Көшбасшы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

XXI ғасыр көшбасшысы

Сайыстың мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интеллектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру. Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдылыққы, жинақтылыққа тәрбиелеу.

Барысы

Жоспар:

1-тур - Бәйге

2-тур - «Сен білесің бе?»

3-тур - Жұмбақ сандық

4-тур - Жорға

5-тур - Ақтық мәре

6-тур - Көшбасшы

  • Армысыңдар, құрметті қонақтар!

Ал, келіңдер, келіңдер!

Біріңе-бірің еріңдер

Біліміңді тексеріп,

Жарысқа қатысып көріңдер - деп қатысушыларымызды шақырып, бүгінгі «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық білім сайысымызды бастаймыз!

  1. Еркінқызы Нәзия

  2. Амантай Төренияз

  3. Тимур Бейбарыс

  4. Серік Шұғыла

  5. Асқар Рамазан

  6. Ердан Әліби

  7. Омар Смат

  8. Сайфулла Нұрай

Әділқазыларды сайлау, таныстыру

Интеллектуалдық білім сайысымыздың шарты: Сұрақ немесе тапсырма берілгенде кім бірінші қол көтеріп, дұрыс жауап берсе , сол қатысушы ұпайды еншілейді. Қол көтермей берілген жауап қабылданбайды.Егер бірінші жауап берген қатысушының жауабы дұрыс болмаса, екінші болып қол көтерген оқушының жауабы тыңдалады.

1-тур - Бәйге

  • Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім ұшқыр ойға - сал алда - деп бірінші турымызды бастаймыз. Кәне, көрелік , бірінші турда сайыскерлеріміз өздерін қалай ұстар екен?

Ойын шары: Сұрақ берілгенде кім бірінші қол көтеріп, дұрыс жауап берсе , сол қатысушы ұпайды еншілейді. Қол көтермей берілген жауап қабылданбайды.Егер бірінші жауап берген қатысушының жауабы дұрыс болмаса, екінші болып қол көтерген оқушының жауабы тыңдалады. Әр дұрыс жауапқа 5ұпай беріледі.

Сұрақ- жауап:

  1. Ең алғашқы қазақ жерінде балаларға арнап мектеп ашқан кім?

  2. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

  3. «Ғылым таппай, мақтанба!» өлеңінің авторы кім?

  4. Диалог дегеніміз не?

  5. 2 минутта неше секунд бар?

  6. 1 км-де неше метр бар?

  7. 1 тоннада неше кг бар?

  8. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілер қойылады?

  9. Қосуға кері амалды ата

  10. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны қалай атаймыз?

  11. Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігін қалай атаймыз?

  12. Зат есім дегеніміз не?

2-тур - «Сен білесің бе?»

  • Бұл кезеңде ақын жазушылар мен билердің суреттері көрсетіледі. Ойыншылар суреттегі бейненің кім екенін табулары қажет.

Ендеше бастайық

  1. Ы Алтынсарин

  2. А Байтұрсынов

  3. Абай

  4. Төле би

  5. М Дулатов

  6. М Жұмабаев

  7. І Жансүгіров

  8. Қазбек би

  9. Ж Аймаауытов

  10. Әйтеке би

  11. Спандияр Көбеев

  12. Ф Оңғарсынова

  • Құрметті Әділқазыалқасы екі турдың ұпай санын білсек. Ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығады.

3-тур - Жұмбақ сандық

  • Ойынның шарты мынадай: Өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Сандықшаға назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ таңдағыңыз келсе, 20 балдық сұраққа жауап беру арқылы аласыз. 30 бал орташа деңгейдегі сұрақтар. Ал, ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 балдан жинақтауға болады. Ұпай саны аз қатысушы бастасын.

40 40 40

30 30 30

20 20 20

40 сол жақ - Қазақ тілі арнайы сұрақ: Айткүл апай видие сұрақ


40 оң жақ - Математика : Сынық сызықтың ұзындығын қалай табамыз?

40 ортасы - Әдебиеттік оқу:

«Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, күнін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем» - деп басталатын өлең шумағының авторы кім?

