

4

13

9

4

7

11

«Математикалық эстафета» ойыны

Сынып оқушылары үш командаға бөлінеді. Әр командаға арнап, тақтаға қатарлап мысалдар жазылады:

7+4 9+3 8+4

12-3 11-2 13-4

8+3 11-2 13-4

3. Тақырыпты түсіндіру.

Ауызша жаттығулар.

-фигураларды топтарға бөл:

Ауызша жаттығу орындалып біткеннен кейін «артық» фигураның қандай белгілеріне (көлемі, түсі) қарап таңдап алынғанын нақтылаймыз.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосқанда

Болып шықты он саусақ.

4. Сабақты бекіту.

«Фигураларды таны» ойыны

Оқулықпен жұмыс:

Оқушылар оқулықтағы суреттерге және тақтадағы оған ұқсас сызбаларға қарайды. әркімнің аты-жөні, тегі болатыны сияқты фигураларға да ат қойып, белгілеуге болатыны айтылады. Содан соң латын әліпбиінің кестесімен жұмыс жүргізіледі.(оқылу және жазылу тәртібі).

1-2 жаттығу пысықтау жұмысы

3-4 жаттығу есептеу дағдыларын дамытуға арналған.

№5. Сұрақты толықтырып, есептерді шығар(өздік жұмысы)

№6 ауызша орындау.1

Дәптермен жұмыс.

5. Сабақты қорыту.

Не үйрендік?

6. Үйге тапсырма.

7. Оқушыларды бағалау.




2-сынып математика Сабақтың тақырыбы: Белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер. Пысықтау. Білімділік мақсаты: есептің жаңа түрін шешу жолымен таныстыру, ондықты аттап қосу мен азайтудың өтілген жағдайларын пысықтау Дамытушылық мақсаты: қосу мен азайту жағдайларына қатысты өткенді пысықтау

Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктер: кестелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Тірек білімді пайдалану. Ауызша жаттығулар:

  • «Мысалдар тізбегі» ойыны. Мұғалім мысалдар айтады (5+3). Балалар оны ауызша орындайды, ал тақтаға шығарылған бала жауапты емес, осы саннан басталатын мысалды айтады. Мысалы, 5+3, 8-2, 6+10 және т.б.
  • Сандар құрамын қайталау. «Санды екі санға ауыстыр» ойыны. Мұғалім бір жағында 13 саны (немесе кез келген басқа сан) бекітілген таразының екінші басына екі санды қоюды сұрайды. Ойын барысында балалар 11, 12, 13, 14 сандарының құрамын қайталайды. Тақтадағы бала тапсырманы орындайды, ал қалған оқушылар бағдаршам карточкалардың көмегімен жауаптың дұрыстығын тексереді. Содан кейін оқушылар дәптерге мысалдарды жазады.
  • «Санды тап» ойыны. Мұғалім (немесе алдын ала дайындаған оқушы) тапсырманы оқиды:
  • Мен бір сан ойладым, егер одан 4-ті азайтсақ, нәтижесі 2 болады. мен қандай сан ойладым?
  • Мен бір сан ойладым, егер одан 10-ды азайтсақ, нәтижесі 2 болады. Мен қандай сан ойладым?
  • Мен бір сан ойладым, егер одан 10-ды азайтсақ, нәтижесі 30 болады. мен қандай сан ойладым?
№1 жаттығу ауызша орындалады. ІІІ. Жаңа материалды оқып үйрену. ІҮ. Оқулықпен жұмыс. Есептің жаңа түрімен таныстыру үшін көрнекі құралға сүйене отырып, сабақты мақсатқа лайықты жүргізу керек. Оқулықтағы 2-тапсырманың сызбасы арқылы да түсіндіруге болады. Мұғалім түсіндіру жұмысын былай жүргізу керек: «Таспаның неше сантимерті қиып алынды? Неше сантиметр таспа қалды? Есепте нені білу керек?» (Таспаның ұзындығы неше сантиметр болған еді?). таспаның бір бөлігін кесіп алғанда, тағы бір бөлігі қалды, біз таспаның бастапқы ұзындығын білуіміз керек. Бастапқы ұзындық қалған бөлігінен артық па, кем бе? (артық). Бастапқы ұзындық қалған бөлігінен артық па, кем бе? (артық). Олай болса, таспаның ұзындығын табу үшін қандай амал қолданамыз? (қосу амалы). Жаңа тақырыпты алғашқы пысықтау үшін 3 және 4-жаттығулар тақтада орындалады. Есептің мұндай түрінде бастапқы тұтас нәрсенің санын тауып, ол сан алынғаны мен қалғанынан артық болуы керек деген жалпы қорытынды жасалуы керек. Келесі сабақты оқылған қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімдері бекітіліп, әртүрлі есептерді шешеді. ҮІ. Сабақты қорыту. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау.



























