Ашық сабак «Көктем»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№4 Хромтау орта мектебі





Ашық сабақ;

Тақырыбы; «Көктем»

Ашық сабак «Көктем»

Тәрбиешісі; Садыкова.А.С.





Сәуір 2014

Білім беру саласы; «ҚАТЫНАС». «ТАНЫМ».

Ұйымдасқан оқу іс-әрекеті; Тіл дамыту. Құрастыру.

Мақсаты; балаларға көктемдегі табиғат өзгерістері туралы түсінік беру. Баларды өз туған жерін сүюге, табиғатын аялай білуге тәрбиелеу.Көктем жайлы өлеңдерді мәнерлеп айтуға, тіл байлығын, ой-өрісін кеңейтуге үйрету.

Көрнекілігі; көктем мезгілігінің үлгі суреттері.

Әдіс-ңәсілі; түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызамын;

Күлімде , күн, күлімде,

Жер жасарып көктесін.

Кешегідей бүгін де

Қанат қақсын көгершін.

Күлімде, күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шал

Берекелі бүгіндей.

Бейбіт болсын болашақ.

Тәрбиеші балаларға жұмбаұ жасырады;

Күн күлімдеп оянып,

Сауле шашты сиқырлы

Алуан түске боялып,

Жердің беті құлырады. (Қай мезгіл?).

-Дұрыс айтсаңдар осы жылдың көктем мезгілі екн..

- Көктем куні күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Шыға,келді қыр гүлдері.

Көктем күні шуақты,

Көктем күні қуатты.

Мал жағалап суатты,

Сай-саламен су ақты.

Балалардың назарын суретке аударымын.

Суретке қарай отырып, «Кқктем» туралы түсінік беріп, өтемін.

Қар еріді,күн жылынады,өзен көлдерде мұз еріп, жылғалардан су ағады.

Туған жерге құстар ұшып келеді, кар ерігеннен киін жер бетіне қылтыйып алдымен бәйшешек гүлі шығады,ағаштар бүршік жарады,жеміс ағаштары гүлдейді. Жануарлар мен жәндіктер қысөы ұйқыдан ойанды, қорада мал төлдейді. Көктемде егістік жерлерді тұқым себуге дайындайды.

Балалар екі топқа бөлініп отырады; «әдебиет» және «өнер». Ортадағы «әдебиет» топ балалары тақпақтарын айтйп береді.

1-бала; Көктем, көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз

Әнмен қарсы аламыз.

2-бала; Сансыз көкек сұнқылдап,

Көктем келдіертелеп.

Нәзік үнмен сыңқылдап,

Бұйра бұлақ еркелеп.

Көктен бұлтар күркіреп,

Жерге төкті нісерін.

3-бала; Көкке бөлеп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, орманда,

Құстар әні төгілді.

4-бала; Көктем қандай көңілді,

Көктен жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді.

Жарайсыңдар балалар!

Балалар кезек-кезек суретке қарап әңгіме құрастырады.

Тақырыбы; «Көрікті көктем».

Топқа қонаққа «Қағаз ханшайымы» келді.

ОЛсендерге тапсырма ала келіпті.

«Қағаз ханшайымы». Сендер өте ақылды, білімді балалар екнсіңдер. Көктем мезгілі туралы көп біледі екнсіңдер.Ендеше маған мына қиынды пішіндерден көктемде өсіп шығатын қызғалдақ гүлін құрастырып берсеңдер деймін.

Балалар; Жарайды.

«Өнер» тобының балалары «Қызғалдақ» гүлін құрастырып береді.

Олар жұмыстарына «Жаңбырдан киінгі қызғалдақ гүлі» деп ат қояды.

Сергіту сәті; Шаршағанда ырғалып

Гүлге ұқсап дем алам.

Қанатымды бір қағып

Гүлдей болып жайқалам.

«Кім тапқыр» ойыны.

Шарты; Суретке қарап не бейнеленгенін айтады, соған байланысты мақал-мәтел ойлап табу керек. Балалар кезек-кезек шығады.

