Ана тілі пәнінен сабақ жоспары Сөйлеу мәдениеті. Сәлем берем үлкенге

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана тілі 42-сабақ

Тақырыбы: Сәлем берем үлкенге. Сөйлеу мәдениеті.

Мақсаты: оқуш-ға сөйлеу мәдениеті жайында түсінік беру, әдепті сөйлеуге машықтандыру, түсініп, дұрыс оқу ж/е көркем жазу дағдыларын дамыту, сөздік қорын молайту, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: карточка, плакат, оқулық, дәптер, телефон суреті, тақия, орамал, автор суреті

Түрі: саяхат-сабақ

Әдісі: әңгімелеу, ойын, с-ж, талдау, ой дамыту, кластер,

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану

Барысы

  1. Ұйымдастыру

  2. қонақтармен сәлемдесу

  3. псих.сәті: Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен.

Сыпайылық белгісі -

Үлкендерге «Сіз» деген.


  1. өткенді қайталау: «Сіз», «Біз» деп айту не арқылы жүзеге асады? Тіл не үшін керек? Сөйлеу кімге ғана тән? Сөйлеу деген нені білдіреді?


  1. Кіріспе: Біз бүгін сөйлеу мәдениетіне үйренеміз. Сөйлеу мәдениетіне әдептілік, кішіпейілділік, сыпайылық жатады.


  1. Бағдарлау-мотивациялық кезең: ертегі. Ертеде «Сөйлеу мәдениеті» атты хандық болыпты. Оны 3 жақтан «Әдептілік», «Кішіпейілділік», «Сыпайылық» аралдары қоршап тұрады екен. Арал тұрғындары өте әдепті, сыпайы, кішіпейіл адамдар болған екен. Олар өз жерлеріне әдепсіз адамдарды жібермепті. Ал онда біздің барғымыз келе ме? Ендеше «Сөйлеу мәдениеті» хандығына саяхатқа шығайық.


  1. «Әдептілік» аралы:

«Әдептілік сәлемдесуден басталады» дейді дана халқымыз. Алғашқы кезде адамдар «Міне, көрдің бе, қолымда дәнеңе жоқ, қарусызбын» дегенді білдіріп, оң қолды көтерген. Осындай ізгі ишара біртіндеп, амандасу рәсіміне айналған. Қазақ халқында амандасу рәсіміне ерекше мән беріледі. Әдетте кіші - үлкенге, аттылы - жаяуға бұрын амандасады.
Мұсылман халқында амандық салты «Ассалаумағалейкум!» деген сөзден басталады. Ол жақсы тілек. «Сізге алланың нұры жаусын деген сөз». Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен ұмтылып, қос қолын ұсынады. Ал, сәлем алушы қария «Уағалейкумассалам» деп, оң қолын ұсынады. Ол «Алланың рақым нұры маған бір есе жауса, сізге 2 есе жаусын» деген сөз.

«Сәлеметсіз бе?» деген сізге денсаулық, амандық, бақыт тілеймін» деген бірқауым ойларды, тілектерді білдіреді.


  1. оқулықпен жұм.: автор суреті. 110-ж. - өлеңді мәнерлеп оқып беру, оқуш-ға кезекпен оқыту

Сөздік жұмысы

Сол сөздері бар жолдарды тауып оқыту

Сұрақ-жауап


  1. дәптердегі жұм.: 3-ж.


  1. қосымша мәлімет: қыз-келіндер қариялармен қолын кеудесіне қойып, басын иіп, дыбыс шығармай амандасады. Ал қария «бақытты бол» деп батасын береді.


  1. «Амандасу білеміз бе?» ойыны: сахналау - атамен, әжемен, мұғаліммен амандасуы


  1. «Мақалдың жалғасын тап» о.: жүрекше жартысында жазылған мақалдар Біржола дәптерге орындау


  1. сергіту: Күлім қағып, қолымды

1, 2, 3 деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме

Мен қолымды бұлғайын.

Жылы-жылы сөзбенен жүрегімді сыйлайын.

Ыстық алақаныммен, қолыңды бер, қысайын.

Амандасып өзіңмен, құшақтасып алайын.


  1. «Кішіпейілділік» аралы:

Үлкендерге, тіпті өз ата-анаңа да сыпайы «Сіз» деп сөйлеу керек. Оларға

«Сен» деген анайылыққа (әдепсіздік) жатады.

«Сәйкестендір» ойыны: Кешіріңіз Халіңіз жақсы ма?

Сәлеметсіз бе? Кітапты алып бересіз бе?

Ренжімесеңіз Інімді шақырып жіберсеңіз

Ғафу етіңіз Кіруге болады ма?

Айып етпеңіз Келесі аялдама қандай?


  1. «Сыпайылық» аралы:

Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп алып, одан кейін өзін

таныстырып, кешірім сұрап, шаруасын айтады.

«Телефон» ойыны: сыпайы сөздерді қатыстыра отырып, жұппен диалог құру


  1. көрнекілікпен жұм. Міне, балалар, «Сөйлеу мәдениеті» хандығына келіп жеттік. Хандық тұрғындарымен қалай амандасамыз?


  1. рефлексиялық-бағалау кезеңі: кластер құру

Ана тілі пәнінен сабақ жоспары Сөйлеу мәдениеті. Сәлем берем үлкенгеАна тілі пәнінен сабақ жоспары Сөйлеу мәдениеті. Сәлем берем үлкенгеАна тілі пәнінен сабақ жоспары Сөйлеу мәдениеті. Сәлем берем үлкенгеСөйлеу мәдениеті

сыпайылық әдептілік

кішіпейілділік


  1. қорыту: Сендерге сабақ ұнады ма? «Сөйлеу мәдениеті» хандығының тұрғындарына да сендер ұнадыңдар. Сондықтан сендерге мынадай сәлемдеме беріп жіберіпті. /жүректер тарату/


  1. үйге: 74-75 б. мәнерлеп, түсініп оқу, 38 б. 2-ж., сыпайы сөздерді жаттау




Лозовое мектеп - бақшасы





Ана тілі пәнінен


ашық сабақ





1 сынып

Тақырыбы:

Сәлем берем үлкенге.

Сөйлеу мәдениеті.






Курмашева Р.Ш.





ақпан 2015 ж.


© 2010-2022