Сабақтың тақырыбы: Белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер. Пысықтау. Білімділік мақсаты: есептің жаңа түрін шешу жолымен таныстыру, ондықты аттап қосу мен азайтудың өтілген жағдайларын пысықтау Дамытушылық мақсаты: қосу мен азайту жағдайларына қатысты өткенді пысықтау Тәрбиелік мақсаты: ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Тірек білімді пайдалану. Ауызша жаттығулар:

  • «Мысалдар тізбегі» ойыны. Мұғалім мысалдар айтады (5+3). Балалар оны ауызша орындайды, ал тақтаға шығарылған бала жауапты емес, осы саннан басталатын мысалды айтады. Мысалы, 5+3, 8-2, 6+10 және т.б.
  • Сандар құрамын қайталау. «Санды екі санға ауыстыр» ойыны. Мұғалім бір жағында 13 саны (немесе кез келген басқа сан) бекітілген таразының екінші басына екі санды қоюды сұрайды. Ойын барысында балалар 11, 12, 13, 14 сандарының құрамын қайталайды. Тақтадағы бала тапсырманы орындайды, ал қалған оқушылар бағдаршам карточкалардың көмегімен жауаптың дұрыстығын тексереді. Содан кейін оқушылар дәптерге мысалдарды жазады.
  • «Санды тап» ойыны. Мұғалім (немесе алдын ала дайындаған оқушы) тапсырманы оқиды:
  • Мен бір сан ойладым, егер одан 4-ті азайтсақ, нәтижесі 2 болады. мен қандай сан ойладым?
  • Мен бір сан ойладым, егер одан 10-ды азайтсақ, нәтижесі 2 болады. Мен қандай сан ойладым?
  • Мен бір сан ойладым, егер одан 10-ды азайтсақ, нәтижесі 30 болады. мен қандай сан ойладым?
№1 жаттығу ауызша орындалады. ІІІ. Жаңа материалды оқып үйрену. ІҮ. Оқулықпен жұмыс. Есептің жаңа түрімен таныстыру үшін көрнекі құралға сүйене отырып, сабақты мақсатқа лайықты жүргізу керек. Оқулықтағы 2-тапсырманың сызбасы арқылы да түсіндіруге болады. Мұғалім түсіндіру жұмысын былай жүргізу керек: «Таспаның неше сантимерті қиып алынды? Неше сантиметр таспа қалды? Есепте нені білу керек?» (Таспаның ұзындығы неше сантиметр болған еді?). таспаның бір бөлігін кесіп алғанда, тағы бір бөлігі қалды, біз таспаның бастапқы ұзындығын білуіміз керек. Бастапқы ұзындық қалған бөлігінен артық па, кем бе? (артық). Бастапқы ұзындық қалған бөлігінен артық па, кем бе? (артық). Олай болса, таспаның ұзындығын табу үшін қандай амал қолданамыз? (қосу амалы). Жаңа тақырыпты алғашқы пысықтау үшін 3 және 4-жаттығулар тақтада орындалады. Есептің мұндай түрінде бастапқы тұтас нәрсенің санын тауып, ол сан алынғаны мен қалғанынан артық болуы керек деген жалпы қорытынды жасалуы керек. Келесі сабақты оқылған қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімдері бекітіліп, әртүрлі есептерді шешеді. ҮІ. Сабақты қорыту. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау.

2-сынып. Математика. Сабақтың тақырыбы: 17, 18 сандарының екі бір таңбалы сандарға жіктелуінің құрамы және қосу мен азайтудың сәйкес жағдайлары Білімділік мақсаты: жауабы 17, 18 болатын қосудың кестелік жағдайын және азайтудың сәйкес жағдайларын оқып үйрену. Дамытушылық мақсаты: осы сандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру

Тәрбиелік мақсаты: сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата алуларына үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты 17, 18 болатын қосудың кестелік жағдайын және азайтудың сәйкес жағдайларын оқып үйрену.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

39-бет. №6

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Ауызша жаттығулар. «Өрнек құрастыр» (11-16 сандары құрамының белгілі жағларын қайталау). Мысалы: 6+6=12 7+8=15 «Тізбек қандай саннан басталады?» ?+4-5+3=12 Математикалық диктант. «Аталған санды 2, 3, 4, 5-ке арттыр». Мұғалім 5, 6, 7,8, 9 сандарын атайды. «Әрбір аталған санды 2, 3, 4, 5-ке кеміт». Мұғалім 15, 14, 13, 12, 11 сандарын атайды. ІҮ. Жаңа материалды оқып үйрену.