Ағаш көркі -жапырақ.

Бала -көңілдің гүлі, көздің нұры.

Жылқы -малдың патшасы, түйе -малдың қасқасы.

Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді.

Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады.

Батыр туса -ел ырысы, жаңбыр жауса -жер ырысы.

Балалар «Көктем» әнімен ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Қортындылау,мадақтау, бағалау.

Өзіндік талдау.

0 «б» Мектеп алды даярлық топ тәрбиешісі; Садыкова Алтыншаш Сакмановна.,

  1. Білім саласы; Қатынас, Таным

  2. Ұйымдастырылған іс-әрекет түрі; Тіл дамыту, құрастыру.

  3. Баланың саны; 18

  4. Тақырыбы; «Көктем».

  5. Көрнекіліктер; Көктем мезгілінің үлгі суреттері.

Мақсаты; Балаларға көктемгі табиғат өзгерістері туралы түсінік беру. Балаларды өз туған жерін сүюге,табиғатын аялай білуге тәрбиелеу. Көктем жайлы өлеңдерді мәнерлеп айтуға,тіл байлығын,ой өрісін кеңейтуге үйрету.

  1. Сөздік жұмыс; Көтем,гүлдер, қар ериді, өнер, әдебиет.

  2. Әдіс-тәсілі; түсіндіру,көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

  3. Сабақтың құрылымы; мотивациялық қозғаушы, ұйымдастыру іздену,рефлексивтік түзету.

  4. Сабақ кезінде жақсы көңіл-күй беріледі, тосынсыйға қағаз ханшайымы келеді, балалар ханшайымның тапсырмаларын,жаттығуларын орындады.

  5. Балалар сөйлеу мәнерлерін қабілетін жақсы көрсетті, жұмбақ шешті, тақпақтар айтты,сұрақтарға жауап берді, ойындар ойнады.

  6. Сабағымда балармен жеке жұмыс істегенім көрінді, мақсатыма жеттім деп ойлаймын,сабағым «жақсы» деген бағамен өтті.

№4 Хромтау орта мектебі

Ашық сабақ;

Тақырыбы; «Білім ханшайымы»

Ашық сабак «Көктем»

Тәрбиешісі; Садыкова.А.С.

2014 оку жылы

- Білім ханшайымы:

-Сәлеметсіздерме, балалар! Мен «Білім ханшайымымын».Сіздерге білім епіне келіп отырмын.

Тәрбиеші: Балалар сіздер аз уақыттан киін даярлық топпен қоштасып бірінші сыныпқа барамыз. Бізге «Білім ханшайымы» біздің жыл бойы алған білімімізді тексеруге келіп отыр.Егер біз « Білім ханшайымның» тапсырмасын дұрыс орындасақ біз бірінші сыныпқа барамыз,ал дұрыс орындамасақ даярлық топта қалуымыз мүмкін.Сондықтан, «Білім ханшайымының» тапсырмаларын дұрыс орындауға тырысайық.

Білім ханшайымы сандығын ашып тапсырмаларды береді.

1-тапсырма.: «Шашылған буын» ойыны. Шашылған буындардан сөз құра.

Ба, та, ка, ра,жа,ой,на,ла,ға,да,ма,то,со,ша, т/б.

Ба-та,қа-ра,жа-ға, ой-на ,да-ла, т/б .

-Жарайсыңдар! Енді осы сөздерді оқиық.

2-тасырма.:«Дыбыстық талдау жаса».

Кесе,банан,доп,(дауысты,дауыссыз дыбыстарды текшемен белгіле,буынға бөл,сөйлем құра.)

Тәрбиеші;

-Білім ханшайымы біздің балалардың жауаптары сіздерге ұнап жатырма?

Білім ханшайымы; -Әрине,балалардың жауаптары ұнады.

3-тапсырма : «Ребус шешу».(айна,тай,қара,дара,Айгүл. т/б.

