Конспект урока на тему: Кім?Кімдер?Не?Нелер?

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Аққала жасаймыз
Мақсаты:
1)Лексикалық тақырып төңірегінде әңгімелесу
2)Зейіндерін,есте сақтау қабілеттерін,,байқағыштықтарын,қиялдарын дамыту.
3)Достыққа,бір-бірін тыңдауға,мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: «Қысқы ойындар»суреті
Сабақ түрі:аралас

Сабақ барысы:

І Ұйым.кезең:

Амандасу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Шаттық шеңбері:
-Сәлем Күн!
-Сәлем Аспан!
-Сәлем туған Жер!
-Сәлем саған туған ел!

ІІҮй тапсырмасын тексеру

ІІІСөздік жұмыс:

қыс қатты - железная зима,

аязды - морозная,

қар сықырлайды -скрепучий снег,

жылтыр - блестящий,

тайғақ - скользкий.
ІІІ Жаңа тақырып
- Балалар,бүгін біз не туралы әңгімелейтінімізді жұмбақ шешу арқылы білетін боламыз.
Жұмбақ:
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы,коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс мезгілі.)
Тіл дамыту:
-Дұрыс,қыс мезгілі.Қалай ойлайсыңдар ,неге «қыстың қамын жаз ойла», «мұрныңды аяздан сақта»
деп айтады?
-Балалар,айтыңдаршы қыста қандай өзгерістер болады?
-Қыс қандай болады?
-Сонымен қатар,қыс мезгілі балалардың сүйікті қысқы ойындарының мезгілі.Қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?
-Қыста сендер әртүрлі ойындар ойнайсыңдар.Бүгінмен сендерге «Аққала жасаймыз» атты сурет арқылы әңгіме құруды ұсынамын.
-Суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген?
-Оны қайдан білдіңдер?
-Тағы қайдан
-Ауа-райы қандай?
-Суретте кімдер,нелер бейнеленген?
-Суретте үлкен адамдар не істеп жүр?
-Балалар не істеп жүр?
-Олар қалай киінген?
-Суреттегі адамдардың көңіл-күйлерін қалай суреттелген?

Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма Мәтінді оқып,аудар,дәптерге жаз

2-тапсырма Диалогті толықтыр

3-тапсырма Сергіту сәті оқып,сергіту жаттығуларды орындау

«Аққала»
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз,үп-үшкір,
Көзі көмір қап-қара.
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұзайдынды аршуға,
Келгендей-ақ ол мұнда.

ІV. Қорытындылау:
- Бүгін қандай тақырып өттік?

V.Үйге:

© 2010-2022