«Пойыз құрастырамыз» ойыны. Тақтаға 9 баланы шығарып, олар бірінің артына бірі тұрады(9 вагоннан тұратын пойыз құрайды) Тоғыз вагонға тағы 8 вагон тіркеп алуды сұраймыз. Мысалды тақтаға жазып, сұрақ қоямыз:

-9 вагонға барлығы қанша вагон тіркелді? (8)

-Пойыз құрамын 10-ға толтыру үшін алдымен қанша вагон тіркеледі?(1)

-Енді қанша вагон тіркеу қажет? (7)

Тақтаға мына мысалдар жазылады:

9+8=17

9+1+7=17

-пойыз құрамында барлығы қанша вагон бар? (17)

Осылайша вагондармен азайту амалдары көрнекі түрде көрсетіледі.

Ү. Сабақты бекіту.

«Мысалдар құрастыр» ойыны.

7

14

7

8

17

9

7

15

8

8

8

16

Оқулықпен жұмыс.(Өткен материалды пысықтау.) №2. Есептеп дұрыстығын тексер. №3. Теңдеулерді шеш. №4. Есепті шығар. №5. Есепті санды деректермен толықтыр және оны шығар. ҮІ. Сабақты қорыту. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. ҮІІ. Үйге тапсырма. ҮІІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау.

2-сынып. Математика.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.

Сабақтың мақсаты:

1.Есептің өтілген түрлерін шығарудағы есептеу дағдыларын жетілдіру

2.Осы сандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру

3. Сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата алуларына үйрету.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты осы сандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

39-бет. №6

ІІІ. Тақырыпты қайталау.

Ауызша жаттығулар.

«Өрнек құрастыр» (11-16 сандары құрамының белгілі жағларын қайталау). Мысалы:

6+6=12 7+8=15

«Тізбек қандай саннан басталады?»

?+4-5+3=12

Математикалық диктант. «Аталған санды 2, 3, 4, 5-ке арттыр». Мұғалім 5, 6, 7,8, 9 сандарын атайды. «Әрбір аталған санды 2, 3, 4, 5-ке кеміт». Мұғалім 15, 14, 13, 12, 11 сандарын атайды.

Ауызша жаттығуларға мынадай тапсырмаларды енгізуге болады:

15, 18, 19 сандарының «көршілерін» ата.

Мына сандарды 5-ке арттыр: 1, 5, 6, 7, 9.

Келесі сандарды 6-ға кеміт: 8, 10, 12, 13, 15.

Сандарды салыстырып, жауабын карточкалардың көмегімен көрсет. Тақтада мынадай сандар жазылған:

12* 15 5*12 9*7

5*8 1*4 3*0

ІҮ. Сабақты бекіту.

«Үндемес» ойыны.Тақтаға жазылған мысалдарды көрсетіп, оқушылардан жауабын карточкалардың көмегімен көрсетуді сұраймыз.

3. Сандарды салыстыру. Тақтаға сандарды жазып, олармен тура теңсіздіктер құрастыруды сұраймыз.

Тақтаға мына сандар жазылады: 16,17, 19, 9, 90, 20, 12,15, 13.

Содан кейін оқушылар оқулықтағы тапсырманы орындайды. 2-есептің сызбасы бойынша оқушылар өтілген түрлер бойынша ауызша да, жазбаша да шығаруға болатын есептер құрастырады. Бұл жаттығудың құндылығы сонда, есеп құрастыру және шығару бойынша шектеу болмайды.

Алдымен оқушылардың назарын «болды, қалды» деген есептің мазмұнын анықтайтын негізгі тірек сөздерге аударады. Ары қарай есептің мазмұны қандай заттармен (ұшақ, шар, құс, т.б.) байланысты екені, одан соң олармен не болуы мүмкін (сатылды, ұшып кетті, т.б.) екені анықталады. Содан соң алдын ала есептің шарты, сұрағы болатынын естеріне түсіріп, балалардан есеп құрастыруды сұраймыз. Бір есеп құрастырылғаннан кейін, балалардың назарын сандық деректерді өзгертуге немесе сұрақты өзгертуге болатынына көңіл аударады. Бұл бір кесте бойынша көптеген есептерді құрастыруға мүмкіндік береді.

Ү. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІ. Үйге тапсырма.

40-бет. №3.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

2-сынып, математика.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.

