Cауат ашу 1 сынып Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Cауат ашу 1 сынып Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы мен әрпі

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Бірлестік:

бастауыш сынып мұғалімдері

Мұғалім: Жакишева С.В.

Пәні: сауат ашу

Тақырыбы: Д д дыбысы және әрпі.

Өткізілетін күні: 24 қыркүйек.

Сыныбы: 1 «Ә»

Сабақтың мақсаты:


  • д дыбысы және оның әріп таңбасымен танысады;

  • д әрпін оқуға, жазуға үйренеді.

  • сөйлемдердің бас әріптен басталып жазылатынын ажырата біледі;

  • дыбыс пен әріптің айырмашылығы қайталанып, дыбыс туралы алған білімдері пысықталады.

Білімдік:

  • д дыбысы және оның әріп таңбасымен танысады, оқуға, жазуға үйренеді;

  • өткен дыбыстарды қайталайды;

  • зейінін сабаққа аударып отыру керек екенін бақылайды;

  • дыбыс пен әріпті ажырата білуге;

  • кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құруға;

  • д дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйренеді.





Дамытушылық:


  • д дыбысы кездесетін сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыру арқылы ойлау қабілеттерін,

жаңылтпаш жаттатқызу арқылы тілдерін ұстарту, ауызекі сөйлеулерін;

  • өзбетінше, жұппен, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытады;

  • Венн диаграммасы әдісін, суреттерді пайдалана отырып оқушылардың ойын қозғау арқылы сабаққа

деген ынтасы, қызығушылықтарын арттырады;

  • сөздерді салыстырып оқуға дағдыланады ;

  • сөздік қорын, ой-өрісін, шығармашылығын, белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын

дамытады.





Тәрбиелік:


  • тапсырмалар арқылы оқушылар жұмыс жасай отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа,

байқампаздыққа, көркем жазуға;

  • жазуға қолдарын жаттықтырады;

  • оқу іс-әрекеті барысында еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа;

  • бір-бірімен қарым-қатынас жасауға;

  • бірін-бірін тыңдауға, дәлелдеуге, ортақ шешімге келуге тәрбиленеді.

Пәнаралық байланыс:

әдебиеттік оқу, қазақ тілі

дүниетану.

Сабақтың түрі:

7 модульге негізделген жаңа сабақ.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1.

өздігінен жұмыс;

4.

сыныппен жұмыс;

7.

түсіндіру;

2.

жұппен жұмыс;

5.

сұрақ-жауап;

8.

сөзжұмбақ шешу;

3.

топпен жұмыс;

6.

әңгімелеу;

9.

эвристикалық әдіс.





Сілтеме:

  • «Әліппе» оқулығы , Ұ.Ботабаева, К.А. Ерешева, Б.К. Игенбаева, Алматы «Атамұра» баспасы, 2012 жыл

  • Әдістемелік құрал, Ұ.Ботабаева, К.А. Ерешева, Б.К. Игенбаева, «Алматыкітап» баспасы, 2012 жыл

  • Дидактикалық материалдар, Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, С. Тәжімбетова, «Алматыкітап» баспасы, 2010 жыл

  • Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы, М.Қ.Солтанғазина, «Алматыкітап» баспасы, 2010 жыл

  • Электронды оқулық.





Көрнекіліктері:

  • интерактивті тақта;

  • әріптер;

  • А-4 қағаздары;

  • электронды оқулық;

  • суреттер;

  • маркерлер;

  • бейнетаспа;

  • түрлі түсті борлар;

  • постерлер;

  • Алдаркөсенің суреті;

  • стикерлер;

  • ватман.













Күтілетін нәтиже:

1.

«Сауат ашу» пәнінен алған білімдерін еске түсіреді;

2.

әңгімелеу туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастырады;

3.

сөйлеу не үшін қажет екенін үйренеді;

4.

дыбыстарды өзара ажырата біледі;

5.

дауысты жуан және жіңішке дыбыстарды өзара ажырата біледі;

6.

сөздік қорларын байытады;

7.

