«Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін ойын арқылы жетілдіру» (3 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы

Атамекен ауылы № 7 жалпы орта

білім беретін мектеп

Шығармашылық жұмыс

Тақырыбы:

«Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін ойын арқылы жетілдіру»

Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі

Темирбекова А.Ж


2012-2013оқу жылы

Мақсаты: Оқушыны дидактикалық, тәрбиелілік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жетілдіру. Балалардың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенмен, оқу-тәрбие үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданыла-тын құралдарының бірі - ойын.

«Ойын баланың ең қажетті іс - әрекетінің табиғатқа тән ең жауапты түрі» деп айтқан екен ұлы ғұламалардың бірі Я.А. Каменский.

Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Ойын - балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Бала өмірі ойынмен байланысты. Бала ойынсыз өсе алмайды. Бұл өмір заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді.

Бастауыш сыныпта қолданылатын ойын түрлері оқушының сабаққа тапсырманы орындау кезінде қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттырады.

Ойында баланың психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын ди-дактикалық оындар арқылы жүзеге асырылады.

Я.А.Коменский «Ұлы дидактика» деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек. Сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс.Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін жеңілдетудің бірден-бір құралы ретінде «ойынды» айтуға болады.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.

Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықта-лады. Тиімді пайдаланылған ойын элементтері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені,төменгі сынып оқушыларының аңсары сабақтан гөрі, ойынға ауыңқы-рап тұрады. Қызықты ойын түрлерінен кейін, олар тез сергіп, тапсырманы ықы-ластана, әрі сапалы орындайтын болады. Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады.

Әдістемелік әдебиеттерде берілген және бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда, олардың барлығы бірдей бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан ғылыми тұрғыда негізделген дидактикалық ойындар түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұсыну қажет. Ұстазға бұл ретте істейтін жұмыс түрлері көп-ақ. Ең бірінші ойнағанда қойылатын әдістемелік талаптар жөнінде тоқталуға болады:

1. Ойынның мақсаты нақты, керекті көрнекіліктер мен материалдар алдын ала дайын болу керек.

2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсінді- рілуі керек.

3. Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз етуі керек.

4. Оқушыларды ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жете-леу керек.

Бастауыш сыныпта ойындар қимыл-қозғалысты және дидактикалық ойындар болып екіге бөлінеді. Балалар көбінесе қимыл-қозғалысты ойындарды ұнатады. Ал, сабақ барысында пайдаланылатын - дидактикалық ойындар. Бұл ойынның өзі бірнеше түрге бөлінеді.

Дидактикалық ойындар:

А) сөздік-дидактикалық ойындар;

Ә) рөлді-сюжетті ойындар;

Б) драмалық ойындар;

В) шығармашылық ойындар;

Г) әдеби-музыкалық ойындар.

Ойындар: 1)Қимыл - қозғалыс; 2)Ізденімпаздық; 3)Дидактикалық; 4)Ұлттық.

Ойынның түрлері:

Қимыл-қозғалыс - «Анамызға гүл сыйлау», «Себетке қызанақ жинау», «Сергіту сәті».

Ізденімпаздық - «Баспалдақ ойыны», «Көршісін ата», «Домино ойыны».

Дидактикалық - «Сиқырлы сандық», «Құстарға көмек», «Аққала жасау».

Ұлттық - «Алтыбақан», «Бәйге алу», «Сақина салмақ».

Ойынды түрлендіру арқылы баланың шаршағаны басылып сергіп алады. Сонымен қатар, баланың ойлау қабілеті дамиды. Төзімділікке, бар ынтасымен білуге деген құштарлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.

Оқытудағы дидактикалық ойындардың алатын орны, ойынды ұйымдастыруда мынадай шарттар қойылады: 1) Білімділік және тәрбиелік мәні болуы; 2) Өтілген материалға қызығушылығын туғызады.

Тәрбиелік ойындардың бағыттары: - логикалық ойлауға; - Оқушылардың бойына адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіру.

Ойынның бала өміріндегі орны туралы тұжырым мынадай болмақ:

- ұжымдық сезім әрекеттер өсе түседі;

- эстетикалық- шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Мен өз сабақтарымда пайдаланып жүрген ойынның түрлері:

1- сыныпта дыбыстарды өткеннен соң «Бес әріпке бес жауап» ойынын қолдандым. Бұл баланың қисынды ойын қабілетін арттырып, жылдам шешім қабылдауға баулиды. Сонымен қатар «Сөз жарысы» ойынын көп қолданамын. Себебі, бұл ойында оқушылар өткен сөздерді еске түсіру арқылы ойлау қабілетін дамытып отырады. Ойынның негізгі мақсаты- сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөз ойлап табу. Бұл ойында үш оқушы тақтаға шығады. Үш оқушының қатесіз, бұрын айтқаны жеңімпаз болып саналады. Мысалы: Айнұр-Раушан-Нағима-Айман.... «Сөз ойла, тез ойла», «Сөйлемді жалғастыр», Жоғалған буынды тап», «Кім тапқыр», «Мен бастаймын, сен аяқта.

Сонымен қатар математика сабағында «Ойлан тап», «Өз орныңды тап», «Сөз құрастыр», «Сан құрамын анықта».

Ойындар арқылы оқушылардың дүниетанымын іс- әрекет арқылы дамиды. Іс- әрекет: 1) Оқу әрекеті - Білім алу мен біліктілік оқушының дағдысын қалыптастырады. 2) Еңбек әрекеті- баланың дене қозғалысы жақсартылады. 3) Ойын әрекеті- Оқушының қызығуы артады, топпен жұмыс істеуге дағдыландырады.

Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырап, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Бала бір нәрсе туралы толық түсінік алуы үшін оны есту, көру, сезіну арқылы жүзеге асатындығын практика дәлелдеп отыр. Мысалы, бала бірнеше секунд ішінде жазу үстелінің үстінде тұрған заттарды мұқият қарайды да көзін жұмып, есінде сақтағандарының бәрін айтып шығады. Осылайша балалардың есте сақтау қабілетін қалыптастыру арқылы, зейінін қалыптастыруға болады.

Баланың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, ойлау қабілетін жетілдіруде мұғалім мен ата-ананың үлесі зор.

Қорытынды: Бастауыш сыныптың оқу үрдісінде ойын түрін пайдалану болашақта мынадай нәтижеге жеткізеді:

- Оқушы топ жаруға ұмтылады;

- Әр оқушының шығармашылығы артады;

- Оқушының жеке қабілеті анықталады;

- Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады;

- Оқушының жеке қабілеті анықталады;

- Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады.


© 2010-2022