Білімділік мақсаты: 20- дейінгі сандарды кестелік қосу және азайтудың кестелік жағдайларының бастапқы деңгейін анықтау, есептеу білігі мен білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты: осы сандық кесіндіде сандардың ондық құрамы негізінде қосу мен азайтудың есептеу тәсілдерін қарастыру

Тәрбиелік мақсаты: сандардың өзара ерекшеліктерін ажырата алуларына үйрету

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты 20- дейінгі сандарды кестелік қосу және азайтудың кестелік жағдайларының бастапқы деңгейін анықтау, есептеу білігі мен білімдерін жетілдіру.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

43-бет. №5

ІІІ. Тірек білімді пайдалану.

Ауызша жаттығулар:

«Санды тап» ойыны.

14 шығу үшін қандай санға 9-ды қосу керек

9 шығу үшін қандай саннан 2-ні азайту керек

«Мен бір сан ойладым, оған тура сондай санды қосса, нәтижесі 14 болады. Мен қандай сан ойладым?»

«Қай мысал шығарылғанын тап?» ойыны.

Тақтаға мысалдар жазамыз:

5+6 12-4 9+5

7+5 14-5 8+5

«Мен осы мысалдардың бірін шығардым, нәтижесі 13 болды. Қай мысалды шығардым?» және т.б.

Сандар құрамымен жұмыс. «Жұбын тап» ойыны.

Мұғалім тақтаның оң жағына 10, 11, 12, 13, 14 сандарын, ал сол жағына жазылған сандардың құрамына кіруі мүмкін сандарды жазады: 5, 5, 6, 6, 7, 6, 7, 7, 4. «Екі таңбалы санды санның құрамына кіретін сандармен екі сызық арқылы біріктіріңдер».

Математикалық диктант «Дұрыс немесе бұрыс».

Амалдарды оқимыз:

8 бен 5-тің қосындысы 14-ке тең

7 мен 4-тің қосындысы 11-ге тең

Бірінші қосылғыш- 9, екінші - 5. Қосындының мәні 14-ке тең.

9 саны 2-ге арттырылды. Нәтижесі 11.

ІҮ. Сабақты бекіту. (өздік жұмыс)

1-нұсқа

2-нұсқа

7+5 13-8 12-4+3

11-9 4+8 17-9-6

9+5 16-8 4+7-3

7+6 12-7 11-5+3

18-9 5+8 12-9-2

7+5 14-7 6+7-3

Х+5=12 а-9=5

9+х=13 а-6=6

Әлия бір ай ішінде12 кітап оқыды, ал Айдын 3 кітап кем оқыды. Айдын барлығы неше кітап оқыды?

Дәуреннің ойындар жазылған13 дискісі бар, ал Жанаржа одан 5 диск кем. Жанарда барлығы неше диск бар?

№1. Қосуды бағдарша бойынша орында

№2. Есепті шығар, кері есеп құрастыр

№3. Есепті санды деректермен толықтыр және шығар.

№4. Кесінділерді өлше

№6. Логикалық есеп

Ү. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІ. Үйге тапсырма.

44-бет №5

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.



2-сынып, математика.

Сабақтың тақырыбы: Жақшалы өрнектер.

Сабақтың мақсаты:

1.жақшалы өрнектердің жазылуымен, олардың орындалу тәртібімен таныстыру;

2. оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру.

3. Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты жақшалы өрнектердің жазылуымен, олардың орындалу тәртібімен таныстыру.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

44-бет. №5

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Ауызша жаттығулар:

I.1, 3,12; 8, 4,12; 6, 4,10 сандарын пайдалана отырып, қосу мен азайтуға мысалдар құр (сандар тақтада берілген). %, 20-ға дейінгі сандарын қайталау. «Математикалық Ы» ойыны түрінде жүргізіледі. Алдыңғы сабақтарға қара.

«Кун мен түн» ойыны. «Мен «түн» деп айтқанда, көздеріңді, санай бастаңдар. «Күн» дегенде, көздеріңді ашыңдар да, айтыңдар».

М:

4 + 3 - 10 + 5 + 7- 3 + 10 - 0 - 10 + 5- 7

5-6 + 4- 7 + 10-7-6 + 3- 0- 2 + 4

7 + 6-10 + 8- 2- 6 + 8-10 + 5- 4 + 10

I және 8-тапсырмаларды ауызша орындауға беруге болады.

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақты түсіндіру 2-тапсырмаға негізделіп орындалады. Келесі тапсырма құрама есептермен таныстыруға дайындық болып табылады.

Көрсетілген амалдар тәртібін сақтап, есепте.

а) 6 мен 2 сандарының айырмасына 4-ті қос.