дыбыстық талдау жасауға;

8.

жаңа танысқан сөздерді өмірде пайдалануға үйренеді;

9.

туған жерге, өз тіліне сүйіспеншілігі дамиды;

10.

еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді;

11.

сабаққа қызығушылықтарын әрі қарай дамытады;

12.

өз ойларын ортаға сала білуге ;

13.

бір-бірінің пікірін тындауға, ортақ шешімге келуге үйренеді;

14.

өзіндік, жұптық, топтық жұмыс түрлерінде іс-әрекеттері, белсенділіктері арттырады;

15.

сыни ойлауға үйренеді.









Бағалау:


Топ басшысын топ мүшелері бағалайды.

Бағалау парағына бір- бірін бағалайды.

Қолдарына қызыл, жасыл, сары бағдаршам көздерін көрсетеді. Оқушылардың қолында қызыл, сары болса топ басшысы түсінбеген жерлерін түсіндіреді.

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.

Бағдаршам

Қызыл түс - түсінген жоқпын.

Жасыл түс - бәрі түсінікті.

Сары түс - әлі де практика қажет.

Үй жұмысына нұсқаулық:

36-37 беттер, оқу;


Әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

Мотивациялық қозғаушы

Балалар орындарыннан тұрып

Армысын, алтын күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым.

Балалар орындарынан тұрып шаттық өлеңін айтады.

Іздену-ұйымдас-тырушылық

- Балалар, бүгін бізге қонаққа Алдаркөсе келіпті. Алдармен бірге «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз.

-Алдар немен жүреді?

- «Әріптер бағына» қандай көлікпен барсақ екен?

- Ат қалай жүреді? Аттың жүрісін тілімізбен көрсетейік.

- Балалар, мен ол баққа Алдармен бірге «Білім көлігімен» барғым келіп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма?

- Онда біз өткен әріптерді қайталайық.

- Тасбақа деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Oрындық деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Нан деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Робот деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Ғарыш деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Піл деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Аққу деген сөз қандай дыбыстан аяқталады?

- Шағала деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Қауын деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Лақ деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Ай деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Алма деген сөз қандай дыбыстан басталады?

- Дыбыстар неше топқа бөлінеді?

- Жарайсыңдар! Дұрыс айтасыңдар!

- Онда қарап отырмайық.

Ал, балалар, ойнайық.

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық.

Мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Дауылда бар, боранда жоқ.

Дәуірде бар, заманда жоқ.

Қандай дыбыс?



- Бүгін біз қандай дыбыс және әрпімен танысамыз?

- Д дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы?

- Дұрыс айтасыңдар доп д дыбысынан басталады.

- Д дыбысы дауысты ма? Әлде дауыссыз ба?

- Қандай текшемен белгілейміз?

- Дұрыс, дауыссыз дыбысты көкпен белгілейміз.

- Неге? Не үшін?

- Неге ол дауыссыз деп саналады?

- Қәне, д дыбысын барлығымыз айтайық.

- Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

- Дұрыс айтасыңдар дауысымыз еркін шықпайды, созылып шықпайды, бөгет болады.

- Қәне, альфавит ішінде Д дыбысын табайық.

Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,

Бойымызды созайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

Жазу дәптермен жұмыс:

-Д дыбысына мысалдар келтіріңдер. Осы сөздерді алақанмен шапалақтап ұра отырып буынға бөлейік.

- Дұрыс, өте жақсы.

-Ал, енді буындарды оқиық.

-Қәне, дәптердегі д әрпін үлгіге қарап жазайық.

Жазу жолдың ортасында сергіту сәтін орындайды.

Бала, бала, балақан,

Қәне қайсы алақан.

Саусақтарың әйбәт,

Былай, былай, ойнап.

Топ - топ басайық

Жалаудан күн жасайық

Жаса - жаса жарқын күн

Жаса - жаса алтын күн.

Жазуымызды жалғастырайық.

-Атқа мініп жүреді.

-Атпен барайық.



  • Ия, дайынбыз.

- Өткен әріптерді қайталайды.