  • НА. ТАшық сабак «Көктем». ҚАшық сабак «Көктем»

ДАшық сабак «Көктем». Ашық сабак «Көктем»+Ашық сабак «Көктем»

4-тапсырма.:«Қарылғаш пен дәуіт» ертегісі (сурет бойынша әңгімелеу.)

Ашық сабак «Көктем»Ашық сабак «Көктем»

5-тапсырма. :«Қарама қарсы» сөзді тап ойыны.

Ащы -тұщы,жуан -жіңішке,ауыр -жеңіл,астында -үстінде,кәрі- жас,күн -түн,ашық -жабық,түзу- қисық. т/б

6-тапсырма.: Мысалдарды шығар.

Ашық сабак «Көктем»

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды бепге қояық.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Жаттығулы жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталат.

Мынау басым ақылды

Барлық істі атқарат

7- тапсырма.:Қалдырылған сандарды жаз. 4
6 7
9
12
14

15
18
20 8-тапсырма :«Көктем көрнісі» жапсыру. Сонымен балалар. -Казір жылдың қай мезгілі? -Көктеи айларын атаңдар! -Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болды? -Олай болса біз казір көктем көрнісін бейнелейік, ( жапсыру жолын түсіндіру.) -Жарайсыңдар! Өте әдемі шықты. «Білім ханшайымына» да ұнап отыр. Саусақ жаттығуы: «Моншақ». . қызыл,сары көк моншақ .мен жинаймын көп моншақ. Олай болса, «Білім ханшайымына» сөз берейік.

Білім ханшайымы: Балалар сіздердің жауаптарың маған өте ұнап жатыр.

Енді менің де аз ғана сұрақтарым бар:

1. Біз қай планетада өмір сүреміз?

2.Біздің Республикамыз қалай аталады?

3.Қазақстан Респуликасының Призиденті кім?

4. Қазақстан Респубпикасының бас қаласы қалай аталады?

5. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

6. Біз қай қалада тұрамыз?

7. Төрт түлікті ата.

8. Қандай жануарды шөл кемесі деп атайды?

9. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? Неше дыбыс бар?

10. Дыбыс пен әріпті қалай ажыратамыз?

Тәрбиеші: балалар біз «Біілім ханшайымының» көптеген тапсырмаларын орындадық.Сендерге көп рахмет. Өте жақсы жауап бердіңдер.Сіздерді «Білім ханшайымы» бірінші сыныпқа қабылдайды. «Тыныстану жаттығуы». Барлығыңызға көп рахмет.



№4 Хромтау орта мектебі





Ашық сабақ;

Тақырыбы; «Көп қабатты үйлер»

Ашық сабак «Көктем»

Тәрбиешісі; Садыкова.А.С.



2014 оку жылы

Құрастыру.

Оқу іс -әрекеттің тақырыбы: Көп қабатты үйлер.

Мақсаты:балаларды құрылыс жасайтын материалдарды таңдауға,бөлшектерін,қажеттілігін кеңістікте орналасу қалпын біліуге үйрету,әртүрлі құрылыс материалдарынан көп қабатты үйлерді құрастыруға,іс-әрекетке деген қызығушылығын арттыру, көп қабатты үйлерді келісе отырып өз жоспарлары бойынша құрастыруға , дағдыландыру, өз жолдастарының еңбегін бағалай құрметтей білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар мен материалдар:көп қабатты үйлер суреттері,әліппе-дәптер, құрылыс материалдары.

Әдіс-тәсілдер:құрлысты құрастыру жолдарын түсіндіру,құрылыс материалдарымен жұмыс түрлерінің әдіс-тәсілдерін ұсыну, өз іс-тәжірибелерін пайдалануға бағыт беру, ойын іс-әрекетімен жалғастыру.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қаланың көрікті орындарына саяхат жасау. Астана жайында әңгімелеу,оңтүстік астана туралы шығарма оқу.

Сабақтың барысы:

Жып мезгілі, апта, ай аттары туралы шағын әңгіме жүргізу (мезгілге байланысты). Құрылысшылар үй салып жатқан сурет бойынша әңгіме құрау.

-Құрлысшылар не істеп жатыр?

-Үй салып жатыр.