1 2

(6-2)+4= 8

ә) 6 санынан 2 мен 4 сандарының қосындысын азайт.

2 1

6 - (2+4)=0

Жақша ішіндегі амал бірінші орындалады.

6-есепті оқушылар өздері орындайды.

Оқулық пен дәптердегі тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындап, соңынан тексеру жүргізіледі.

Ү. Сабақты бекіту.

«Математикалық диктант». «Дұрыс немесе бұрыс». Мұғалім дұрыс және бұрыс математикалық амалдар оқиды. Оқушылар дәптерге дұрыс болса «+», бұрыс болса «-» таңбасын қояды. Содан кейін мұғалім берген -+-++-++ жауаптарымен салыстырып, қателерді түзеп, өз жұмыстарын бағалайды.

7-нің алдында тұрған сан 5-ке тең

4-тің алдында тұрған сан 3-ке тең

8-ден кейін тұрған сан 10-ға тең

8+2 өрнегі 10-ға тең

9 бен 7-нің айырмасы 2-ге тең

4 пен 5 сандары 3-ке көрші тұрған сандар

4 саны 5-тен кіші

2 мен 7-нің қосындысының мәні 9-ға тең.

Оқулықпен жұмыс.

№1. Өрнектерді оқы. Олардың мәнін тап.

№3. Өрнектерді оқып, олардың мәнін тап.

№4. Теңдіктер тура болатындай жақша қой.

6-есепті оқушылар өздері орындайды.

Оқулық пен дәптердегі тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындап, соңынан тексеру жүргізіледі.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

46-бет, №5

ҮІІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.


2-сынып, математика Сабақтың тақырыбы: Белгісіз азайтқышты табуға берілген есептер.

Сабақтың мақсаты: 1. есептің жаңа түрімен таныстыру, берілген есепке кері есептер құра білу дағдыларын қалыптастыру; есептің шешуін тексеруді орындауға үйрену. 2. оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру.

3. Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты жақшалы өрнектердің жазылуымен, олардың орындалу тәртібімен таныстыру.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

46-бет. №5

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Ауызша жаттығулар: I.1, 3,12; 8, 4,12; 6, 4,10 сандарын пайдалана отырып, қосу мен азайтуға мысалдар құр (сандар тақтада берілген). %, 20-ға дейінгі сандарын қайталау. «Математикалық Ы» ойыны түрінде жүргізіледі. Алдыңғы сабақтарға қара.

«Кун мен түн» ойыны. «Мен «түн» деп айтқанда, көздеріңді, санай бастаңдар. «Күн» дегенде, көздеріңді ашыңдар да, айтыңдар».

М:

4 + 3 - 10 + 5 + 7- 3 + 10 - 0 - 10 + 5- 7

5-6 + 4- 7 + 10-7-6 + 3- 0- 2 + 4

7 + 6-10 + 8- 2- 6 + 8-10 + 5- 4 + 10 «Санды тап» ойыны. Мұғалім алдыңғы сабақтарға ұқсас белгісіз азайғышы және азайтқышы бар тапсырмаларды ұсынады. ІҮ. Жаңа материалды оқып-үйрену. Есептің жаңа түрімен таныстыру көрнекілікке және бұрынғы оқылған материалдарға сүйене отырып құрылады (қосу мен азайтудың өзара байланысы). Балалар есепті оқып, оған берілген суретке қарайды. Таспаның барлық ұзындығы қандай? (60 см). Неше сантиметр қиып алынды? (20 см). Неше сантиметр қалды? (Белгісіз). Суретке қараңдар: қиылған бөлігі 60 см-ден, яғни барлық ұзындығынан үлкен болуы мүмкін бе? (Мүмкін емес). Неше сантиметр қалғанын қалай білдік? (60 - 20). Бұл сабақтың мақсаты жаңа есепке кері есеп құрумен таныстыру болғандықтан, есепті тақтада қысқаша жазған тиімді (уақытты үнемдеу және кері есептердегі деректер мен ізделінді санды салыстыруға мүмкіндік болу үшін), балалар дәптерге тек өрнектер мен жауаптарын ғана жазады. Ары қарай 3, 4-есептерді ұжыммен орындайды да, дәптерге тек өрнектері мен жауаптарын жазады. Содан соң балалар бұл есептердің неге кері есеп болып табылатынын дәлелдейді. Ү. Сабақты бекіту. Қандай сандар жазылмаған? 16-[]=8 12-[]=7 18-[]=9 10-[]=5 15-[]=5 17-[]=8 №2 есептерді шығар. Олардың шарты мен шешуін салыстыр. №3. Есепті шығар №5. Ең ауыр ойыншықты ата. ҮІ. Сабақты қорыту. Сабақты қорытындылау. ҮІІ. үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 48-бет, №4 ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау.

