Ашық сабақ Әдебиеттік оқу Аққұс туралы аңыз

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: О.Бодықов Аққұс туралы аңыз

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтіннің негізгі идеясын ұғындыра отырып, ән өнерімізге жарық жұлдыздай сәуле шашып, айрықша із қалдырған «Ән падишасы» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде қысқаша деректер беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Әңгімені оқып таныстырыу, мазмұнын ашу, әннің құдіреттілігін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушының оқу, жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.

Тәрбиелік: Ұлы таланттың өнерін балалардың бойына сіңіру, ізгілік пен өнерге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: Баяндау, әңгімелесу, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: Ш.Қалдаяқовтың портреті, презентация слайдтары, көрме

Меңгерілетін сөздер:

- Тау мүлгіп - тау ұйқыға кетіп.

- Көл тынып - тыныш күйге түсіп.

- Аспан егіледі - аспан жылағандай күйге түседі.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын пысықтау. «Галереяға саяхат»

Ә.Қастеев кім? Туып-өскен жері, шығармаларын атау.

Экраннан Ә.Қастеевтің туындыларының атын тауып айту.

III «Шәмші» сөзжұмбағын шешу.

1)... қолы көпке ортақ.

2).Ұстаздан ... озар.

3) Өнерлі бала ...

4) Ата көрген оқ жонар

Шеше көрген тон ...

5) Жігіт адамға ... өнерде аз.

IV Ой толғаныс

Шәмші кім? Оның қандай өлеңдерін білеміз? Әнұранның авторларын атайық. Менің Қазақстаным - менің Әнұраным. Дәл осы сөз 62 тамырды идіріп, қазаққа мәңгі мұра болып қалды. Әнұранымыз жаңарып, болашаққа бағыт берген Шәмшінің әні. Желтоқсан көтерілісі кезінде де жастар осы әнмен шыққан. Менің Қазақстаным - Тәуелсіздік әні.

Әнұранын айту.

Елімізде атақты сазгерлерді атайық.Өз жеріміздің сазгерлерін ата.

V. Жаңа сабақ.

Шәмші - кеше мен бүгінді жалғап жатқан алтын арқау. Есімі - әнге, ал өзі мәңгілік сағынышқа айналған көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқов егер тірі болғанда кеше 83 жасқа толған болар еді. Халқымыздың аяулы перзенті фәни дүниеде 62 жылға жетер-жетпес өмір сүрді. Жаратқан иесі маңдайына жазған сол азды-көпті ғұмырында дүйім жұрттың жан-жүрегін баулаған теңдессіз туындылар қалдырды. Жасыратыны жоқ, бүгінде Шәмші есімі күллі қазақ әнінің символындай әсер береді. Ал әндері әр ұрпақтың өз сезімі, өз сыры іспетті қабылданып, жаңарған уақытпен бірге келер күндерге жалғасумен келеді. Шәмші - кеше мен бүгінді, бүгін мен болашақты жалғап жатқан алтын арқау. Сол арқау барда қазақтың жас өркені еш уақытта тамырсыз, тарихсыз, талантсыз болмайды.

Шәмші қалай Шәмші атанды?

Шәмшінің көзі тірісінде, көз жұмғанға дейінгі үш жылында қасынан қалмай қуанышы мен күйінішіне куә болған, қажет кезінде сенімді сүйеніші бола білген нағыз жанашыр, айнымас досы болған Оразбек Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» әңгімесіне тоқталамыз.

- Ендеше, біз қазір мәтінді бөліктерге бөле отырып әңгімелейміз.

1. Ән әлемінің падишасы

2. Әнімен әлдилеген ана

3. Аққұстың әнінің құдіреттілігі

4. Қарақұстың әнге табынуы

( оқушылар өз пікірлерін айтады)

Ш.Қалдаяқовтың «Сарыкөл», «Арыс жағасында», «Ана туралы жыр», «Ақ бантик», «Әнім сен едің», «Менің Қазақстаным» т.б. көптеген танымал әндері бар. Шәмші Жәмила апаймен отбасын құрған. Екеуінен Мұхтар мен Әбілқасым атты екі ұлы бар.

VI. Сергіту сәті. «Әнжұмбақ»

Шәмшінің «Ана туралы жыр», «Арыс жағасында», «Отырардағы той» әнін тыңдату.

VII.Сөздікпен жұмыс

- Тау мүлгіп - тау ұйқыға кетіп.

- Көл тынып - тыныш күйге түсіп.

- Аспан егіледі - аспан жылағандай күйге түседі.

VIII. Бес жол өлең

IX. Сабақты қорытындылау. Бағалау.


© 2010-2022