Тәрбие сағаты Ауылым-алтын бесгім

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ауылым- алтын бесігім

М. Тырнақбаева

Жетыарал орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: оқушыларға ауыл -қазақтың алтын қазығы екенін ұғындыру,

Туған жер - алтын бесігін аялауға, оның гүлденуіне, көркеюіне ат салысуға , білім алуға, еңбексүйгіштікке, салт- дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Ұлттың өзіндік қасиеті мен рухани мұрасын бойына сіңірген, өзіндік көзқарасы қалыптасқан жас ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекілігі:қанатты сөздер, бейнелі суреттер, гүлдер, шарлар.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

Кіріспе

Ауыл -алтын бесік, алтын қазық. Әр адамға өзінің туып - өскен жері ыстық болады. Себебі ата- аналарымыздың, ата -әжелеріміздің қаны ауылда тамған.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көтерген бастамаларының бірі - ауылды өркендету болған еді.2003-2005- жылдары» Ауыл жылдары» болып жарияланды. Міне, содан бері бірнеше жылдар өтті. Ауылымыз көркейіп, дамып келеді.

«Ауыл дегеніміз -халықтың тұрмыс -салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет -ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары» Н.Ә.Назарбаев

Ауыл - біздің алтын діңгегіміз, терең тамырымыз, балдәуреніміз, үмітіміз, келешегіміз, асқақ арманымыз.Еліміздің мақтанышына айналған атақты адамдарымыз, ғалымдар, шеберлер осы ауылдан шыққан.Кешегі Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатовтай тұлғаларымыз ауыл тәрбиесін алған, ел президентіН.Ә.Назарбаев та ауылда туып - өскен

«Өз отбасын сүйетін бала ауылын сүйеді, ауылын сүйген ұрпақ елін сүйеді.Өз Отанын сүйген ұлан өзге халықты да құрметтей біледі» Халық батыры.Б.Момышұлы

Туған ауылын аялап, оған жаны ашып өскен ұлтжанды жеткіншек күні ертең адамзаттың ортақ үйі -Жер шарының амандығы үшін де күресетіні анық. Демек, ауыл - қазақтың алтын қазығы.Қара шаңырақ. Ән мен жырдың, күйдің отауы. Небір қилы аңыз - ертегілердің елі. Еңбекқор, ақжарқын адамдардың отбасы. Сондықтан да дананың да, баланың да жүрегі «ауыл» деп соғады.

Бейнелі суретпен жұмыс.

1.Ауыл - қайнаған еңбек. 2. Ауыл - той.( сұрақ -жауап)

2. Мақал - мәтел сайысы.Туған жер туралы өлеңдер оқу.

3.Тренинг сұрақтары: Халық деген кім?

Халық байлығы дегеніміз не?

Халық қазынасы дегенді қалай түсінесіңдер?

(оқушылар жауаптары)

4. Оқушылар шығармашылығынан

Туған жер, ауыл тақырыбына жазған шағын өлеңдері, эсселері, жыр -арнаулары оқылады.

Сурет байқауы «Ауылым - мақтанышым» .

Қорытынды

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса ,қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» Н.Ә.Назарбаев.

Гүлденсе ауыл - гүлденеміз бәріміз,

Ауыл - дене, біз қозғалтар жанымыз.

Шығыс Қазақстан облысы,

Тарбағатай ауданы,

Жетіарал ауылы.



© 2010-2022