2-сынып, математика Сабақтың тақырыбы: Өтілген материалды пысықтау. Сабақтың мақсаты: 1. есептің өтілген түрлерін шығарудағы есептеу дағдыларын жетілдіру. 2. оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру.

3. Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:пысықтау сабағы.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты есептің өтілген түрлерін шығарудағы есептеу дағдыларын жетілдіру . Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

47-бет, №3. 48-бет, №4.

ІІІ. Тақырыпты қайталау. Ауызша жаттығуларға мынадай тапсырмаларды енгізуге болады:

  1. 15, 18, 19 сандарының «көршілерін» ата.
  2. Мына сандарды 5-ке арттыр: 1, 5, 6, 7, 9.
  3. Келесі сандарды 6-ға кеміт: 8, 10, 12, 13, 15.
  4. Сандарды салыстырып, жауабын карточкалардың көмегімен көрсет. Тақтада мынадай сандар жазылған:
12* 15 5*12 9*7

5*8 1*4 3*0 № 2-есептің сызбасы бойынша оқушылар өтілген түрлер бойынша ауызша да, жазбаша да шығаруға болатын есептер құрастырады. Бұл жаттығудың құндылығы сонда, есеп құрастыру және шығару бойынша шектеу болмайды. Алдымен оқушылардың назарын «болды, қалды» деген есептің мазмұнын анықтайтын негізгі тірек сөздерге аударамыз. Ары қарай есептің мазмұны қандай заттармен (ұшақ, шар, құс, т.б.) байланысты екені, одан соң олармен не болуы мүмкін (сатылды, ұшып кетті, т.б.) екені анықталады. Содан соң алдын ала есептің шарты, сұрағы болатынын естеріне түсіріп, балалардан есеп құрастыруды сұраймыз. Бір есеп құрастырылғаннан кейін, балалардың назарын сандық деректерді өзгертуге немесе сұрақты өзгертуге болатынына аударамыз. Бұл бір кесте бойынша көптеген есептерді құрастыруға мүмкіндік береді. ІҮ. Сабақты бекіту. «Үндемес» ойыны. Мұғалім тақтаға жазылған мысалдарды көрсетіп, оқушылардан жауабын карточкалардың көмегімен көрсетуді сұрайды. Сандарды салыстыру. Тақтаға сандарды жазып, олармен тура теңсіздіктер құрастыруды сұрайды. Тақтаға мына сандар жазылады: 16,17, 19, 9, 90, 20, 12,15, 13. Ү. Сабақты қорыту. Сабақты қорытындылау. Не білдік? Не үйрендік? ҮІ. үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау.


2-сынып, математика. Сабақтың тақырыбы: Бағасы. Құны. Теңге Сабақтың мақсаты: күн, баға және ақша бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру.: 1. Құн, баға және ақша бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру, есептің өтілген түрлерін шығарудағы есептеу дағдыларын жетілдіру. 2. оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру.

3. Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты Құн, баға және ақша бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру, есептің өтілген түрлерін шығарудағы есептеу дағдыларын жетілдіру . Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

49-бет, №3.