- Тасбақа деген сөз Т дыбыстан басталады.

- Oрындық деген сөз О дыбыстан басталады.

- Нан деген сөз Н дыбыстан басталады.

- Робот деген сөз Р дыбыстан басталады.

- Ғарыш деген сөз Ғ дыбыстан басталады.

- Піл деген сөз П дыбыстан басталады.

- Аққу деген сөз У дыбыстан аяқталады.

- Шағала деген сөз Ш дыбыстан басталады.

- Қауын деген сөз Қ дыбыстан басталады.

- Лақ деген сөз Л дыбыстан басталады.

- Ай деген сөз А дыбыстан басталады.

- Алма деген сөз А дыбыстан басталады.

- Дыбыста екі топқа бөлінеді: дауысты, дауыссыз.

Дауыл - боран,

Дәуір - заман.

- Д дыбысы.



  • Д дыбыс және әрпімен танысамыз.

- Доп, домбыра, дәптер, демалыс, дәрі, дәрігер, дала, дуадақ, дауылпаз.

- Дауыссыз

- Көк.

- Ол дауыссыз дыбыс.

  • Ол әндетіліп, созылып айтылмайды.

Барлығы хормен айтады.

- Ол созылмайды.

Тақтадағы әріптердің ішінен 1 оқушы көрсетеді.

Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.

- Доп, домбыра дәптер.

- Доп, дом-бы-ра, дәп-тер.

- Д-а, да. Д-о, до. Д-у, ду. Да-ла. Да-на.

Дәптердегі Д әрпін үлгіге қарап жазады.

Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.

Жазуларын жалғастырады.


Оқулықпен жұмыс

  • Балалар, оқулықты 36 бетте ашайық.

  • Осы беттегі берілген сөздерді оқып шығайық.

  • Ал, енді ... оқиды, қалғандары тыңдап отырады.

Балалар оқулықтарын ашады.

Балалар хормен оқып шығады.


Аталған бала оқып шығады.

Рефлексивтік-

қорытындылау

Қорытындылау:

Тақтадағы сөзжұмбақты шешейік.

- Жел толтырылған, резинадан жасалған ойыншық?

- Қай музыкалық аспаппен күй орындайды?

- Оқу құралының бірі, оған жазу жазамыз.

- Жазық жер, алаңқай.

- Осы шешілген сөздер қай дыбыстан басталады?

- Ал, енді біз жаңылтпаш жаттайық.

Доп деп, доп теп.

- Ал, балалар Алдаркөсеге айтыңдаршы қандай әріппен таныстыңдар?

- Д дыбысы қандай дыбыс?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Доп.

- Күйді домбырамен орындайды.

- Дәптерге жазу жазамыз.

- Жазық жер, алаңқай - дала.

- Д дыбысынан басталады.

Хормен қайталайды.

Доп деп, доп теп. (2-3 рет қайталайды)

- Бүгін біз Д әрпімен таныстық.

- Д - дауыссыз дыбыс.

- Дыбыстар екіге бөлінеді.

Бағалау.

Топ басшысын топ мүшелері бағалайды.

Топта отырған оқушылар бір- бірін бағалайды.

Топта отырған оқушылар сабақты талқылайды.

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды.

«Талқылау бойынша серіктестер»

Серіктестерімен талқылау:

«Бағдаршам»

Қажетті түстерін көтеріп көрсетеді.

Қызыл түс - түсінген жоқпын.

Жасыл түс - бәрі түсінікті.

Сары түс - әлі де практика қажет.

  • Не оңай болды?

Ұсыныс болса айтады.


  • Не қиын болды?

  • Не білгіңіз келеді?

Күтілетін нәтиже:

Біледі: оқушылар «Д» дыбысынан басталатын сөздерді біледі.

Болу: оқушылар дәптерде әдемі, ұқыпты жазу ниетте болу.

Істей білу: домбыра, дәптер, дала, доп, дуадақ, дауылпаз сөздерін буынға бөлуге, сөзжұмбақтарды шеше білуге үйренеді.

© 2010-2022