30 оң жақ - Қазақ тілі: Мәтін дегеніміз не? Мәтіннің түрлерін ата.

30 ортасы - Дүниетану: Өсімдіктің даму кезеңдері ретімен атап бер

30 сол жақ - Музыка: Арнайы сұрақ

20 оң жақ - ОЛЖА!

20 ортасы - Математика: Геометриялық фигуралардың периметрін қалай табамыз?

20 сол жақ - Қазақ тілі: Сөздегі қосымшалар нешеге бөлінеді? Оларды ата.



  • Құрметті Әділқазыалқасы екі турдың ұпай санын білсек. Ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығады.

4-тур - Жорға

  • Бұл кезеңде 1 минуттың ішінде дүниетану пәні бойынша сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Сыныпта тек 1 қатысушы қалсын, қалған қатысушылар келесі бөлмеге баруын өтінміз.

Сұрақтар:

  1. Адам өмір сүру үшін нелер қажет?

  2. Жапырақ жасыл түсті қайдан алады№

  3. Судың үш күйін ата

  4. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнайы құрал қалай аталады?

  5. Суда еритін заттарды ата

  6. Жер бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабат аталады?

  7. Өсімдік неше топқа бөлінеді?

  8. Өсімдіктің негізгі және жер астындағы бөлігі қалай аталады?

  9. Құрғақ тұқымды жемісті ата.Кез келгенін

  10. Су өрмекшісі өзінің үйшігін қайда тұрғызады?

- Құрметті Әділқазыалқасы екі турдың ұпай санын білсек. Ұпай саны аз екі оқушы ойыннан шығады.

5-тур - Ақтық мәре

Шарты: 2 минуттың ішінде қима әріптерден құрастыра отырып берілген тапсырманы орындауы керек. Әр дұрысқа 10 ұпай беріледі.

1-қатысушыға:

  1. Сені дүниеге әкелген кім?

  2. Су астында жүзуге мүмкіндік беретін аппарат қалай аталады?

  3. Құстар ұшып келетін мезгіл қалай аталады?

  4. Аптаның соңғы күні қалай аталады?

  5. Жол қозғалысын не реттеп отырады?

2-қатысушыға:

  1. Аптаның бірінші күні қалай аталады?

  2. Құстар ұшып кететін мезгіл қалай аталады?

  3. Саған білім беретін жан кім?

  4. Ауа райының температурасын өлшейтін құрал қалай аталады?

  5. Ғарышкердің кемесі қалай аталады?

3-қатысушыға:

  1. Аптаның төртінші күні қалай аталады?

  2. Шие ағашы жеміс беретін мезгіл қалай аталады?

  3. Отбасының тірегі кім?

  4. Қыс айларында жемістер мен көкеністер өсірілетін жер қалай аталады?

  5. Табиғатта неше тұс бар?

4-қатысушыға:

  1. Аптаның бесінші күні қалай аталады?

  2. Күн қысқаратын мезгілді ата

  3. Ата-ананың қызығы кім?

  4. Адамды жаңбырдан қорғайтын құрал қалай аталады?

  5. Өсімдіктің суды буландырып жіберетін мүшесі қалай аталады?

6-тур - Көшбасшы

-Бұ нағыз көшбасшыны анықтайтын кезең. Сендерге логикалық тапсырмалар бнріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

  1. Ұшақ Алматыдан Семейге дейін 1 сағат 40 минут ұшады, ал кері қайтқанда 100 минут ұшады. Айырмашылығы бар ма?

  2. Түйеқұс 2 аяғымен тұрғанда 15 кг тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша кг тартады?

  3. Кеше Айнұрдың туған күні болды. Ертең бейсенбі болады. Айнұрдың туған күні аптаның қай күні?

  4. Квадрат үстелге төрт адам отыра алады. (Әр жақтан бір-бірден) Мектеп кешіне ұзын үстел құрау үшін дәл осындай 7 үстелді бір қатардың бойымен қойды. Осы үстелге қанша адам отыра алады?

Қорытынды.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Марапаттау.

№201 орта мектебі

XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

Үсенова Гүлнұр



















2013-2014 оқу жылы

© 2010-2022