ІІІ. Білімдерін дамыту. 1. «Математикалық балық аулау» ойыны. Мұғалім балық пішініндегі карточкаларға бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайтуға берілген мысалдарды жазады. Карточкалар магнитті тақтаға бекітіледі. 2. Сандар құрамын қайталау «Сандарды үйге орналастыр» ойыны түрінде жүргізіледі. 3. «Математикалық диктант». Мұғалім мысалдарды оқиды, олардың жауаптары дұрыс немесе дұрыс емес болуы мүмкін. Оқушылар дұрыс жауапқа «+», дұрыс емес жауапқа «-» таңбасын қояды. Соңынан диктант тексеріледі, балалар өз жұмыстарын өздері бағалайды. - 11 санын 2-ге кеміткенде, 9 саны шықты. - 11 санын 9-ға кеміткенде, 2 санын алдық. - 13 пен 7 сандарының айырмасы 5-ке тең. - 11 санының 4 санынан 7-еуі артық. - 7 санының 12 санынан 5-еуі кем. - 12 санының 6 санынан 6-ауы артық. - 9 санының 17 санынан 8-і кем. - 9 бен 5 сандарын 7-ге кеміткенде, 8 саны шықты. - 10 мен 2 сандарын 4-ке кеміткенде, 8 саны шықты. 4. Өздік жұмысты 5-тапсырма бойынша ұйымдастыруға болады. Жаңа материалмен таныстыру. алғашқыда балалардың ақша, тауардың құны (ақша не үшін керек, бір нәрсе сатып алу үшін өз беттерінше дүкенге барған кездері болды ма, т.б.) туралы күнделікті тұрмыстағы түсініктерін анықтайды. Жаңа тақырыппен таныстыруды «Дүкен» ойыны түрінде жүргізуге болады. алдын ала «тауарларды», оған ілінетін «бағаларын» дайындап қоямыз. «дүкен сөрелеріне» тауарларды орналастырып, бағаларын іледі. Оның дүкенінде тауарлар «сатылатынын» хабарлаймыз. Оқушылардың бірі «сатып алушы» болады да, оған тауар «сатып алу» тапсырылады. Ойын барысында практикалық есептер құрастырылады және шығарылады. Ары қарай мұғалім балалардың назарын бір заттың қанша тұратынына аударады да, бұл заттың бағасы екенін, ал барлық сатып алған затқа төленген ақшаның заттың құны екенін айтылады. Оқулықпен жұмыс. Алдыңғы сабаққа ұқсас жұмыс оқулықтың суреті бойынша ұйымдастырылады (1-тапсырма). Сурет бойынша есеп құрастыруды ұсынуға болады. Содан кейін оқушылар мұғалімнің көмегімен 2, 3-есептерді шығарады. 4, 5-жаттығулар өздеріне орындауға беріліп, соңынан тексеріледі. 6-тапсырманы оқушылар өздері түсіндіре отырып орындайды. 7-тапсырма алдыңғы сабаққа ұқсас орындалады. ҮІ. Сабақты қорыту. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау

2-сынып, математика. Сабақтың тақырыбы: есептер шығару. Сабақтың мақсаты: 1. Құн, баға және ақша бірліктері туралы алған білімдерін жетілдіру. 2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру.

3. Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, ойын.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты құн, баға және ақша бірліктері туралы алған білімдерін жетілдіру. Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

51-бет, №5.

ІІІ. Білімдерін дамыту. 1. «Математикалық балық аулау» ойыны. Мұғалім балық пішініндегі карточкаларға бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайтуға берілген мысалдарды жазады. Карточкалар магнитті тақтаға бекітіледі. 2. Сандар құрамын қайталау «Сандарды үйге орналастыр» ойыны түрінде жүргізіледі. 3. «Математикалық диктант». Өрнектерді жаз және олардың мәнін тап. - 2 мен 8 сандарының қосындысына 4 санын қос - 10 санынан 12 мен 7 сандарының айырмасын азайт. -3 санына 11 мен 6 сандарының айырмасын қос -15 санынан 4 пен 5 сандарының қосындысын азайт. -8 саныына 12 мен 3сандарының айырмасын қос. ІҮ. Жаңа материал туралы алған білімдерін жетілдіру. Жаңа тақырыппен таныстыруды «Дүкен» ойыны түрінде жүргізуге болады. Алдын ала «тауарларды», оған ілінетін «бағаларын» дайындап қоямыз. «Дүкен сөрелеріне» тауарларды орналастырып, бағаларын ілеміз. Оның дүкенінде тауарлар «сатылатынын» хабарлайды. Оқушылардың бірі «сатып алушы» болады да, оған тауар «сатып алу» тапсырылады. Ойын барысында практикалық есептер құрастырылады және шығарылады. Ары қарай балалардың назарын бір заттың қанша тұратынына аударады да, бұл заттың бағасы екенін, ал барлық сатып алған затқа төленген ақшаның заттың құны екенін айтамыз. Ү. Сабақты бекіту. Карточкамен жұмыс. Оқулықпен жұмыс. №1. кесте бойынша есептер құрастыр және оларды шығар. №2. Төмендегі сандарды пайдаланып, теңдіктер құрастырып жаз. №4. Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыр. №5. Есепті шығар. ҮІ. Сабақты қорыту. Не білдік? Не үйрендік? ҮІІ. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. №3. 52-бет. ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау









2-сынып, математика. Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Білімдерін тексеру. Сабақтың мақсаты:

  1. 1-тоқсанда алған білімдерін қорытындылау, өтілген материалдарды жүйелеу.
  2. 20 көлеміндегі кестелік қосу және азайту туралы алған білімдерін жетілдіру.
  3. Оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, ойын.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар, тест парақшалары.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты 1-тоқсанда алған білімдерін қорытындылау, өтілген материалдарды жүйелеу. 20 көлеміндегі кестелік қосу және азайту туралы алған білімдерін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

53-бет, №3.

