Сабақ жоспары әдебиеттік оқу Астана 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Астана

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға оқулықта берілген «Астана» өлеңін оқып түсіндіру. Астана жайлы білімдерін кеңейту.

2. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту; Сөздік қорларын молайту.Өз ойын жүйелі түрде жеткізе алуға дағдыландыру;

3. Отансүйгіштікке, бірлікке, өзгенің ойын тыңдай білуге елінің көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: қала суреттері, оқушылар салған суреттер, оқулықтар интерактивті тақта, буклет.

-Балалар, сабаққа қатысып отырған ұстаздарға жылы жүзділік танытып,ыстық ықыласпен қарсы алайық.

Бүгінгі күнге қуаныш,келер күнге шаттық пен бақыт тілейік. / Оқушылар хормен/

Күнде шат күліп күн,

Өміріміз жайдары.

Мәңгілік бақыттың

Өзіміз - айғағы.

І Психологиялық дайындық / көңіл күйді көтеруге арналған позитивті ролик/

Сабақтың барысы:

ІІ Ұйымдастыру кезеңі Оқушы зейінін сабаққа аудару Кезекшімен сұхбаттасу.

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру /сұрақ-жауап -Балалар, «Ата Заңым,алтын Заңым» деп қандай рәміз туралы айтылған? - Қазақстан Республикасының Елтаңбасын сипаттап беріңдер -Венн диаграммасын толтыру.

ІҮ Жаңа сабақ Мағынаны ашу .

Барлық қала жүрегі

Барша қауым тілегі

Әсем қала Астананы

Барлық бала біледі. Ж. Маханбетова

-Балалар, Астана дегенде көз алдарыңа не елестейді? - Астана қандай қала? / жан-жақты жауап алу/

Ү Интерактивті тақтамен жұмыс

ҮІ Бейнеүзік «Астана-сәулетті қала» Оқушыларға Астана қаласының әдемі жерлерін көрсету,әңгімелеу,өз білетіндерін ортаға салу. Астана-біздің еліміздің бас қаласы, Отанымыздың астанасы. Ол бұрын Ақмола, кейіннен Целиноград деп аталып,ал 1992 жылдан бастап Ақмола , 1998 жылдың 6 мамырынан Астана деп тағайындалды.

ҮІІ Сергіту сәті

Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Көкжиектен көкпеңбек

Кемпірқосақ ашылды.

ҮІІІ Оқулықпен жұмыс

1 Өлеңді мәнерлеп оқу / мұғалім/- Балалар ақын Астана қаласын қалай суреттеген?- Астананың болашағы қандай?- Тақырыпқа байланысты кім жатқа өлең оқиды?

ІХ Шығармашылық жұмыс- Балалар ,әркім Астана туралы сурет салып қорғайсыңдар. Көрме ұйымдастырамыз.

Х Сабақты қорытындылау.

Не білемін ? Не білдім ? Не білгім келеді?

ХІ Бағалау.Өзін-өзі бағалауОқушылар бірін-бірі бағалайды

ХІІ Үйге тапсырма

Ақгүлім- «Менің Астанам» эссе жазу

Темирлан, Абдрахман - «Астана-сәулетті қала» сурет салу

Ақтоты, Гаухар ,Дельнур - Астана тақырыбына 5 жолды өлең құрастыру

Зат есім (1 сөз)

Сын есім (2 сөз)

Етістік (3 сөз)

Сезімді білдіретін сөйлем (4 сөз)

Синоним (1 сөз)

ІХ.Қорытынды.Үйге тапсырма: өлеңді жатқа айту.


© 2010-2022