Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

Сын есім

Сабақтың тақырыбы: Сын есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сын есім туралы білімдерін кеңейту. Сын есімге байланысты жаттығулар орындау, сөйлемдер жазғызу.

Дамытушылық: Балалардың сын есімді табуға деген қызығушылығын, логикалық ойлауын, қиялын дамыту.

Тәрбиелігі: Алғырлыққа, зейінділікке, әсемдікке, білімге деген құштарлық сезімін ояту.

Сабақтың түрі: Топтастыру сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын әңгіме.

Көрнекілігі: Семантикалық карта, сөзтізбек, шытырманды сызықтар, киіз үй, гүл, қарлығаш.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Қане, балалар, түзу отырамыз.

- Қазақ тілі кітабымызды, дәптер, қаламсабымызды даярлап қояйық.

ІІ. Үй тапсырмасы.

- Үйге не тапсырма берілді? Сын жұмысын жаздық. Қайталау. Етістік ережелері.

- Онда үй тапсырмасын 3 топқа бөлу арқылы сұраймыз. Кубик арқылы жауап береміз, әр қатардан сұрау.

Сергіту сәті.

Қолға қалам алайық,

Дәптерімізді ашайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.

Бүгінгі күнді жазу.

Сын есім.

ІІІ. Жаңа сабақ.

- «Кім тапқыр?» ойыны. Жұмбақ шешу арқылы мына сөзтізбекті оқу.





с

а

ғ

а

т

б

а

л

ы

қ







н

а

н





ж

е

л







с

у






к

і

р

п

і





м

ы

с

ы

қ


  • Қандай сөз шықты?

  • Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз - сын есім.

  • Қазақ тіліндегі сөз таптарының бірі - сын есім.

1 - 2 сыныпта сын есім туралы өткенбіз.

  • Сын есім деген не?

  • Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сұрақтары: қандай? қай?

  • Мына жұмбақты шешейік.

Қабат - қабат қаттама

Ақылың болса аттама

Бұл не? (Кітап)

  • Қандай кітап?

Үлкен кітап.

Кішкентай

Қалың кітап

Жұқа кітап.

Оқулықпен жұмыс.

361-жаттығу. Берілгенін оқу.

Өлеңдерді мәнерлеп оқы.

Әсем, күміс, кең, жұпар - қандай?

Дәптермен жұмыс.

Ж ж әріпін әдемі етіп жазу.

362-жаттығу: Берілгенін оқу. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып, көшіріп жазу, керекті сөздер: қою, кең, терең, ақ, тәтті, биік.

Тақтамен жұмыс.

Жазира, Әділ, Нұрбек.

  • Көктемнің алғашқы хабаршысы қандай құс?

Қарлығаш: 1-қатар - Ақ мата.

2-қатар - Қою айран сөйлем құрасын дейді.

  • Енді мына үнтаспадағы өлеңге назар аударайық. Қандай? Сұрағына жауап беретін сын есімдерді тауып отырыңдар.

Атаның ақ батасы,

Ниеттерің ақ болсын.

Наурыздың қарындай,

Бастарыңа бақ қонсын.

Шаштарыңның санындай,

Тыныш болсын даламыз.

Түгел болсын суымыз.

(Оразақын Асқар)

Оқулықпен жұмыс:

363-жаттығу. Мақалды бірнеше қайтара оқып, жатқа жазу.

Жақсы сөзге жан семіреді.

Жаман сөзден жан қорқады.

Мағынасын түсіндіру.

  • Мына суреттегі кім? (Қыз). Қыз туралы мақал айту.

  • Қыз өссе - елдің көркі.

  • Қандай қыз? Әдемі, сұлу.

  • Мынау не? Гүл.

  • Гүл өссе - жердің көркі.

  • Қандай гүл? Қызыл, әдемі гүл.

  • Қазір қай мезгіл? Көктем. Көктемнен шыққаннан кейін жазға қарай ауылды жерде жайлауға шығады. Жайлауда киіз үй тігеді. Апамызға киіз үй тігуге көмектесейік.

  • Ол үшін мынадай тапсырма. Шығармашылық тапсырма.

І қатар. Гүл, ана туралы өлең оқу.

ІІ қатар. Гүлдің суретін салу.

ІІІ қатар. Гүл, ана туралы эссе, әңгіме жазу.

  • Сонымен біз қандай сөз таптарын білеміз?




Зат есім

+ Оқушы

Тәртіпті

Болады

Ақылды

+ Қыз

Инабатты

болған

Етістік


Сын есім




+

+



+




+

+



Сабақты қорытындылау.

  • Келесі сабақтарда сын есімнің түрлерімен танысамыз.

  • Сонымен, біз сабақта нені үйреніп, не білдік?

  • Ережені айтуды

  • Өлең оқуды

  • Мақал - мәтел жаттадық

  • Жұмбақ шештік

  • Сөзтізбек құрастырдық

  • Шытырманды сызық арқылы сын есімді табуды үйрендік

  • Мына сөзтізбекті шешсек сиқырлы сөз шығады.


н

е

м

е

р

е

а

т

а

х

а

т

м

а

м

ы

р

б

е

с

і

к

с

а

ғ

а

т



  • Ол қандай сөз? Оқушылар қандай болу керек?

Тәртіпті, ақылды, зерек болу керек.

  • Балалар, сабаққа жақсы қатысқандарыңа рахмет.

ІV. Оқушыларды бағалау мониторинг арқылы

V. Үйге тапсырма.



© 2010-2022