ІІІ. Тақырыпты қайталау. 1. «Үндемес» ойыны. Бұл ойын есептеу дағдыларын жетілдіруге арналады. Мұғалім ондықтан аттау арқылы бір таңбалы сандарды қосу және азайтуға берілген мысалдарды айтады, оқушылар карточкалардың көмегімен тиісті жауапты көрсетеді. 2. 11-ден 18-ге дейінгі сандардың құрамымен жұмыс алдыңғы сабақтарда жүргізілген ойындардың бірімен ұйымдастырылады. 3. «Плюс немес минус?» математикалық диктанты. Мұғалім жай есептерді оқиды, ал оқушылар есеп шығарылатын амал таңбасын жазады. - Тосап қайнату үшін жемістер сатып алынды. 6 кг жеміс қайнатылды. 8 кг жеміс қалды. Неше килограмм жеміс сатып алынды? - Картоп пен пияз 15 кг тартады. Картоптың массасы - 7 кг. Пияз неше килограмм тартады? - Саматта бірнеше төсбелгі болды. 9 төсбелгіні өзінде қалдырып, 5-еуін досына сыйлады. Саматта неше төсбелгі болды? - Бірінші бидонда 12 л сүт, ал екіншісінде одан 4 литр кем ? сүт болды. Екіншісінде неше литр сүт болды?





ІҮ. Сабақты бекіту. Математика , күнделікті жоспар, 2-сынып Ү. Сабақты қорытындылау. Не білдік? Не үйрендік? ҮІ. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 55-бет. №5. ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау.

Математика. 2-сынып. Сабақтың тақырыбы: Сынық сызық және оның ұзындығы. Сабақтың мақсаты:

  1. Сынық сызық және ұзындықтың ірірек өлшем бірлігі - метр туралы түсініктерін қалыптастыру
  2. Оқушылардың геометриялық фигуралар туралы білімдерін жетілдіру.
  3. Оқушыларды байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, ойын.

Көрнекіліктер: сандар жазылған карточкалар, тест парақшалары.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабақтан қалған оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты 1-тоқсанда алған білімдерін қорытындылау, өтілген материалдарды жүйелеу. 20 көлеміндегі кестелік қосу және азайту туралы алған білімдерін тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

53-бет, №3.


ұзындықтың ірірек өлшем бірлігі - метр туралы түсініктерін қалыптастыру; өтілген ұзындық өлшем бірліктерінің арақатынасын және ондық жүйедегі байланысын көрсету. ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі. «Таныс фигураларды ата» ойыны. ІҮ. Жаңа материалды оқып-үйрену. Балаларға әртүрлі геометриялық фигуралар жиынтығы таратылып беріледі (қиылған немесе қағаз бетінде бейнеленген, егер фигуралар жеке беттерде болса, фигураларды әріптермен белгілеуді тапсырып, күрделендіруіне болады). Әр оқушыдан фигураларды өлшеуді және осы фигуралардың қабырғаларын атауды сұралады. Ұсынылған фигуралардың ішінде дециметр және сантиметрмен өрнектеуге болатындай қабырғасының ұзындығы 10 см-ден артық тіктөртбұрыштардың болғаны дұрыс.







Жүргізілген жұмыстан кейін ұзындықтың бұдан да ірірек өздеріне белгілі қандай өлшем бірлігі бар екенін сұралады (метр). Баланың өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, қандай заттарды метрмен өлшеуге болатыны анықталады. Оқушыларға метрдің өлшеу құралдарын көрсеткен дұрыс (рулетка, ағаш метр сызғыш, тігіншінің метр сызғышы). Ү. Сабақты бекіту. Карточкалармен жұмыс. (Сынық сызықтың ұзындықтарын тап) Оқулықпен жұмыс. Оқушылар практикалық жұмыс жүргізгеннен кейін оқулықта берілген сурет пен төмендегі кестені қарастырады. Мұғалім 1 метрде 100 см немесе 10 дм бар екендігін хабарлайды. 1-тапсырма.Ұзындығы тең кесінділерді тап. Қызыл кесінділердің ұзындығын тап. №3. Сынық сызық буындарын өлше. Қызыл және жасыл сынық сызықтардың ұзындығын тап. 4-есепті шығару сынып оқушыларының дайындық деңгейіне байланысты өз беттерінше орындалады. 5-тапсырманы оқушылар өздері орындап, соңынан тексеріледі. 7-логикалық тапсырма. ҮІ. Сабақты қорыту. Сабақты қорытындылау. ҮІІ. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. 57-бет. №6 ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың еңбегін мадақтау.





© 2010-2022