-Олар қай жыл мезгілінде үй салып жатыр?

-Көктемде.

-Міне,олар көп қабатты үйлерді салып н. Неше қабатты үй қане санайықшы.

Қабатын,есігін, терезесін санау.

Педагог: Ал осы қабатты үйді не үшін салады?

Балалар: Адамдар тұру үшін.

Педагог:Біздің еліміз ұлан-ғайыр. Міне, осындай көп қабатты үйлер адамдар тұру үшін салынған.Бір көп қабат үйде шамамен 50-60 отбасы тұрады.Олар бір-бірімен бір үйдің адамындай тату. Бір-біріне амандасады, көмектеседі. т/б мысалдар айту.(имандылық тәрбиесі).

Педагог:Балалар осы зәулім үйлерді кімдер салады?

Балалар:Құрлысшылар.

Педогог: Ал кез келген адам үй сала ала ма? Жоқ, осындай зәулім үйлерді мамандар ғана сала алады. Оларды арнайы оқытады,, құрылысты салу жолдарын үйретеді.Бәріміз «Құрылысшы» деген тақпақты есімізге түсірейікші.

Қолда темір қалағым,

Саздан сарай саламын.

Алматыдан аумайтын

Әсем қала саламын.

-Енді, балалар, біз осы суреттегідей көп қабатты үйді қарастырып көрейік. Ол үшін бәріміз бүгін құрысшылар боламыз. «Құрылысшы» ойнаймыз.

Ойын шартын түсіндіру. Көп қабатты үйді тұғызу үшін балалар 2-3 бригадаға бөлініп, жетекші сайлап,басқалары құрлысшы болады. Жұмысқа кіріспас бұрын педагог бірнеше фотосурет және үлгі суреттерді пайдаланып,жалпы түсінік береді. Әліппе-дәлтер бойынша талдау жасау. Бұрын құрастырылған үйлерді еске түсіру. Ең алдымен неден бастау керек тігін,үйдіің қандай бөліктері бар екнін сұрау. Балалар үйді ірге тасынан бастап тұрғызу керектігін, қабырғаларын,есігін терезелерін орналастыру жайын,т/б, өз ойларын айтады. Көп қабатты үйді құрастыру үшін бір-бірімен келісіп, міндеттерін бөліседі,

-қай жерге құрылыс салу қажеттігі белгіленеді,

-қандай құрылыс материалдары қолданылатыны таңдайды,

-неше қабатты етіп тұрғызу,неше кіреберісі болатыны айтылады;

- үйдің іргетасынан бастап,қабырғалары, терезелері, есіктері және кіреберіс, алаңдар, т/б жасауды балалар кезектесіп орындайды.

- кейбір балаларға көмек көрсетіліп, іс-әрекетіне бағыт беріледі,

- балалардың тұрғызған көп қабатты үйлері салыстырылып, бригадалар бір-бірінің құрыстарына талдау жасап бағалайды.

ӨЗІНДІК ТАЛДАУ.

0 «б» Мектеп алды даярлық топ тәрбиешісі: Садыкова Алтыншаш Сакмановна.

  1. Білім саласы: Таным.

  2. Ұйымдастырылған іс -әрекеттің түрі: Құрастыру.

  3. Баланың саны: 18

  4. Тақырыбы: Көп қабатты үйллер.

  5. Көрнекіліктер: Көп қабатты үйлердің суреттері,құрылыс материалдар.

  6. Мақсаты: Балаларды құрылыс жасайтын материалдарды таңдауға, бөлшектерін,қажеттілігін, кеңістікте орналасу қалпын білуге үйрету.әртүрлі құрылыс материалдарынан көп қабатты үйлерді құрастыруға деген қызығушылығын арттыру, көп өабатты үйлерді келісе отырып,өз жоспарларының еңбегін бағалай құрметтей білуге тәрбиелеу.

  7. Әдіс-тәсіл: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,әңгімелеу.

  8. Сабақтың құрылымы, мотивациялық, қозғаушы ұйымдастыру іздену.





© 2010-2022