Ы. Алтынсарин Өзен. 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Ана тілі 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Өзен»

Сабақтың мақсаты:

1. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Өзеннің пайдасы ,адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу.

2.Ойлау қабілеттерін дамыту.Өлең жолдарын мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

3.Оқушыларға «Өзен» өлеңі арқылы табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамытпалы

Сабақта қолданылатын әдістер: Негізгі идеяны суреттеу, ой қозғау, сұрақ -жауап, көрнекілік стратегияларын пайдалану.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сызбалар, ойындар, карта, Тест тапсырмалары.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ұрандар бойынша: Сабыр түбі-сары алтын. Бір-бірімізге жақсылық жасауға, асығайық

2. Үй тапсырмасын сұрау, қорыту.

1.Тест тапсырмаларына жауап беру .5сұрақ.

2. «Таза бұлақ» мәтінін оқытып, мазмұнын сұрау, қорыту.

3. Төмендегі сызба бойынша жұмыс жасау, сызбаны толтыру.

4.Оқушының осы мәтіннен не түйгенін осы сызба

барысында білуге болады.

Кейіпкерлер Тастағы жазу 1-жолаушы пікірі

Негізгі түйін 2-жолаушы пікір

Негізгі түйін 3-жолаушы пікірі

Негізгі түйін Жолаушылар «Ей, жолаушы,болсаң, осы таза бұлақтай бол»

4.Ыбырай туралы әңгімелеу.

-Ы.Алтынсарин қай жылы дүниеге келген?

-Ыбырай кім?

-Ыбырайдың ізбасарлары туралы әңгімелеу

Ыбырай ізбасарлары:

Бекет Өтетілеуов-педагог Ғ.Мүсіреповтың ұстазы.

Бейімбет Майлин- әдебиеттің негізін қалаушы.

Ахмет Байтүрсынов -ағартушы, ақын.

Серке Қожамқұлов- халық артисі.

Темірбай Дарханбаев- академик, дарынды ұстаз.

Жаңа сабақ

1.Қызығушылықты ояту.Әрбір оқушы білімді бар ынта-жігерімен, жүрегімен қабылдауы керек. Олай болса сендердің білімді қалай меңгеріп жүргендеріңді сынау мақсатында «Білімге деген махаббат » ойыны арқылы өткізсек.

«Ребус» шешу.

Жүрегім менің нәзік тал,

Лүп етсе желге иілген.

Жүректе қандай жазық бар,

Жалықпаса егер білуден.

«Білімге деген махаббат» ойыны

Сұрақтарға жауап бер:

1.Абай кімнің немересі? / Өскенбай/

. Абайдың әжесі кім? / Зере/

3. Абайдың қандай поэмасын білесің? /Ескендір/

Қ.Р. тұңғыш президенті кім? /Нұрсұлтан/

Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап бергенде жүрек суретінің ішінен ӨЗЕН деген бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбы белгілі болады.

2.Жаңа сабақты түсіндіру

1.Оқушыларға «Өзен » өлеңін тізбектей оқыту әдісі арқылы оқытып, не ұққандарын ортаға саламын.

- Өзен деген не?

-Қандай өзендерді білесіңдер?

2.Ы.Алтынсарин туралы мағлұмат беру.

Ы.Алтынсарин-ақын,ағартушы,ғалым,жазушы. Алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан, оқулық жазған.Ы.Алтынсарин 5 жасында әке-шешесінен жетім қалып, атасы Балғожаның тәрбиесінде болады. Атасы кейін Орынборға оқуға жібереді.Сол кезде кішкентай Ыбырай атасын, әжесін сағындым деп хат жазады.Ол хатқа атасы Балғожа былай деп жауап жазыпты:

Үміт еткен көзімнің нұры балам,

Жаныңа жәрдем берсін хақ тағаллам.

Атаң мен анаң мұнда аман-есен,

Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.

Ата-анамды сағындым деп аһ ұрарсың,

Білімге көңіл бөлсең басыларсың

Білімді қатарыңнан болсаң егер,

Ата-анаңды сонда ғана асырарсың,-деген екен.

3. Мұғалім түсіндірмесі:

Қынарда-жағасында

Жанабында-маңайында

Мағыналарын түсіндіру.

4.Қазақстандағы қандай өзендерді білесіңдер?

-Сырдария

Жайық т.б. оқушылар жауабы

5.Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі

Қазақстанда 85 мыңнан астам ірілі-уақты өзендер бар. Бірақ соның ішінде ұзындығы 1000 км-ден асатын 7 ірі өзендер бар. Оларды атап айтатын болсақ

1.Ертіс-4242 км

2.Тобыл-1600 км

3.Жайық-2428 км

4.Есіл-2450 км

5.Сырдария-2212 км

6.Іле -1400 км

7.Шу -1186 км

6.Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс

ЖАЙЫҚ ТОБЫЛ ЕСІЛ ЕРТІС*Астана СЫРДАРИЯ ІЛЕ ШУ

Осы картадан 7 ірі өзенді көрсету.

7. Өзеннің пайдасы туралы әңгімелеу.

Өзен пайдасы: кеме жүзуге, жүк тасымалдауға қолайлы, Мысалы: Ертіс өзенінің суын электр энергиясын өндіруге пайдаланады.Қытай шекарасына дейін бара алады. Сырдария өзені -Тьян-Шаннан бастау алады,Қазақстандағы ең лайлы өзен. 1974 жылдан бері Арал теңізіне құймайды.Өзендердің суы, балығы, жүк тасымалдау үшін,электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылады.

8. Оқушыларға оқыту. Ы.Алтынсарин «Өзен»

-Бұл шығарманың қай түріне жатады?

-Ақынның сарқыраған, жарқыраған арқыраған сөздері неге қатысты айтылған?

-«Тас таста, алтын таста сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбында» деген жолдардан не түсіндің? Оқушы өз ойын айтады.

-Өзен суын не үшін пайдаланамыз?

9.Сергіту сәті

Отырайық жүрелеп,

Өзенге қармақ салайық.

Орнымыздан түрегеп,

Балық аулап алайық.

10. Қорытынды:

Ыбырай шығармаларының картасымен жұмыс

ЫБЫРАЙ

Дала жұлдызы Әке мен бала

Аққұс туралы аңыз Әнші Әміре

Еңбекпен тапқан тиын Өзен

Осы картадан тек оқушылар Ыбырай шығармаларын ғана жазуы керек.

Өзен суретін салу.

Оқушы жұмысын бағалау

1.Үйге тапсырма:«Өзен» өлеңін жаттау,

Ы.Алтынсарин туралы деректер жинақтау.


© 2010-2022