Конспекты Табиғатты оқып үйренеміз қоршаған орта 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Табиғатты оқып үйрену
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі - Табиғатты оқып үйрету, тәсілдері мен табиғат танушылардың қағидаларын білу. Әр түрлі білім көздерімен оқушылардың білімдерін тереңдету;
Дамытушылығы - оқушының тез қабылдауына жол ашу, ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту, табиғатты бақылау әрі тамашалауға зейінін бұру;
Тәрбиелігі - логикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру, даралық қабілетін сезіндіру, руханилыққа тәрбиелеу, табиғатты сүюге баулу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың түрі: Іздену сабағы.

Сабақтың әдістері: дамыта оқыту, сұрақ - жауап, ойын элементтері, шығармашылық әдіс, талдау.
Пән аралық байланыс: тарих, биология.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, рефлексия күлшелері, ребустар, барометр - анероид, анемометр, монокуляр.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Өткен сабақты пысықтау
III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
IV. Жаңа білімді бекіту
V. Сабақты қорытындылау
VI. Үйге тапсырма
VII. Бағалау
VIII. Рефлексия
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

II. Өткен сабақты пысықтау кезеңі. Оқушыларға өткен сабақ бойынша сұрақтар қойылады.

Сұрақтар:
1. Жаратылыстану пәні нені үйретеді?
2. Ғарыштық денелер дегеніміз не?
3. Ғарыштық денелер туралы ғылым қалай аталады?
4. Органикалық заттарға не жатады?
5. Бейорганикалық заттар дегеніміз не?
6. Табиғат құбылыстары дегеніміз не?

III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

1. Оқушыларға Қазақстан табиғатының көріністерін бейнелейтін суреттерді көрсету арқылы, табиғаттың көркемдігін, таңғажайыптылығын айту. Оларды күнделікті өмірде байқамай, тек саяхатқа шыққанда ғана тамашалайтындығымыз өкінішті екендігін айту. Ал ежелгі адамдар табиғаттың белгілі бір маусымдарға байланысты өзгеретіндігін байқаған. Алғашқы адамдар аң аулауға шығып, олардың тіршілік ететін аймағын және жүріс - тұрысын үйренгендігін түсіндіру.

2. Табиғатты оқып үйренудің бірнеше әдістері бар. Оның біріншісі - бақылау. Алғаш ұшып келетін құс - Наурызек, алғаш өсіп шығатын гүл - Бәйшешек көктем хабаршылары болса, құстардың қайтуы - күннің суып, қыстың келетінің білдіреді. Күннің қызара батуы ертеңгі күннің жылы болатындығын, тауық биікте қонақтаса жауын жауады, қоқиқаз былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа, жазда құрғақшылық болады, егер керісінше жөндеп биіктететін болса жаз жаңбырлы болады деп болжаған ата - бабаларымыз. Ол көп жылдық бақылаудың жемісі екендігін түсіндіру.
Күнделікті ауа райын теледидар, радио арқылы тыңдаудың өзі бақылаудың нәтижесіне жатады. Олар арнайы аспап - құралдар арқылы іске асады.

Монокуляр құралын көрсету. Құрылысымен таныстыру.
Монокуляр арқылы күнді бақылайды.
Бақылау өлі табиғатты бақылау, жануарларды ақылау, өсімдіктерді бақылау, адамдардың еңбек етуін бақылау сияқты жекелей қарастыруға болатындығын баяндау.

3. Екінші әдісіне тәжірибе (эксперимент) жасау жатады. Ол әдіс зертханада жасалынатындығын түсіндіру. Мысал ретінде: қыздыру, суытуды сипаттау.

4. Келесі әдіске - өлшеу жатады. Өлшеу арқылы адамдар көптеген денелердің көлемін, ауданын, арақашықтығын анықтайды. Бұл әдіс арнайы құрал - жабдықтарды қажет ететіндігін түсіндіру.
Атмосфералық қысымды Барометр - анероид деп аталатын құралдың көмегімен өлшейді.
Барометр - анероид құралын көрсету, құрылысын түсіндіру.
1. Корпус; 2. Гофрирленген қорапша; 3. Шыны қақпақ; 4. Көрсеткіш шкала; 5. Металл пластина.

Желбағар - желдің бағытын көрсетеді. Желбағардың суреттерін көрсету, құрылысын түсіндіру.

Анемометрмен желдің күшін анықтайды. Анемометр суреттерін көрсет, құрылысын түсіндіру, заманауи үлгілерімен таныстыру.

5. Табиғаттанушыларға (натуралистер) арналған сегіз қағиданы түсіндіру. Олар: Шыдамдылық, қырағылық, нақтылық, топтасып жұмыс жасау, қолжазба, коллекция жинау, бақылау дағдысы, қорыту, саралау, сұрақ қою.

IV. Жаңа білімді бекіту.

1 - тапсырма. Оқулықтағы сурет бойынша оқушылардың білімін пысықтау. Сұрақ қою. Жауап алу. Оқулықпен жұмыс істеу.
2 - тапсырма. Ребусты шешу.
[бақшаның суреті]Ш = Ы
[балық аулайтын аудың суреті] А = Л

3 - тапсырма.
[тәждің суреті] және [ірімшіктің суреті],,,,, [иненің суреті],, + БЕ

V. Қорытындылау кезеңі. Оқушыларға түсіндірілген сабақ бойынша сұрақтар қойылады.
Сұрақтар:
1. Табиғатты оқып үйренудің неше әдісі бар? Оларды ата?
2. Бақылау әдісін қалай түсінеміз?
3. Тәжірибе әдісі қалай жүзеге асырылады?
4. Өлшеу әдісін қалай түсінеміз?
5. Барометр - анероид құралымен нені өлшейді?
6. Анемометмен нені өлшейді?
7. Монокулярмен нені өлшейді?
8. Табиғат танушылардың қандай қағидалары бар?

VII. Үйге тапсырма:
- §2 оқу
- тақырып соңындағы сұрақтарға жазбаша жауап беру

VIII. Бағалау. Сұрақтарға жауап берген, сабақ барысында белсенділік танытқан оқушылар бағаланады.
IX. Рефлексия. Мұғалім таратқан күлшелер арқылы оқушылар сабақ туралы өздерінің пікірлерін білдіреді.

Кері қайту

© 2010-2022