Открытый урок по математике на тему Санды 8-ге, 9-ға көбейту және бөлуді қайталау (3 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы:Санды 8-ге, 9-ға көбейту және бөлуді қайталау. Сабақтың мақсаты:1. Санды 8-ге, 9-ға көбейту және бөлуді қайталай отырып, алған білімдерін тиянақтау;

2. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, дұрыс есептеу,

күнделікті пайдалана білуге үйрету, пәнге деген

қызығушылығын арттыру;

3. Зейінін, жадын, математикалық тілін дамыту,

ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге баулу;

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Әдісі: түсіндіру, есеп шығару, ойын, жарыс, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: слайд

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сабағымызды бастамас бұрын бүгінгі ерекше сабағымызға дайын екенімізді көрсетейік. ІІ. Психологиялық дайындық:

Балалар хормен:

Мынау менің жүрегім, Мынау менің оң қолым

Бәрі осыдан басталған. Мынау менің сол қолым

Мынау басым ақылды, Барлық істі атқарған.

Бәрін осы басқарған.

  • Ендеше бүгінгі істеріңе сәттілік тилеймін.
ІІ. Мақсат қою кезеңі:
  • Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты алған білімімізді тиянақтау.
Санды 8-ге, 9-ға көбейту және бөлуді қайталау.
  • Бүгінгі математика сабағымыз бәрімізге таныс ойынның бір түрі «Брейн-ринг» түрінде болмақ. Яғни, жарыс түрінде өтеді.

  • Брейн-ринг ойыны 1989 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бұл ойынды оқушылар бірнеше топқа бөлініп ойнайды. Бізде де бүгін осы ойынға қатысу үшін 2топ болып отырмыз. Әр топтың өз топ басшысы бар. Қазір әр топ өздерін таныстырып өтеді. Бұл ойын бірнеше рингтен тұрады. Әр тапсырмадан кейін орындау деңгейіне байланысты әр топқа ұпай әперетін жұлдызшалар таратылып отырады. Қай топ көп жұлдызша жинаса, сол топ жеңіске жетеді. Ең соңында ұпай сандарын қосып, алға шыққан топты анықтаймыз.

  • Ал, мен - жүргізушімін. Сұрақтың, тапсырманың бәрін мен айтып отырамын. Сұрақ қойылғаннан кейін әр топ тапсырманы орындауға кіріседі. Бір топ жауап беріп жатқанда, қалған топ сабырлықпен оның жауабын күтеді. Егер жауап қате болса, басқа топ ол жауапты толықтырып, өз тобына ұпай жинайды. Тыныштық сақтамай, тәртіп бұзылса, сол топтың ұпай саны кемітіледі.

  • Дайын болсақ, таныстыруымызды бастайық.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырманың жауабын айтып тексеру. ІҮ. Бекіту кезеңі.

1-топ. «Алғырлар». Топ басшысы - Ажар

Ұраны: Шаршы алаңда мүдірме,

Көп ойланып кідірме.

2-топ. «Тапқырлар». Топ басшысы - Еркебұлан

Ұраны: Мақсатымыз - білім алу,

Міндетіміз - еңбектену.

ІІ.Өткенді қайталау.

  • Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күн мен көркем жазуға берілген 52 53 сандарды жазып қояйық. Онда қазір математикалық диктант орындаймыз.

1-ринг. «Ой қозғау» деп аталады. Математикалық диктант
  • 9-ды 5 есе арттыр;
  • Бөлінгіш 72, бөлгіш 9. Бөліндінің мәнін тап;
  • 16-ны 2 есе кеміт;
  • Бірінші көбейткіш 9, екінші көбейткіш 8. Көбейтіндінің мәнін тап;
  • 9-дың 8-ге көбейтіндісінің мәнін тап;
  • 8 және 10 сандарының көбейтіндісінің мәнін тап
2-ринг. «Тездет, бірақ қателеспе». Мұнда тақтадағы ауызша есептеумен жұмыс жасаймыз. Ауызша есептеумен жұмыс. Жауабын екі топтан кезекпен сұрап, дұрыс жауабын табу.

3-ринг. «Кім жылдам!» деп аталады. Кітаппен жұмыс.

73 беттегі №3.

а)Санды таңдап және есептеп шығарту.

1 топқа бірінші жолды, 2 топқа екінші жолды шығартып, әр топ өзінің тобындағы оқушының ғана есебін жаздырту.

ә) 2-ге қалдықсыз бөлінетін бір таңбалы сандарды бір топ, ал қалдықсыз бөлінбейтіндерін екінші топ теріп, мына кестені толтырамыз.

Ережемен таныстыру, мағлұмат беру.

2-ге қалдықсыз бөлінетін сандарды жұп сандар деп, ал 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандарды тақ сандар деп атаймыз.

4-ринг. «Кім ұшқыр!». №4. 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандары берілген. Әрбір жұп санды 2,3,4 есе арттыруды 1 топ, ал әрбір тақ санды 5,6,7,8 есе арттыруды 2 топ орындайды.

Сергіту сәті.

5-ринг. «Кім тапқыр!»Оқулықтағы №5 тапсырманы орындаймыз. Амалдардың орындаймыз. Бірінші тұрған екі қатарды 1 топ, екінші тұрған екі қатарды 2 топ орындайды.

6-ринг. «Сұрақ-жауап» деп аталады. Мұнда №6 есептегі сұрақтарға жауап береміз. Ойланып, дұрыс тапқан топқа 1 ұпайдан беріліп отырады.

ІІІ. Қорытынды сабақ.

  • Сонымен бүгін өткен сабақта өткен 8-ге,9-ға көбейту және бөлу туралы білімімізді көрсеттік. Қазір бүгінгі көбейту кестесі бойынша алған білімімізді тиянақтайық, ол үшін торғайлар бізге қонаққа келіпті, солардың тапсырмаларын орындайық.

8-ге, 9-ға көбейтудің мәнін табу.

V. Бағалау. Тақтаға шыққан оқушыларды және де сабаққа белсене қатысып отырған балаларға баға қою.

  • Енді сабағымыз жарыс сабағы болғандықтан, алдымызда жинаған геометриялық фигураларымызды санайық. Қай топ жеңіске жеткенін анықтайық.

«Рефлексия» деп аталады. Қазір алдарыңда не көріп тұрсыңдар? Бұл суретті неге ұқсатар едіңдер? Иә, дұрыс айтасыңдар. Ол күнге не жетіспей тұр? Иә, күннің шуақтары. Оны орналастыру үшін алдарыңда әр күннің шуағы тұр. Сол шуақтың артына бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді жазыңдар. Бүгінгі сабақ ұнады ма, несі ұнады? Өз ойларыңды жазып, күннің жоғарғы немесе астыңғы жағына апарып, жабыстыратын орындары тұр соған жабыстырасыңдар.

Сонымен бүгінгі ашық сабағымыз да өз мәресіне жетті.

  • Балалар бүгінгі сабақта барлықтарың өз білімдеріңді көрсете білдіңдер. Сендерге алдағы өмірлеріңе табыс тілеймін.

Үйге тапсырма беру. 76бет №7. Шығару жолымен таныстыру



© 2010-2022